А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2012
Ералин Қ. Сӛзбен сипаттау арқылы салынған портрет
еңбектенген қарт Ӛмірзақ Ахметовтың жиған мәліметтерінен ҥзінді
келтірген. Ӛ.Ахметов батырды «бҥркіт қабақты, бура сан, алшақ тӛс, кең
жауырынды, жуан мойын. Білегі атан тҥйенің ортан жілігіндей, саусақтары
білеудей, әрі салалы. Бойы ӛзгелерден жарты аршын биік. Денесі шымыр,
ширақ. Кӛзінің жанары отты, маңдай терісі қалың. Қатты ашуланғанда
кӛзінен оты шашырап, кісіні тура қаратпайды. Осы кезде оның алдына ешкім
батып бара алмайды. Ӛңі қараторыға танық қоңыр. Жалпы тҧрпаты
жолбарыстай сҧсты, арыстандай айбатты» деп суреттеген.
Молдахмет Қаназдың батырдың баласы Жолшының сипаттауын естіген
батырдың ҧрпағы Қабыланның суреттеуіне ерекше мән берген. Қабыланның
суреттеуінде кейіпкер бейнесін «Жанқожа тӛртбақ, орта бойлы, шаршы
келген ет бетті, ат жақты, қалың қабақ, айна кӛз, сҧрғылт бетті, қарасҧр, ҧзын
81
сақалды кісі еді. Арқасында желкесінен қҧйрығына дейін жалы бар еді.
Жауырыны қақпақтай. Ҥстіне тҥйе жҥн шекпен (шекпен ішінен сауыт киіп,
белдемше тағатын) басына қара далбай немесе тымақ киетін. Аяғына етік
киіп, беліне кісе буынатын –ды. Садақ, найза, қылыш, семсері қайда жҥрсе де
тҧла бойынан қалмайтын» деп анықтаған.
Жазушы Молдахмет Қаназ Жанқожа батырдың баласы Итжеместің
немересі Жалғасбайды ӛз кӛзімен кӛргендігін айтып, оның кескін келбеті
туралы: «Бҧл кісінің ерекшелігі ҧртты болатын, аузын толтырып сӛйлейтін.
Ортадан сәл биіктеу, сирек сақалды, қоңырқай, дӛңгелек жҥзді, елпілдеген
ақеден кісі еді. Сары да, қыр мҧрынды емес» деп кӛрсетеді. Осы
айтылғандарды дәлелдей тҥсу ҥшін батырды ӛз кӛзімен кӛрген орыс
қаламгері Н.Стремоуховтың жазғандарын ҧсынады. Ондағы «Киіз ҥйдің
тӛрінде жатқан кісі-ауыл старшинасы Жанқожа. Оның қою да тҥсіңкі қасы
екі кӛзін де тҧтастай жапқан. Әжім басқан кең маңдайы, қатты жалпиған
мҧрны жалпақ бетінде анық кӛрніп тҧр». Оның ҥстіне «... мҧрты мен сақалы
сарғыш тартқан» деген сипаттама батыр келбеті туралы бҧлтартпайтын анық
айғақ. Жазушы осы уақыт жайлы «бҧл 1850 жылдар шамасы. Батыр орта
жаста. Әлі сақалына ақ тҥспеген» деп ӛзінің топшылауын жасаған.
Жазушы М.Қаназдың Жанқожа батыр туралы зерттеуі тарихи деректерге
негізделген ақиқат шындық. Келтірілген мәліметтер батырдың бет әлпеті,
кеуде мҥсіні, дене бітімі, киген киімі, қару жарағы, мінез қҧлқы, батырлығы
мен адамдармен қарым қатынасы туралы молынан деректер ҧсынып, батыр
образын елестетуге мҥмкіндік береді. Мҧндай терең зерттеу негізінде
жасалған батыр образы шынайы, әрі кӛркем картина жазу ҥшін суретшіге
қолайлы жағдай туғызады. Батырдың жеке дара ерекшелігі айқын
кӛрсетіледі, мінез қҧлқы мен жан дҥниесі ашыла тҥседі.
Қазіргі халқымыздың тарихынан орын алатын ерекше тҧлғалар туралы
материалдар табылып, олардың портреттері жасалынып жатқан кезеңде
ауызша сипаттаумен салынатын портреттер жазушы М.Қаназ кӛрсеткендей
нақты дәйектемелерге негізделгені орынды.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2012
Ералин Қ. Сӛзбен сипаттау арқылы салынған портрет
Ауызша портрет салу ҥдерісі материал жинау, портрет суретін салу,
портрет ҧқсастығын табу, кейіпкердің кӛркем образын жазу сияқты бірнеше
кезеңдерді қамтиды.
Бірінші
кезеңде суретші кейіпкердің замандастарымен, туған
туыстарымен сҧбхаттасып картинаға қажетті материалдар жинайды. Мҧнан
соң жеке тҧлғаның бас кӛрінісінің, кеуде мҥсінінің, аяқ қолының, жалпы
денесінің даралық ерекшеліктерін зерттеледі. Ал ең соңында бас кӛрінісіндегі
кӛз, қҧлақ, мҧрын, ауыз, сақал, мҧрт, т.б. ерекшеліктері анықталады. Зерттеу
соңында оның киген киімдері мен оның безендіруіне кӛңіл аударылады.
Ауызша портрет салудың екінші кезеңі жинақталған материалдар
нақтыланып, сарапталып, бас формасының бірнеше бӛліктерден (кӛз,мҧрын,
82
қҧлақ,
ауыз,
т.б.)
біріктірілген
кӛрінісі
шығарылады.
Олардың
конструкциялық қҧрылымы тҧрғызылып, жарық пен кӛлеңке, штрихтар
немесе бояу мҥмкіндіктері арқылы портреттің реалистік тҧрпаттағы жобасы
салынады.
Мҧнан соңғы ҥшінші кезең салынған жоба портреттің нҧсқамен
ҧқсастығын зерттеуге арналады. Бҧл кезеңде суретші кейіпкерді кӛзі
кӛргендердің елестету жобасымен, жаңа портреттің ҧқсастығына талдау
жасалады. Жаңа портрет нҧсқасы жеке дара тҧлғаны кӛзі кӛргендердің
барлығына тегіс кӛрсетіледі. Олар ҧқсастықтары мен ҧқсамайтын жерлері
туралы ӛз пікірлерін айтады. Суреткер осы мәліметтерді негізге ала отырып
портретке ӛзгерістер енгізеді. Жҧмыстың сонында суретші портреттің соңғы
нҧсқасын кӛз кӛргендерге қайта кӛрсетеді. Міне осындай тҥзету, ӛңдеу,
толықтыру жҧмыстарының бірнеше қайталану нәтижесінде нҧсқа мен адам
портретінің нақты дәлдігіне кӛз жеткізіледі. Осыдан соң суретші картинадағы
кейіпкердің образын кӛркемдеуге кӛшеді.
Тӛртінші кезең, ауызша сипаттау арқылы салынған кейіпкердің кӛркем
образын жасау, жауапты шығармашылық іс-әрекет. Жеке тҧлғаның кӛркем
образын жасау барысында, оның қоғамда, адамзат ӛмірінде атқарған қызметі,
мінез-қҧлқы, жеке даралық қасиеттері зерттеледі. Бҧл зерттеу бағытында сол
адамды кӛзі кӛргендердің айтқандары, хатқа тҥскен материалдар мен
сипаттамалар тағы да сарапталады. Алынған мәліметтер тҧлғаның жеке
даралық кӛркем образын жасаудың негізі болып табылады. Қолдағы бар
материалдардың ішіндегі тҧлғаның ерекше белгісін даралап алып шығып,
оны айрықша әсерлеп кӛрсетуге баса назар аударылады. Бҧл бағытта кӛркем
образ жасау ҥшін суретшіге шығармашылық ізденіс пен композициялық
шешімнің орны ерекше екенін халық суретшілерінің еңбектерінен кӛруге
болады.
Портрет жанрындағы кӛркем образ жасаудың ерекше бір әдісі
кейіпкердің жан дҥниесі мен іс-әрекеттерін ашатын мәліметтерді картина
фонында беру. Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің салған
«Амангелді Иманов» портреті осынлай сӛз бен
ізденістің нәтижесінде салынған
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2012
Ералин Қ. Сӛзбен сипаттау арқылы салынған портрет
шығарма. Амангелді батырдың кӛзі тірісінде фотобейнесі қалмаған. Бірақ
Әбілхан аға оның суретін салу ҥшін ізденіс жасаған кезде, батырды кӛзі
кӛргендер кӛп болған. «Амангелді Иманов» портретінде батырдың киімі,
қару жарағы, картина фонында бейнеленген сарбаздары оның ӛмірі мен іс
әрекетінен хабар береді, бҧлар кейіпкердің кӛркем образын ашуға септігін
тигізетін композициялық бӛлшектер.
Қазақстанның халық суретші Молдахмет Кенбаевтың «Қҧрманғазы»
портретінде қҥйшінің ҧзын сақалы, қолындағы домбырасы, картина фонында
бейнеленген қазақтың самал ескен сары даласы кейіпкердің кӛркем образын
ашуда маңызды орын алатын ерекше белгілер.
Кейіпкер образын сомдауда кӛркемдік шешімдер маңызды орын алады.
83
Композициядағы кӛркемдік шешімді қабылдауда кейіпкер, аспан мен жер
қатынастары ерекше. Сондықтан суретші кейіпкер образын ашуда аспан мен
жердің байланысын айқындай тҥсіп, оған деген кейіпкердің қатысына мән
беріп қарайды.
Кейде картинада аспанды бейнелеуге кӛп орын беріліп, жерді суреттеуге
аз мән беріледі, кейде осыған қарама-қарсы жерге кӛп орын беріліп, аспанға
аз ғана орын беріледі. Бҧл кӛркемдік шешімдер кейіпкер образын сомдаумен
тығыз байланысты. Мысалы, суретші диханның образын жасауда жерді
кӛрсетуге картинадан кӛп орын берілсе, электромонтердің бейнесін жазуда
аспанды бейнелеуге баса назар аударылады. Суретшінің мҧндай шешім
қабылдауы картинада нені басымырақ кӛрсеткісі келгендігіне байланысты
анықталады. Суретші осы сияқты кешкі аспанды кӛрсеткісі келсе картина
жазықтығының ҥстінгі жағынан молырық орын қалдырылып, ал таулардың
кӛрінісін беру ҥшін картинаның тӛменгі бӛлігінен артығырақ кеңістік береді.
Бҧл да бір кейіпкер образын ашуда қолданылатын суреткердің кӛркемдік
шешімінің бір бағыты болып танылады.
Кейіпкердің образын ашуда суретші бояу тҥстерін ҧтымды қолдануға
ерекше мән береді. Мысалы кеңес бейнелеу ӛнерінде суретші Нағымбек
Нҧрмухамедовтың жазған «Тоқаш Бӛкин отряды» атты картинасы бар.
Картинада аттылы әскерлер, қҧм дала кӛріністері бейнеленген. Олардың
ӛмірдегі шынайы тҥстері жасыл кӛк, ашық сары болғанымен, картина
шешіміндегі барлық заттар мен қҧбылыстар тҥгелімен қызыл тҥстердің
басымдылығына қҧрылған. Мҧндай шешімнің себебі суреткер сол кездегі
революцияның халық пен ел ӛмірінде еткен әсері, қызылдар ҥстемдік қҧрған
тарихи кезеңді кӛрсетуді мақсат тҧтқандығы. Қызыл тҥс революцияның
символдық тҥсі. Суреткер қызыл тҥстердің бірлігіне басымдық бере отырып
бҧл кӛріністегі кезең революция кезеңі екендігіне назар аударған.
Кейіпкердің кӛркем портретін жазуда графика шығармаларының
мҥмкіндігі ерекше. Қазақстанның халық суретшісі Евгений Сидоркиннің
«М.Әуезовтың Абай жолы романын оқығанда» атты картинасында
кейіпкерлердің портреттері топтастырып берілген. Графика шығармасындағы
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2012
Ералин Қ. Сӛзбен сипаттау арқылы салынған портрет
композициялық орталықта М.Әуезовтың портреті басты кӛркемдік элемент
ретінде орын алған. Оның жан жағында қатар-қатар тҧрған роман
кейіпкерлерін кӛруге болады. Картина фонында қазақ халқының сан
ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстҥрлерінің әсем бейнелері кӛз тартады.
Бҧлар роман мазмҧнында сипатталған ел ӛмірі мен халықтың тҧрмыс салтын
бейнелейтін жазушының жазбаларын елестетеді.
Кейіпкердің кӛркем образдық портретін жазуда мҥсін шығармаларының
мҥмкіндіктері орасан зор. Мҥсін ӛнері кеңістіктегі кейіпкердің кӛркем
бейнесін жан жағынан кӛруге мҥмкіндік береді. Қазақ бейнелеу ӛнерінің
алғашқы нҧсқалары болып табылатын балбал тастардың ӛзінен біз жауынгер,
84
ана, аттылы адам бейнелерінің ӛзі жан жағынын кӛруге лайықтап
жасалғандығын анық байқауымызға болады. Қазақ бейнелеу ӛнерінде ел
тҧлғалары Әл-фарабидің, Шоқан Уәлихановтың, Абай Қҧнанбаевтың,
Ыбырай
Алтынсариннің,
Жазылбек
Қуанышбаевтың,
Бауыржан
Момышҧлының Қажымҧхан Мҧңайтбасовтың портреттері жасалған.
Бейнелеу ӛнерінде әсірелеу әдісі кӛркем образ жасаудың бір бағыты. Әсіресе
мҥсіншілер кейіпкердің кӛркем образын жасауда әсірелеуге мән береді. Олар
батырды кең жауырынды, алып кеуделі, биік бойлы, айбатты етіп кӛрсете
отырып кӛз тартып, кӛңіл аударатын әсем кӛріністерге жетуге ҧмтылады.
Әдетте, мҥсіндік ескерткіштер биік тҧғырға орнатылады. Бійік тҧғырға
орнатылған портреттік мҥсін кейіпкер образын онанда асқақтатып кӛрсетеді.
Сондыӛтан бҧл да бір кӛркем образ жасаудағы суретшінің қолданатын
кӛркемдік әдісінің бірі болып табылады.
Қорыта айтқанда, ауызша портрет ӛмірде болған, бірақ фотобейнесі
қалмаған, ауызша немесе жазбаша сипаттау мен нақты деректер негізінде
айқындалған ерекше тарихи тҧлғаның кӛркем образы. Тарихи тҧлғалардың
ауызша сипаттау негізінде жазылған портреттері мектеп оқушылары мен
студент жастарға тарихи танымдық білім беретін, эстетикалық отаншылдық
рухта тәрбие беретін және жеке дара тҧлға ретінде қалыптастыратын
мҥмкіндігі бар ӛнер шығармалары болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ералин Қ. Қазақстан бейнелеу ӛнері. Тҥркістан: Тҧран. 2009. -224 б.
2.
Қаназ М. Жанқожа батырдың бізге жеткен бейнесі бар ма?// Егемен Қазақстан. 2011 ж. 28
қыркҥйек, -11 б.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2012
Ж.САДЫҚОВ
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Ш.ЮЛДАШЕВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҦМЫСТАРДЫ ҦЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(дҥниетану пәнінің негізінде)
В статье рассматриваются основные направления организации, особенности, формы и виды
внекласных работ в начальных классах общеобразовательных школ на основе предмета познание
мира.
This article deals with the main directions of organizing, peculiarities, forms and types of out of
85
class activities at primary classes of comprehensive school on the base of the world cognition subject.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту мҧғалім мен
оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті ҥдеріс.
Мҧғалім оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға ҥйретеді, ал оқушы
таным міндеттерін тҥсініп, дағдыны игереді. Оқыту ҥдерісінде оқушыларға
теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен паралеллді тҥрде ҧштастырыла
жҥргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, ӛз
қабілетін танып білуге ҥлес қосатын оқытудың тҥрі – сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс оқыту мҧғалімнің ҧйымдастыру шеберлігімен іске асатын
болғандықтан тақырыпқа сай жоспар жасалса жҧмыс нәтижелі болмақ.
Мектепке жҥктеліп отырған осындай жауапты міндеттің орындалуы
мҧғалімнің жеке басына, оның жалпы білімі мен сыныптан тыс тҥрлі
кӛпшілік қоғамдық жҧмыстарды және жеке оқушылармен жҥргізілетін
жҧмыстарды да ҧйымдастыра алуына байланысты. Ӛйткені осы
айтылғандардың орындалуы және олардың бір-бірімен ҥйлесімді жҥргізілуі
оқушының жан-жақты дамуына жол ашады [1].
Қазіргі таңда сыныптан тыс жҧмыстарды ҧйымдастыру арқылы жалпыға
бірдей орта білім беру мазмҧнында біраз ӛзгерістер оқушыларға ӛзіндік
жҧмыстар арқылы оқыту ҥдерісіндегі білім, білік, дағдыны ары қарай
жетілдіру мәселесі; бірте-бірте 2014 жылдан бастап 12 жылдық оқыту
жҥйесіне кӛшу; Білім мазмҧнын әлемдік оқыту жҥйесіне теңестіру, сонымен
бірге қазақ халқының ҧлттық ерекшелігін ескере оқытудың маңызы артуда
[2].
Оқушылардың білімін дамыту жолдарының бірі ретінде сыныптан тыс
жҧмыстарды ҧйымдастыру мәселелерін Р.Ж.Қоянбаев [3], З.Абилова [4],
К.Б.Бозжанова [5], Е.Омар [6], С.Нҧрмағанбетов [7] т.б. зерттеу еңбектерінде
қарастырады.
Сыныптан тыс оқытуды ҧйымдастырудың бірнеше формалары бар:
Олар: оқу-саяхат, топ-серуен, ҥйірме, клуб жҧмысы, ертеңгілік, т.б. жатады.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2012
Садықов Ж.,
Юлдашева Ш.
Сыныптан тыс жҧмыстарды ҧйымдастыру ерекшеліктері
Оқу-саяхат пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс
жоспарына кіреді. Саяхат ҧйымдастыру ҥшін тҥрлі объектілер
пайдаланылады. Оларға музей, кӛрме, табиғат, ӛндіріс жатады.
Оқу-саяхат оқытудың дидактикалық және политехникалық
принциптерін іске асырады, оқушылардың техникалық ой-ӛрісін
кеңейтеді, ӛсімдіктер дҥниесін, тірі организмдерді зерттеуге мҥмкіндік
туғызады, танымдық ынтасын дамытады. Оқу саяхатының тҥрлері:
- кіріспе саяхат- жаңа тақырыпты (оқу материалдарын) тҥсіндіру
алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы;
86
- кезектегі саяхат - ҧзақ мерзімде оқушылардың ҥлкен тақырыппен
жҧмыс істеуі, кейбір мәселелерді иллюстрациялау;
- қорытынды саяхат - курстық белгілі тарауы аяқталғаннан кейін ӛтілген
оқу материалдарын тереңдету және бекіту мақсатында ӛткізіледі.
Саяхатты ӛткізу ҥшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер
басшылыққа алынады:
- Саяхаттың мақсаты мен объектісі.
- Оқушылармен алдын-ала объектіге байланысты тҥрлі жҧмыстар
жҥргізіледі; әңгіме, бақылау, тәжірибе, т.б.
- Саяхат барысында істелетін жҧмыстар: бақылау, ӛлшеу, сурет салу,
есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау.
- Оқушыларды бірнеше топқа бӛліп, оларға нақты тапсырмалар беру.
Мысалы, бірінші топ – бақылау, ӛлшеу, екінші топ – сурет салу,
сызу, ҥшінші топ – есептеу, жазып алу жҧмыстарын орындайды.
-
Кіріспе сабақта мҧғалім оқушыларды саяхат жоспарымен
таныстырады, олармен ҧйымдастыру мәселелерін талқылайды.
Бастауыш мектепте дҥниетану пәнің негізінде сыныптан тыс саяхат
сабағы ҧйымдастырылады. Мысалы рухани қаламыз Тҥркістанның кӛрікті
жерлеріне саяхат:
- Қ.А.Ясауи кесенесіне;
- Жеңіс саябағына;
- Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ғимараттарына;
- Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бау-бақшасына;
- Этномузейге;
- Драматеатрға;
- Н.Тӛреқҧлов музейіне;
- Б.Саттарханов атындағы спорт кешеніне, т.б.
Шымкент қаласы бойынша:
- Дендропаркке;
- Ипподромға;
- ҦОС ардагерлеріне арналған мемориалдық кешенге;
- Ш.Қалдаяқов атындағы гҥлзарға;
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2012
Садықов Ж.,
Юлдашева Ш.
Сыныптан тыс жҧмыстарды ҧйымдастыру ерекшеліктері
- Облыстық филармонияға;
- Облыстық опера-балет театрына;
- Қазақстан тәуелсіздігі саябағына;
- Ордабасы алаңындағы Тәуелсіздік мемориалдық кешеніне, т.б.
Топ-серуен жҧмысының мақсаты – оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру, теориялық және практикалық білімдерін
ҧштастыру, оқушылардың білімін жалпылау және жҥйелеу.
Топ-серуеннен кейін оқушыларға міндетті тҥрде тӛмендегідей сҧрақтар
қойып, топ-серуен нәтижесін қорытындылау керек. Сҧрақтар мына тҥрде
болғаны жӛн: Бҥгінгі топ-серуеннен қандай әсер алдың? Қандай білім, білік,
87
дағды қалыптастырдың? Сыныптан тыс ҥйірменің еңбек тәрбиесін іске
асыруда тәрбиелік мҥмкіндігі зор. Сондай-ақ оқу әрекетінің кез-келген
мазмҧнына қызығушылықты арттыру ҥшін оқушылардың пәнге деген білім
деңгейін қалыптастыру қажет.
Сыныптан тыс жҧмыстың ҧйымдастырушы директордың тікелей
басшылығымен жалпы мектеп ҧжымы қызметінің әр тҥрлі бағыттары
бойынша жалпы тәрбие жҧмысын ҧйымдастыратын сынып жетекшілерінің,
мҧғалімдердің кӛмегімен барлық оқушыларды сабақтан тыс уақытта алуан
тҥрлі қоғамдық пайдалы істерге тартуға, олардың ӛздерінің бос уақыттарын
мазмҧнды ӛткізуіне кҥш салады. Сыныптан тыс жҧмыстың жоспарын жасау
бҥкіл мҧғалімдер ҧжымының ісі болып табылады. Бастауыш сынып
оқушыларымен мҧндай топ-серуендер ҧйымдастыру мҥмкіндіктері ӛте кӛп
және алуан тҥрлі болып келеді. «Суды қорғау», «Ауыл байлығы», «Ауаның
ластануы», «Жер-ғарыш денесі»т.б тақырыптар мысал бола алады. Осы
тақырыптардың негізінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ботаникалық бау-
бақшасына саяхат ҧйымдастыруға болады. Топ-серуен тҥрлері:
1) Табиғаттың ерекшеліктерін бақылау, зерттеу, дем алу;
2) Топ серуеннің нәтижесінен ерекше ләззат алу;
3) Мерекелік кҥндерде топ-серуен ҧйымдастыру;
4) Қаланың кӛрікті жерлерін аралау.
Мектепте сабақтан тыс уақытта ҧйымдастырылатын оқушылар
қызметінің жекелеген тҥрлері жӛнінде бағдарламалар ҥлкен кӛмек кӛрсетеді.
Оқушылар ӛндіріс бригадаларына алуан тҥрлі ҥйірмелерге, секциялар, спорт
клубтары, кӛркемӛнер ҧжымдарына, ӛлкетану музейлеріне, еңбек және
демалыс лагерьлеріне топ-серуендерін жасайды.
Ҥйірме жҧмысының мақсаты - сабаққа қарағанда бағыты, мазмҧны,
ҧйымдастыру тәсілі мен уақыт ӛлшемі тҧрғысынан ӛзіндік ерекшеліктері
бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда
және тапсырылған жҧмыстарды нәтижелі орындау қолайлы жағдайлар
туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың ӛмірмен байланысын
қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2012
Садықов Ж.,
Юлдашева Ш.
Сыныптан тыс жҧмыстарды ҧйымдастыру ерекшеліктері
Жеке және сыныптан тыс ҥйірме жҧмысын жҥргізуде оқушылар
арасында оқу топтары қҧрылады. Олар жекелеген тапсырмаларды
орындайды Мысалы: бӛлме ӛсімдіктерін кҥту, гербарий, коллекцияларды
қҧрастырады және т.б. жҧмыстар орындалады. Жҧмыс ҥдерісінде
балалардың ынтасы, белгілі бір бейімділіктері анықталады. Дәл осы кезде
оқушылардың ортасынан актив қалыптасады. Мҧғалім ӛзінің кӛп қырлы
жҧмысында активке сҥйене алады. Бірынғай мақсаттағы неғҧрлым
ҧйымдасқан топтар ҥйірмеге айналуы мҥмкін. Ҥйірме-ерікті ҧйым.
88
Ҥйірменің мҥшесі ретінде оқушы кҥні бҧрын жасалған белгілі бір ережелерді
сақтауы тиіс.
Ҥйірменің әрбір мҧшесі:
1. Белгілі бір тақырып бойынша жҧмыс істейді;
2. Жоспар бойынша жҧмыс жҥргізіледі;
3. Жҧмысты ақырына дейін жеткізеді;
4. Бақылаулар мен тәжірибелер кҥнделігін жҥргізеді;
5. Ҥйірме сабақтарына тиянақты қатысады және ҥйірме жетекшісінің
тапсырмасын орындап отырады;
6. Істелген жҧмыс туралы ҥйірме алдында есеп береді;
7. Ҥйірмеге қажетті материалдар мен жабдықтарды дайындауға белсене
қатысады.
8. Оқушылар ҧжымының алдында істелген жҧмыс туралы есеп береді.
Бҧған қосымша оқушылардың осы бағытта жҥргізілетін жҧмыстары мен
ҥйірмелер мен клубтардың маңызы аса зор болып табылады. Клуб
жҧмыстары оқушыларды қоғамдық іс-әрекетке еліктіреді, ҥйретеді олардың
арасында ғылыми кӛзқарастарды насихаттайды, қоғамға қарсы теріс пікірлер
мен қылықтарды қолдаушыларға тежеуіш ықпал жасайды.
Клуб жҧмыстарын жаппай жҧмыстар толықтырады. Оқушылар
сыныптан тыс ҧйымдастырылған жҧмыстарға қызығушылық пен ҥлкен
тәрбиелік мәні бар кӛптеген шараларға белсенді қатысады және оларды
тікелей бақылай отырып ҧйымдастырады. Мысалы: мҧндай жҧмыстарға
жататындар:
"Қҧстар кҥні", "Орман кҥні", "Бақ атасы", "Еңбек мерекесі", т.б. жатады.
Ертеңгілік - жҧмыстың мақсаты, оқушылардың дербес қабілеттерін және
қызығушылықтарын анықтайтын тәрбиелік жҧмыстардың бір тҥріне жатады.
Дҥниетану пәнінде, сабақтан тыс уақытта ҧйымдастырылатын
жҧмыстардың ең қажеттісі ертеңгілік кештер болып табылады. Себебі:
ертеңгілік
кештер
оқушылардың
дҥниетанымын
қалыптастырады.
Дҥниетаным бҧл - объективті дҥниеге және ондағы адамдарға, қоршаған
ортаға, шындыққа, іс-әрекет принциптері мен қҧндылықтарға тікелей
қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |