Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет48/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
мен  Құдай  Әкенің  патшалығына  кіре 
алмайды» (Ефестіктерге арналған хат 5:5). 
«Күллі жандармен бейбітшіл және қасиетті 
болыңдар, онсыз ешкім Ұлы Құдайды көре 
алмайды»  (Еврейлерге  жолданған  хат 
12:14). 
«Құдай  заңын  орындайтындар  бақытты, 
өйткені  олар  өмір  ағашының  жемісін 
татуға  құқылы  болып,  қасиетті  қалаға 
қақпамен 
кіретін 
болады». 
«Ал 
ит 
мінезділер,  мыстандар,  жезөкшелер,  адам 
өлтірушілер, пұтқа табынушылар және кез 
келген заңсыздық жасайтындар қақпаның 
сыртында қалады» (Аян 22:14,15).  
  Құдай  адамзатқа  Өз  мінезін  және 
күнәға қалай қарайтынын ашық көрсетті. 
«Жаратқан  Ие!  Жаратқан  Ие!  Құдай 
м е і р і м д і  
д е  
қ а й ы р ы м д ы ,  
т е з 
қаһарланбайды да өте рақымды. Құдай әр 
кез 
сөзінде 
тұрады. 
Ол 
мейірімін 
мыңдағандарға 
танытады. 
Жасаған 
күнәларын  кешіруге  дайын  тұрады.  Ал 
қасарысқандарды  жазасыз  қалдырмайды. 
Аталарының 
теріс 
қылықтары 
үшін 
балалары мен немерелерін, шөберелері мен 
шөпшектерін  де  жазалайды  (Мысырдан 
шығу  34:6,7).  «Өзін  сүйетіндерді  Құдай 
қорғайды, 
ал 
зұлымдардың 
көзін 
жояды» (Забур жыры 144:20). 
«Барлық 
заңсыздық 
жасайтындар 
өлтіріледі,  олардың  болашағы  жоқ»  (Забур 
жыры 36:38). 

238 
 
Шайқасты  соңына  дейін  жеткізу  үшін 
Алла Өзінің күші мен билігін пайдаланады. 
Ал  сот  Құдайдың  мейірімді,  шыдамды, 
рақымды,  жанашыр  мінезіне  сәйкес 
келетіндей әділетті болады. 
  Құдай  ешкімді  де  күшпен  Өз  еркіне 
бағындырмайды.  Ол  адамға  бостандық 
берді.  Кімде  кім  Оған  бағынса,  Алланы 
жақсы 
көргендіктен, 
өз 
еркімен 
бағынғанын қалайды. 
Құтқарушымыз  үлгі  ретінде  қалдырған 
мейірімділіктің 
ұстанымдары 
Шексіз 
Алланың табиғатын анық көрсетеді. 
Құдайдың 
билігінің 
ұстанымдары 
Құтқарушымыздың  заңымен  үйлесімді. 
«Жауларыңды  жақсы  көріңдер»  —  дейді 
Алла.  Құдай  зұлымдарға  қатысты      Өзінің  
әділеттілігін  көрсетеді.  Бұл  бар  ғаламның 
бақыты  үшін  жасалған  игі  іс  болмақ. 
Жаратқан  барлық  жандарды  бақытты 
еткісі  келеді.  Оларға  заңын  сыйлап, 
мейірімділігіне 
бөлейді, 
бірақ 
олар 
Құдайдың  сүйіспеншілігін  жек  көреді, 
заңын  қорлайды,  оның  берген  игіліктерін 
үнемі 
қабылдайды, 
бірақ 
игілік 
Сыйлаушыны  масқаралайды.  Құдай  өте 
шыдамды,  десе  де  Оның  шыдамының 
тостағаны  тоған  кезде  ақыр  заман  келеді, 
сонда 
адамзат 
Құдайдың 
сотына 
тартылады және барлық зұлымдар әділетті 
жазасын  алады.  Албастыны  өздерінің 
көсемі қылып таңдап алғандар, Құдайдың 
жүзіне 
қарай 
алмайды. 
Олардың 
маңдайларына  өтіріктің,  қатыгездіктің, 
бұзылғандықтың  мөрі  басылған.  Жер 
бетінде  жақынын  жек  көргендер,  көкте 
олармен 
қалайша 
қатарласып 
өмір 
сүрмек? Ақиқат өтірікпен үйлесе алмайды. 
Момындық  менменшілдікпен  сәйкеспейді. 
Құдайға  қарсы  шайқас  жүргізгендер 
қалайша  Оның  қасында  отырмақ?  Олар 
аспандағы  пәк  жан  иелерімен  қарым-
қатынас  жасап,  Құдайды  мадақтайтын 
әндерді  айта  алмайды.  Олар  Алла  мен 
Тоқтының 
(Құтқарушының) 
даңқын 
ш а р ы қ т а т а  
а л м а й д ы .  
О л а р д ы ң 
шыңдалуларына  тым  көп  уақыт  берілді, 
бірақ олар мінездерін түземеді, тазалықты 
сүймеді,  көктің  тілін  игере  алмады 
( ү й р е н б е д і ) .  
Қ ұ д а й м е н  
ү н е м і 
қарсыласқандықтан,  олар  аспанда  өмір 
сүруге  жарамсыз  болып  қалды.  Құдайдың 
қасиетті  тазалығы  оларға  жаза,  даңқы 
жалындаған  от  болып  тиеді.  Жалғыз  ғана 
армандары  киелі  жерден  қашып  құтылу 
болар 
еді. 
Олардың 
ұйғарымдары 
өздерінің  тағдырларын  шешеді.  Олардың 
п и ғ ы л ы  
Қ ұ д а й  
с ө з і м е н 
келіспеушіліктерінен  байқалады,  ал  өмір 
аяқталғаннан  кейін  ойыңа  жаңа  бағыт 
беру 
мүмкін 
емес. 
Заңсыздықты 
бағынушылыққа, 
ал 
жеккөрушілікті 
сүйіспеншілікке қалай айналдырасың?   
Бауырын  өлтірген  Қабылға  кеңшілік 
жасау  арқылы  Құдай  күнәкардың  өмір 
сүргені  және  оның  ойына  келгенін 
істейтіні  қандай  нәтижелерге  жеткізетінін 
әлемге  көрсетті.  Қабылға  еліктеп,  оның 
үлгісі  бойынша  өмір  сүрген  ұрпақтары 
күнәға 
белшесінен 
батып, 
жерді 
зұлымдыққа  толтырып  жіберді  (Болмыс 
6:11).  Нұһ  пайғамбарының  заманында 
Құдай  әлемді  аяғандығынан  жердің  азып 
кеткен  тұрғындарының  көзін  жойып 
жіберді. 
Дәл 
сол 
жанашырлықтың 
әсерінен 
Ол 
Содомның 
жексұрын 
тұрғындарын 
қырды. 
Албастының 
қулығының 
арқасында 
заңсыздық 
жасайтындар  халықтың  жанашырлығы 
мен  сүйемелдеуін  пайдаланады,  сөйтіп  өзі 
сияқтылардың 
қатарын 
көбейтеді. 
Қабылдың,  Нұһтың,  Ыбырайымның  және 
Лұттың  кезінде  де  солай  болған.  Қазіргі 
кезде  де  солай.  Ақыр  соңында  Ғаламның 
игілігі  үшін  Құдай  барлық  зұлымдардың 
көзін мәңгілікке жояды. 
«Күнә  үшін  жаза  —  өлім,  ал  Құдайдың 
сыйы  —  мәңгілік  өмір»  (Римдіктерге 
арналған  хат  6:23).  Өмір  тақуалардың 
алатын  мұрасы,  ал  күнәкарлардың  үлесі  –
өлім.  «Бері  қараңдар!  Бүгін  мен  өмір  мен 
игілікке 
және 
өлім 
мен 
қырғынға 
апаратын 
екі 
жолды 
таңдауларыңа 
беремін» — деді Мұса пайғамбар Израилге 
(Қаталанба  заң  30:15).    Бұл  жерде  Адам 
атаның  басына  келген  өлім  жайлы  емес, 
«екінші  өлім»  жайлы  айтылып  тұр.  Адам 
атаның күнәсінің нәтижесінде өлім барлық 
адамдарға  тарады.  Молаға  бәрі  де  кіреді. 
Бірақ  құтқарылу  жоспары  адамға,  оны 
өлім  тұзағынан  босатуға  ұсыныс  жасап 
тұр. Барлық әділеттілер де, әділетсіздер де 
қайра  тіріледі  (Елшілердің  істері  24:15). 
«Адам  атамен  барлығы  өлсе,  Мәсіхпен 
барлығы  қайра  тіріледі»  (1Қор.15:22). 
Бірақ  бұл  екі  топтың  адамдарының 
арасында  шекара  сызығы  бар.  «Молада 
жатқандардың барлығы Құдайдың Рухани 
Ұлының 
дауысын 
естиді. 
Жақсылық 
жасағандар 
өмір 
жексенбісінде, 
ал 
з ұ лым ды қ  
ж ас ағанд ар  
ж аз алану 
жексенбісінде түрегеледі» (Жоһан 5:28,29). 
«Алғашқы жексенбіде тұрғандар бақытты». 
« О л а р ғ а  
а ж а л  
б и л і г і н  
ж ү р г і з е 
алмайды» (Аян 20:6). Ал екінші жексенбіде 
тұратындар  нағыз  бақытсыздар.  Олар 
екінші  өліммен  мәңгілікке  өлетін  болады. 
Бұл  жөнінде  Дәуіт  пайғамбар:  «Азырақ 
уақыттан  соң  жексұрындар  жоғалады». 
«Олар  ешқашан  болмағандай  болады 

239 
 
( З а б у р  
ж ы р ы  
3 6 : 1 0 ;  
Һ а б д и 
пайғамбарының  кітабынан  16-шы  өлең), 
қорлықтарын 
жамылып 
мәңгілікке 
құриды» — дейді. 
Осылайша  Алла  күнәнің  көзін  мәңгілікке 
жояды. Жыршы былай дейді: Халықтарды 
сөгіп, зұлымдарды жоқ қылдың, есімдерін 
мәңгілікке  өшіріп  тастадың.  Жау  қару-
жарағынан  жұда  қалып,  жойылды.  Сен 
қ и р а т қ а н  
қ а л а л а р  
і з - т ү с с і з 
жоғалды»  (Забур  жыры  9:6,7).  Аспаннан 
шыққан, 
барлық 
Ғалам 
орындаған 
мадақтау  әнұранын  өз  құлағымен  естіген 
Жоһан  пайғамбары:  «Бір  де  бір  жалған 
дыбыс оның ырғағын бұзған жоқ» — дейді 
(Аян  5:13).  Көктегі  де,  жердегі  де  жан 
иелері  Құдайдың  қасиетті  есімін  мәңгілік 
мадақтайтын болады. 
Ал  мәңгілік  дозақ  немесе  адамның  жаны 
ешқашан  өлмейді  деген  доктриналардың 
ешбір  негізі  жоқ.  Бұл  Киелі  Кітапқа 
қарама-қайшы  келетін  ілімдер.  Айтулы 
доктриналар 
бойынша 
адам 
өлсімен 
аспанға  келіп,  жерде  не  болып  жатқанын 
бақылап 
отырады 
екен. 
Әсіресе 
жақындары  мен  жолдастарына  көбірек 
көңіл аударады. Сонда олар жердегілердің 
жасап  жатқан  күнәларын,  шегіп  жатқан 
азаптарын  көре  тұра  өздерін  қалай 
бақытты  сезінеді?  Тәубасына  түспеген 
адам  демі  таусылсымен  дозаққа  барады 
дегенге 
қ алайша 
ашуланбайсың? 
Д о с т а р ы н ы ң  
ө л і м г е  
д а й ы н 
болмағандығының  салдарынан,  олардың 
дозақ 
отына 
түсетінін 
білетіндердің 
жандары қаншалықты түршігетінін айтып 
жеткізу мүмкін емес. Мұндай ойдан кейбір 
адамдар  естерінен  адасып  кеткен  де 
болатын.  
  Бұл жөнінде Киелі Жазба не дейді екен? 
Дәуіттің  айтуынша  адам  өлгеннен  кейін 
санасын 
жоғалтады. 
«Кеудеден 
жан 
шыққан  күні  дене  жерге  тапсырылады, 
оның  санасы  өледі»  (Забур  жыры  145:4). 
Сүлеймен  патша  бұл  пікірді  растайды: 
«Өлген  күні  адамның  махаббаты  да, 
өшпенділігі  де,  қызғанышы  да  жоғалады, 
ол  жер  бетінде  не  болып  жатқанын 
сезбейді».  «Өйткені  молада  жұмыста  жоқ, 
ойлануда  жоқ,  білімде  жоқ,  даналықта 
жоқ» (Сүлейменнің кітабынан 9:5,6,10). 
Езекіл патшаның өтініші бойынша Құдай 
оның  өмірін  он  бес  жылға  ұзартқанда,  ол 
Құдайдың  есімін  мадақтаған  болатын. 
«Сені  мадақтайтын  жердің  түбі  емес,  өлім 
де  емес,  көрге  түскендер  де  емес,  тірі 
жандар ғана. Қазіргі мен секілді олар Сені 
мадақтайды,  Есіміңді  ардақтайды»  — 
деген  еді  (Ишая  38:18,19).  Кең  тараған 
теология  бойынша  өлген  тақуалар  көкке 
бірден  жетіп  барады.  Бірақ  Езекіл  болса 
өлімнен  ондай  жарқын  болашақты  көре 
алмады.  Забур  жырларында:  «Үнсіздердің 
еліне  аттанғандар  Құдайды  мадақтай 
алмайды»  —  деп  жазылған  (Забур  жыры 
6:5;114:117).  
  Елулік  күні  Петр:  «Дәуіт  бабамыз  өліп, 
жерленген  және  оның  табыты  әлі  күнге 
осында»  деген  болатын.  «Себебі  Дәуіт 
көкке  көтерілген  жоқ»  (Елшілердің  істері 
2:29,34).  Ол  жерленген  күннен  бері  көрде 
жатыр.  Тек  Мәсіх  қайта  тірілгендіктен 
ғана, Дәуіт те қайра тіріліп, көкке көтеріле 
алады.  Пауыл  пайғамбар  былай  дейді: 
«Ешқандай  қайта  тірілу  болмағанда  Мәсіх 
та  қайта  тірілмес  еді  ғой.  Ал  егер  Мәсіх 
тірілмеген  болса,  сенімдеріңнен  еш  пайда 
болмай,  күнәларың  әлі  де  мойындарыңда 
қала  берер  еді.  Сондай-ақ,  Мәсіхке  сеніп 
қайтыс 
болғандар 
тозаққа 
түсер 
еді»  (Қорынттықтарға  жазылған  бірініші 
хат 15:16-18). 
Егер  өлгендер  орындарынан  тұра  салып 
көкке жетіп баратын болса, онда Мәсіхтың 
өлімінің 
мағынасы 
болмағаны 
ғой. 
Мәсіхтың  адамзаттың  күнәсін  айқышқа 
шегелеп,  өліп,  қайра  тірілгені  не  үшін 
керек?  Онда  біздің  сеніміміз  де  бос  сөз. 
Кейіннен  азапталып  өлтірілген  Тындейл 
өлгендердің  жағдайлары  жайлы  былай 
дейді: «Әділеттілердің өлсімен көкке барып 
Мәсіх 
пен 
періштелердің 
атағын 
бөлісетініне 
сенбеймін. 
Олай 
болған 
жағдайда  тірілу  жексенбісінің  адамға 
керегі  не?»  Бұл  ілім  Киелі  Жазбада 
жазылған 
«тірілу 
жексенбісі» 
жайлы 
ақиқатты жоққа шығарады. 
Бұл 
жөнінде 
Адам 
Кларк: 
«Тірілу 
жексенбісі  жайлы  алғашқы  Мәсіхшылар 
жиі  уағыздаған.  Елшілер  қамыққандарды 
үміттендіре  отыра  бұл  ақиқатты  олардың 
естеріне  жиі  салуға  тырысқан.  Алғашқы 
Мәсіхшылар 
(христиандар) 
тірілу 
жексенбісінің  болатынына  мықты  сенген. 
Ал  қазіргі  Мәсіхшылар  біз  ол  жайлы 
қаншалықты  уағыздасақ,  соншалықты 
ғ а н а  
с е н е д і .  
Қ а з і р г і  
ж ү йе д е г і 
уағыздаушылармен  сенімнің  бір  пункті  де 
дәл осы пунктіндей аяқ асты етілмеген. 
Бара-бара  «қайра  тірілу  жексенбісі» 
жайлы  ақиқат  жасырын  қалды.  Көрнекті 
діни  жазушы  Пауыл  пайғамбарының 
сөзіне 
(Салоникалықтарға 
арналған 
бірінші  хат  4:13-18)  түсініктеме  бере 
отыра: 
«Жұбату 
және 
қолайлылық 
мақсатында  тақуалардың  өлімнен  өмірге 
өтіп  шат-шадыман  болатыны  туралы 
доктрина  Исаның  екінші  рет  келетіні 

240 
 
жайлы  күмәнді  ілімді  біздің  санамыздан 
ысырып  шығарып  отыр.  Өлгеннен  кейін 
Тәңір  бізді  алып  кетуге  келеді.  Соны 
күтеміз, 
соған 
үміттенеміз. 
Өлгендер 
даңққа  бөленді.  Олар  сот  пен  мәңгілік 
рахатты 
жариялайтын 
кернейдің 
дыбысын күтпейді» — дейді. 
 Бірақ  Иса  көкке  көтеріліп  кетерінің 
алдында оқушыларына, енді сендер Маған 
келесіңдер деген жоқ. «Мен сендерге орын 
дайындауға  барамын,  сосын  сендер  де 
Өзім  болған  жерде  болуларың  үшін,  келіп 
сендерді  алып  кетемін»  —  деген  болатын 
(Жоһан  14:2,3).  Әрі  қарай  елші  Пауыл: 
«Содан  кейін  хабарланып,  бас  періште 
дауыстап,  кернейдің  үні  шыққаннан  соң 
Мәсіхқа  сеніп  өлгендер  бірінші  болып 
оянады.  Сонан  соң  тірі  қалған  біздер 
солармен  бірге  аспанға  Тәңірімізге  қарай 
көтерілеміз,  солай  Құдаймен  мәңгі  бірге 
боламыз, осы сөздерді айтып бір-бірлеріңді 
жұбатыңдар»  —  деп  сөзін  жалғастырады. 
(Салоникалықтарға  арналған  бірінші  хат 
4:16-18).  Осы  айтылған  сөздер  мен  соның  
алдында 
универсалистік 
шіркеудің 
қызметкерімен 
айтылған 
сөздердің 
айырмашылығын 
қараңыздаршы. 
Ол 
өзінің  қайғыдан  құса  болған  достарын, 
жасалған күнә есеп емес, адамдар аспанға 
барып періштелердің жанына қосылады — 
деп жұбатады. Ал Пауыл пайғамбар болса, 
бауырларына Мәсіх көктен келгенде «Оған 
сеніп  өлгендер»  бірінші  болып  тіріледі  — 
дейді. 
  Жұмаққа  кірмес  бұрын  әрбір  адамзат 
баласының  өмірі  қатаң  тексерістен  өтеді. 
Олардың  мінездері  мен  істері  Құдаймен 
бақыланады. 
Сонан 
соң 
кітаптағы 
жазуларға  байланысты  әр  бір  жанның 
тағдыры  шешіледі.  Елші  Пауылдың  сөзіне 
мұқият  көңіл  аударсақ:  «Құдай  алдын  ала 
анықталған  Азамат  арқылы,  барлығына 
куә  ретінде  Оны  өлімнен  қайра  тірілтіп, 
тағайындалған  күні  адамзатқа  әділетті 
үкім  шығарады»  дейді  (Елшілердің  істері 
17:31). 
Бұл 
жерде 
елші 
әдейілеп 
тағайындалған  сот  болатын  күн  туралы 
тіке айтып тұр. 
Яхуда      осы        уақыт        жайлы        былай 
дейді:   «Арын   сақтай   алмай,    тұрағын 
тастап    кеткен    періштелер    ұлы    күні 
қамауға    алынады».    Әрі    қарай    ойын 
ол        Ідрістің        сөзімен        жалғастырады: 
«Жердегілерді        соттау        үшін,        киелі 
періштелерін   ерітіп    біздің    әлемімізге 
Құдай        келеді»        (Яхуда        6:14,15).    
Жоһан        пайғамбар:        «Мен      Құдайдың 
алдында   тұрған  өлгендерді   —    қаралар 
мен        күштілерді        көрдім.        Олар 
кітаптағы        жазу        бойынша,        істеген 
істеріне  қарай  сыбағаларын  алды»  дейді 
(Аян 20:12). 
Егер  өлгендердің  бірі  көкте  қуанып 
жатса,  енді  біреулері  дозақта  қиналып 
жатса,  онда  соттың  қажеті  қанша?  Осы 
сұрақтарға  байланысты  Киелі  Жазбада 
берілген  ілімді  қарапайымдардың  өздері 
де  түсінеді.  Сонда  қалайша  салмақты  да 
ойшыл 
адамдардың 
осы 
қарапайым 
ақиқатты 
түсіне 
алмайтынына 
таң 
қаласың. Сот аяқталғаннан кейін: «Жақсы, 
Менің  сенімді  қызметкерлерім,  Иелеріңнің 
қуанышханасына 
кіріңдер» 
— 
дейді 
Раббым Алла. Ал егерде тақуалар онсыз-ақ 
көкте  болатын  болса,  онда  аспанға  қайра 
кірудің 
қажеті 
қанша? 
Сол 
секілді 
зұлымдар  дозақ  отында  өртеніп  жатса, 
онда оларды дозақтың бұрыш бұрышынан 
жинап  алып,  қайра  дозаққа  жіберудің  не 
керегі  бар?  Қандай  масқара  мазақ 
десеңізші!  Құдай  сөзін  Жаратқаннан 
қорықпастан  бұрмалайтындардың  орны 
қайда  болатыны  белгілі.  «Адамның  жаны 
ешқашан  өлмейді»  деген  теория  Римнің 
пұтқа  табынушылардан  қабылдап  алған 
ілімі.  Мартин  Лютер  бұл  ілімді:  «Римнің 
қаулыларын  құрап  тұрған,  үйіліп  тұрған 
қоқыспен  бірдей  қисынсыз  ертегілері 
(басня)»  деп  атайды.  Сүлеймен  патшаның 
с ө з і н  
қ а й т а л а й  
о т ы р а  
Л ю т е р : 
«Моладағылардың 
жағдайы 
жайлы 
данышпан  патшаның  айтып  қалдырған 
сөзі, адамдардың өлгеннен кейін ештеңені 
сезбейтінінің  тағы  да  бір  дәлелі»  —  деп 
жазады. Ол жерде жауапкершілік те, білім 
де,  ғылым  да,  даналық  та  жоқ.  Өлгендер 
күн санамайды. Бірақ қайра тірілген кезде 
қанша  уақыт  өтсе  де,  оларға  бір  сәт  қана 
өткендей  болып  көрінеді.  Киелі  Кітапта: 
«Қайтыс  болған  тақуалар  сол  заматта 
аспанға  бара  қалады,  ал  зұлымдар  бірден 
дозаққа  аттанады»  —  деген  сөз  жоқ». 
Бабаларымыз  бен  пайғамбарлар  олай 
айтқан  емес.  Олай  ойлауға  Мәсіх  пен 
Оның 
елшілері 
де 
ешқандай 
себеп 
қалдырған 
жоқ. 
«Өлгендер 
тірілу 
жексенбісіне дейін ұйықтайды» (1Сал.4:14; 
Айып  14:10-12).  Күміс  шынжыр  үзіліп, 
алтын  бау  ажырап  қалғанда  (Сүлейменнің 
уағызы  12:6),  адамның  санасы  жоғалады. 
К ө р д і ң  
қ ұ ш а ғ ы н д а  
ж а т қ а н д а р 
тыныштықта  болады.  Күннің  астында  не 
болып  жатқанын  олар  сезбейді  (Айып 
14:21).  Шаршаған  әділеттілер  үшін  бұл 
рахат демалыс! Уақыт қысқа болсын, ұзақ 
болсын  өлгендер  үшін,  олар  оянғанда  бір 
сәттей  ғана  болып  көрінеді.  Соңғы  күні 
Құдайдың  кернеуінің  дабылы  оларды 
оятады.  Қазіргі  құрып  шіритін  тәндеріміз 
ешқашан    жойылмайтын  денелермен 
алмасады.  Бұл  жүзеге  асып,  құритын 

241 
 
нәрселер  мәңгілік  нәрселермен  алмасқан 
шақта 
пайғамбарлар 
жазбаларындағы 
«Жеңіс  ажалды  жояды»  —  деген  әуде 
орындалады  (1Қор.15:52-55).  Әділеттілер 
терең ұйқыдан оянып, қай жерде өмірлері 
үзілсе,  сол  жерден  оны  әрі  қарай 
жалғастырады. Ақырғы ойларымен көрдің 
құшағына 
кетіп 
бара 
жатқандарын 
сезінсе,  оянғаннан  кейінгі  ойлары:  «Ажал 
сенің  уытың  қайда?  Дозақ  сенің  жеңісің 
қайда?» 
деген 
қуанышты 
әнмен 
жалғасады.  Расул  Алла  оларға  мәңгілік 
өмірді сыйға тартады. 

242 
 
Қ ұ д ай 
с ө з і нд е  
ж аз ы лған 
к ие лі 
періштелердің 
адамзат 
баласы 
үшін 
жасайтын  қызметі  Исаның  ізбасарлары 
үшін  бағалы  ақиқат  болып  табылады.  Кең 
тараған  теология  бойынша  Киелі  Жазу 
бұрмаланып, 
адамдарға 
басқаша 
ұсынылады. 
Пұтқа 
табынушылардың 
философиясынан алынған «адамның жаны 
өлмейді» 
деген 
ілім 
Мәсіхшылардың 
сенімдеріне  ұлы  шегінушілік  кезінде  еніп, 
ақиқаттың 
орнын 
алған. 
Сондықтан 
көпшілік  жұрт,  адамға  көмек  ретінде 
жіберілетін  қызметші  рухтарды,  яғни 
періштелерді, 
өлгендердің 
рухы 
деп 
есептейді.    Киелі  Кітапта  анық  жазылған 
куәліктерге  қарамастан,  мұндай  ұғым 
періштелердің  барына  және  олардың 
өлгенге 
дейін 
адамдармен 
қарым-
қатынаста  болатынына  қарама-қайшы 
келіп  тұр.  Адам  өлгеннен  кеін  санасын 
жоғалтпайды және олардың рухы тірілерге 
қызмет 
етеді 
деген 
жалған 
ілім 
Мәсіхшылар  әлемінде  мықты  бекіп  алып, 
спиритизмге  жол  ашып  берді.  Егер 
өлгендер  бұрынғы  білімдерінен  бірнеше 
есе  артық  білімге  ие  болып,  Құдаймен 
және 
Оның 
періштелерімен 
қарым-
қатынас  жасауға  мүмкіндік  алса,  неге 
оларға  жерге  қайтып  келіп  халық  ағарту 
ісімен айналыспасқа? 
Киелі  Жазба  бізге  айқын  анықтамалар 
беріп 
тұрғанына 
қарамастан, 
ақты 
қарадан  ажырата  алмайтын  көкірегі 
соқырлар  өте  көп.  Осылайша  албасты 
өзінің  пиғылын  іске  асырып  жатыр.  Ол 
өзінің періштелерін (шайтандарын) рухани 
әлемнен 
келген 
хабаршылар 
ретінде 
адамдарға жұмсайды. Зұлымдық рухтары: 
«Өлгендермен 
қарым-қатынас  жасауға 
болады»  деп,  жұрттың  санасын  уландыра 
отырып, 
оларды 
осы 
өтіріктеріне 
иландырады. 
Ібілістің  өлгендердің  бейнесін  киіп  келіп, 
сол  бейнемен  адамдарға  көріне  алатын 
күші  бар.  Ол  тек  сырт  пішінін  ғана 
келтіріп қоймай дауысын, сөйлеу мәнерін, 
жүріс 
тұрысын 
да 
келтіре 
алады. 
Осылайша  адамдар  албастымен  қарым-
қатынасқа  түскендерін  байқамай  да 
қалады.  Өлгендер  өздерінің  көкте  қандай 
бақытты  екенін  және  соншалықты  даңқ 
пен  атаққа  ие  болғандары  жайлы  айта 
бастайды.  Оны  естіген  адам  әділетті  мен 
арсыздардың 
арасында 
ешқандай 
айырмашылық  жоқ,  қандай  болсаңда  ол 
жақта  сені  бақытты  өмір  күтіп  тұрады 
екен  деп  ойлайды.  Албастының  ара  тұра 
шындықты  айтып,  болашақты  болжап 
беретін  күші  де  бар.  Осыдан  кейін  жұрт 
шайтандардың  айтқан  сөздерін  құмға 
құйылған судай сіміреді. Сонан соң  Құдай 
заңы  ұмытылып,  бұл  жандар  үшін  өсиет 
қанының  мағынасы  жоқ  болып  шыға 
келеді.  Спириттер  Мәсіхтың  Алламен 
теңдес 
екенін 
мойындамайды 
және 
өздерін  Жаратушымен  қатар  қояды. 
Осылайша  ұлы  көтерілісші  өзінің  көкте 
бастаған  шайқасын  міне  алты  мың 
жылдай жер бетінде жалғастырып келеді. 
К ө п ш і л і к  
а д а м д а р  
с п и р и т т і к 
құбылыстарды 
медиумның 
қолының 
ептілігі  мен  қулығының  нәтижесі  деп 
ойлайды.  Шынымен  де  кейде  фокустарды 
шындық  ретінде  ұсынуға  болады,  десе  де 
кейде  оған  табиғидан  жоғары  күштердің 
қатысып 
тұрғаны 
сезіледі. 
Мысалы: 
таңқаларлық  дыбыстар,  тоқылдату  (қағу) 
—  спиритизм  өзін  дәл  осылай  көрсетті, 
өйткені ол жерде қолдың ептілігінен басқа, 
жындардың  істерінің  нәтижесін  әбден 
көруге 
болады. 
Әуелде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет