1 Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі175,91 Kb.
#8388

 

Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама 



Шынболат Ф.Р.  

Ғылыми жетекші: Бижанова Ғ. Қ. 

АркГПИ им.Ы.Алтынсарина Аркалык қ. 

 

Қарым-қатынас  -  жалпы  адам  ӛмір  сүруінің  негізгі  жағдайы.  Адам  қалыпты  ӛмір  сүру 



үшін,  ӛзінің  психикалық  қасиеттерін  дамыту  үшін,  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  жетілдіру 

үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. 

Қарым-қатынас арқасында ғана адам ӛзінің кім екенін танып, ӛзін ӛзгелерден ажырата алады, 

ӛзін  басқалармен  салыстыру  арқылы  басқа  адамдағы  қасиеттерді  меңгереді.  Қоғамнан  тыс 

адам  ӛмір  сүре  алмайды.  Адам  психикасының  дамуындағы  қарым-қатынастың  ролі  ерекше. 

Сондықтан адам ӛзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты ӛмір сүре алады[1, 5 б].  

Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен қатынас жасай 

бастайды. Ӛмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы қарым-қатынас болса, одан әрі 

оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа түсе бастайды. 

Балалардың  әлеуметтік-эмоционалдық  дамуындағы  изоляцияның  ролін  психологиялық 

ғылыми  зерттеу  жұмыстарынан  кӛруге  болады.  Бұл  тақырыпшада  біз  психологиялық 

әдебиеттерге  шолу  жасау  арқылы  балалардың  мектепке  дейінгі  шақтан  жеткіншек  жасқа 

дейінгі  аралықта  әлеуметтік  изоляцияны  зерттеу  мәселелері  мен  қарым-қатынасында 

проблемасы  бар  балалардың  психологиялық  ерекшеліктерінің  кӛрінуі  мен  оның  дамуын 

сипаттайтын мәселелерге тоқталамыз. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  сыртқы  және  ішкі  психологиялық  конфликтілер 

кездеседі.  Сыртқы  психологиялық  конфликті  -  олардың  бірлескен  іс-әрекеті  барысында 

туындаған  қарама-қайшы  кӛзқарастарынан  шығады  (мысалы:  жалпы  істі  таңдау,  міндеттерді 

бӛлісу, ойын, еңбек материалдарын бӛлісу, рольдерді таңдау). 

Ішкі  психологиялық  конфликт  -  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізі  ойын  іс-

әрекетінде ӛз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда 

міндетті  түрде  ересектердің  кӛмегі  қажет  болады.  Баланың  үлкендермен  қарым-



қатынасының  генезисі.  А.С.  Выготскийдің  позициясына  сәйкес  әлеуметтік  ӛмір  және 

қоршаған  орта  адам  дамуының  органикалық  қажетті  жағдай  болып  табылады.  Бала 

жастайынан  қоғамға  енеді  және  ол  неғұрлым  кіші  болса,  соғұрлым  ол  әлеуметтік  нәрсе 

болады.  А.С.  Выготскийдің  концепциясына  сүйене  отырып  М.И.Лисина  ғылыми  мектеп 

ашады.  Ол  Кеңестік  психологияға  жаңа  -  баланың  үлкендермен  қарым-қатынасы  атты  пәнді 

енгізіп,  оны  зерттеудің  жаңаша  жолдарын  қарастырады.  М.И.Лисина  қарым-қатынастың 

әсерін ғана зерттеп қоймай, ӛзінің түсіндірмелік схемасын ұсынады. Схема қарым-қатынастың 

жүйесін,  спецификасын  кӛрсетті.  Сол  арқылы  баланың  үлкендермен  қарым-қатынас 

генезисінің концепциясын анықтау мүмкіндігі туды[3, 39 б]. 

Мектеп  жасына  дейінгі  шақта  баладағы  әлеуметтік  изоляция  белгілері  үлкендердің 

үрейін  туғызбайды.  Жеке  дара  ойынмен  ойнап  жатқан  бала  тәрбиешілер  мен  ата-анаға 

проблемалы  болып  кӛрінбейді.  Алайда  мұндай  балаларды  мұқият  зерттеген  кезде,  олардың 

алдында  ӛз  қатары  мен  қарым-қатынасқа  түсуінде  біршама  потенциалды  қиындықтар 

туындайтындығы байқалған. 

Олай болса ӛз құрбыларымен қарым-қатынас жасау барысында қиыншылық туындаудың 

негізгі себептерін былайша түсіндіруге болады. Олардың ішіндегі бастылары: 

1.  Ӛз  құрбыларымен  ӛзара  қарым-қатынаста  бала  инициативасы  мен  белсенділігі  әлсіз 

болады. 


2. Басқа ӛз құрбы балаларға инициативалық үндеуі құнсыз болады. 

3.  Тұлға  аралық  қарым-қатынастағы  проблемаларды  ӛз  бетінше  шеше  алмайды.  Ӛз 

құрбылар  арасында  болған  кішігірім  қақтығыстар  үшін  де  ересектер  мен  үлкендерден кӛмек 

сұрап келеді. 

4. Ӛз құрдастарының арасында беделі тӛмен болады. 

5. Вербальді қарым-қатынас деңгейінің тӛменділігі кӛрініп тұрады. 



 

Жалпы  алғанда  мұндай  балаларды  кӛнгіш,  тыныш  және  бағынуға  бейім  деп  сипаттама 



беруге болады. 

Жеті  жасқа  толғанда  баланың  әлеуметтік  және  жекелік  қиыншылықтары  күрт  ӛседі. 

Оларда ұялшақтық, қорқақтық, жалғыздыққа ұмтылу, жасқаншақтық сезімдері пайда болады. 

Жеткіншек  жаста  әлеуметтік  оқшаулану  деңгейі  ӛседі.  Олардың  ӛзіне  деген  бағасы 

тӛмендеп, ӛзіне сенімсіздікпен қарайды. 

Бұндай  қасиеттердің  кӛріну  бағыттары  психология  ғылымында  адам  табиғатындағы 

биологиялық және әлеуметтік мәселелерін зерттеуде ерекше орынға ие. 

Мектеп тәжірибесінде ең кӛп кездесетін жағдай  – оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа 

үлгеріміне  байланысты  балалардың  ӛзара  қарым-қатынасындағы  ерекшеліктер.  Күнделікті 

мектеп ӛмірінен белгілі жайттың бірі тӛмендегіше кӛрінеді. 

Айталық,  ақыл-ойы  басқа  балаларға  қарағанда  жоғары,  сабаққа  үлгерімі  жақсы,  оқу 

тапсырмаларына  белсене  қатынасатын  оқушылырға  балалар  үйір  болып  келеді  де,  ақыл-ойы 

біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі тӛмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен 

басқа балалар кӛп жұғыса бермейді. 

Ендігі кезекте осындай балалардың қарым-қатынасы мен психологиялық ерекшеліктерін 

қарастырып кетейік. 

Педагогикалық  тәжирібе  және  психологиялық  зерттеулер  жалпы  білім  беретін 

мектептерде  -  оқу  барысында  арнайы  бапты  талап  ететін  оқушылар  едәуір  кездесетіндігін 

кӛрсетеді.  Денсаулығына,  физиологиялық  және  психикалық  функцияларының  дамуына 

байланысты норма мен патология арасында болатын оқушылар да кездеседі. Мұндай балалар 

оқу  үлгерімі  тӛмен,  артта  қалған,  әлеуметтік  дезадаптацияланған  оқушылар  болуы  мүмкін. 

Мұндай балалардың ерекше тобын ақыл-ойы енжар (интеллектуал пассив) оқушылар құрады. 

Олар біршама ақыл-ойы артта қалған балаларға ұқсас болып келеді. Ақыл-ойы енжарлықтың 

себебі кӛптеген әртүрлі жағдайда олардың дамуындағы ауытқуларға байланысты емес, оларды 

оқыту мен тәрбиелеудің жеткіліксіздігіне байланысты да болуы мүмкін. Сондықтан ақыл-ойы 

енжар оқушылар ерекше зерттеуді қажет етеді[2, 45 б]. 

Ақыл-ойы енжар феномені бірқатар еңбектерде корсетіледі. Л. И. Божович, К. Маркова, 

М. В. Матюхина, Н. А. Менчинская, Д. Б. Богоявленская, Н. С. Лейтес. 

Дегенменде  бұл  мәселеге  ең  алғаш  Л.  С.  Славина  зерттеу  жұмыстарын  жүргізеді. 

Олардың  эксперименттік  зерттеулерінің  нәтижесінде  ақыл-ойы  енжар  балалар  тӛмендегіше 

сипатталады деп кӛрсетеді. 

1. Ақыл-ойы, дағды мен ептіліктері жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған. 

2. Ақыл-ой әрекеттеріне теріс қатынас құрады. 

3. Шындыққа танымдық қатынастың болмауы. 

В. С. Юркевич танымдық қажеттіліктің даму деңгейіне талдау жасай отырып, "ақыл-ой 

жалқаулық" ұғымына сипаттама береді, яғни ақыл-ой енжарлығы - білуге құмарлықтың балада 

болмау  нәтижесі  деп  кӛрсетеді.  Кӛптеген  зерттеулерде  нашар  оқитын  оқушылар 

сипаттамасына  ұқсас  ақыл-ойы  енжар  кӛрінуін  түсіндіреді.  Дегенмен,  "ақыл-ойы  енжар" 

термині жиі қолданбайды және негізгі екпін үлгермеушілігінің себебіне түседі. 

Осыған  байланысты  ақыл-ойы  енжар  болуының  табиғаты  зерттеуден  тыс  қала  береді, 

бірінші  кезекке  оқуда  қиыншылықты  жеңу  міндеттері  қойылады.  Психологиялық 

әдебиеттерге  талдау  жасай  отырып,  ақыл-ойы  енжар  -  негізгі  мәселе  ретінде  Л.  С.  Славина 

жұмыстарынан кейін зерттеулер жүргізілмеген. 

Бұл  параграф  ақыл-ойы  енжар  типтері  мен  себептерін  қарастыруға  арналады.  Мұнда 

ақыл-ойы  енжар  деп  отырған  ұғым  ақыл-ойы  әрекетінің  тӛмен  деңгейі  болып  табылады.  Ал 

мұның  негізі  кӛбіне  ақыл-ой  ептілігінің  жеткілікті  дәрежеде  кӛрінетін  тәрбие 

ерекшеліктерінде, ақыл-ой күшіне негативті қатынас құруға, ақыл-ой тапсырмаларын орындау 

кезінде  басқа  жолдардың  әсер  етуіне  байланысты.  Ақыл-ойы  енжарлығы  бас  миының 

органикалық  ӛзгерістерден  туындайтын  дефектологиялық  сипатта  кӛрсетілмейді.  Аталмыш 

мәселеге талдау жасай отырып, ақыл-ойы енжарлығының 2 түрі кездесетіндігін кӛрсетеміз: 



 

1.  Ақыл-ой  әрекетінің  операциялы  (тәсілдік)  -  техникалық  механизмінің  бұзылуы 



салдары ретінде ақыл-ойы енжарлығы; 

2.  Жеке  адам  сферасының  мотивациялық  қажеттілігінің  дамуының  негативті 

тенденциясының кӛрінуі ретінде ақыл-ой енжарлығы; 

Ақыл-ой енжарлығының кӛрінуі кеңдігіне орай жалпы және жеке (таңдамалы) ақыл-ойы 

енжарлығы деп бӛлуге болады. 

Жеке  ақыл-ой  енжарлығы  -  оқу  пәні  мен  іс-әрекет  түрлерінің  таңдамалы  қатынасында 

кӛрінеді. 

Л.В.Орлова осы мәселеге арнап зерттеу жұмысын жүргізеді. Енді осы зерттеу жұмысын 

қарастырып кӛрелік. 

Зерттеу  бастауыш  сынып  оқушыларымен  жүргізілді:  ақыл-ой  енжарлығының  бастапқы 

тамыры  -  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  басталатын  болса  да,  бастауыш  мектеп  жасында 

ақыл-ой  енжарлығы  айқын  кӛрінеді.  Бастауыш  мектеп  кезеңінің  жас  ерекшелік  тенденциясы 

бойынша оқушының танымдық сферасына не жағымды және не жағымсыз әсер етуі мүмкін. 

Бұл әсер  ақыл-ой енжарлығын не кӛрсетпей жіберуі,не ақыл-ой енжарлығын айқын кӛрсетіп 

жіберуі мүмкін. 

Зерттеу  жұмысында  ақыл-ойы  енжар  мотивациялық  сипаттамасы  адамның 

мотивациялық қажеттілік сферасының негативті қалыптасу факторы ретінде кӛрсетіледі - бұл 

танымдық,  оқу  және  жеке  адамның  ӛзінің  ақыл-ой  әрекетінің  негізгі  компоненттеріне, 

мазмұнына әсер етеді. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды: 

1. Ақыл-ой енжарлығының кӛрсеткіштерін нақтылау; 

2.  Ақыл-ой  енжарлығының  әртүрлі  сипаты  бойынша  оқушыларды  анықтау  және 

топтарына сипаттама беру; 

Эксперименталдық зерттеу 2 жыл бойы Коломна қаласындағы 41 мектепте жүргізілген 

екен. 


1  кезеңде  27  баладан  тұратын  экспериментті  осыған  дейінгі  белгілі  ақыл-ой  енжар 

белгілері  бойынша  ақыл-ой  енжарлар  психологиясы  сипаттамасы  мен  таңдау  критерийлері 

анықталды. Бақылау тобында 18 бала іріктелді, бұларда 1 топтағы балаларға сәйкес таңдалды. 

2  кезеңде  әрбір  оқушының  түрлі  эксперименттік  әдістемелерді  қолдана  отырып,  жүйелі, 

кешенді зерттеу жүргізілген. 

Бірінші кезеңде жүргізілген тәжірибесінде ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына 

сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, 

ӛзіне  сенімсіздік  басқалармен  қатынас  жасауына  кедергі  жасайтынын,  сондай-ақ  ондай 

балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды. 

Қорытындылдай келе осыдан шығатын ой - балалардың топтан тыс болуының бір себебі 

-  олардың  ақыл-ой  деңгейі,  сабаққа  үлгерімі,  сондай-ақ  оқу  тапсырмаларына  селқостық 

қатынасы болып табылады. 

 

Әдебиеттер тізімі 

1.

 



2011 Қарым-қатынас психологиясы, Х.Т.Шерьязданова және т.б. Алматы-2014 

2.

 



Арнайы психология. Қ.С. Тебенова, А.Р.Рымбаева. Алматы, 

3.

 



Ұйымдастырушылық мінез-құлық. Д.Ә.Құнанбаева. Алматы-2012 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет