Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет51/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60
білуге тиісті» — деп арыз тастады. Ендеше 
олар  Құдай  заңын  аяққа  салып  таптаған 
зұлымдық  істерін  «білместік»  деп  айта 
алмайды.  Олар  саналы  түрде  өздерін 
Алладан жоғары санайды.  
  Римнің 
басқаша 
ойлайтындардың 
б а р л ы ғ ы н  
қ а н д ы  
қ ы р ғ ы н ғ а 
ұ шы р ат аты ны ны ң 
т аң 
қ алар лы қ 
көрнекілігін  сенбі  күнін  құрмет  тұтқан 
вальдендіктердің  өмірінен  көруге  болады. 
Төртінші  заңды,  яғни  заңның  төртінші 
бабын  мықты  ұстағандардың  қандай 
қасіретке  ұшырағандарын  біз  тарихтан 
жақсы  білеміз.  Осы  арада  Эфиопияның 
шіркеулерінің  тарихы  жайлы  айтпай 
кетуге  болмайды.  Орта  ғасырлық  түнек 
к е з і н д е  
О р т а л ы қ  
А ф р и к а н ы ң 
Мәсіхшылары көзге көрінбей  қалды, яғни 
әлем  оларға  көңіл  аудармады,  сондықтан 
да  олар  бірнеше  ғасырлар  бойы  дін 
бостандығына  ие  болды.  Ақыры  Рим 
оларға  да  жетіп,  арқаларына  темір 
тақымын  батырған  кезде,  абиссиндік 
императорға 
папаның 
Құдайдың 
орынбасары  екенін  мойындауына  тура 
келді. 
Бұл 
ымырадан 
кейін 
оларға 
қойылған неше түрлі талаптар толып кетті. 
Сонан  соң  сенбі  күнін  мерекелейтіндерге 
тыйым  салынатын  қаулы  шықты.  Оны 
о р ы н д ам а й т ы н д а р  
қ а т а ң  
т ү р д е 
жазаланды. 
Папаның 
айуандығын 
арқалап 
жүруге 
шамалары 
келмеген 
африкалықтар 
оны 
құлатуға 
шешім 
қабылдады.  Қатыгез  шайқастардан  кейін 
олар 
папалықтарды 
иелік 
ететін 
жерлерінен  қуып  жіберді.  Бірақ  темір 
Римнің  берген  сабағын  еш  уақытта 
ұмытқан  жоқ,  өздерінің  басқа  христиан 
әлемінен  алыс  жатқандарына  өте  қатты 
қуанды  және  қуанатын  реттері  де  бар 
болатын. 
Африка 
шіркеулері, 
әуелде 
сенбіні 
сақтап, 
кейіннен 
толық 
рухани 
құлдырауға  ұшыраған    папаның  шіркеуі 
секілді,  сенбі  күнін  сақтаған.  Олар  құдай 
заңы  бойынша  сенбіні  құрмет  тұтып, 
сонымен 
қоса 
шіркеудің 
қаулысы 
бойынша  жексенбі  күні  жұмыс  істемеген. 
Бірақ Рим билігі нығайғаннан кейін оларға 
жексенбі  күні  туралы  заң  таңылып,  оның 
қатаң  орындалуы  талап  етілді.  Десе  де 
мыңдаған жылдар бойы дін бостандығына 
ие  болып  келген  африкалық  шіркеулер 
ондай  жаман  жолға  түсуден  бас  тартты. 
Римнің  қол  астына  түсіп  шынайы  сенбіні 
жалған  сенбімен  алмастыруға  мәжбүр 
болған  олар,  кейіннен  тәуелсіздіктері 
қолдарына тисімен, қайра Құдай заңының 
төртінші бабын орындай бастады.  
Бұл тарихи деректер Римнің сенбіні және 
оның 
жақтаушыларын 
қалай 
жек 
көретінін  дәлелдейді  және  жексенбінің 
мәртебесін  көтеру  үшін  қандай  құралдар 
пайдаланғандары  жайлы  айтады.  Киелі 
Кітап 
«бұрынғы 
болған 
оқиғалар 
қайталанады  және  жексенбіні  дәріптеу 
үшін,  католиктер  мен  протестанттар 
бірігеді»  дейді.  Аянның  13-ші  тарауында 
берілген  аятта:  «тоқтының  мүйізіндей 
мүйізі  бар  хайуан  түрінде  көрсетілген 
билік барлық жер мен оның  тұрғындарын 

252 
 
жолбарысқа ұқсас хайуанға табындырады» 
делінген. 
Сонымен 
қоса 
тоқтының 
мүйізіне  ұқсас  мүйізі  бар  хайуан  барлық 
жердің  халықтарына  —  қарапайымдар 
мен  ұлыларға,  байлар  мен  кедейлерге, 
күллі  құл-еріктілерге  хайуанның  белгісін 
қабылдатады  (Аян  13:11-16).  Тоқтының 
мүйізіне  ұқсас  мүйізі  бар  хайуан  арқылы 
рәмізделетін  билік  —  Америка  Құрама 
Штаттары болып табылады. АҚШ міндетті 
түрде  жексенбінің  сақталуын  талап  ететін 
заң 
шығарған 
кезде, 
айтулы 
аян 
ор ынд алады . 
Со нда 
папалы қт ы ң 
мәртебесін  АҚШ  қана  көтеріп  қоймайды, 
оған  басқа  мемлекеттерде  қосылады. 
Римнің  билігін  мойындап  келген  басқа 
жерлерде,  оның  әсері  сол  қалпында 
қалады. Аян оның билігінің нығая түсетіні 
жайлы  айтады.  «Мен  оның  бір  басының 
қатты  жарақат  алғанын  көрдім,  бірақ 
кейіннен  бұл  жарақат  жазылып  кетті. 
Хайуанды  бақылап  отырған  барлық  жер 
бұған  таң  қалды»  дейді  пайғамбар  (Аян 
13:3).  1798  –ші  жылы  папалыққа  қатты 
соққы  берілді,  бірақ  бұл  «жара  кейін 
жазылып  кетті»,  мұны  көрген  барлық 
мемлекеттер, 
пайғамбар 
айтқандай, 
хайуанға таң қалды. Пауыл пайғамбардың 
айтуынша  «күнәкар  пенде»  Мәсіхтың 
екінші рет жер бетіне келетін кезіне дейін 
әрекет 
жасайды 
(Салоникалықтарға 
жазылған  екінші  хат  2:3-8).  Бұл  билік 
жердің 
тарихы 
аяқталғанға 
дейін 
адамдарды 
алдап 
арбаумен 
болады. 
Жоһан  пайғамбары  да  папалыққа  меңзей 
отыра:  «Аттары  Тоқтының  кітабында 
жазылмаған  жандардың  барлығы  оған 
табынады» 
дейді 
(Аян 
13:8). 
Рим 
шіркеуінің  беделімен  бекітілген  жексенбі 
күнін  сақтау  –халықтардың  папалыққа 
бағынғандығын, 
оның 
алдында 
бас 
игендігін білдіреді. 
XIX- шы ғасырдың ортасында АҚШ-та осы 
аянды  зерттегендер  оның  мәнін  барлық 
әлемге хабарлаған болатын. Қазіргі кездегі 
болып  жатқан  оқиғалар  айтылған  аянның 
орындалуының  тақау  екенін  көрсетеді. 
Протестанттар  папалықтар  секілді  ешбір 
негізсіз 
жексенбі 
күнінің 
сақталуын 
уағыздауда.  Жексенбі  күнін  бұзушыларды 
Құдай жазалайды деген хабар қайра естіле 
бастады. Жексенбі күнінің мерекеленуі кең 
етегін  жайды.  Рим  шіркеуінің  қулығы 
адамды  таң  қалдырмай  қоймайды.  Олар 
ежелгі  тәсілдерін  пайдаланып  әлемді 
ауыздарына  қаратуға  тырысып,  оның 
ішінде 
протестанттарды 
дегендеріне 
к ө н д і р і п  
ж а л ғ а н  
с е н б і л е р і н 
қабылдатқандарына  риза  болып,  барлық 
жағдайды сырттай бақылап өз сағаттарын 
күтіп  отыр.  Ақиқатты  қабылдаудан  бас 
тартатындар өзін «киелімін» деп санайтын 
осы  биліктен,  оның  жалған  ақиқаттарын 
нығайта  түсу  үшін,  әлі  де  болса  көмек 
сұрайтын 
болады. 
Сол 
кезде 
оның 
протестанттарға  қалай  көмекке  жетіп 
келетін  білу  қиынға  соқпайды.  Шіркеуге 
бағынбайтындардың 
қандай 
күйге 
ұшырайтындарын  папаның  көсемдерінен 
артық кім біледі?  
Б а р  
ә л е м  
б о й ы н ш а  
п а п а н ы ң 
қадағалауында болатын және оған қызмет 
ететін  үлкен  ұжым  құрылады.  Онда  жер 
шары  бойынша  «шіркеудің  басы  ретінде, 
папаға  бағынуға  тиістіміз»  деп  есептейтін 
миллиондаған 
халық 
тәлімденеді. 
Азаматтығы  мен  ұлтына  қарамастан  олар 
айтулы  шіркеуді  сыйлауға  тиісті  болады. 
Тұрып  жатқан  еліне  адал  болуға  серт 
бергеніне  қарамастан,  Римге  бағынуға 
берген  уәдесі  бәрінен  де  жоғары  болып 
шығады  және  Римнің  талабымен  сай 
келмейтін  басқа  міндеттердің  барлығынан 
олар  босатылады.  Тарихқа  көз  жүгіртіп 
қарайтын  болсақ  Рим  өмір  бақи  барлық 
халықтардың ішкі істеріне араласқан екен 
және  кедергі  болғандардың  барлығын 
қара  болсын,  төре  болсын  қырып  жою 
арқылы  көздеген  мақсаттарына  жетіп 
отырған. 1204-ші жылы папа Иннокентий 
III-ші  өзінің  алдында  Петр  II-ші  патшаға: 
«Мен, 
Арагонияның 
патшасы 
Петр, 
қожайыным  папа  Иннокентиге  және  Рим 
шіркеуіне  адал  болуға,  католиктік  сенімді 
қорғауға 
және  оның 
қарсыластарын 
қуғындауға 
ант 
беремін» 
деп 
серт 
бергізген.  Бұл  серт  «императорларды 
орнынан 
құлатып», 
«өзінің 
әділетсіз 
бастығына  бағынатындарды  уәделерінен 
босататын» Рим папасының талаптарымен 
үйлесімді 
келеді. 
Ол  әлемнің 
билеп 
т ө ст еу ші ле рі ні ң 
Р им  
папасы ны ң 
т а л а п т а р ы н  
қ а л а й ш а 
орындайтындығының айнасы секілді.  
 Рим өзінің тұрақтылығын өте мақтаныш 
тұтады.  Григорий  VII-нің,  Иннокентий  III-
нің 
қолданған 
ұстанымдарын 
Рим 
католиктік  шіркеуі  әлі  де  сақтап  отыр. 
Билік  қолдарына  түссімен  айтулы  шіркеу 
осы  ұстанымдарды  өмірге  енгізуге  дайын 
тұр.  Жексенбі  күнін  заңды  түрде  бекіту 
үшін Римнің көмегін сұрауға әзір отырған 
протестанттар 
өздеріне 
өздері 
есеп 
беруден 
қалған. 
Протестанттар 
осы 
көздеген  мақсаттарын  іске  асырумен 
айналысып 
жатқанда, 
Рим 
өзінің 
жоғалтып алған бұрынғы билігін қайтаруға 
тырысады.  АҚШ-ғы  шіркеулер  үкімет 
билігін бақылауды қолына алып, діни салт-
дәстүрлерді  заң  түрінде  өмірге  енгізе 
бастағанда  немесе  басқаша  айтқанда 

253 
 
шіркеу мен үкімет бірігіп, адамдардың ар-
ұжданын билеп төстеуге күш салған кезде, 
Рим  салтанатты  түрде  жеңісін  тойлайтын 
болады. 
Осы 
айтылған 
ескертулерге 
протестанттар  қазір  көңіл  аудармаса, 
кейін  олардың  ниетін  көрген  кезде, 
ештеңені  өзгертуге  шаралары  болмайды, 
кеш қалады. Католицизмнің билігі ақырын 
— ақырын ұлғайып келеді. Оның билігі заң 
ш ы ғ а р ы л а т ы н  
о т ы р ы с т а р д а н , 
шіркеулерден,  адамдардың  жүректерінен 
жақсы 
байқалады. 
Оның 
құпия 
шытырмаларында (лабиринт) қанды тарих 
қайталанатын 
үлкен 
— 
үлкен 
ұлы 
ғимараттар  салынып  жатыр.  Шешуші  сәт 
тақағанда 
Мәсіхтың 
ізбасарларына 
ойсырата  соққы  беру  үшін  католиктік 
шіркеу  білдіртпей  дайындалуда.  Оған  ең 
керегі  ұпайлы  орынға    ие  болу  және  сол 
орынға  ол  ие  болды  деп  айта  беруге  де 
болады.  Алдағы  уақытта  барлығымыз  Рим 
католиктік 
иерархиясының 
нағыз 
пиғылын  көретін  боламыз.  Құдай  сөзіне 
с е н е т і н д е р  
ж ә н е  
О н ы ң  
е р к і н 
орындайтындар  қарамайланып,  қуғынға 
ұшырайтын болады.  

254 
 
Әуел  бастан-ақ  Ібілістің  көздеген  мақсаты 
Құдайдың  қасиетті  заңын  жою  болатын. 
Дәл  осының  себебінен  ол  аспаннан 
қуылған  еді.  Албасты  көкте  бастаған 
ша йқ ас ы н 
ж е р д е  
ж ал ғ ас т ы р ы п , 
адамдарды 
Құдай 
заңын 
бұзуға 
итермелеуде. Түгел заң бұзылса да, немесе 
оның  бір  бабы  бұзылса  да  нәтиже  біреу. 
«Біріне 
кінәлі, 
барлығына 
кінәлі 
болады»  (Жақыптың  жолдамасы  2:10). 
Албасты  ақиқаттың  жолын  көрсететін 
жалғыз  ғана  кітапты  қырық  саққа 
бұрмалап, 
оны 
өзінің 
қызметкерлері 
арқылы 
кері 
талқылап, 
адамзатты 
адастырумен  айналысып  келеді.  Ақиқат 
пен  адасушылықтың  арасындағы  соңғы 
шайқас  —  Алланың  заңы  мен  адамның 
заңының,  дәлдеп  айтқанда  шынайы  дін 
мен  аңыз  болған  діннің  арасындағы 
шайқастың тамамдалу кезеңі.  
Қазір  ақиқатқа  қарсы  шайқасатын 
күштердің  бірігіп  жатқан  кезі.  Құдай 
сөзіне  дұрыс  көңіл  бөліп  жатқан  жандар 
өте  аз.  Киелі  Кітап  барлығының  қолында 
болғанымен, 
оны 
шындап 
қабылдап 
жатқандар 
көп 
емес. 
Имансыздық 
күнәкар  дүние  түгілі,  ғибадатханаларда 
кең етегін жайған. Құдайға деген сенімнің 
бағанасы 
болып 
саналатын 
ілімнен 
көпшілік  жандар  бас  тартуда.  Өздерінің 
даналықтарына 
риза 
болып 
жүрген 
адамдар  Киелі  Жазбаға  сенуді  қойған. 
Киелі  Рухпен  шабыттанып  еңбектенген 
азаматтармен 
мазмұндалған 
дүниенің 
жаратылуы  туралы  шежіре,  адамның 
к ү н ә ғ а  
б а т қ а н ы ,  
Ж а р а т қ а н н ы ң 
адамдармен 
татуласу 
үшін 
құрған 
жоспары,  Құдай  заңының  ешқашанда 
өзгермейтіндігі 
күллі 
Мәсіхшылармен  
болмаса 
да, 
солардың 
біразымен 
мойындалмайды.  Өздерін  білімді    және 
зерек  деп  санайтын  олар  Киелі  Жазбаға 
мүлтіксіз  сену  кемістік  деп  есептейді. 
Киелі  Жазбаны  сынау  немесе  оны  өз 
беттерінше  талқылау  дарындылық  және 
білімділік  деп  бағаланады.  Көптеген  діни 
қызметкерлер  «парыз»  (Құдай  заңы)  деген 
ескірген ұғым, ал оған әлі күнге сенетіндер 
«аянышты 
күйдегі 
байғұстар» 
деп 
ұғындырады. 
Осылайша 
ақиқатты 
қабылдамайтындар, 
оның 
негізін 
Қалаушыны  да  қабылдамайды.  Құдайдың 
заңын 
аяқ 
асты 
ететіндер, 
заң 
Шығарушының  беделін  мойындамайтын 
тоң  мойын  тоқшар  жандар.  Тас  пен 
ағаштан 
пұттарды 
қашап 
шығару 
қаншалықты  оңай  болса,  жалған  ілім  мен 
теориялардан  жалған  құдайды  ойлап 
шығару да соншалықты оңай. Жаратылыс 
арқылы,  Мәсіх  және  Оның  Сөзі  арқылы 
ашылып тұрған Тірі Құдайға сенетіндер аз 
ғана.    Көпшілігі  тірі  Құдайдың  орнына 
фәлсафаны  (философия)  құдай  қылады. 
Мыңдаған  адамдар  табиғатты  құдай 
санайды, бірақ оны жаратқан тірі Алланы 
мойындамайды. 
Ежелгі 
кездердегідей 
қазіргі  христиан  әлемінде  де  пұтқа 
табынушылықтың  неше  түрлі  қалыптары 
кездеседі.  Өздеріне  өздері  сеніп  жүрген 
данышпандардың, 
философтардың, 
саясатшылдардың, 
журналистердің, 
т е к т і л е р д і ң ,  
к о л л е д ж  
б е н 
университеттердің  және  кейбір  діни  оқу 
о р ы н д а р ы н ы ң  
м о й ы н д а й т ы н 
құдайларының  финикиялық  Күн  құдайы 
— Ваалдан аз-ақ қана артықшылығы бар.  
Құдай  заңын  орындау  міндетті  емес 
деген  тұжырым  адам  баласы  үшін  өте 
қ а у і п т і .  
Х р и с т и а н  
ә л е м і н д е г і 
адасушы лық т арды ң 
бі р  
де  
бір і 
соншалықты дөрекі түрде айтылмаған. Кез 
келген  мемлекеттің  өзінің  ата  заңы  бар 
және сол елдің азаматтары оны орындауға 
міндетті.  Заңсыз  мемлекет  —  мемлекет 
болып  тұра  алмайды.  Сонда  әлемнің 
Жаратушысы  ғаламды  заңсыз  басқарып 
тұр деп ойлау ақылға қонбайтын сандырақ 
емес  пе?  Ата  заңды  орындаудың  қажеті 
жоқ, 
ол 
адамдардың 
бостандығын 
шектейді  деп  қандай  қызметкер  айта 
алады,  айтқан  күнде, мінбеде  қанша  тұра 
алады 
екен? 
Мемлекеттің 
заңын 
орындамау Құдай заңын орындамаудан да 
әрі  қылмыс  деп  кім  айта  алады? 
Күнәкарлар  мен  тақуаларды  айқындап 
көрсетіп  тұратын  дүниенің  өлшеуіші  — 
Құдай заңы жойылып қалғанша, заңы жоқ 
мемлекетте  өмір  сүрген  оңай  болар  еді. 
Шындап 
келсек 
Алланың 
заңын 
орындайтындарға  басқа  заңның  керегі  де 
36 
Болашақтағы шайқас  

255 
 
жоқ, 
өйткені 
басқасы 
өзінен 
өзі 
орындалады.  Құдай  заңын  аяқ  асты  ету 
неменеге  әкеліп  тірейтінін  білесіздер  ме? 
Ондай тәжірибе бар. Атеизм орнаған кезде 
Францияның  жағдайы  қандай  болғаны 
бәріне  де  мәлім.  Құдайдың  қол  астынан 
шығатындар  қатыгез  жендеттің  қолына 
тиеді.  «Құдайға  бағынбаймыз»  дейтіндер 
өздерінің 
қалай 
жүгенсіз 
лағып 
кеткендерін  сезбей  де  қалады.  Әсіресе 
Жаратқанның  бағыттауынан  тыс  қалу 
бостандықты сүйетін жастар үшін қауіпті. 
Құдай  заңына  қалай  болса  солай  қарауды 
үйретіп,  бүліктің  тұқымын  себетіндер 
кейіннен  өздері  тұтылады,  яғни  қара 
дауыл өз бастарына шүйлігеді. Құдай заңы 
ұмытылған  жерде,  көп  ұзамай  адам  заңы 
да 
ұмытылады. 
Құдай 
өнегесіздікті, 
іштарлықты,  өтірікті  жек  көргендіктен, 
күнәкарлар, 
опасыз 
істеріне 
шектеу 
қоятын 
қалыптасқан 
заңды 
алып 
тастағылары  келіп  тұрады.  Оны  шегерген 
күні өздерін не күтіп тұратыны олар үшін 
жаңалық. Егер заңды орындау міндет емес 
болса,  оны  неге  бұзбасқа?  Онда  адамның 
жеке  меншігіне  қауіп  төнеді.  Адамдар  бір 
бірлерінің мүлкін тартып алады, мықтылар 
баиды. 
Өмірге 
деген 
қызығушылық 
жоғалады.  Неке  заңы  жойылады.  Күшті 
жақынының әйелін тартып алады. Заңның 
төртінші  бабына  қоса  бесінші  бабы  да 
бұзылады.  Балалары  өздерінің  бұзылған 
табиғаттарының  айызын  қандыру  үшін 
ата  аналарын  өлтіреді.  Өркениетті  дүние 
қарақшылардың  ошағына  айналып,  жер 
бетінен бақыт деген жоғалып кеткен болар 
еді.  Адам  Құдай  заңын  орындаудан 
босатылады деген ілімнің өзі бірден кесірге 
жол ашып беріп, өнегелік пен тәртіптілікті 
ә лс і р е т і п  
ж і б е р е д і .  
З а ңс ы з д ы қ , 
нысапсызды қ 
және 
бұзылғандық 
үстімізден  сел  болып  құйылып  жатыр. 
Көпшілік  жанұяларда  албасты  өзін  еркін 
сезінеді. Оның туы іштарлық, аңдысу, тән 
құмарлығына 
жол 
бері, 
екіжүзділік, 
жақтыртпаушылық, 
бәсекелесу, 
ұрыс-
керіс,  сатқындық  берік  орын  алған 
көптеген 
Мәсіхшылардың 
үйлерінің 
төбесіне  де  тігілген.  Қоғамдық  өмірдің 
негізі  болуға  тиісті  діни  ұстанымдар  мен 
ілімнің  жүйесі  әбден  қопсыған.  Құдайдың 
заңы  мен  ұстанымдарының  ірге  тасы 
шашылып қалуға дайын болып, борып тұр. 
Түрмеге  түскен  қылмыскерлер  жасаған 
қылмыстары үшін сый-сияпатқа бөленуде. 
Олар  туралы  баспасөздерде  жазылады, 
сөйтіп  олардың  өнегелерін  басқалары 
қайталайды. 
Ал 
шайтан 
болса 
өз 
жоспарының  жемісті  болғанына  өте  риза. 
Әліде  болса  Құдайдан  қорқатындар  бұл 
зұлымдықтарды  тоқтату  үшін,  не  істеуге 
болатынын  ойлаулары  керек.  Сот  сатқын. 
Биліктің  басында  отыратындар  жемқор. 
Нысапсыздық 
көпшіліктің 
санасын 
уландырған.  Заң  қызметкерлері  алудың 
қамын  ойлап  тұрады.  Имандылық  деген 
жоғалған.  
«Осылай әділдік кері қуылып, адалдық тым 
алыс  қалады.  Шындық  сот  алаңында 
сүрініп  құлап,  ақиқат  арамызға  кіре 
алмайды»  дейді  бізге  Киелі  Кітап  (Ишая 
59:14).  Папаның  билік  құрған  заманында 
Киелі  Кітапты  оқуға,  зерттеуге  тыйым 
салынғандықтан  тоқшарлық,  надандық 
гүлденді дейміз, ал қазіргі діни бостандық 
кезінде  Құдай  заңын  аяқ  асты  қылудың 
себебі  қандай?  Қазір  албасты  жұрттан 
Киелі Кітапты тартып ала алмағандықтан, 
көздегеніне  жету  үшін  басқа  тәсілдерді 
пайдалануда. Атап айтқанда, адамдардың  
Киелі  Кітапқа  деген  сенімдерін  жойып 
жатыр,  «Құдай  заңын  орындау  міндет 
емес»  деген  тұжырымды  шығарып,  сол 
арқылы  Алланың  парызын  орындатпай, 
керісінше 
оны 
бұзғызуда. 
Албасты 
бұрынғы 
уақыттағыдай 
қазір 
де  
шіркеудің  көмегімен  көздеген  мақсатына 
тақап 
келеді. 
Діни 
ұжымдар 
Киелі 
Жазбада  айқын  мазмұндалып  тұрған 
атақсыз ақиқатты тыңдаудан бас тартуда. 
