ақиқаттан
тайдыру жолына жұмсады. Ібіліс өзін
жақсы
көретін
періштелерге
шағым
айтып:
«Масіх
барлық
көктегілердің
220
алдында мені мазақ қылғысы келеді» деп,
Оны қаралай бастады. Ал алдауына
көнбегендерін,
парықсыздар
–деп
кінәлады. Құдайға адал болып қалғандарға
ол өз мойнындағы кінәні тақты. Көздеген
мақсатына жету үшін Алланың істеген
істері мен айтқан сөздерін басқаларға
керісінше жеткізіп отырды. Жауыздық
саясатын әрі қарай жалғастыра отырып,
ол періштелерді үгіттеу арқылы, олардың
көкейлерінде Құдайға деген сенімсіздік
туғызғысы келді. Қарапайым нәрселерді
құпияға айналдырып, Киелінің сөздерін
бұрмалап отырды. Оның ие болып отырған
орны, Алланың ісіне қатысып отырғаны
Ібілістің қарекетіне септігін тигізіп, оның
көкейіндегісін іске асыруға әсер етті. Сол
себепті
көктегі
қауымның
көпшілігі
алданып, Ібілістің шайқасына қосылды.
Алла, Ібіліс Оған қарсы ашық шайқасқа
шыққанға дейін оның істеп жүрген
істеріне кедергі жасамады. Бұл Ібілістің
шын мәнінде кім екенін басқаларға
көрсету үшін қажет болған еді. Ібіліс
әдейілеп сайланған періште болғандықтан,
барлық аспанның тұрғындарына үлкен
әсерін тигізетін. Ал Құдай тек аспанның
тұрғындарына ғана қамқорлығын жасап
қоймай, Өзі жаратқан басқа ғаламдарға
да билік еткен. Ібіліс болса өзінің
шайқасына
періштелерді
кірістірсе,
соңынан басқа ғаламдағыларды да алдап,
өз жағына шығарамын деп үміттенді.
Ібіліс өз жоспарын епті және сәнді түрде
құра отыра, неше түрлі айлакерлік
әрекеттер жасады. Албастының азғыру
күші өте үлкен болатын, сол себепті
өтіріктің жабуын жамылып алған ол
д е ге ні не
ж е т т і .
С е н і м д і
д е г е н
періштелердің өздері Ібілістің мінезін
толық түсіне алмады және оның бастаған
ісінің неге әкеліп соқтыратынын ұқпады.
Албасты өте жоғары орынға ие болған
және ол өзін өткізгішсіз құпиямен қоршап
тастады, сондықтан періштелерге оны
түсіну қиынға соқты. Күнә күш алып дами
бастағанға дейін, ешкім оны көрмеді.
Соған дейін бар ғаламда күнә дегеннің не
екенін ешкім білмеді. Құдай заңын
бұзғанның неменеге әкеліп соқтыратынын
олар тіпті де білмеді. Өйткені шайтан
өзінің нағыз пиғылын мұқият түрде
олардан жасыра білді. Ол өзі Құдайдың
даңқы мен атағын бекіткісі келетінін және
көктегілердің қамын ойлап жүргенін
айтып, барлығын соған сендірмек болды.
Қарамағындағы періштелердің санасына
келіспеушіліктің уын бір тамшыдан ғана
құйып отырып, бар күшін салып осы
түсінбеушілікті
тоқтатқысы
келетінін
айтып, байғұстарды алдаған үстіне алдай
түсті. Оларға «Құдай заңына өзгеріс
енгізсек қана көкте тыныштық орнайтын
болады» деп түсіндірді.
Құдай күнәмен тек әділдік пен ақиқат
арқылы ғана шайқаса алады. Ал шайтан
болса,
жағымпаздық
пен
өтірікті
пайдаланды.
«Құдай
бар лығынан
жарғылар мен заңдарды орындауын талап
ететін себебі, өзін — өзі дәс көтергісі
келеді» деп Ібіліс Құдайды жазғырумен
болды. «Мен де бар ғаламға жақсылық пен
бақыт тілеймін» деп, ешкімге арам
пиғылын
көрсетпеуге
тырысты.
Сол
себепті бар ғалам оның шын мәнінде кім
екенін білуі керек болды. Ал оның арам
пиғылы әшкерелену үшін әрине уақыт
қажет.
«Көкте шыққан жанжалға Құдайдың
заңы мен Оның билігі себеп» деп
жариялады Ібіліс. «Зұлымдық Оның билік
еткенінен пайда болды, ал менің мақсатым
тек
Оның
шығарған
жарғыларын
жетілдіру» — деп арыз тастады албасты.
Сол себепті де оған Құдай заңына өзгеріс
енгізуге, билік жүргізуге мүмкіндік берілді
және
бұл
биліктің
неменеге
әкеліп
соқтыратынын бар ғалам көруі керек
болды. Шайтан әуел бастан-ақ көтерілісті
бастаған мен емес деп, соған неше түрлі
дәлелдер
ұсынды.
Сол
себепті
бар
ғаламның
алдында
оның
өтірігі
айқындалуы қажет болатын.
«Албасты аспанда қала алмайды» деген
шешім шыққаннан кейін де, шексіз
даналықтың Иесі оның көзін жойып
жіберген жоқ. Өйткені бар ғалам соңына
дейін
Құдайдың
әділеттілігі
мен
мейірімділігіне әбден көздерін жеткізулері
керек болды. Егер Құдай шайтанның көзін
жойып жіберсе, онда қалғандары Алланы
жақсы
көргендіктен
емес,
Одан
қорыққандықтарынан қызмет еткен болар
еді. Сөйтіп олар шайтанның салып кеткен
күдігінен ешқашан арыла алмас еді. Сол
себепті зұлымдық пісіп жетілуі керек
болды. Бар ғаламның бақыты үшін Құдай
шайтанды еркіне жіберді. Сонда ғана
о н ы ң
з ұ л ы м д ы ғ ы
ә ш к е р е л е н і п ,
ғаламдағылар Құдайдың мейірімді және
әділетті екеніне көздері жетіп, Оның
қасиетті заңы мәңгілік бекіп қалатын
болды. Барлық ғасырлардағы Ібілістің
көтерілісі жан иелерінің барлығына мәңгі
бақи сабақ болып қалуы керек болды. Бұл
Құдай заңын ұнатпағанның нәтижесі.
Құдай
жаратқан
жан
ие лерінің
бақытының
Алланың
ұстанымдарын
дұрыс пайдалануларына, Оның қасиетті
заңын мүлтіксіз орындауларына тікелей
қатысы бар. Ұлы өтірікші көктегі шайқас
221
аяқталғанша өзін өзі ақтаумен айналысты.
Ол өзінің ізбасарларымен бірге көктен
қуылатынын білген кезде ғана, Құдай
заңын жек көретінін ашық жариялады.
«Періштелердің барлығы қасиетті, оларға
қандайда болса жақсылық жасау үшін
ешқандай заңның қажеті жоқ. Олардың
бостандығын
кісендеп
тұратын
заң
атаулыны жою керек, сонда ғана олар
бұрынғысынан да биік жағдайларға жетіп,
даңққа ие бола алады» деп арыз тастады
ол. Шайтан және оны жақтаушылар: «Егер
Ол
бізді
жазғырмағанда,
ешқандай
шайқас болмайтын еді» — деп, бар пәлені
Мәсіхтің басына үйіп төкті. Ақыры
Құдайдың басшылығына қарсы шыға
тұра, соған қарамастан өздерін «кінәсіз»
деп
жариялаған
Ібіліс
және
оның
жақтаушылары аспаннан қуылды.
К ө к т е г і
б а с т а ғ а н
і с і н
ж е р д е
ж а л ғ а с т ы р ы п ,
ұ л ы
к ө т е р і л і с ш і
жердегілердің
санасын
уландырып,
зұлымдық жасауға шабыттандыруда. Ол
періштелерді
азғырған
тәсілдерін
адамдарды
азғырған
кезінде
де
пайдаланды. Мұнда да ол Құдай заңын
орындамайтындарға бостандық беруге
уәде етеді. Кінәсін бетіне басқан кезінде
ашуланатын жандар, шайтанның рухымен
қаруланып
алғандар.
Қателіктерін
түзеткеннің орнына олар керісінше оны
байқағандарға қарсы шығады. Әділетті
Әбілден бастап осы заманға дейінгі
кінәлілер кінәсін әшкерелейтіндерді жек
көреді.
Шайтан
адамдарға
Құдайды
қатыгез жауыз қылып көрсетіп, оларды
күнә жасауға итермелейді. Бұл жағынан
дегеніне жеткен Ібіліс: «Құдайдың әділетсіз
талаптары адамдарды құлдырауға дейін
жеткізді» деп әлі күнге дейін жариялауда.
Бірақ Жаратқан Иеміз Өзінің болмысын
бізге:
«Адамдарды
жақсы
көретін
Тәңірлерің мейірімді, шыдамды және
шынайы. Ол мың ұрпаққа дейінгі күнә
мен
қылмысты
кешіреді»
—
деп
айқындайды (Шығыс 34:6,7).
Құдай шайтанды көктен қуып жіберіп
Өзінің әділеттілігін бекітті. Ал адам болса,
шайтанның құрған торына түсіп, күнә
жасады. Күнәға батқан адамзат баласын
қайтадан тазартып алып шығу үшін Құдай
өзінің рухани Ұлын құрбандыққа қиды.
Осылайша Алла Өзін адамзат баласына
танытты. Ібілістің таңдаған жолының
Құдайдың билігіне еш қатысы жоқ, мұның
көрнекті дәлелі — айқыш ағаш.
Құтқарушының жер бетіндегі қызметі
кезінде әзәзіл Онымен шайқасам деп, өзін
—
ө з і
ә ш к е р е л е д і .
Ә л е м н і ң
Қ ұ т қ ар у ш ы с ы на
қ ар с ы
қ ат ы ге з
шайқаспен шыққан Ібілісті көрген бар
ғалам тұрғындары мен періштелер одан
біржола түңілді. Масіхтің оған бас июін
талап еткен азғындығы, мақтаншақтығы,
Масіхке бас айналатындай биіктіктен
жерге секіруге ұсыныс жасаған кездегі
арам пиғылы, дін қызметкерлерін Оған
айдап салып, Оны бір жерге тұрақтатпай,
орын ауыстырып отыруға мәжбүр еткені
және ең соңында «Оны айқыш ағашқа
керіп өлтіріңдер» деп талап еткені —
осының барлығы ғалам тұрғындарын таң
қалдырмай қойған жоқ.
Әлемді Исадан бас тартуға иландырған
осы қара күштің иесі болатын. Өйткені
Масіхтің
мінезі,
Оның
мейірімділігі,
махаббаты, нәзіктігі әлемге Құдай Иені
танытты, сондықтан Ібіліс Оның көзін
жою үшін бар күшін, жауыздығын, өнерін
салды. Шайтан Исаның айтқан әрбір
сөзіне қарсы шықты. Оның өмірін
қасіретке толтыру үшін адамдарды өзінің
қаруы ретінде пайдаланып, Оған айдап
салып отырды. Осының барлығы тамырын
тереңге жіберген кектің нәтижесі болатын.
Барлық аспан үнсіздікке шомып, Голгофа
дөңінің үстінде Құдайдың рухани Ұлын
к ү н ш і л д і к т і ң ,
з ұ л ы м д ы қ т ы ң ,
жеккөрушіліктің
және
кекшілдіктің
жалыны шарпып жатқанын жандары
түршіге отырып бақылады.
Ұлы құрбандық шалынып болғаннан
кейін Масіх көкке көтерілді. Бірақ Ол:
«Маған
бергендерің
Менің
жанымда
болғанын қалаймын» деген тілегін Құдай
Әкенің алдына әкелгенше, періштелердің
құрметінен бас тартты (Жоһан жазған Ізгі
хабар 17:24). Сонда Құдай Әкенің тағынан
сүйіспеншілік пен күшке толы дауыс
шықты: «Барлық періштелер Оған тағзым
етсін» (Еврейлерге жолданған хат 1:6).
Исаның бойында бірде — бір кіршік
болған жоқ. Оның қорлығы аяқталды. Ол
Өзінің жанын адамзат баласы үшін
құрбандыққа қиды және Оған кез келген
есімнен жоғары ат берілді.
Енді шайтанның ақталуы мүмкін емес.
Ол өзінің өтірікші және қанішер екенін
дәлелдеді. Шайтан адамдарға: «Құдай
заңын бұзсаңдар бостандыққа жетесіңдер»
— деген болатын. Керісінше оны бұзу
құлдық пен сұмдыққа әкеліп тіреді және
оны барлық жандар өз көздерімен көрді.
Албастының
Тәңір
Иені
әділетсіз
кінәлағаны және оның өзінің жасаған
масқара істері әбден әшкереленді. Әзәзіл:
«Құдай бар ғаламды Өз заңына бағындыра
отыра, олардан селт етпестей берілгендікті
222
талап етеді, бірақ Өзі жаратылғандар үшін
ештеңе жасамайды» — деп Оған пәле
жапты. Десе де күллі ғалам шайтанның
зұлым әрекеттерін, арам пиғылын өз
көздерімен
көрді.
Жазбада:
«Құдай
Мәсіхтың арқасында адамзатты Өзімен
татуластырды»
—
деп
жазылған
(Қорынттықтарға жазылған екінші хат
5:19). Сондай-ақ Тәңірмен жаратылған
жан
иелерінің
барлығы
шайтанның
билікке ұмтылу мақсатында күнәға есік
ашқанын, ал Мәсіх сол күнәні жою үшін
өлімге де келіскенінің куәсі болды.
Солайша Құдай бар ғаламға көтерілістің
ұ с т аны мд ар ы н
қ аб ы лд ам айт ы ны н
көрсетті. Сонда Ібіліс: «Құдай заңын бұзу –
қылмыс болса, онда кез келген қылмыскер
Жаратушының
мейірімінен
біржола
айрылғаны, ендеше олардың барлығы —
менің жемтігім» деген арыз тастады. Бірақ
Масіхтің өлімі адамның пайдасы үшін
берілген маңызды дәлел (аргумент) еді.
Адамзаттың күнәсі үшін тиесілі жазаны
Құдаймен теңдес біреу Өзіне алды.
Мәсіхтің әділеттілігін қабылдауға кез
келген адамның еркі бар. Оларға таза да,
шынайы өмір етіп жеңіске жетулеріне
болады. Бірақ Масіх біздің әлемге адамзат
баласының күнәсін Өзіне алып, оларды
ақтау үшін ғана емес, Құдай заңының
әділетті және бәріне пайдалы екенін
көрсету және оның абыройын көтеру үшін
келді. Құдай заңының тұрақты және мәнді
екенін жердегілер ғана емес, көктегілер де
дұрыс түсінулері керек болды. Егер заң
бұзылмаса, онда қылмыс та жоқ. Егер
қылмыс жоқ болса, онда Исаның өлімі не
үшін керек? Заң бұзылды және оны
бұзғандар жазалануға тиісті болды, сол
себепті Иса адамзаттың күнәсін Өзіне
алып, оларды мәңгілік өлімнен құтқарып
қалу үшін жерге келді. Құдай Әке мен
Оның рухани Ұлы Исаны мұндай қадамға
итермелеген күнәкарларға деген шексіз
махаббат, Оның билігі мен заңының негізі
болып
табылатын
әділеттілігі
мен
мейірімділігін бар ғаламға паш етті. Сот
аяқталғаннан
кейін
күнәнің
пайда
болуына
еш
себеп
болмағандығы
айқындалады. Бар ғаламның төрешісі: «Не
үшін сен көтеріліс жариялап, Менің
патшалығымның
азаматтарын
ерітіп
кеттің?» — деп албастыға сұрақ қойғанда,
зұлымдық әкесінің, яғни шайтанның
айт ар ғ а
с ө з і
б о лм айд ы .
С о нд а
көтерілісшілердің барлығы үнсіз тұрады.
Голгофа
айқыш
ағашы
заңның
т ұ р а қ т ы л ы ғ ы н ,
ө з г е р м е й т і н д і г і н
дәлелдейді және бар ғаламға күнә үшін
жаза
—
өлім
екенін
көрсетеді.
Құтқарушының:
«Орындалды»
деген
жанкешті дауысы шайтанның тағдырын
біржола шешкен болатын. Көп уақытқа
созылған
ұлы
шайқастың
кінәлісі
анықталды және зұлымдықты біржола
жою мүмкіндігі пайда болды. Құдай Ұлы
аждаһаны
жеңу
үшін
«моланың
қақпасынан» өтті (Еврейлерге жолданған
хат 2:14). Өзін Құдайдан артық қойғысы
келген
тілегі
албастыға:
«Тағымды
ж ұ л д ы з д а р д а н
ж о ғ а р ы
көтеремін...Тәңірмен бірдей боламын» —
деген сөздерді айтқызды (Ишая 14:13,14).
А л л а
о ғ а н :
« М е н
с е н і
к ү л г е
а й н а л д ы р а м ы н . . .
м ә ң г і л і к к е
жоғаласың»
(Езекіл
пайғамбарының
кітабынан 28:18,19) дейді. «Лаулап тұрған
пеш
секілді
күн
келгенде
барлық
менменшілдер мен әділетсіздер сабандай
өртенеді.
Тамыры
да,
бұтағы
да
қалмайтын болады» — дейді Құдай
(Малаһия пайғамбарының кітабынан 4:1).
Күнә дегеннің не екенін және оның
нәтижесі қандай болатынын бар ғалам
көреді.
Құдай
күнәні,
яғни
оны
тудырушыны
әуел
баста
жойып
жібергенде, Оның абыройы төмендеп,
періштелер
Оған
қорыққандарынан
қызмет еткен болар еді. Бұдан былай
қарай періштелер де, ғалам тұрғындары
да Оның зор сүйіспеншілік Иесі екенін
және Оған тең келетін ешкім жоғын көріп,
Оның заңын ризашылықпен орындап,
Оған қызмет етуді өздеріне қуаныш санап
рахат сезімге бөленеді. Бұдан кейін
зұлымдық болмайды. Құдай сөзі бізге:
«Кесапат енді қайталанбайды» — дейді
(Нақұм пайғамбарының кітабынан 1:9).
Албасты Құдай заңын «ауыр жүк» деп
жарияласа, оның ешқандай ауыртпалық
емес,
керісінше
«бостандық»
екенін
барлығы мойындайды. Сынақтан өтіп,
оған шыдап шыққан жандар өздерін
шексіз жақсы көретін Тәңірлеріне деген
сенімдерінен айрылмайтын болады.
223
30
Адам мен шайтанның арасындағы
жауласушылық
«Сенімен
әйелдің
арасына,
сенің
тұқымыңмен әйелдің тұқымының арасына
өшпенділік саламын, ол сені бастан
соғатын болады, ал сен оны өкшеден
шағатын боласың» (Болмыс 3:15). Адам
күнә
жасағаннан
кейінгі
Құдайдың
шайтанға шығарған бұл үкімі, сонымен
қоса барлық ғасырларда өмір сүріп
жатқан адамзат балаларының бастарынан
кешетін ұлы шайқасқа нұсқап тұрған аян
болатын.
«Араларыңа өшпенділік саламын» дейді
Алла. Бұл жауласу өзінен өзі пайда болған
сезім емес. Адам Құдай заңын бұзғанда
оның табиғаты да өзгерді (бүлінді), сөйтіп
шайтан мен екеуінің арасында
ұқсастық
пайда болды. Ойлап қарасақ күнәкар адам
мен күнә әкесінің арасында алауыздық
жоқ, қайта достық бар. Екеуі де Құдайдан
безгендіктің салдарынан күнәға батты.
Содан бастап ұлы өтірікші тыныштығын
жоғалтты, тек алданғандар оның ізімен
жүргенде ғана албастының жаны жай
табады. Сол себепті де азып кеткен
періштелер мен жексұрын адамдар заңсыз
одақтасты. Егер де Құдай олардың
істеріне араласпағанда, шайтандар мен
адамдар бірігіп Құдайға қарсы соғыс
жариялаған
бо лар
еді .
Ш айт ан
періштелерді
алдап
өз
қақпанына
түсіргендей
адамдарды
да
азғырып,
оларға күнә жасатуға тырысты, себебі
оған өзінің жауынгерлерінің қатарын
көбейту керек болды. Албасты да және
Құдайдан безген періштелер де Мәсіхті
бірдей жек көреді, ал басқа сұрақтарға
келгенде
олардың
ойларында
елеулі
айырмашылық
болады.
Дегенмен
ғаламның Патшасына қарсы шайқас
олардың бастарын біріктіріп тұр.
«Сенімен
әйелдің
арасына,
сенің
тұқымыңмен әйелдің тұқымының арасына
өшпенділік
саламын»
деген
сөздерді
естігенде шайтан қатты қобалжыды,
өйткені енді оның мүмкіндіктері шектеулі
болмақ. Басқаша айтқанда адамның,
шайтанның күші мен әсеріне қарсы тұруға
мүмкіндігі болады.
Мәсіх адамдарға көмектесіп, оларды
сүйіспеншілік пен мейірімділікке бөлегенін
көргенде,
шайтан
адамзат
баласын
бұрынғысынан да бетер жек көріп кетті.
Ібіліс Құдайдың жаратқан ғажайып жан
иелерін зұлымдық жасауға итермелеп,
Жаратушының атына кір келтіргісі келеді.
Және
барлық
жерді
бақытсыздыққа
ұшыратып,
барлық
көкті
уайымға
батырам деп ойлайды. Ең соңында мұның
бәріне адамды жаратқан Құдай кінәлі деп
жарияламақшы.
Мәсіхтің адамға беріп тұрған берекесі
о ған
шайт анға
қ ар сы
т ұ ру ы на
көмектеседі. Онсыз адам шайтанның құлы
болатыны сөзсіз. Иса адамдарға қара
күштің иесіне қарсы тұра алатын күш
береді. Сол себептен оның бойында күнәға
деген жек көрушілік пайда болып, ол тән
құштарлығына төтеп бере алады. Міне
жоғарыдан келетін күш дәл осылай әсер
етеді.
Мәсіхтің рухы мен шайтанның рухының
арасындағы қарсылық, әлемнің Исаны
қалай
қарсы
алғандығынан
жақсы
көрінеді.
Яхудейлер Одан бас тартты, бірақ Ол
мына дүниеге кедей болып келгендіктен
емес,
Исаның
жетіспеген
жердің
кемшілігін артығымен толтыратын күші
барын олар жақсы білді. Яхудейлердің
Оны жек көргендерінің басты себебі,
олардың
заңсыз
істерін
әшкерелеп
тұратын
Исаның
қасиеттілігі
мен
тазалығын
жақтыртпауы.
Мәсіхтің
Құдайға берілгендігі жүгенсіз кеткен
халықты кінәлады. Албасты мен оның
періштелері зұлым адамдармен бірігіп
алып ақиқаттың Қорғаушысына қарсы
шықты. Жаратушыға арналған жауыздық,
Оның ізбасарларына да бағытталды.
Күнәнің кесапат екенін көріп, одан бас
тартқан адамдарды шайтан жек көреді
және оларға өзінің әзәзілдерін айдап
салады.
Ақиқаттың ұстанымдарына деген жек
көрушілік, оның қорғаушыларын кінәлау
224
және қуғындау күнә мен күнәкарлар бар
жерде жалғаса бермек. Шайтан мен
Мәсіхтің ізбасарларының арасында келісім
болуы мүмкін емес. Албасты мен зұлым
адамдарға айқыш ағаштың соққысы әлі
күнге дейін оңай тиіп тұрған жоқ. «Мәсіх
секілді таза өмір сүргісі келетіндер
қуғынға ұшырайды (Тімотеге арналған
екінші хат 3:12).
Шайтанның ізбасарлары үнемі оның
билігі мен патшалығын бекітуге тырысып
келеді.
Сол
үшін
олар
Исаның
ізбасарларын аяқтан шалып құлатуға бар
күшін салады. Көздеген мақсаттарына
жету үшін олар Киелі Жазбаны керісінше
талқылап, соған басқаларын иландырғысы
келеді. Ібілістің Құдайды масқаралағысы
келгеніндей, оның ізбасарлары да Құдай
халқын қарамайлағысы келеді. Мәсіхті
айқыш ағашқа шегелеген қара күш, Оның
халқының да көзін жоюды армандайды.
Осы айтылғандардың барлығы басында
айтылып
кеткен
аянда
суреттелген
болатын: «Мен сенімен әйелдің, сенің
тұқымыңмен әйелдің тұқымының арасына
өшпенділік саламын». Бұл шайқас ақыр
заманға дейін созылады.
Сол шайқасқа арнап Ібіліс бар күші мен
қуатын жинауда. Неліктен албастының
алдында қомақты кедергілер тұрған жоқ?
Неге Исаның жауынгерлері парықсыз, тым
салбыр? Себебі олар Мәсіхтен алыстап
кеткен. Сол себепті де күнә оларға кесір
болып
көрінбейді.
Немесе
басқаша
айтатын болсақ олар күнәнің жүрек
айнытатындай
жиіркенішті
екенін
бақыламайды. Бұлар Мәсіх секілді күнәға
қарсы
тұрмайды,
өйткені
зұлымдық
қандарына сіңіп кеткен байғұстар күнәнің
қаншалықты кесапат әкелетінін, оның
қалай
ойрандайтынын,
қаншалықты
жауыз екенін толық ұқпайды. Албасты
адамдардан дұрыс тойтарыс алмай тұр,
Достарыңызбен бөлісу: |