Педагогикалық Қарым-қатынастың ерекшелігі кілт сөздер



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі127,32 Kb.
#8390

Г.К. ҚҰСАМЕТОВА

1

,  А.С. ТАСТЕМІРОВА

2

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 

1

п.ғ.к., 


2

магистрант



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Кілт   сөздер:   қарым-қатынас,   педагогикалық   қарым-қатынас,   қарым-қатынас   стилі,

қарым-қатынас   субъектісі,   психологиялық   кедергі,   оқытудың   тиімділігі,   тұлғаралық

қарым-қатынас.

Ключевые слова: взаимоотношения,  педагогические взаимоотношения, связь стиль

взаимоотношений,   субъект   взаимоотношений,   психологическое   препятствие,   обучение

эффективности, межличностные взаимоотношения.

Keywords:  mutual relations,   pedagogical mutual relations, connection is style of mutual

relations,   subject   of   mutual   relations,   psychological   obstacle,   educating   of   efficiency,

interpersonality mutual relations.

Қарым-қатынас – адамдар арасында ақпарат алмасудағы, сондай-ақ серіктесімен бірін-

бірі  ұғынудағы  және  түсінудегі   әрекеттің  күрделі  процесі.  Педагогикалық  процестің

ерекшелігі түрлі әлеуметтік-рөлдік және оның субъектісінің функционалдық позициясына

негізделген.  Қарым-қатынас  стилі  мен  жетекшілік  өмір  сүру  аясында  оқыту  мен

тәрбиелеудің  тиімділігімен,  сондай-ақ  тұлғаны  дамыту  ерекшелігімен  және  оқу  тобында

тұлғаралық қарым-қатынасты қалыптастырумен анықталады. 

Педагог – қоғамдық тіршілік иесі, өмірінің көп бөлігін ол адамдар арасында өткізеді

және  соған  байланысты  оның  адамдармен  қарым-  қатынасы,  оның  жетістігі,  көңіл-  күйі,

денсаулығы  қаланады. Ол қандай болуы тиіс?

Қарым–қатынас  –  адамдар  арасында  ақпарат  алмасудағы,  сондай-  ақ  серіктесімен

бірін-  бірі  ұғынудағы  және  түсінудегі   әрекеттің  күрделі  процесі.  Қарым-қатынас

субъектісі  тірі  тіршілік,  яғни  адамдар  болып  табылады.    Негізінде  қарым-қатынас  кез

келген тірі  нәрсеге тән, алайда адам деңгейіндегі қарым- қатынас процесі вербальды және

бейвербальды актілермен байланысты саналы түрде құрылады. 

Бүгінгі күні өнімді ұйымдастырылған педагогикалық қарым- қатынас педагог пен бала

арасында   туындауы  тиіс  педагогикалық  қызметтегі  нақты  психологиялық  жанасуды

қамтамасыз  етуге  негізделген.  Оларды  қарым-  қатынас  субъектісіне  айналдыру,  өзара

әрекеттесу  процесінде  туындаған  түрлі  психологиялық  кедергілерді  жоюға  көмектесу,

балаларды  үйреншікті  ұстанымынанәріптестік 

 ұстанымға  ауыстыру  және  оларды

педагогикалық  шығармашылық  субъектісіне  айналдыру 

 керек.  Бұндай  жағдайда

педагогикалық  қарым  –  қатынас  толықтай  педагогикалық  қызметтің  әлеуметтік-



психологиялық  құрылымын  түзеді. Педагогикалық  қарым-қатынас  оқыту  мен  тәрбие  беруде

білім алушының тұлғасына әсер ететін құрал ретінде қызмет етеді. 

А.А.Бодалевтың зерттеуінде педагогикалық қарым-қатынас педагог пен тәрбиеленуші

арасындағы  шектеулі  әлеуметтік-  психологиялық  жүйе  ретінде  көрсетіледі.  Оның

мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелік әрекет көрсету, коммуникативтік құралдар көмегімен

өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру болып табылады [1;190б.].

В.А.Сухомлинский  бұл  туралы  былай  деп  жазды: «Мектеп  қабырғасында  айтылған

әрбір  сөз  ойланып  айтылған, дана,  толықтай салмағы бар сөз болуы тиіс,  бұл  нақты тірі

адамға  айтуда  ерекше  маңызды,  сөз  қадірін  ұмытпауымыз  керек,  керісінше  сөздің  құны

үнемі өсіп, артып отыруы тиіс» [2; 340б.]. 

Педагогикалық  процестің  ерекшелігі  тәрбие  процесін  әлеуметтік-  психологиялық

қамтамасыз  ету  қызметінен  келіп  туындайды.  Педагогтың  тәрбиеленушімен  қарым-

қатынасын  ұйымдастыру  функциясы  оқу  тапсырмасын  шешу  құралы  ретінде

қарастырылады.

Педагог  алдында  тұратын  неғұрлым  күрделі  тапсырма  санына  коммуникативтік

біліктілікті дамытудың жоғары деңгейіне жататын өнімді қарым- қатынасты ұйымдастыру

кіреді.  Бұл  қайталанбайтын  процесс  болуы  үшін  балалармен  қарым-қатынасты

ұйымдастыру  қажет.  Бұл  жерде  қарым-қатынас  стилі  маңызды  роль  атқарады.

Педагогикалық  процестің  ерекшелігі  түрлі  әлеуметтік-рөлдік  және  оның  субъектісінің

функционалдық   ұстанымына   негізделген.    Педагогикалық  қарым-қатынас  процесінде

мұғалім өзінің әлеуметтік-рөлдік және функционалдық міндетін оқу және тәрбие процесін

басқаруда  тікелей  немесе  жанама  түрде  жүзеге  асырады.  Қарым-қатынас  стилі  мен

жетекшілік өмір сүру аясында оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігімен, сондай-ақ тұлғаны

дамыту ерекшелігімен және оқу тобында тұлғаралық қарым-қатынасты қалыптастырумен

анықталады. 

«Мектеп  оқушыларының  қарым-қатынасы  пайдалы,  әлеуметтік  құнды  болуы  үшін

мұғалім  ең  аз  дегенде  үш  проблеманы  шешуі  керек:  ұжымда  жеке  мазмұнды  қарым-

қатынас  жасауға  мүмкіндік  туғызу;  баланы  сөйлесуге  үйрету;  мектеп  оқушыларымен

сенімді  жанасуды  орнату»   [3,141б.].  Педагогтың  сабағында  барлық  педагогикалық

процесс  коммуникативтік  құрылымда  меңгерілуі  тиіс,  үнемі  педагогикалық  әрекетте

таңдалған әдісті аталмыш кезеңде қарым-қатынас ерекшелігімен сәйкестеп отыру қажет. 

1938  жылы  неміс  психологы  К.Левин  бірінші  болып  қарым-қатынас  стилін

экспериментальды зерттеді. Бүгінгі күні педагогикалық қарым-қатынастың көптеген стилі

белгілі, бірақ негізгілеріне тоқталайық.

Авторитарлы  стильде  өзіне  тән  үрдісті  қатал  басқаруда  және  барлық  көлемдік

бақылауда  оқытушы  көбінесе  өз  әріптестеріне  тез  ескерту  жасайды.  Көзге  түсетіні  –  бір

топ  мүшесіне  әдепсіздік  танытып,  ал   басқаны  дерексіз  мақтау.  Авторитарлы  оқытушы

жұмыстың  жалпы  мақсатын  түсініп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  тапсырманы  қалай

орындайтынын  көрсетеді,  кім  кіммен  жұмыс  жасайтынын  бірден  анықтайды  және  т.б.

Тапсырма  мен  оны  орындау  тәсілін  оқытушы  рет-ретімен  береді.  Адам  неғұрлым  өзінің

орындап  отырған   жұмысының  мақсатын,  аталмыш  кезеңнің  функциясын  және  алда  не


күтетінін  білмесе бұндай тәсіл қызметтік дағдыны төмендетеді. Тағы да байқауға болатын

нәрсе, ол әлеуметтік қарым-қатынаста тұлғааралық орнатылым жоспарында қызметтің рет

ретімен  жүруі  және  оны  қатал  бақылау  мұғалім  тарапынан   білім  алушының  жеке

мүмкіндігіне  сенімсіздік  танытуы  екендігін  куәландырады.  Барлық  жағдайда  оның  көз

алдында  білім  алушы  жауапкершіліктің  төмен  деңгейінде  және  ең  қатал  қадағалауды

талап  ететін  болып  көрінеді.  Бұл  үшін  авторитарлы  оқытушы  үшін  кез  келген  бастама

қажетсіз  еріктіліктің  туындауы  ретінде  қарастырылады.  Зерттеулер  дәлелдегендей

жетекшінің өзін өзі ұстауы дегеніміз өзінің жеткіліксіз құзіреттілігін және беделін жойып

алудан  сақтануымен  түсіндіріледі.   «Егер  кімде  кім  жұмысын  басқа  жағынан  жақсарта

алмаса,  оның  ешнәрсені  қарамағанын  көрсетеді».  Бұдан  басқа  авторитарлы  көшбасшы

ереже  ретінде  өзінің  қамқорлығындағылардың  жетістігін  субъективті  түрде  бағалайды,

ескертулер тек жұмыс бабына қатысты ғана емес, орындаушының тұлғасына да қатысты

болады. Білім алушыларға өз көзқарастарын білдіруге, бастама көтеруге, өздеріне қатысты

мәселелерді шешуге атсалысуына мүмкіндік бермейді. Мұғалім оқушыларға талап етумен

бірге  олардың  орындағандарына  қатаң  бақылау  жүргізуді  жүзеге  асырады.  Авторитарлы

стильде  басшылық  негізгі  бағытты  автократикалық  жүйеден  алады.  Ең  соңында  барлық

шешімді өзінің орнатқан тәртібіне сай мұғалім өзі қабылдайды.  

Басшылықтың  либеральды  стилінің  негізгі  ерекшелігі  істің  барысы  бойынша  оқу-

өндірістік  процестен  жетекшінің  босатылуы  және  болған  оқиға  үшін  өзін

жауапкершіліктен босатуы болып табылады. Оның апробациялану нәтижесі – орындалған

жұмыс  көлемінің  неғұрлым  аз  болуымен  және  оның  сапасының  төмендеуінен  көрінеді.

Бұндай  топтағы  оқушылар  өздеріне  ешқандай  жауапкершілік     жүктелмегенін  біле  тұра

жұмыстарына  қанағаттанбайтындығын  атаған  маңызды.  Басшылықтың  либеральдық

стилінде  мұғалім  оқушылардың  өмір  сүру  негіздеріне     мүмкіндігінше  араласпауды

көздейді,  басшылықтан  олар  алыстап,  әкімшілік  нұсқаулары  мен  міндеттерін  формалды

түрде атқарады. Бұндай стилдегі басшылықта мұғалім өзінің эмоциялық жағдайын жүзеге

асыра алады.  

Демократиялық   стильде   бірінші   орында   тұлға   емес,   дерек   (факт)   бағаланады.

Демократиялық   стильдің   ерекшелігі   топ   өз   ұйымының   алдында   тұрған   жұмыстардың

жүруіне белсене қатысады.  Нәтижесінде оқушылардың өзіне деген сенімділігі артып, өзін

өзі басқаруға белсенділігі пайда болады. Онымен қоса бастаманың көбеюінен тұлғалық

қарым-қатынаста   сенімділік   пен   достық   нығая   түседі.   Егер   авторитарлы   стильде   топ

мүшелерінің арасында жауластық үстем болса, демократиялық басқаруда оқушылардың

жұмысқа   деген   қызығушылығы   пайда   болып   қана   қоймайды,   сонымен   бірге   өзара

тұлғалық қарым-қатынасы дами түседі. Басшылықтың демократиялық стилінде мұғалім

ұжымға  арқа  сүйейді,   білім  алушылардың   өздеріне  сенімділігін   арттыра   түседі.   Ұжым

қызметін   ұйымдастыруда   мұғалім   «теңі   арасында   бірінші»     болу   позициясын   алуға

ұмтылады.   Мұғалім   оқушылардың   жеке   проблемалары   мен   істеріне   үңіле   бастайды.

Оқушылар   ұжымдық   өмірдің   мәселелерін   талқылап,   таңдау   жасайды,   алайда   соңғы

шешімді мұғалім шығарады. 

Бұл   стильдің   негізінде     педагогтың   биік   кәсіби   бірлігі   мен   оның   этикалық   белгісі

жатыр.   Оқушылармен   біріккен   шығармашылық   ізденушіліктің   ұлғаюы   –   мұғалімнің

коммуникативтік   қызметі   ғана   емес,   сонымен   бірге   оның   педагогикалық   қызметке

қатысының   толықтай  жоғары  деңгейде   болуында.     Театр   педагогы   М.О.Кнебель



педагогикалық сезімнің «сені жастарға қарай қуып, оларға жол табуға итермелейтінін...»

байқайды [4; 290б].

Мұндай   қатысым   стилін   В.А.Сухомлинский   өз   қызметінде   байқайды.       Осы   негізде

В.Ф.Шаталов балалармен өзара қатынаста өз жүйесін қалыптастырады. Бұл қатынас стилін

сәтті бірлескен оқу-тәрбие қызметі ретінде қарауға болады. Педагогтың тәрбиеленушілермен

қарым-қатынас   жүйесі   туралы   А.С.Макаренко   мұғалім   бір   жағынан   аға   жолдар   және

нұсқаушы болуы тиіс, ал басқа жағынан бірлескен қызметтің қатысушысы болуы керектігін

айтады.   Педагогтың   ұжыммен   қарым-қатынасында   белгілі   бір   бояу   ретінде   достықты

қалыптастыруы өте қажет [5; 24б.].

Педагог пен бала арасындағы қатынас нұсқалары туралы ойлай келе А.С.Макаренко

былай   дейді:   «Ешқашан   педагог   пен   басшылық   өз   тарапынан   тілге   ерік   берулеріне

болмайды. Екінші жағынан,  педагог пен басшылық тәрбиеленушілер алдында айқайшы,

ашуланшақ болуына жол жоқ» [5; 27б.]. 

Педагогта   қажетті   қарым-қатынас   тәсілдерінің   болмауы,   қарым-қатынас

технологиясын   білмеуі   нақты   бір   рөл   ойнайды.       Педагогта   кәсіби   қарым-қатынас

дағдысының   болмауы   мұғалімнің   жеке   шығармашылығының   және   оның   тиімділігінің

төмендеуіне   әкеліп   соқтыруы   мүмкін.   Көптеген   зерттеулер   мен   эксперименттер

нәтижесінде   педагогтар   мен   психологтар   мұғалімге   коммуникативтік   қабілетті   дамыту

үшін келесі құралдарды қолдануды кеңес етеді:

-   Мектеп-қоғамның   бөлшегі,   педагогтың   балаға   қарым-қатынасы   –   қоғамдық

талаптардың көрінісі. Осыны ұғыну керек.

-    Мұғалім   педагогикалық  позициясын  ашық   жариялауға  міндетті   емес.  Бала  үшін

педагогтың сөзі мен іс-қимылы тек міндетті орындау ретінде ғана емес, оның жеке сенімін

ояту ретінде ұғынылуы керек.

 Педагогтың шыншылдығы - тәрбиеленушімен байланыс жасаудың берік кепілі.

- Жеке тұлғаны адекваттық бағалау. Өзіңді тану, өзіңді басқару әрбір мұғалімнің үнемі

жұмысы болуы керек. Негізгі  назар аударатын нәрсе өзінің эмоциялық жағдайын басқару

біліктілігін талап ету: тәрбие процесінде ызалы дауыс көтеру, айқай т.б.  

-   Педагогикалық  мақсатты  түрдегі  қатынас  мұғалім  мен оқушы  арасындағы  өзара

сыйластыққа құрылады. Әрбір оқушыны тұлға ретінде сыйлау, құрдастары алдында өзіне

сенуіне жағдай жасау, тұлғаның жағымды жақтарын дамытуға қолдау көрсету қажет. 

-  Педагогқа баланың өз күшін, кең эрудициясын көрсетуге қамқорлық жасау керек. 

-   Қырағылықты   дамыту,   эмоциялық   жағдайларды   түсіну,   жағдаяттарға   қорытынды

шығаруда   шығармашылық   жол   табу,   оқушылар,   ұжымдастар,   ата-аналар   алдында

білімділікпен шешім қабылдау қажет.

- Мұғалімнің сөйлеу қызметінің азаюы есебінен оқушының сөйлеу қызметінің артуы –

мұғалімнің қарым-қатынас шеберлігінің маңызды көрсеткіші. 


-   Жетістігі маңызды емес оқушы алдында да мақтау айтуға жомарт болған дұрыс.

Басқалар   алдында   мақтау   керек,   ал   оңашада   ескертуге   болады.   Бұл   үшін   мұғалімнің

сөйлеу шеберлігі  дұрыс болуы  керек.  Егер сіздің дауыс ырғағыңыз қойылмаған болса,

көзқарасыңыз, қимылыңыз дұрыс болуы тиіс.    

-  Педагогикалық мақсатта өз оқушыларының ата-аналарын одақтас етуге болады. 

-  Екі жақтан да әңгіме мазмұны қызықты болғаны дұрыс [6; 249б].

Осылайша   педагогикалық   атмосфера   стильге   байланысты   орнығады,   барлық

педагогикалық  процеске  қатыстыларға  эмоциянальды    игілікті    тілей  отырып, біз  егер

педагог жоғарыда келтірілген кеңестерге көңіл аударса, онда қарым-қатынас процесіндегі

көптеген қиыншылықтар мен проблемалардан айығуға болады деп ойлаймыз.  



ӘДЕБИЕТ

1 Бодалев А.А. Личность и общение. М., 1995. – 190 с.

2 Леонтьев А.А. 

Психология

 общения. - 3-е изд. - М.: Смысл, 1999. – 340 с.

3   Мудрик   А.В.   Общение   в   процессе   воспитания.   Учебное   пособие.   –   М.:

Педагогическое общество Россия., 2001. – 320 с.

4   Кан-Калик   В.А.   Учителю   о   педагогическом   общении:   Кн.   Для   учителя.   -   М.:

Просвещение, 1987. – 290 с. 

5 Макаренко А.С. Собрание сочинений.: т.4,т.5.

6 Курганов С. Ю. Ребенок и взрослый в учебном 

диалоге


: Кн. для учителя. М., 1989. –

249 с.


REFERENCES

1 BodalevА.А. Lichnostiobshenie. М., 1995. – 190 s.

2 LeontevА.А.Psihologiya  - 3-e izd. - М.:Smysl, 1999. – 340 s.

3   Mudrik.А.V.   Obshenie   v   processevospitaniya.Uchebnoeposobiya.   –

М.:PedagogicheskoeobshestvoRassiya.,

 

2001.



 

-320s


4.Кan-Kalik V.А. Uchitelyu o pedagogicheskovobshenii: Кn. Dlyauchitelya. - М.:Prosveshenie,

1987. – 290 s. 

5 Makarenko А.S. Sobraniesochenenii.: t.4, t.5.

6 Kurganov S. YU. Rebenok I vzroslyi v uchebnomdialoge :Кn. dlyauchitelya. М., 1989. –

249 s.

Резюме

Особенности педагогических взаимоотношений

Г.К. Кусаметова,  А.С. Тастемирова

Общение   –   сложный   процесс   взаимодействия   между   людьми,   заключающийся   в

обмене   информацией,   а   также   в   восприятии   и   понимании   партнерами   друг   друга.

Специфика   педагогического   общения   обусловлена   различными   социально-ролевыми   и

функциональными   позициями   его   субъектов.   Стиль   общения   и   стиль   руководства   в

существенной   мере   определяет   эффективность   обучения   и   воспитания,   а   также



особенности развития личности и формирования межличностных отношений в учебной

группе.


Summary

Features of pedagogical relationship

G.K.Kusametova,  A.S.Tastemirova

The contacted is a difficult process of interaction between people which consist in exchange

of information, also in partner’ is perception and anderckanding  of each other. The specification

of   pedagogic   contacted   caused   by   differend   social   –   rule   and   functioned   positions   of   it   is

subjects.   The   style   of   contacted   and   leadership   inessential   way   which   determines.   The

effectiveness of teaching and education, also a thepecoliarities of personality is development and



formation of interpersonal relation sheep in styding group.     

Поступила  17.01.2013 г.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет