мақсатында ашылып тұрған ақиқатты еле-
меуге тырысты, яғни жұмған ауыздарын
ашпалы, ал енді біреулері болса керісінше
Аллаға адал болып қалам деушілерге Оның
сеніп тапсырған ақиқатын жауып ұстау
қисынсыз екенін сезінді. Осылайша көп
жандар Исаның келетіндігіне сенгендері
үшін шіркеу мүшелігінен шығып қалды.
Бұл жандар өздерін: «Менің атым үшін
сендерді жек көрген бауырларың: «Әуелі
Ол бізге Өзінің атағын көрсетсін, сонан
соң
біз
сендердің
қуаныштарыңды
көрейік» — деп жазылған пайғамбар
170
сөзімен жұбатты. Бірақ кейін олар өз
істеген істері үшін ұялатын болады» (Ишая
66: 5).
Періштелер
жерде
жүріп
жатқан
жұмыстардың
нәтижелерін
мұқият
бақылап отырды. Шіркеулер ақиқаттан
бас тартқан кезде олар қатты қиналды.
Адвентистік ақиқатпен сынақтан өтпеген
адамдар әлі көп болды. Ештеңенің анық-
танығына
көздерін
жеткізіп
алмай
адвентистердің ілімі — күнә деген байлам-
да тұрған әйелдерінің, күйеулерінің, ата-
аналарының, балаларының даттауымен
адасушылыққа кіріп кеткендер көп болды.
Періштелерге бұл адамдардың өмірлерін
мұқият бақылауға алу бұйырылды, өйткені
Құдайдың тағынан оларға басқа жарық
түсуге тиісті болды.
Ал
бұл
ілімді
қабыл
алғандар,
Құтқарушының келуін тағатсыздана күтті.
Айтулы уақыт жақындаған сайын олар бұл
мерекеге салтанатты түрде әзірленді.
Тәңірлерімен
сұхбаттасқаннан
ләззат
алып, керемет болашақ жайлы ойланды.
Исаны күтіп отырған сол уақыттарында
тамаша үмітті сезінген жандардың бір де
бірі оны ешқашан ұмытпайтын болар.
Сол күнге бірнеше апта уақыт қалғанда,
жұрт
жердегі
барлық
жұмыстарын
доғарды. Олар соңғы сағатын күтіп, төсек
тартып жатқан жандардай өз ойларына
сан рет көз жүгіртіп, мәңгілікке біржола
дайындалды. Ешкім де Құдаймен жүзбе
жүз кездесеміз ғой деп, үстеріне жақсы
киімдерін киіп, әшекей бұйымдарын
таққан жоқ, өйткені олардың барлығы да
Аллаға керегі Исаның қанымен жуылған
адамның тап-таза жүрегі ғана екенін
жақсы білетін. Егер қазіргінің адамдары
сол кездегі адамдардай өздерінің тәкаппар
мінездерін
сындырып,
Құдайға
бой
ұсынып тәубәларына түссе, мына дүние
қаншалықты рухани бай болған болар еді.
Өкінішке орай қазіргі заманда күнәсі үшін
қайғырып, оған кешірім өтініп, Құдайға
күні-түні мінәжат етіп, жалбарынып
жатқан жандар өте аз. Оның басты себебі
адамдар
Жаратқанға
деген
жанды
сенімдерін жоғалтқан. Соның салдарынан
олар Құдайдың жомарттықпен төгетін
игілігіне де ие бола алмайды.
Алла Өз халқын сынақтан өткізуді жөн
көрді, сол себепті олардың аяндарда
берілген пайғамбарлық периодтарды
есептеу
кезінде
жіберген
қателерін
өздеріне көрсетпей Өз қолымен жауып
тастады. Адвентистер қателесті, тіпті
олардың қарсыластарының ішіндегі кере-
мет деген
ғалымдардың өздері бұл
қателіктерді байқай алмай қалды. Олар:
«Сендердің жыл санауларың дұрыс, осы
айтулы жылы керемет бір оқиға болуға
тиісті, бірақ бұл Миллер алдын ала
хабарлағандай Мәсіхтың жер бетіне II-ші
рет келетін уақыты емес, бар әлемнің
Құдайға бет бұратын мезгілі» — деді.
Шынында айтулы мерзім өтті, бірақ Иса
келмеді. Оны шын ниетімен күткендер
қатты қиналды және түңіліп қалды. Десе
де Құдай ойлаған мақсатын орындады.
Алла адамдарды қатал сынақтан өткізді.
Өйткені
Оны
күткендердің
ішінде,
Құдайдың келуін шынымен де қалағандар
да, сонымен қоса тек қорыққандарынан
күткендер де болды. Олардың Құдайға
үстіртін ғана бой ұсынғандары өмірлеріне,
жүректеріне нендей бір өзгеріс енгізе ал-
мады. Кейін олар: «Біз Исаның келетініне
сенген жоқпыз, сол себепті бұл жөнінде
қайғырмаймыз да» — деп арыз тастады.
Дәл
осы
жандар
Алланы
шындап
күткендердің сезімдерін күлкіге айналдыр-
ды. Бірақ Иса және көктегі барлық қауым,
қатал сынақтан өте отырып Жаратушыла-
рына адал болып қалған Құдай халқының
мұңын жақсы
ұқты және олардың
өмірлерін зор сүйіспеншілікпен бақылап
отырды. Егер көрінбейтін әлем мен
көрінетін әлемнің арасындағы шымылдық
ысырып тасталса, онда барлық жер шары
Алланың адал құлдарын періштелердің,
Ібіліс пен оның қара күштерінің жебесінен
қалай қорғап тұрғандарының куәсі болған
болар еді.
171
21
Алдын алу шараларынан бас тарту
Вильям Миллер мен оның серіктестері
Ғайсаның жер бетіне II-ші рет келетіні
жайлы уағыздауының басты мақсаты
қамсыз отырған халықты Құдай сотына
дайындау еді. Олар діни жетекшілердің
назарын шіркеудің шынайы үмітіне,
м а с ы х ш ы л ы қ
ө м і р д і ң
т е р е ң
тәжірибелерінің қажеттігін түсінуге және
әлі де болса Құдайға бұрылмағандарды
жедел түрде тәубаларына түсіру жолында
еңбектену керектігіне аударғылары келді.
«Менің еңбектерім қандайда бір жаңаша
дінді уағыздауға арналған жоқ — дейді
Миллер, керісінше көпшіліктің көңілін
ақиқатқа қарай бұруға бағытталған. Мен
бар
ниетіммен
халыққа
көмектескім
келеді. Жұрттың ырқы — шырқысын
шығару секілді ойдан мүлде аулақпын. Ай-
та кетсем осы жазылған еңбектерімнің
арқасында көп адам түзу жолды таңдап,
Аллаға бет бұрды».
Шынымен де шіркеулердегі адам саны
көбейгендіктен дін басшылары оның
еңбектеріне дұрыс көзбен қарады. Деген-
мен кейіннен олар адвентистік ілімді жою
мақсатында Исаның II-ші рет келетіні
жайлы уағыздар айтылатын жиындарға
жұрттың келуіне тыйым салды және
мінбелерден Миллерді балағаттап, оның
абыройын айрандай төгуге тырысты. Осы
кезде сенушілер не істейтіндерін білмей,
қай жаққа бұрылу керектігін ұға алмай,
дағдарып қалды. Бір жағынан олар өз
ш і р к е у л е р і н е н
ш е т т е т і л і п ,
ө з
қауымдарынан бөлініп қалғылары келмеді.
Е к і н ш і
ж а ғ ы н а н
о л а р ғ а
д і н
басшыларының Киелі Кітапты зерттеуге
тыйым салғандары ұнамады. Сол себепті
де көптеген адамдар шіркеуден кетіп
қалуға мәжбүр болды. 1844-ші жылдың
жазында сенушілердің елу мыңы өз
қауымдарынан бөлініп кетті.
Дәл сол кездері АҚШ шіркеулерінің
көпшілігінде орасан зор өзгерістер болды.
Көп жылдар бойы неше түрлі дәстүрлерге,
ырым — жырымдарға сенгеннің салдары-
нан адамдар рухани жүдей бастады. Ал
сол жылы олар тіпті рухани құлдырауға
ұшырады. Бұл жөнінде газет және журнал
беттерінде де, шіркеулерде де көп сөз ай-
тылды. Жиырма жыл бойы шіркеуде
еңбектеніп жүрген діни қызметкер Барнес
өз сөзінде: «Осы уақытқа дейін Құдай
кешін өткізген кезде шіркеу мүшелігіне бір
адам қосылмай қалған жері жоқ еді, ал
қазір болса адамдар шіркеуге келуді
қойды. Жеке меншік, коммерция дегендер
көбейген сайын, жұрт рухани өлімге ду-
шар болды. Бұл көрініс бір шіркеуде ғана
емес, барлық деноминацияларда жақсы
байқалуда» — деген еді.
Сол жылдың ақпан айында Оберлинск
колледжінің профессоры Финней мынадай
деректі
жариялауға
мәжбүр
болды:
«Қазіргі
кезде
барлық
шіркеулер
дағдарысқа
ұшырап
тұр.
Ал
оның
мүшелері сәннің құлына айналған. Олар
неше түрлі мерекелерге қатысып, би
алаңдарына барып, жаман әдеттерге
шалдығып, күнәға құнығып алған. Асыра
сілтеп жатыр деп ойламаңыздар, өйткені
бұған деректер дәлел. Халық Құдайдан
алыстап кетті, сол себепті Құдай да олар-
дан қашықтады».
«Рухани
телескоп»
деп
аталатын
журналдың жазушыларының бірі бұл де-
рек жайлы: «Біз бұрын соңды болып
көрмеген рухани дағдарыстың куәгерлері
болып отырмыз. Шіркеу оянып, бұл
бақытсыздықтың себебін дереу іздеуі ке-
рек. Деректерді салыстыра келе біз
Құдайдың
мейірімі
қайда
кеткен?
Берекенің есігі жабылған ба?» — деуіміз
мүмкін. Шын мәнінде бұған шіркеудің өзі
кінәлі. Құдай адамдардан Өзінің мейірімін
алмайды, керісінше олар — Алланың
сүйіспеншілігінен істеген істері арқылы
бас тартады. Бұған дәлел ретінде біз Ма-
172
сых Исаның заманындағы яхудейлердің
өмірін көрнектілікке ала аламыз. Олар
ойын — сауық, күйбең тірліктің қамын ой-
лап жүріп Құдайды және Оның сөзін
мүлдем ұмытқан. Сол себепті де олар
өздеріне келіп тұрған «Елшіні» танымады.
Соған
қарамастан
Құдай
оларды
құтқарылу құқығынан айырған жоқ. Бірақ
ақиқаттан тұмшаланып алған жандар,
көктің беріп тұрған сыйынан құр қалды.
Олар Алланың беретін берекесі бар екенін
ойлаған да жоқ, ал дінді тек үстіртін
ретінде ғана ұстап отырды.
Ібілістің көздегені де осы болатын. Яхудей-
лер Ізгі хабарды мойындамай, ұлттың әдет
— ғұрыптарын ғана сақтап отырып
Алланың олардан қалай алыстап кеткенін
сезбей де қалды. Даниял пайғамбарының
кітабында жазылған Масых жайлы аянды
жоққа шығарып, оны қоймастан қоймай
зерттегендерге раввиндер (дін ұстаздары)
қарғыс айтты. Сөйтіп алдын ала берілген
белгілер мен ақыл –кеңеске көңіл аудар-
май, білімнен бастарын сауғалап, ақыры
түнектің құшағында қалды.
Әр нәрсенің соңы болады емес пе?
«Табиғатыма сай келмейді» — деп өз
міндеттерінен бас тартатындар, кейіннен
дұрыс пен бұрысты ажырата алмай
қалады. Сонан соң адамның ойлау
қабілеті нашарлап, жүрегі қатайып,
ұят дегеннен жұрдай болып жаны Алладан
алыстайды.
Осылайша
Құдайдың
жарығынан (білімінен) бас тартатын-
дар түнекке оранады, нәтижесінде
араларында алауыздық пайда болады.
Шіркеу мүшелері осы дүниенің әлегімен
айналысып
жүргенде,
күнәкарлар
бұрынғыдан
бетер
күнәға
батып,
қатыгезденіп алады.
Аянның 14-ші тарауындағы періштенің
бірінші хабары дәл осындай тоқшар күйге
түсуден сақтандыратын хабар. Егер адам-
дар Құдайдың хабарына құлақ түре білген
болса, онда сенімде жүрген барлық
қауымның, кезіндегі елшілердей жүрегі де,
жаны да бір болған болар еді және олар
Алланың жіберген хабарын өжеттене
у а ғ ы з д а п ,
И е м і з
к ү н
с а й ы н
құтқарылғандарды Өз қауымына қосып
отыратын еді. (Елшілердің істері 4:32,31;
2:47).
Егерде Құдай халқы Киелі Жазба арқылы
беріліп тұрған ілімді қабыл алса, онда
Мәсіх тілеген және елшілер жазған бірлік,
«Құдай Рухымен иемденген бірліктеріңді
өзара байланыстырған татулық арқылы
сақтауға ұмтылыңдар! Бәріміз біртұтас
рухани денеміз, Құдайдың Рухы да Біреу,
сол сияқты Құдай сендерді шақырғанда
бірдей үміт берді. Иеміз бір, бір сенімдеміз,
ш о м ы л д ы р у
р ә с і м і м і з
д е
бірдей» (Ефестіктерге жолданған хат 4:3-
5), оларға жеткен болар еді.
Адвентистер
ілімін
қабыл
алғандар
Құдайдың батасына ие болды. Әр түрлі
шіркеулерден шыққан олардың қарым-
қатынастарына кедергі болардай еш бөгет
қалмады. Мың жылдық патшалық келеді
деп
еш
негізсіз
қалаған
үміттері
қалдырылды, Мәсіхтың жер бетіне екінші
рет келетініне қатысты қате көзқарастары
түзетілді. Дүниеқорлық пен менменшілдік
жойылды, қателер түзелді, олардың баста-
ры
бірігіп,
араларында
сенім
мен
сүйіспеншілік пайда болды. Егер бұл ілімді
қабылдап аздаған халықтың мінездері
осылай түбегейлі өзгерсе, сол ілімді
қабылдаған көпшілік те, дәл солай
өзгерген болар еді, сонда Құдай халқының
қатары
еселеніп,
ақиқаттың
туын
желбіреткендердің саны көбейе түсетіні
анық емес пе еді?
Өкінішке орай көпшілік айтылған ескерту-
лерге еш көңіл бөлмеді. Құдай жолында
қызмет етіп жүрміз дегендер өздерінің де
ақиқатты қабылдауға қабілеттері жетпеді.
Өйткені олардың көңілдері жер бетінің
қызығына ауған болатын. Сондықтан да
олар Ғайсаның жер бетіне II-ші рет
келетіні жайлы хабарды естігенде оған
сенбеді, неше түрлі салт-дәстүрлер мен
ырым — жырымдарды көбірек ойлағанды
дұрыс санады. Ал ақиқатты арнайы
б і л і м с і з
қ а р а п а й ы м
ж а н д а р
уағыздағандықтан,
оларды
ешкім
тыңдаған жоқ. Шындықты тыңдаудан бас
тартқандар: «Киелі Кітапта берілген аян-
дар құпия және оны түсіну мүмкін емес» —
деп шығарып қойды. Кейбір адамдар
ақиқатты
уағыздаушылардан
гөрі,
өздерінің діни ұстаздарына көбірек сенді.
Е н д і
б і р е у л е р і
а қ и қ а т т ы
мойындағандарымен, ол жайлы ашық
түрде
жариялап
айтуға
батылдары
173
жетпеді. Осының бәрі Масых Исаны
жақсы көретіндерден гөрі, мына дүниенің
алдамшы
қызығына
бет
бұрып,
дүниеқұмарлар санының көбірек екенін
байқатты. Сондықтан да олар көктен кел-
ген
сыйды
қабылдамады.
Бірінші
періштенің хабарын қабыл алмады, яғни
өз құтқарылуларына немқұрайды қарады.
Сенімді куәгерлерді тыңдағылары келме-
ген бұл жандар өз бастарын тікелей
қауіпке тікті. Олар күнәкар әлеммен дос-
тасып, онымен одақ құрды. Бұл дегеніміз
нағыз рухани өлім болатын. 1844-ші жылы
барлық шіркеулер осындай күйде болды.
14-ші тарауды әрі қарай оқитын болсақ,
біз екінші періштенің хабарын естиміз.
Онда: «Барлық халықтарды бұзақылықтың
шарабымен тойдырған ұлы қала құлады,
құлады Бабыл» — делінген. Бабыл «аралас»,
«тәртіпсіз қозғалыс» деген мағынаны
білдіреді.
Киелі
Кітапта
бұл
сөз
«бұзақылық» деген мағынаны білдіреді. 17-
ші тарауда Бабыл әйел бейнесімен
суреттеледі. Ақылды әйел — таза шіркеуді,
ал бұзылған әйел — жалған шіркеуді
бейнелейді.
Иса
Масых
пен
Оның
шіркеуінің арасындағы қарым-қатынас
таза неке ретінде көрсетілген. Құдай Өз
халқымен
өсиетке
тұрған.
Ол
адал
жандардың Құдайы болуға уәде берген, ал
бұл адамдар осы Құдайдың халқы болуға
уәдесін берген. «Мен сендермен некеге
тұрдым» — деп жазылған (Ереуіл 3: 14)
кітабында. Жаңа Өсиетте айтылаған: «Мен
сендерді таза қыз ретінде Исаға беру үшін,
Онымен некелестірдім» — деген Пауыл (2
Қор.11:2). Яғни шіркеу таза қыз болып
қарастырылса, Масых Иса күйеу жігіт бо-
лып сипатталады. Шіркеу өсиетті бұзып,
Құдайға
сатқындық
жасады.
Бұл
сатқындық Киелі Кітапта былай деп
суреттеледі: «Әсем киінгендіктен, көз тар-
тар
сұлулығыңнан
сенің
жүрегіңде
менменшілдік пайда болды, сен тым
мақтанып кеттің. Өзіңнің сұлулығыңа
сеніп, атағыңды пайдаланып бұзыла
бастадың. Сөйтіп күйеуіне сатқындық
жасаған әйелдей, сен де Маған сатқындық
жасадың» (Езекіл 16:8,13-15,32. Ереуіл
3:20). Пайғамбар Құдайын ұмытып, босып
кеткен халыққа осындай суреттеме береді.
Бұл жөнінде: «Бұзақылар мен жезөкшелер!
Бұл әлеммен одақ құру — Құдайға қарсы
шығу екенін білмеп пе едіңдер? Сонымен
сендерге айтарым, мына әлемнің достары
— Жаратқанның жаулары» — дейді
Жақып пайғамбар (Жақып 4:4).
Аянның 17-ші тарауында алтын және
қымбат бағалы тастармен әшекейленіп,
қан
қызыл
көйлегін
киіп,
қолына
бұзылғандық пен неше түрлі ластыққа то-
лы
алт ы н
т о с т ағаны н
ұ с т аған,
маңдайында:
«құпия,
ұлы
Бабыл,
бұзақылар мен жексұрындардың анасы» —
деп жазылған әйел (Вавилон) жайында ай-
тылады. «Ол тақуалар мен Исаның сенімді
куәгерлерінің қандарын ішіп, тойынып
алған» — дейді пайғамбар. Әрі қарай Ба-
был (Вавилон) барлық патшалықтардың
үстінен билігін жүргізіп тұрған ұлы қала
ретінде сипатталады (Аян 17:4-6,18).
Бұл
жерде
өркөкірек,
менменшіл,
қатыгез жүйе жайлы айтылып тұр.
Көптеген ғасырлар бойы темір тізесін ба-
тырып,
христиан
монархтарын
бағындырып тұрған бұл жүйе — Рим импе-
риясы болатын. Қан қызыл киім, алтын
бұйымдар, қымбат бағалы заттар Римнің
өркөкіректігін көрсетеді. Бірде бір мемле-
кет соншалықты жиіркенішті түрде сипат-
талып көрген емес, өйткені Рим шынымен
де
бірнеше
ғасыр
бойы
Исаның
ізбасарларын аямай азаптап, қандарын
судай төккен болатын. «Жер бетінің пат-
шаларымен» заңсыз қатынас жасаған Ба-
был қатты айыпталады. Кәпірлермен
бірігіп, Құдайдан алыстап кеткен яхудей-
лер шіркеуі жезөкшеге айналды. Сол
секілді Рим шіркеуі де үкімет билігінің
қолдауына сүйеніп алып неше түрлі
азғындықтар жасады және Бабыл секілді
ол да айыпталады.
Бабыл бұзақылардың анасы деп аталған.
Оған бұл әлемнің зұлымдарымен қосылып
алып, ақиқаттан бас тартқан шіркеулер
жатады. Аянның 14-ші тарауында айтыла-
тын Бабылдың құлайтыны жайлы хабар —
бір кездері пәк болып, кейіннен бүліне
бастаған шіркеулер жайлы хабар болатын.
Және бұл хабар сот жайлы ескертуден
кейін айтылғандықтан, ол ақыр тақайтын
кезде жариялануға тиісті. Сондықтан ол
Рим католиктік шіркеуіне ғана қатысты
емес, өйткені бұл шіркеу бірнеше ғасырлар
бойы зұлымдыққа қызмет еткен қалпында
тұр. Аянның18-ші тарауында Құдай Өз
174
халқының Бабылдан шығуын талап етеді.
Ендеше Құдай халқының көпшілігі әлі де
болса Бабылдың, яғни адасқандардың
і ші нде .
А йты ңы зд ар шы ,
И с аны ң
ізбасарларының
көпшілігі
қандай
шіркеулерде
жүр?
Әрине,
күмәнсіз
қ а р с ы л а с у ш ы
( п р о т е с т а н т т ы қ )
шіркеулерде.
Шіркеудің жанданып, жаңарып жатқан
ш а ғ ы н д а
п р о т е с т а н т т ы қ
і л і м д і
қабылдағандар
ақиқатты
мойындап,
Құдайдың жағына шыққан болатын. Сон-
да Алла оларға батасын берген еді. Тіпті
қатыгез деген заманның өзі Ізгі хабардың
ұстанымдарын
мойындаған
болатын.
Шіркеудің сол кездегі күйін: «Құдайдың
берген таза киімін киіп сұлуланған
кезіңде, атағың әлемге тараған еді. Сым-
батты келбетіңе барлығы қызығатын» —
деп сипаттайды пайғамбар. Бірақ олар
кезінде Ысрайылды Құдайдың қарғысына
душар еткен күнәкарлыққа батты.
«Сен өзіңнің сымбатты келбетіңе маста-
нып, бұзақылық жасай бастадың» —
делінген (Езекіл 16:14-15).
Көптеген протестанттық шіркеулер
Римнің үлгісі бойынша «жердің
патшаларымен» одақ құрды, яғни
мемлекеттік шіркеулер оны үкіметтің
көңілінен шығатындай етті, енді
біреулері оны заманның ағымына
сай келетіндей қылды. Бабыл
«аралас» деген сөз осы
шіркеулердің
күйлерін
сипаттайды.
Олардың барлықтары Киелі Кітапты зер-
ттегенмен теориялары мен догмалары бір
біріне қарсы келетін секталарға бөлініп —
бөлініп алған.
Римнен бөлініп шыққан шіркеулер оның
бұзылған дүниемен құрған одағынан басқа
да күнәкарлық ерекшеліктерін бірге ала
шыққан.
«Католик христиандарына насихат» деп
аталатын кітапта: «Егер Рим шіркеуі
киелілерді дәріптегендері үшін пұтқа та-
бынушылар деп айыпталса, оның қызы
ағылшын
шіркеуінің
Мариям
қызға
арналған он шіркеуі, ал Масых Исаға
арналған бір-ақ шіркеуі бар. Бұл пұтқа
табынушылық емес пе?» — деп жазылған.
Доктор Хопкинс өзінің «1000 жылдық
патшалық» деп аталатын трактатында бы-
лай деп жариялайды: «Антихрист рухы тек
Рим шіркеуінің бойынан ғана табылады
деп ойламаңыздар, өйткені антихрист өз
ісін протестант шіркеулерінде де атқарып
ү л ге р д і .
О ла р
қ а с и е т т і лі к
п е н
имандылықтан өте алыстап кетті десем,
қателеспеген болар едім».
Пресвитериандық шіркеулердің Римнен
бөлініп шыққандығы жайлы доктор Гусри
былай дейд: «300 жыл бұрын біздің шіркеу
қолына Киелі Кітапты ұстап, «Жазбаны
зерттеңдер!» — деген ұранмен Римнен
бөлініп шыққан болатын. Соңынан өзі көп
мағыналы сұрақ қояды: Шынымен де ол
Бабылдан таза күйінде шықты ма екен?»
«Ағылшын шіркеуі сан қилы философия-
ларымен тамылжып тұр. Кәпірдің кәпірі
десе де болады. Үміт артқандарымыздың
барлығы бірінің соңынан бірі иманның
негізінен бас тартты. Мен зұлымдықты
бойына сіңіріп алған, сөйте тұра өздерін
мәсіхшілмін деп атаудан және мінбеге
ш ы ғ у д а н
т а й ы н б а й т ы н ,
ж ү р е г і
құдайсыздықтың қарғысымен қайралған
Англия туралы жиі ойлаймын» — деп жаза-
ды Сперджен.
Бұл ұлы шегінушілік қалай пайда болды?
Әуел бастағы шіркеу өзінің тазалығын
қалай жоғалтып алды? Жауап біреу ғана.
Кәпірлердің Мәсіхті қабылдауын жеңілдету
үшін, шіркеу, олардың салт-дәстүрлерін,
яғни
пұтқа
табынатын
рәсімдерін
Достарыңызбен бөлісу: |