Сол ақиқаттармен күрусу үшін неше түрлі 
ілімдер  шығарылады,  соның  нәтижесінде 
халық 
арасында 
сенімсіздік 
тұқымы 
себілуде.Адамның  жаны  мәңгілік  және 
өлгеннен кейін ол саналы түрде өмір сүреді  
деген  папаның  жалған  ілімі  спиритизмге 
жол ашты. «Мәңгілік дозақ» жайлы іліммен 
танысқаннан  кейін,  Жұрт  Киелі  Жазбаға 
сенуді  қойды.  Адамдарға  Құдай  заңының 
төртінші  бабын  орындау  керектігі  жайлы 
түсініктемелер  беріле  бастаған  кезде, 
өздеріне бөгет болып тұрған баптан құтылу 
үшін, белгілі мұғалімдер  «Құдай заңы тіпті 
керек  те  емес»  деп  арыз  тастап  тұр. 
Осылайша  олар  заңды  да,  сенбіні  де 
барынша  аяқ  асты  еткізуде.  Христиан 
әлемінде  болып  жатқан  неше  түрлі 
заңсыздықтар  үшін  олар  қатаң  жауапқа 
тартылады.  Дәл  осы  мұғалімдер  әлемнің 
бұзылып  бара  жатқандығының  себебі 
«христиандық  сенбінің,  яғни  жексенбінің 
кемсітілуінде, 
сондықтан 
жексенбінің 
міндетті 
түрде 
сақталуы 
дүниеге 
имандылықты  қайтаратын  еді»  дейді.  Бұл 
талап,  сенбі  жайлы  ең  көп  уағыздалған 
мемлекет АҚШ-тан шығып тұр. Осы арада 
өнегеліктің  көрсеткіштерінің  бірі  болып 
саналатын  қанағатшылдыққа  шақыру, 
же ксе нбіні  
с ақ тауға 
шақы р ат ы н 
қозғалыспен 
өріліп 
жатыр. 
Айтулы 
қозғалыстың 
қорғаушылары 
өздерін 
бостандықтың 
күрескерлеріміз 
деп 
есептейді  және  оларға  қосылудан  бас 

256 
 
тартатындарды  балағаттайды.  Тамаққа 
уды  білдіртпей  қосуға  болады,  бірақ  ол 
тамақты  уланбаған  деп  айтуға  бола  ма? 
Керісінше  мұндай  ас  өте  қауіпті,  себебі 
оның  түрі  ешкімді  қауіптендірмейді. 
Албасты  дәл  осылай  әрекет  жасайды. 
Ақиқатқа өтірікті ешкім байқамастай етіп 
араластырып  жібереді  де,  оны  тап-таза 
шындық  ретінде  жұртқа  ұсына  қояды. 
Жексенбінің  сақталуын  жақтайтындар 
Киелі  Кітаптың  ұстанымдарына  сәйкес 
келетін,  халыққа  қажетті  реформаны 
қолдауы  мүмкін.  Десе  де  бұған  қоса  олар 
Киелі  Жазбаға  қарама-қайшы  келетін 
талаптарды да ұсынғандықтан, Құдайдың 
құлдары  бұл  бағыттағы  қозғалыстың 
мүшелерімен  біріге  алмайды.  Құдайдың 
з а ң ы н  
а д а м н ы ң  
з а ң ы м е н 
алмастыратындарды ақтау мүмкін емес.  
Екі  үлкен  жаңылысушылық  —  адамның 
жаны  өлмейді  және  жексенбі  қасиетті 
деген  ұғымдар,  халықты  албастының 
билігінде қалдырады. Біріншісі адамдарды 
спиритизмге 
жақындатады, 
екіншісі 
оларды  Риммен  біріктіреді.  АҚШ-тың 
п р о т е с т а н т т а р ы  
б і р і н ш і  
б о л ы п 
шыңыраудың  арғы  жағынан  спиритизмге 
қол  созады,  онан  соң  Римге  қолын  беру 
үшін  шыңыраудан  аттап  өтеді.  Кейін  осы 
одақтың  әсерінен  айтулы  мемлекет  ар-
ұжданын  таптап  өтіп,  Римнің  соңынан 
ереді.  Спиритизм  кеңінен  және  тереңірек 
түрде 
христиандыққа 
ұқсас 
болуға 
құнығып  алған.  Бұл  ұқсастық  оның 
қулығына  көп  күш  қосып  тұр.  Албасты 
жарқ-жұрқ  еткен  періштенің  кейпіне 
е не д і . 
О л 
не ше  
т ү р лі  
ж алғ ан 
кереметтерімен 
көпшілікті 
алдайтын 
болады. 
Сырқат 
адамдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет