Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет31/35
Дата06.03.2017
өлшемі6 Mb.
#8395
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Мұрат ЖҰРЫНОВ, 
Ұлттық  ғылым  академиясының  президенті,  ҰҒА  академигі,  химия  ғылымдарының  докторы, 
профессор: 
–  Құрметті  әріптестер!  Ұлттық  ғылым  академиясының  кешегі  өткен  сессиясы  да,  бүгінгі  басқосу  да 
Елбасының Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбатынан туындап отыр. 
Елбасымыз  –  ел  дамуының  ең  күрделі  кезеңінде  бүгінгіні  ғана  емес,  болашақты  да  анық  болжайтын 
кемел  стратег,  кемеңгер  тұлға  ретінде  үнемі  кеңінен  ойластырылған  шешімдер  қабылдап  келеді. 
Посткеңестік  кеңістікте  ғана  емес,  әлем  экономикасын  дағдарыс  жайлаған  сонау  1997  жылы  Нұрсұлтан 
Әбішұлы бүкіл қазақ елін нұрлы жолға бастаған «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық құжат қабылдады. 
Кезінде  дәл  осы  стратегияның  орындалуына  күмәнмен  қараушылар  аз  болған  жоқ.  Қазақ  қоғамы  мен 
еліміздің экономикалық күш-қуатының ішкі мүмкіндігіне сай жан-жақты ойластырылған бұл стратегиядағы 
мақсаттардың  басым  бөлігі  мерзімінен  бұрын  орындалды.  Қазір  Дүниежүзілік  банк,  Халықаралық  валюта 
қоры, Еуропа қайта құру және даму банкі сарапшыларының бірауыздан мойындауы бойынша, Қазақстан өз 
экономикасын  реформалауда  посткеңестік  елдердің  ғана  емес,  бүкіл  Шығыс  Еуропа  елдерінің  алдына 
шықты. Қазақстанның Елбасы таңдаған саяси жүйесі де, экономикалық моделі де, әлеуметтік реформасы да 
уақыт  сынынан  сүрінбей  өтіп,  елімізді  дамудың  даңғыл  жолына  шығарды.  Міне,  осындай  сындарлы  сәтте 
қашанда алысты болжайтын көреген Елбасымыз «Қазақстан – 2050» атты жаңа стратегиялық бағдарламаны 
ұсынды.  Шынын айтар болсақ, біздер, ғалымдар осы сан салалы  стратегияның барлық сипаты  мен сырына 
әлі  терең  бойлай  алмай  отырмыз.  Қазақстанды  әлемдегі  дамыған  30  елдің  қатарына  қосатын  бұл  құжат 
болашақта талай ғылыми-зерттеуге арқау болатыны анық. 
Ұлытау  төріндегі  сұхбат  Елбасымыздың  дәл  осы  стратегиялық  бағдарламасынан  бастау  алады. 
Нұрсұлтан  Әбішұлының  ешуақытта  сөзі  мен  ісінің  арасында  алшақтық  болған  емес.  Байыптап  зерделесек, 
«Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрсетілген мақсаттар мен міндеттер рет-ретімен жүзеге аса бастады. 
Елбасымыз – өз заманынан озық туған тұлға. Кезінде Ұлттық академияның статусы өзгергенде ғылыми 
зиялы қауым арасында біраз түсінбеушілік болғаны рас. Қазір бұл шешімнің дер кезіңде жасалғанын өмірдің 
өзі дәлелдеп берді. 
Ғылым  академиясының  мақсаты  –  ғылымды  дамыту.  Ғылым  батыс  елдерінде  аса  үлкен  зерттеулер, 
университеттер  аясында  жүзеге  асады.  Біз  де  соған  келдік.  Қазір  Ұлттық  ғылым  академиясының  физика, 
математика және информатика саласы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізінде, аграрлық 
ғылымдар  –  Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінде,  жер  туралы  ғылымдар  –  Қ.Сәтбаев  атындағы  Қазақ 
ұлттық  техникалық  университетінде,  қоғамдық  ғылымдар  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті аясында дамуда. Бұлардың бәріне Елбасы Жарлығымен ұлттық мәртебе берілген. Олар  – жыл 
сайын мемлекеттік бюджеттен мол қаражат бөлінетін іргелі университеттер. Нәтижесінде ғылым да дамуда, 
жоғары оқу орны болған соң ғылымға келетін жастар да көбеюде. Шетелдердің жетекші университеттерімен 
байланыстардың  өркендеуі  арқылы  Қазақстан  ғылымы  бүкіләлемдік  ғылыми  кеңістікке  батыл 
интеграциялану үстінде. 
«Қазақстан  –  2050»  Стратегиясынан  туындайтын  Ұлытау  төріндегі  сұхбат  ең  алдымен  біздің  қоғамдық 
ғылым  саласына  –  тарих,  философия,  тіл  және  әдебиет,  мәдениеттану  және  теология  мамандарына  тың 
міндеттер жүктеп, жаңа зерттеулерге бағыт-бағдар сілтейді. 

ISSN 1991-3494                                                              
№ 5. 2014 
 
 
233 
Ұлытау төрінде отандық экономиканың сан алуан саласы – геология, геодезия, металлургия, энергетика, 
коммуникацияның  өзекті  мәселелері  қозғалды.  Ғылыми  тұрғыдан  қарайтын  болсақ,  бұлардың  бәрі  бір-
бірімен  сабақтас  салалар.  Олардың  дамуы  бүкіл  ел  экономикасының  дамуына  аса  зор  мультипликациялық 
әсер беретін болады. 
Мен де Орталық Қазақстанда ұзақ жылдар қызмет істеген адаммын.  «Жезқазған  – Бейнеу» теміржолын 
салу  кешегі  Кеңес  Одағының  қолынан  келмеді.  Өйткені,  теміржол  салу  –  машақаты  мол  жұмыс.  Оның 
бойында толып жатқан көпір, құбыр, электр желісі, разъездер мен стансалар, әлеуметтік нысандар салынады. 
Бұл  –  Қазақстан  үшін  ғана  емес,  біздің  шығыс  пен  батыстағы,  оңтүстік  пен  солтүстігіміздегі  көршілеріміз 
үшін де маңызы бар жоба. 
Теміржол,  коммуникация  экономиканы  өрге  тартады.  Осыдан  15  жыл  шамасы  бұрын  Елбасымыз 
Қазақстан  экономикасын  кластерлік  жүйе  бойынша  дамытуды  ұсынды.  Жалпы  «кластер»  ұғымы  химия, 
физика,  астрономия,  математика,  тіпті,  компьютерлік  техника  саласында  жиі  қолданатын  түсінік.  Елбасы 
Қазақстанды  әр  өңірдің  экономикалық  өзгешелігіне  сай  жүйелеп  дамытуды  ұсынды.  Нәтижесінде 
солтүстіктегі  астықты  облыстар  тек  бидайды  экспортқа  шығарумен  шектелмей  ұн,  нан  өнімдері,  макарон, 
т.б.  өндіре  бастады.  Өз  қаражатымен  шетелдерден,  мәселен,  Түркиядан  инвестиция  келді.  Шығыс 
Қазақстанда түсті және сирек кездесетін металдарға қатысты кластер қабылдаса, еліміздің батысында мұнай 
өнімдерін  өңдейтін  жаңа  зауыттар  салынып,  іске  қосылуда.  Кеше  ғана  Ұлттық  ғылым  академиясында 
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  мақта  өсіру  мен  соған  қатысты  мақта-мата,  тоқыма  кластерін  дамытуға 
арналған баяндаманы талқыладық. 
Қазір  Елбасымыз  Қазақстан  кәсіпорындарын  әлемдік  деңгейге  шығаруды  алға  қойып  отыр.  Ол  үшін 
мемлекеттен мол қаражат бөлінуде. Бұл іске шетелдік инвесторлар кеңінен тартылуда. 
Біз  ашық  қоғамда  өмір  сүрудеміз.  Қазір  еліміз  Нұрсұлтан  Әбішұлының  аса  зор  халықаралық  беделінің 
арқасында  барлық  көршілермен  шекарасын  бекітіп,  делимитация,  демаркациясын  жасап  қойды.  Оны 
халықаралық  құжаттар  арқылы  мықтап  бекітті.  Нарықтық  экономиканы  дамытып,  әлдеқашан-ақ  үйренуші 
елден  үйретуші  елге  айналды.  Қазір  әлемнің  көптеген  дамушы  елдері  «қазақстандық  экономикалық 
феноменнен» үйрену үстінде. 
Егер  Қазақстанның  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымына  төрағалығы  саяси  беделінің 
аса  зор  екендігін  көрсетіп  берсе,  ЭКСПО-2017  еліміздің  экономикалық  кемелдігін  бүкіл  дүниежүзіне 
танытпақ.  Қазақстандық  ғалымдар  аса  зор  тарихи  мәні  бар  осы  оқиғаға  дайын  тұруы  керек.  Күн 
энергетикасынан  қуат  алу,  жел  энергиясын  пайдалану,  бүкіл  әлем  үшін  ерекше  мәнге  ие  болып  отырған 
«жасыл  экономикаға»  көшу  сияқты  мәселелер  біздің  алдағы  жылдардағы  ғылыми-зерттеулеріміздің  басты 
тақырыбы болуға тиіс. 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  қазір  бүкіл  дүние  жүзі  мойындаған,  жаһандық  деңгейдегі  кемел  қайраткерге 
айналды.  Ол  Қазақстанды  әлемге  танытты.  Елбасымыздың  беделі  арқасында  Қазақстанға  миллиардтаған 
инвестиция,  сонымен  бірге,  инновациялық  технология  келуде.  Ендеше  біздер,  қазақстандық  ғалымдар 
осындай  мол  мүмкіндікті  кеңінен  пайдаланып,  әлемдік  деңгейде  бәсекеге  қабілетті  жаңа  ғылыми-
зерттеулерге жол ашуымыз керек. 
Серік ҚИРАБАЕВ, 
Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор: 
–  Елбасымыз  –  қазақтың  бақыты  үшін  туған  азамат.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  өз  резиденциясын  Ақордаға 
көшіргеннен кейін мен Президенттің қабылдауында болдым. Әуелі Ақорданы асықпай аралап шықтым. Іші-
сырты  бірдей  келістіріле  салынған  ғимарат  екен.  Ерекше  риза  болдым.  Менің  алдымда  Елбасы 
қабылдауында В.С.Черномырдин болды. Одан кейін іле-шала мен кірдім. Ақордадан алған әсерімді жеткізіп, 
құтты болсын айттым. Нұрсұлтан Әбішұлы: 
–  Жаңа  сіздің  алдыңызда  болған  Виктор  Степановичке  «Бізді  үш  ғасыр  бодандықта  ұстағанда,  ең 
болмағанда,  осындай  бір  сарай  салып  бермедіңдер.  Ағылшындар,  испандар  мен  португалдардың  отар 
елдерінде  тұрғызған  сарайлары  әлі  күнге  дейін  жайнап  тұр.  Ал  сендер  бар  байлықты  өздерің  тонап,  бар 
сарайды өздеріңде салдыңдар», дедім. Тәуелсіздігіміздің арқасында осындай сарай салатын дәрежеге жеттік. 
Құдай бұйыртса, ел игілігі үшін талай тамаша ғимараттар салатын боламыз, – деген еді. 
Шындығында,  патшалық  Ресей  кезінде  де,  кешегі  Кеңес  Одағы  тұсында  да  Қазақстанның  байлығы 
ашықтан-ашық  тоналды  ғой.  Тіпті,  елдің  өз  ішін  бір-бірімен  байланыстыратын  теміржол  да  салынбады. 
Салынғандарының  өзі  зор  мехнатпен  жүзеге  асты.  Мәселен,  «Мойынты  –  Шу»  теміржолын  салғанда  су 
ішетін  құдық  та  табылмай,  көшіп-қонған  қазақтардың  ескі  құдықтарын  пайдаланыпты.  Осыны  кезінде 
Нұртас Оңдасынов марқұм айтып еді. 
Ұлытау маған да алыс емес. Бүкіл тарихы көз алдымда. Теміржолдың жоқтығы елді ерекше қинайтын. 
Мен  өзім  сол  аймақта  туып-өскендіктен,  ондағы  халықтың  мұқтаждықтары  мен  арман-тілегін  жақсы 
білемін.  Көздеген  мақсаты  қойнауындағы  байлықты  алу  ғана  болған  Кеңес  өкіметі  кезінде  жергілікті 
халықты жарылқайын деген жоқ. Табиғи заңдылыққа салғанда, тоғыз жолдың торабында тұруы тиіс Ұлытау 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
234  
өңірі  еліміздің  қақ  ортасында  орналасса  да,  күре  жолдардан  тысқары  қалды.  Ал  жол  дегеніміз  ел 
экономикасының қан тамыры  іспетті болғандықтан, халықтың әл-ауқатының артуына тікелей ықпал ететін 
аса маңызды фактор. 
Оның келешектегі тікелей экономикалық пайдасы миллиардтап есептелсе, жанама әлеуметтік ықпалы да 
одан кем болмайтыны анық. Өйткені, ол еліміздің батысы мен шығысының арасын ғана жалғап қоймай, алып 
Қытай нарығы мен Еуропаның арасындағы транзиттік жүк тасымалына да қызмет етеді. 
Елбасы  айтып  өткендей,  теміржол  желісі  бірден  бірнеше  салаға  қозғалыс  әкеледі.  Байтақ  даламызға 
шашырай  қоныстанған  халықтың  бір-біріне  барыс-келісі  жеңілдейді.  Сауда-саттығы  жанданады.  Түбіне 
үңілер  болсақ,  Елбасының  Ұлытауда  дәл  осы  мәселеге  қатысты  сөзі  ұлы  Абайдың:  «Ойдағы  ел,  қырдағы 
елмен араласып» деген сөздерімен астасып жатыр. 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  руханият  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөліп  келеді. 
Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев тойлары әлемдік деңгейде атап өтілді. Ел экономикасының 
ең қиын жылдарында Шыңғыстауда Абай мен Шәкәрімнің басына зәулім кешен тұрғызылды. 
Кеңес  заманында  М.Әуезовтің  20  томдығы,  С.Мұқановтың  16  томдығы,  Сәкен,  Ілияс,  Бейімбеттің  6 
томдықтары  мен  Ғ.Мұстафиннің  4  томдығы  жарық  көрген  болатын.  Қазір  М.Әуезовтің  50  томдық 
шығармалар  жинағы,  100  томдық  «Бабалар  сөзі»  жарық  көрді.  Осы  заманның  ақын-жазушыларының 
шығармалары  алды  10,  15,  20  том  болып  жарық  көруде.  Кезінде  кітабын  шығаруды  былай  қойғанда,  атын 
атаудың  өзіне  тыйым  салынған  ақын-жазушыларымыз  түгелдей  халқымен  қайта  табысты.  Осының  бәрі 
Елбасының қамқорлығы емес деп кім айтады?! 
Теміржолдың  салынуына  оралар  болсақ,  Ұлытау  өңіріне  ғана  емес,  бүкіл  Қазақстанға  оң  өзгерістер 
әкеліп, халық тұрмысының жақсаруына септігін тигізетініне күмән жоқ. Елбасының өз сөзімен айтсақ, «Бұл 
– айта салғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда пайдаланатын игілігіміз» болмақ. 
Тек ел қамы үшін туған Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілейік. 
 
Едіге ТҮРКЕБАЕВ, 
Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор: 
– Тарихи уақыт деңгейінен қарайтын болсақ, Қазақстан – жас мемлекет. Мемлекетіміздің экономикалық 
тұрғыдан дамуы Елбасының салиқалы саясатымен жүзеге асырылып келеді. 
Бұл  орайда,  сәл  тарихи  шегініс  жасап,  өткен  күндерге  зер  салып,  бүгінгі  жағдайымызға,  қол  жеткізген 
табыстарымызға  қарасақ,  еліміздің  басты  қуат  күші,  күре  тамыры,  ұлттық  экономикалық  жүйеміздің  даму 
арнасы сарапшылардың тарапынан жоғары бағаға ие болуда. 
Еліміз  тәуелсіздігін  алғанда  Қазақстан  өзінің  ұлттық  валютасы  жоқ,  қазынасы  бос  жатқан  мемлекет 
болатын.  Елбасымыз  әуелі  ұлттық  теңгені  енгізіп,  оны  аяғына  тік  тұрғызды.  Мемлекеттік  алтын-валюта 
қорын  жасады.  Әлемдік  экономикада  жиі  орын  алып  тұратын  дағдарыстарға  қарсы  тұру  үшін  Ұлттық  әл-
ауқат қорын құрды. Дәл қазір еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін осы екі қорға 100 
миллиард  доллардан астам  қаражат  жинақталған. Халқы  17 миллионнан сәл ғана  асатын  Қазақстан сияқты 
жас  мемлекет  үшін  бұл  аса  үлкен  қаражат  және  ол  Елбасының  алысты  болжайтын  көреген  экономикалық 
саясатының арқасында ғана мүмкін болып отыр. 
Елбасы  Ұлытау  төріндегі  сұхбатында  ел  экономикасына  қатысты  өте  маңызды  жайттарды  қозғай  келе: 
«Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бәрі шешілмейді», деп бір сөзбен түйіндеді. Шын мәнінде, бүгінгі 
таңда заман талабына сай экономикалық реформаларды сәтті жүргізе алмаған ел дамудың жоғары жетістігіне 
қол  жеткізе  алмайды.  Саяси-экономикалық  тұрғыдан  алғанда,  елімізде  қолға  алынған  жобалар  өзінің 
өміршеңдігін  дәлелдеп  келеді.  Жүзеге  асырылып  жатқан  индустриялық-инновациялық  жобалар  ел 
экономикасын шикізаттан тәуелсіз етіп, экономика саласындағы жаңа бағыттарға бастайды. Сонымен қатар, 
Қазақстанның  Ресей  және  Беларусь  мемлекеттерімен  бірлесіп  құрған  Кеден  одағы  және  Еуразиялық 
экономикалық одақ ұлттық экономикамыздың дамуына айрықша серпін беретіні анық. Бұл тиімділіктің бір 
ғана  мысалы,  үш  ел  экономикасының  жиынтық  көлемі  2,2  триллион  долларды  құрайды.  Үш  ел  шығарған 
өнеркәсіп  өнімінің  жалпы  көлемі  шамамен  алғанда  1,5  триллион  АҚШ  долларына  жуықтауда.  Ішкі  жалпы 
өнім  өсімі  де  2030  жылға  қарай  шамамен  900  миллиард  долларға  жетеді  деп  күтілуде.  Қазақстан  бүгінде 
бәсекеге  қабілеттіліктің  жаһандық  индексінде  50-орындағы  елге  айналғаны  сөзсіз  қуантады.  Мәселен, 
бизнесті  жүргізу  жеңілдігі  рейтингі  бойынша  да  көрсеткіштеріміз  өсті.  Жыл  сайынғы  ІЖӨ  көрсеткіші  де 
экономикалық  бағытымыздың  дұрыс  екенін  аңғартып  тұрғандай.  Салыстырмалы  түрде  алатын  болсақ,  тек 
соңғы 4 жыл ішінде елімізде 1000-ға жуық кәсіпорын, 250-ден астам өнімнің жаңа түрлері пайда болған екен. 
Қазақстан  тауарлары  әлемнің  100-ден  астам  елдеріне  экспортталуы  отандық  кәсіпкерлеріміздің  бәсекеге 
қабілетті  бола  түскенін  көрсетеді.  Мұның  барлығы  жүздеген  жаңа  инновациялық  жобалардың  арқасында 
мүмкін болып отырғаны сөзсіз. 

ISSN 1991-3494                                                              
№ 5. 2014 
 
 
235 
Сөзімді  қорытындылай  айтқанда,  Елбасының  Ұлытау  төріндегі  сұхбатында  ауқымды  мәселелер  туралы 
әңгіме  қозғалды.  Ел  дамуындағы  маңызды  істердің  барлығы  тілге  тиек  етілді.  Ұлытау  төрінде  өміршең 
сөздер айтылды. Еліміздің келешегін бекемдеп, болашағына сенімді көзқарас қалыптастырған сұхбат болды. 
Төрегелді ШАРМАНОВ, 
Ұлттық ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор: 
–  Ұлытау  –  мен  үшін  өте  киелі  ұғым.  Бұл  –  менің  ғана  емес,  менің  бүкіл  ата-бабаларыма  құтты  қоныс 
болған  қасиетті  өлке.  Ұлым  Алмаз  Елбасы  сұхбат  өткізген  Әулиебұлақтың  маңында  туған.  Сондықтан 
«Нұрсұлтан Әбішұлы Ұлытауға барады екен» деген хабарды ести салысымен бір жақсылықты күтіп елеңдеп 
отырдым.  Теледидардан  Елбасының  бейнесі  жарқ  ете  қалғанда  сұхбатты  бастан-аяқ,  көз  аудармай  қарап 
шықтым. Ертеңінде газетке шыққан материалды қолыма қалам алып тұрып оқыдым. Несін айтасыздар, бұл 
өзі ғажап оқиға болды. 
Менің  бүкіл  өмірім  Ұлытаумен  байланысты.  Қайда  қызмет  істесем  де,  туған  жерімнен  жырақтаған 
емеспін. Ұлытаудың бүкіл тарихы да көз алдымда. 
Егер қазақ жерінің ортасынан тігінен және көлденеңін қос сызық тартар болсаңыз, тура соның түйіскен 
жерінде  Ұлытау  орналасқан.  Бұл  өзі  қазақ  жерінің  кіндігі.  Он  мыңнан  астам  ғана  адам  тұратын  Ұлытау 
ауданының жер көлемі екі жарым миллионнан астам халық тұратын Оңтүстік Қазақстан облысынан үлкен. 
Ал  енді  осындай  киелі  өлкенің  қазынасы  кеңес  заманында  асқан  озбырлықпен,  жабайылықпен  тоналды. 
Кішігірім  кен  орындарының  жанынан  әуелі  вахталық  поселок  салынды,  кейін  ол  жерге  халық  келіп 
қоныстанды, ал кен таусылғанда солардың басым көпшілігі қаңырап бос қалды. 
Қазіргі Жезқазғанның орнында бір кездері Кеңгір деген кент орналасқан. Ол әйгілі Степлагтың астанасы 
еді. Дәл осы Степлагта 50-жылдары 30 мыңға жуық тұтқын, көбінесе саяси тұтқындар болған. Байқайсыз ба, 
осыдан  70  жыл  бұрын  Ұлытау  жерінде  қазіргі  Ұлытау  ауданы  халқынан  саны  үш  есеге  жуық  көп  тұтқын 
ұсталған.  Олар  ең  қиын  жұмыстарға  жегілді.  Тұтқын  сорлыны  кім  аясын?  Оларға  ешқандай  жағдай 
жасалмаған. Пайдалы қазбалар көрдің үстінен де, астынан да ешбір технологиялық, экономикалық талаптар 
сақталмастан қазып алынды. Кені таусылған орындар ашық-шашық күйінде тастап кетілді. Міне, Ұлытаудың 
қазынасы осылайша аяусыз тоналды. 
Ұлытау кеңес заманында да томаға-тұйық өлке болды. Барар жол бар да, шығар жол жоқ. Міне, қазір сол 
өлкеге  теміржол  келді.  Жолмен  бірге  мол  инвестиция  келді.  Жаңа  стансалар,  ауруханалар,  мектептер 
салынды.  Халық  сол  жол  арқылы  батыс  пен  шығысқа  қарай  емін-еркін  қатынайтын  болады.  Менің  туған 
өлкеме жасаған осындай қамқорлығы үшін Елбасына зор рахметімді айтамын. 
Нұрсұлтан  Әбішұлына  тағы  бір  үлкен  алғысымды  елордамыз  Астана  үшін  арнаймын.  Күн  сайын 
жарқырап, жайнап өсіп келеді. Көше толған қазақ жастары. Қарасаң, көз тояды. Астанада әлемдік деңгейдегі 
үлкен  медициналық  холдинг  жасалды.  Оның  басы-қасында  менің  ұлым,  Джон  Хопкинс  университетінің 
профессоры Алмаз Шарман болды. Ол холдингке АҚШ пен Еуропадағы әріптестерін шақырды. Нәтижесінде 
холдинг  әлемдік  деңгейдегі  аса  күрделі  операциялар  жасайтын,  әлем  мойындаған  медициналық  мекемеге 
айналды. Елбасына Астана үшін, осы медициналық холдинг үшін ризашылығым шексіз. 
Жалпы, кейінгі жылдары отандық медицинаның дамуына бөлінетін қаржы 6 есе өсіпті. Бұл дүниежүзінің 
бірде-бір елінде жоқ жағдай. Өкінішке қарай, осы мол қаражатты орынды пайдалану жағында кемшілік көп. 
Бұл бөлек әңгіме. Оның жай-жапсарын сәті түскенде Нұрсұлтан Әбішұлына өзім арнайы баяндаймын. 
Ұлытауда  тағы  бір  ұлағатты  әңгіме  айтылды.  Ол  тіл  туралы.  Рас,  кеңес  заманында  Қазақстанда 
орыстандыру  саясаты  жүргізілді.  Бәріміз  амал  жоқтықтан  орысша  сайрадық.  Қазір  жағдай  басқаша.  Қазақ 
тілі  өсті,  өркендеді.  Енді  оған  төніп  тұрған  қауіп  жоқ.  Тіл  қай  уақытта  өседі?  Ол  тілде  сөйлессе,  жазылса 
өседі. Ендеше, алдымен өзіміз қазақша сөйлеуіміз керек. 
Мен  Елбасының  ағылшын  тілін  жаппай  үйрену  керек  деген  пікірін  толықтай  қолдаймын.  Өз  басым 
ағылшын тілін алпыстан асқанда үйрендім. Өмір үйретті, мәжбүрледі. Қашанғы аудармашы жаныңда жүреді. 
Сексендегі  мен  ағылшынша  сөйлегенде,  сегіздегі  бала  оны  оп-оңай  қағып  алады.  Жалпы,  қазіргі  заманда 
ағылшын  тілін  білмей  дәрігер  болу  қиын.  Бұл  –  заман  талабы.  Біздің  жастарымыз  ғана  емес,  өзіміз  де  сол 
заман талабына сай болуымыз керек. 
Ұлытау  туралы  сөзімді  осы  тақырыппен  аяқтайын.  Кезінде  Америкаға  барғанда  немерелеріме  Ұлытау 
туралы өте көп әңгіме айтушы едім. Сөйтсем, олар Ұлытауды Чикаго, Нью-Йорк сияқты үйлері көк тіреген 
үлкен  қала  деп  ойлайды  екен.  Алғаш  көргенде  қорашсынып  қалды,  бірақ  кейін  жақсы  көріп  кетті.  Қазір 
Ұлытауға  бара  салысымен  тау-тасты  кезіп  кетеді.  Суретке  түсіреді,  интернетке  салады. Міне, туған жердің 
қасиеті  деген  осы.  Сондықтан  Елбасына  Ұлытауға  жасаған  қамқорлығы  үшін  шын  жүректен  алғысымды 
айтамын. 
Көпжасар НӘРІБАЕВ, 
Ұлттық 
ғылым 
академиясының 
академигі, 
экономика 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор:                

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
236  
– Иә, Ұлытау төрінде өте ұлағатты әңгіме болды. Қазақстанның бүгінгі жетістіктерінің бәрі Елбасының 
тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарынан  бастап  елді  тұрақтылыққа  жетелеген  сабырлы  саясатына, 
мемлекетіміздің  күш-қуатын  арттырған  нарықтық  экономикалық  модельді  таңдауына  байланысты  деп 
білемін.  Естеріңізде  болар,  сол  жылдары  Елбасымыз  «әуелі  –  экономика,  содан  кейін  –  саясат»  деген 
қағиданы  ұстанды.  Кеңестен  кейінгі  кеңістік  елдерінде  бірін  бірі  алмастырған  түрлі-түсті  революциялар 
орын  алып  жатқанда  Нұрсұлтан  Әбішұлының  дана  саясатының  арқасында  Қазақстанның  бүгінгі  тұрақты 
дамуының кепілі саналатын берік экономикалық негіз қаланды. 
Қазақстан  –  қазба  байлықтарға  өте  бай ел,  бірақ сол  қазынаның бәрі  жер астында  жатыр. Оны  өндіріп, 
халық игілігіне жарату үшін мол қаражат керек. Сол себепті Елбасымыз шетелдік инвестицияға айқара есік 
ашты.  Нәтижесінде  шетелдердің  ең  алпауыт  компаниялары  Қазақстанға  келіп,  экономикамызға  қомақты 
инвестиция салды. Өзімен бірге осы заманның озық технологиясын әкелді, мыңдаған жұмыс орнын ашты. 
Еліміздің  экономикасы  қарыштап  алға  басқанда  Нұрсұлтан  Әбішұлы  оны  диверсификациялауды,  яғни 
әртараптандыруды  қолға  алды.  Нәтижесінде  Қазақстанда  мұнай-газ  саласы  ғана  емес,  қара  металлургия, 
түсті металл өндіру мен өңдеу, ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай өсті. Кешегі кеңес заманында қосып 
жазып  жүріп  1  миллиард  пұт,  яғни  16  миллион  тонна  астықты  әрең  алатын  едік.  Қазір  жыл  сайын  еш 
қиындықсыз 20-25 миллион тонна астық жинайтын болдық. 
Ел  экономикасы  тұрақты  даму  жолына  түскеннен  кейін  Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму 
бағдарламасын  ұсынды.  Тіпті,  бағдарламаға  қатысатын  отандық  және  шетелдік  кәсіпорындарға  мемлекет 
тарапынан аса зор көлемде қаржылай қолдау көрсетілді. 
Кәсіпорындар  қалыпты  жұмыс  істей  бастағанда  «30  корпоративті  лидер»  бағдарламасы  бойынша 
отандық кәсіпкерлерді әлемдік бәсекеге сай өнім шығаруға ынталандыратын жаңа бағдарлама іске қосылды. 
Осылайша  ұлттық  экономика  жыл  сайын  5-10  пайызға  дейін  өсу  орбитасына  шығып,  әлемдік  бәсекеге 
қабілетті  өнім  өндіру  дәрежесіне  жеткенде,  қазақстандық  тауарларды  бізден  7-8  есе  үлкен  Ресей  мен 
Беларусь  нарығына  шығару  үшін  Кеден  одағы  мен  Еуразиялық  экономикалық  одақ  құру  идеясын  ұсынды 
және  оны  ойдағыдай  жүзеге  асырды.  Мұны  жатсынудың  қажеті  жоқ.  Кезінде  Еуроодақты  да  сынаушылар 
көп болған. Қазір оның пайдасын Еуропаның ең дамыған елдері көріп отыр. Сондықтан Елбасымыз Ұлытау 
төрінде осы мәселеге арнайы тоқталып, нақты мысалдармен дәлелдеп берді. 
Мені экономист ғалым ретінде ел экономикасының дамуы ерекше қызықтырады. «Қазақстан жолы» деп 
аталатын  Нұрсұлтан  Әбішұлы  ұсынған  экономикалық  даму  моделін  қазір  бүкіл  дүниежүзі  ғалымдары 
зерттеуде.  Олар  осы  модельді  дамушы  елдерге  үлгі-өнеге  ретінде  ұсынуда.  Бұл  туралы  жыл  сайын  Астана 
экономикалық  форумына  келетін  ғалымдар  ашық  айтуда.  Олардың  ішінде  атағы  жер  жарған  әлемге  әйгілі 
экономистер,  Нобель  сыйлығының  лауреаттары  Роберт  Манделл,  Джон  Нэш,  Роджер  Корнберг,  Джеймс 
Миррлис,  Роберт  Ауманн,  Финн  Кидланд  бар.  Бұлардың  бәрі  өз  пікірін  ешбір  бұлтақсыз,  «барды  –  бар, 
жоқты  –  жоқ»  деп  ашық  айтатын  тәуелсіз  ғалымдар.  Нобель  сыйлығының  лауреаттары  –  өз  абырой, 
беделдеріне ерекше мән беретін тұлғалар. Олардың Астана форумында айтқан сөздерін бүкіл дүниежүзінің 
экономист  ғалымдары  тыңдады,  Қазақстанның  өз  экономикасын  реформалаудағы  айқын  табыстарын  ашық 
мойындады. 
Қазір  Батыс  елдері  Ресей  экономикасына  санкция  салды.  Сырттан  келетін  тауар  көлемі  қысқарды. 
Елбасымыз Еуразиялық одақ пен ортақ кедендік кеңістікті пайдаланып, Ресейге шығаратын өнім мөлшерін 
ұлғайтуды  тапсырып  отыр.  Шындығында,  біздің  отандық  кәсіпкерлеріміз  қазір  білек  сыбана  жұмыс  істеп, 
босаған нарықты еркін жайлап алуы керек. 
Елбасымыз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру идеясын ұсынды. Бұл да өте қажет бастама. Қазақстан жыл 
аяғына  дейін  осы  ұйымға  кіретін  болса,  тауар  өндірушілеріміздің  алдынан  жаңа  перспективалар  ашылады. 
Біздің кәсіпкерлер осыған дайын болуы керек. 
Қазақстан тәуелсіздік жылдары Елбасымыздың дана басшылығымен ғасырға бергісіз даму жолынан өтті. 
Әлем  таныған,  дүниежүзінің  ең  беделді  мемлекеттері  санасатын  қуатты  елге  айналды.  Оның  болашағы 
бүгінгіден де жарқын деп есептеймін. Бұған қажетті берік экономикалық негіз жасалды. Тек береке-бірлігіміз 
мықты  болуы  керек.  Саяси  тұрақтылық  қана  қарқынды  экономикалық  дамуды  қамтамасыз  ететін  болады. 
Сондықтан бәріміз Елбасының төңірегіне топтасып, оның Қазақ елін өркениет биігіне бастайтын идеяларына 
әрдайым қолдау көрсеткеніміз жөн. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет