Вестник пгу №4, 2010



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі431,21 Kb.
#8440

Вестник ПГУ №4, 2010

166

әдебиеттер:

1. Айтұлы Н. Шығармалар жинағы, 1 том, 2 том, - Алматы, 2008 ж.

2. Мәшһүр–Жүсіп Қ. «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» 

- Павлодар, 2007 ж.-185 б.

3. Қабдолов 3. Сөз өнepi. - Алматы: «Санат», 2002. 



Резюме

В  этой  статье  рассматривается  поэтическое  мастерство 

Несипбека Айтулы.

Resume

This article is devoted to the  poetical   masterpiece of  Nesipbek 

Aituly.

ӘОЖ 81:39 (574)



ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 

А.Қ. Тұрышев

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Мәшһүр–Жүсіп тек қана түркі тілдері туралы  біліп қоймаған дүние жүзі 

тілдері, діндері жөнінде де мағлұматы болған. Мысалы, «Дін туралы жер 

жүзіндегі адамдар дін жағынан екіге бөлінеді. Бірі-Құдайды бір дос (дош), бірі 

Құдайды бір демеуші, «бір» деушілерге кітабы дейді. «Бір» демеушілерге «Бір» 

деушілер 3 түрлі. Ғайса, Мұса, Мұхаммед – бір деме – осылар. Будда, Бірахмен, 

Мәжуси, һубасқа түндей болды. Жер үстінде кітаптан, мішіріктер көп. Тіл 

туралы жер жүзіндегі болған адамдардың тілдері түрлі – түрлі. Санағандар: 

«Мың шамалы түрі бар» - дейді. Бұлардың дүниеге ең көп жайылғандары 

үшке бөлінеді. Бірінші-Һинд һәм Еуропа тілдері. Екінші-күншығыс Азия 

тілдері.  Үшінші:  Хам,  Сам  тілдері  дейді.  Сол  сияқты  Мәшһүр–Жүсіп 

ХIХ ғасырда «мәдениет» деген сөзді бірінші қолданған және мағынасын 

тура берген адам. «Кейбіреулері шаһарларда жиылып, егінмен ас қылады. 

Бұларды: «мәдени халық» - дейді, яғни «ғылымды жұрт» - дейді.  Мәдениет 

– араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, 

«медени» - «қала тұрғыны» деген ұғымды меңзейді (Ә. Нұрмағамбетов, 1990: 

-Б. 9). Демек, «Мәдениет» - деген сөзді біз  тілге қатысты  аламыз да тек 

басқа қырынан қарастырамыз.  

Ж.А.  Манкеева  «Қазақ  тіліндегі  этномәдени  атаулардың  танымдық 

негіздері»  -  деген  монографиясында:  «Олай  болса,  мәдениет  арқылы 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

167

өрнектелген  ұлт  болмысы  тек  тіл  арқылы  танылады»  -  деп  нақты 

көрсеткен. 

«Этномәдениет»  сөзінің  этимологиясын  екіге  бөліп  қарастырамыз. 

«Этнос»  -  тарихи  қалыптасқан  этникалық  қауымдастық  –  тайпа,  халық, 

ұлт. «Этно» күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: 

этногеография,  этнодемография,  этномәдениет,  этнолингвистика, 

этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік, этномінез - құлық айқындалады. 

Этномәдениет – этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография 

– белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс – салт, 

әдет – ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Академик Ә. Қайдаровтың: 

«Зерттеу мақсатына байланысты қазақты «этнос» деп қараудағы мақсат – 

оны төмендету емес, қайта оның басып өткен ұзақ та сатылы даму жолын 

(ретроспективті бағытта) саралай түсудің, тарихи этнотұлға ретінде танудың 

бірден – бір дұрыс жолы, кепілдігі» - деген сөзі зерттеудің бағыты дұрыс 

екендігін көрсетсе керек [1, 11]. 

Екінші  компоненті  «мәдениет»  араб  тіліндегі  «мудун»  сөзі  біздің 

түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, «медэни» - «қала тұрғыны» деген 

ұғымды меңзейді. Осыдан «мәдениет» деген сөз пайда болған. Мәдениетті 

негізінен  орта  ғасырлық  мұсылман  мәдениетінің  өркендеу  кезеңінде 

қалыптасқан түсінікпен байланысты қарастыратын көзқарас қалыптасқан. 

Қазақтар ХХ ғасырға дейін «мәдениет» сөзін қолданбады деген Мәшһүр-Жүсіп 

шығармаларын оқымағаннан кейін айтыла салған. Тағы бірде Мәшһүр-Жүсіп 

«1929 –ншы жылдың 21-ші ноябрінде жеке басылған «Еңбекші қазақ» газеті 

№2-нші нөмірінде: «Ескі заманның мәдениетінен мәжнүн есалаңдар безеді, 

депті. Оны Маркс айтты дегенге келеді. «Сотқа сот қосылса -салмасын, сөзге 

сөз қосылса - демесін». Бұл мәдениет ертегіні жаздық. Сайрам қаласының 

мешітіндегі  тас  бағанды  орнатқан  кім  екенін  жазам»  -  деген  мәлімдеме 

жасайды (М-Ж. 8 том, 416 б.). Бұл – бір. Екінші – орыс отаршылдығы және  

қазақта тіпті «мәдениет» (культура) деген сөзі де болмаған, жабайы халықта 

мәдениет қайдан болсын деп қасақана қолданылмаған термин. Расында да  

«мәдениет» терминінің орнына әдет – ғұрып нормаларының ережесі ретіндегі 

көрсеткіші  болып  табылатын  басқа  синонимдер  де  қолданылып  келді. 

Мысалы: Өлгеніңше өзіңді тәрбиелеп бағайын (Қамбар батыр, 339). Тәрбие, 

әдет-ғұрып (Ш. Уәлиханов), дәстүр (Ы. Алтынсарин), хикмет, ғибадат, иман, 

ғылым сөздерін (А.Құнанбаев) пайдаланған. 

Мәдениет осы мағынасында Еуропаның әлеуметтік ойшылдарының сөз 

қолдану айналымына ХVIII ғасырда енді, дегенмен «мәдениет» деген ұғым 

туралы түсініктері ертерек қалыптасты. Ағартушылардың көзқарасы бойынша 

«мәдениет» «ақыл- ой» дегенді білдірді. Джамбаттист Вико (1689 - 1744), Иоганн 

Готфрид Гедер (1744 - 1803), Шарль Луи Монтеське (1689 - 1755), Жан Жак 

Руссо (1712 - 1778) «мәдениет» қоғамдық орындардағы тәртіпте және саяси 



Вестник ПГУ №4, 2010

168

мекемелерде «ақыл – ой» ретінде айқындалады деп есептеді. Ол, ғылым мен өнер 

жетістігімен өлшенеді дейді. Мәдениеттің мақсаты мен жоғарғы ақыл – ой бір – 

бірімен сай келеді: ол - адамдарды бақытты ету. Бұл мәдениеттің концепциясы 

болды – эвдемоникалық1 деген атпен аталды. ХIХ ғасырдың екінші жартысында 

«мәдениет» деген ұғым ғылыми терминге айналды. Ол қоғамның жоғарғы 

дамуы деген қағидадан арылады. Енді «мәдениет» - «өркениет» және «қоғамдық 

– экономикалық формация», «жаһандану» деген ұғымдармен түйіседі. Сөйтіп, 

«мәдениет» пен «өркениет» ұғымы қатар қолданылып келді. «Қоғамдық – 

экономикалық формацияны» ғылыми айналымға енгізген Карл Маркс (1818 

- 1883). Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіну негізін қалады. Көптеген 

жылдар бойы «мәдениет» пен «өркениет» арасы бірлікте қаралып жүрді. Тек 

қана алғаш рет неміс философы Иммануил Кант (1724 - 1804) шекарасын салды. 

Басқа неміс философы Освальд Шпенглер (1880 - 1936) бұл екі ұғымды тіпті бір – 

біріне қарама – қарсы қойды. ХХ ғасырда «мәдениет» туралы ғылыми таңданыс 

мүлдем жойылады. Романтикалық бейне «мәдениетке» өте сирек шығармашылық 

нәр қосады. Рухани түсінік жөніндегі маңызын арттыра түседі. Оны күнделікті 

тұрмыс нормаларынан аршып алады. Француз философы Жан Поль Сартр (1905 

- 1980): «Мәдениет ешкімді, ешнәрсені құтқармайды және ақтамайды. Ол - адам 

қолымен жасалады, одан ол  өзінің бейнесін іздейді, өзін таниды, тек қана осындай 

қиын айнадан ғана ол өзінің бетін көре алатын мүмкіндікке ие бола алады» - 

деген [2, 12]. Сонымен «мәдениет» туралы нақты анықтама жоқтың қасы. Бұл 

«мәдениеттің» көп мағыналығын білдірсе керек. Зерттеушілердің бағасы бойынша 

«мәдениеттің» мыңға жуық анықтамасы бар екен. Қазіргі заманғы мәдениетте: 

технология,  шығармашылық,  құнды  концепциялық  мәдениет  таралған. 

Технологиялық көзқарас бойынша келсек, мәдениет қоғамдық өмірдің өндіріс 

саласын және қайта өндірудің белгілі бір деңгейін анықтайды. Шығармашылық 

концепция мәдениетті адам тіршілігінің нәтижесі мен өмір сүру тәсілі ретінде 

жалпы қоғамдық қозғалыстың көрсеткіші. Құнды (аксиологиялық) концепция 

мәдениеті өмір сүру моделінің кіршіксіз маңызын ерекше атайды – қоғамдағы 

орнын анықтайды, ал мәдениет ондағы толықтырушы, дем беруші ретінде соны 

іске, шынға асырушы болып табылады. «Мәдениет» ұғымы туралы философиялық 

сөздікте былай деп анықтама берген: исторически определенный уровень развития 

общества, творческих сил и способностей человека, а также в создаваемых ими 

материальных и духовных ценностях [3, 292-293]. Сондықтан да мәдениет әлемі, 

кез келген затты немесе құбылысты – табиғаттың сыртқы күшінің әсері емес, 

адамдардың өздерінің  әрекетінің нәтижесі деп біледі, табиғаттың бергенін тек 

қана жетілдіруге бағыттайды, жаңғыртады. 

Қазақтың  ұлттық  мәдениеті  туралы  бірінші  рет  А.  Байтұрсынов 

«Түркітанушылардың Бірінші съезінде» (Баку, 1926) жылы стенографиялық 

1  Эвдемонизм – этникалық бағыт,  бақытты сезіну, ләззатқа бату (грек. 

еudaimonia)  адам өміріндегі ең жоғарғы мақсат.



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

169

есебінде  жан  –  жақты  ашып  көрсетті.  Ол:  «Көптеген  заттар  олардың 

(Еуропа мәдениеті – А.Қ.) жоғарғы мәдениетті тұрмысы, заттық мәдениеті 

сияқты рухани мәдениеті де біздің халыққа әлі жетпейді» - дейді [4, 424].               

М.Әуезов: «Ол күнде мәдениет жоқ, оның үстіне ісләм діні ескіліктің барлық 

белгісімен  қатты  алысты»  -  деп  жазды  (1927)  [5,  19].  М.  Әуезов  ұлттық 

мәдениеттің орнына «баяғы бағзы заман ескіліктері» тіркесін, М. Жұмабаев: 

«тәрбие»,  «ізгі  құлық»,  «әдет»  баламасын  қолданады.  «Мәдениет»  сөзі 

«культура» - латын тілінде «жерді өңдеу», «табыну» деген ұғымды берген. 

Көшпелі түркі мәдениетінің айғағындай болған заттық, рухани мәдениеттің 

нақты көріністері жер жырту, егін егу сияқты, мыс балқыту, бау – бақша 

мәдениетінің түрлері, халық күнтізбесі ауыз әдебиетінде, тарихи жырлар 

лексикасында жақсы сақталған [6, 7]. Мысалы: «Алпамыс», «Қобыланды: 

жырындағы: Құстың жүні мамық – ты, Арпа, бидай қабықты; Көлденең 

жатқан аңғарды Жерошақ құрлы көрмеді; Шала – пұла пісіріп, Мосыдан 

алып түсіріп; Дихан еккен егінді, Есен алса теген – ді; Бір ағаштың басында 

Көгертпедің екі алма; Бір таба піскен нанды алып, Балаға нанды бермекке;  

Жем қояды шөбімен, Ешбірін Шұбар жемеді; базары пышақ балдақы, Нәсілің 

сенің қалмақы; Жаңы піскен шиедей, Көргенің іші күйеді; Кіші бесін болғанда; 

наурыздан соңғы жаздаймын; Алтын теңге аттырып, Теңгені атып түсірген; 

Әулиеге ат айтып, Қорасынға қой айтып; Жазған хатты көрсе деп, Тасқа 

қалам басады; Ғайып ирен қырық шілтен Баланы қолдап демеді;  Әліп таңба 

қыпшақтың, Атағы озған алаштан; «Көкпар» шауып күніге, Қыз ойнағын қып 

жатыр т.б. ҚКБС жыры Тверитин нұсқасында: Попросил он мать однажды 

Для него курмач* сготовить. Та, без слов исполнив просьбу, Позвала его 

покушать [7, 52]. Тал бойынан тарыдай мін таба алмай («Қыз Жібек» жыры) 

т.б. *Курмач – жареная пшеница, просо – деп анықтама берген. 

ҚКБС жырын ең көне жырдың бірі деп есептесек, ондағы кездесетін «бидай» 

сөзі көшпенділерде мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығының да 

ерте заманнан дамығанын көрсетеді. «Қыз Жібек» жыры туралы да осыны 

айтуға  болады.  С.Е.  Толыбеков:  «Прогресс  в  земледелии  был  основан 

развития метриальной и духовной культуры всех народов. В этом смысле труд 

земледельца действительно был отцом богатства, а земля – его матерью»  - дейді 

[8, 192].  «Мәдениет» мәселесі екі түрлі жағдайда қарастырылады: зайырлы 

және діни. Құдай ілімі ретінде «культура» бұдан былай «мәдениет» «культ» 

бұдан былай «ғибадат етуге» қарай: сенім, дәстүр, шын мәніндегі жоғарғы 

тұрмыс, өзгеше иеге тағзым етуге бірте – бірте шыққан. Қазіргі заманның 

белгілі діни  ойшылы А. Мень жоғарғы Иеге сену бүгінгі сияқты көне заманда 

да кез келген мәдениеттің ішкі тұтастығының өзегі болып табылған дегенді 

айтады [9, 77]. Діндарлар осы қағиданы ұмытқан кісі мәдениетті адамбыз 

деуге мүлдем құқығы жоқ дейді. Сондықтан да болар «ғибадат» («культ») 

дыбыстық жағынан да мазмұны жағынан да «мәдениетпен» («культура») әбден 



Вестник ПГУ №4, 2010

170

сәйкес келетіні. «Культура» деген сөзді ең бірінші талдаған Н.К. Рерих (1874 

- 1947). Ол екіге бөліп қарастырды: «культ» - табыну, бас ию, «ур» - зайырлы 

өмір, жарық дүние. Н.К. Рерихтің ұраны «Әлем мәдениет арқылы» болса, өз 

кезінде «Әлем жарық дүниені бағалау арқылы» болмақ керек демек, адам жан – 

дүниесіндегі жарық дүниеге сенуі арқылы келмек керек деген сияқты ұғынады. 

Тарих басқаша діни көзқарасы мүлдем болмаған бірде – бір қоғамды білмейді. 

Мәдениет  – дәстүр құндылықтары сіңген, адам түсінігі үшін заттық айғақ  бар 

болса, сол жерден басталады. А. Меньнің сөзіне орайлас Толыбеков: «Казахи 

больше верили духу предков, чем богу. Эти два слова – арвах и кудай – они 

употребляли вместе как синонимы, причем на первом месте всегда стоял дух 

предков» - деп жазды [10, 195].  Алғаш рет әдебиетте «мәдениет» деген термин 

Римнің атақты философы, әрі шешені Цицеронның (б.д.д. 45 ж.) «Тускулан 

кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Қазақтың ұлттық төл мәдениеті көшпелі 

түркі мәдениетінің жалғасы болып табылады. Номадизм – көшпелі түркілердің 

шаруашылық  қызметінің  аса  маңызды  саласы.  Номадизм  -  кеңістіктегі 

адамдар тобының көшіп – қонуы. Номадизм – шөп жейтін малды көбейту, 

су және маусымдық жайылым (қыстау, күзеу, жайлау) көшіп – қону. Бұл 

дегеніміз – заттық, рухани мәдениеттің қайнар көзі. Тері илеу, киім тігу, тағам 

түрлерін жасау, ат әбзелдерін жетілдіру т.б. Көне Қазақстан аймағындағы 

көшпелі мал шаруашылығын б.д.д. 1 - ші мың жылдыққа жатқызамыз. Соның 

негізінде мал шаруашылығының  үш типін анықтаймыз: көшпелі, жартылай 

көшпелі, отырықшы. Көшпелілердің озық мәдениеті А.Медоевтың «Гравюры 

на скалах» Алматы, Жалын, 1979 жылғы еңбегінде жан – жақты сипатталған. 

Онда ат (жылқы) көлік ретіндегі қызметі, өмір сүру динамикасындағы рөлі 

сипатталды [11, 20, 21]. Мал шаруашылығымен айналысқан түріктер әрдайым 

құдайлардың  қоршауында болды. Сондықтан да олар малдың иесі бар деп 

түсінді. Мысалы: жылқы (Қамбар ата), түйе (Ойсыл ата), сиыр (Зеңгі баба), 

қой (Шопан ата) т.б. С.Е. Толыбеков: «Культ животных у кочевых народов, как 

одна из форм общественного сознания, надо полагать, не мог сразу исчезнуть 

даже после того, когда эти народы уже превратились в оседлых земледельцев 

или смешались с ними» - деген болатын [12, 197]. Түріктер үшін құдай: күн 

кейіннен Тәңір мен Ұмай болды. Көшпенділер үшін доңғалақты арба көшіп-

қонып жүргенде үй - жай болса, жаудан қорғанатын қорғанның да рөлін 

атқарған. Қорғанның өз заңдылықтары болған. Ор (үй) қала есебінде жүрген. 

Түріктердің бұзылмас дала заңы құқық ережелерін сақтап отырған. Міне, 

осындай «ор» кейін «орда» да бір уақытта «тәрбие», «өнер», «ғибрат сенім» 

қатар жүрген. Сонымен жас түрікті полисте (қала) өмір сүру қағидасымен 

тәрбиелеген. Шыныққан түрікті, бала түріктен тәрбиелеп шығарған. Гректер 

мұны «пайдейя» терминімен (рais - бала) деген. Демек, «пайдейя» тәрбие, оқу, 

үйрену, кең ұғымда білім алу, білімді, мәдениетті дегенді білдірген. Полистің 


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

171

толық қанды мүшесі «техне» «саяси техне» дегенде мәні ашыла түскен. Түрік - 

ат әбзелін жасауды, тері өңдеуді,  мал шаруашылығына байланысты, кейіннен 

егін шаруашылығына қатысты «әліпбиді» өте жақсы меңгеруі шарт. Полис 

«әскери шынығу»  азаматтық борышпен толығып отырған. Ол ұзақ жылғы 

тәжірибе жолы  «схоле» арқылы келген. Грек ойшылы Геродот: массагеттер 

соғыстың екі әдісін біледі - садақ тартып та, найзамен де шайқасады; әдетте 

айбалтамен де қаруланған. Олардың заттары алтын мен мыстан жасалған бас 

киімдері, белдіктері және орамалдары алтынмен безендіріледі. Олар аттарға 

арналған өмілдіріктерді де мыстан жасайды, керісінше, жүгенді, ауыздықты 

және құйысқанды алтынмен әшекейлейді – деп жазды (Геродот. Тарих 9-том. 

Аударған Ф.Г. Мищенко. М., 1888, 1-том, 113-114 беттер) [13, 8]. Есік көлі 

маңынан табылған «Алтын адам» Геродоттың алтынды ел дегенін тағы да 

әлем алдында дәлелдеп берді. «Сақ жауынгерінің үстіндегі киімінен табылған 

үлкенді – кішілі және әр түрлі пішіндегі 4 мың алтын әшекей бар ...» - дейді 

Кемел Ақышев өз сөзінде [14, 5]. Ертедегі көшпенділер туралы жазған  Геродот 

(Массагеттар), Старабон (Сақтар мен Массагеттер), Аммиан Марцеллин 

(Гундар) ешқандай егін екпейді, ешқайсысы соқа ұстап көрмеген, тек қана 

жылқы ұстайды, балық аулайды деп жазады. Кейінгі археологиялық қазба 

байлықтардың деректеріне сүйенсек, ішінде дәні сақталған қыш құмыра 

табылды. Бұл дегеніміз жартылай отырықшылдық ертедегі көшпенділерде 

болған. Бәрі бірдей көшіп жүрмеген. Бір бөлігі алтын мен мыс балқытқан, 

қару- жарақ соққан, ат әбзелдерін, тұрмысқа қажетті заттар жасаған. Ұсталар 

дүкен ұстаған онда егін шаруашылығына да байланысты заттарды жасап 

шығарған. «ін», «ұрық» дән егу мағынасындағы сөздер  ерте кезде пайда 

болған. Осыған байланысты тағы да мына төмендегі мысалдарды келтіре 

кетсек артқы болмас:  Екі күрек, екі үлкен кетпенменен, Және сегіз көшіңмен 

мес бере көр (ҚКБС, 40). Ұсталар соққан кетпендей, Нұр тұқымын еккендей 

(ҚЖ, 70). Сол сияқты, заттық, рухани мәдениеттің көріністері боларлық: 

мылтық, қамшы, шапан, лашық, бұзау тіс қамшы, тоқсан саба, жөргек, қобы, 

қымыз, ақ орда, жыршы, мөр, сәлде, намаз, шолпы, найза, күмбез, сауын, ас, 

бәйге, көмбе, тақия, балта, етік, дүрбі, садақ, айыл, құйысқан, алтын тон, жүзік, 

шоқпар, сойыл, бөрік, балға, егеу, жалау, қарқара, шідер, бешпент, теңге, қара 

болат, тасаттық, бөстек, әже, інген, табақ, кілт, алтын сырға, білезік, көген, 

қанжыға, қылыш т.б. ұшырасады. Бұл сөздердің кейбірі көне дәуір белгілері 

болса, кейбірі бертін қосылған тіл қабаттары екендігі байқалады. 

Г.Н. Тверитин аударған ҚКБС жырында: би, текемет, марал, домбыра, 

шайтан, сүйінші, ас, қазан, сорпа, саба, бауырсақ, қазы, құрт, бақсы, қобыз, 

бәйге, жаулық, ақын, қалам, алтын тарақ, қылыш, найза, асық, қуырмаш, 

барымта, арқан, бешпет, ши; жер – су аттары: Алатау, Аягөз, Шоқ – Терек, 

Қызыл – Қия т.б. этномәдениет лексикасы кездеседі [15, 117]. 


Вестник ПГУ №4, 2010

172

«Қыз Жібек» жырының [16, 1- 49] 1887 жылғы Мұсабай нұсқасындағы 

заттық мәдениет лексикасы: оймақ, қарындас, қостан әйкел тағынған, күміс 

қоңырау, повозка, алтын сая, алтынды ер, шар болат, орда, аса жұрт, зергер, 

мырза, бәйбіше, уық бау, домбыра, жібек, шатыр, қосақ, көш, орамал, бөз, 

күйме, ақ балдақ қылыш, бөрі, қалың мал, сүт, қымыз, берен, бек, шашақты 

қара ту, қосщы, ақ сауыт, қорамсақ, қозыжаурын оқ, саржаның кірісі, ақ 

сырық мылтық, жорға, ақ найза, тал оқ, өткір пышақ, ақ сүңгі, нөкер, дулыға, 

нар, түйе, ат-тон, көк арба, жезде, балдыз, мәстек, зеңбірек, ақ мата, солдат, 

темір киім, шідер, көмір, темір, жетім құлын, қауын, арақ, бал, ұшба қағаз, 

шоқтығы, масақты оқ, қоян, үзбелі сапты жете, алқа, алтын түйме, бедеу, 

жеңге, күйеу, аттың майы, бикеш, сәукеле, белбеу, бет моншақ, қоңыраулы 

найза, шарайна, қорамсақ, қозы жауырын оқ. 

Рухани мәдениет лексикасы: жеті енеңді ұрайын, төрт түлік, барымта, 

салауат, сүйінші, әулие, бата, киесі, китке киіп жөнеді, хат, елші, хожа, алла, 

бояқ, қарабасым, тамыр, жұрт, патша, саумал, күзек, дұғай сәлем, иман, 

жырау, батыр, той бастау, айтыс, неке қияр хат, тұл т.б. 

Халық метрологиясы: сәске, екінші күн, бие саумал, бір шоқ қара, жүз 

теңге, таң сарғайып атқанда, нан піседі, уақыт, қос жорға, көш – жөнекей, 

асқар төбе, таң атқанша, қос уыс, сәрсенбі күні сәскеде, ұзын өлке, уысы 

толып, бір сайлау жер, бір шыбын жан, тастай маң қараңғы, азан, сексен 

аршын, жеті қабат жер асты, мойны қырық кез қара атан, алты құлаш, қоңыр 

дам жерлер толады, нан піседі деміне т.б. 

1900  жылғы  Жүсіпбек  Шайхыисламның  [17,  49-122]  нұсқасындағы 

заттық мәдениет лексикасы: тоқты, қант, шай, қатын, тұрманы, таға, алуа, бал, 

құнан қой, жая, жал, кірекеш, жортуылшы, хан, уәзір, дөнен, көбен, қысырақ, 

қамшы, құлан, көйлек, сары мая, мұрындығы сары жез, бұйда, жібек, сазан, 

ауыздық, нөкер, шашбау, қымқап зерлі кілем, арқан, дүрия бешпент, алтынды 

кемзал жидеше, сым, күміс, жорға, торқа, қом, жағдан, жабдық, сандық, кебіс, 

гауһар, жауһар, пәуеске күйме, қошқар, найза, бөрі, қылыш, тұлпар, өмілдірік, 

ұршық, шам, қоңырау, арба, тройке, кебіс, сырға, балта, нар, оймақ, кетпен, 

сым, тары, дамбал, жасауыл, шыны, кіреует, қоян, құнан қой, сары май, сүмбіле, 

мырза, жезде, апа, ақ берен, саулы інген, марқа, тұйғын, қоржын, гауһар, лағыл, 

алтын, күзен, қобыз, жарақ, ат-тұрман, сауыт – жарақ, алтын балдақ, ақ семсер, 

қынап, бадана көзді кіреуке, тоғыз қабат көк сауыт, алтын сауыт көбе, қозы 

жаурын жебе, қорамсақ, садақ, кіріс, мылтық, білте, қорғасын, сауыт, кебіні, 

кереге, көгі, арқан, фірәнкі, шұға, мақпал,  жасыл ту, шатырасы, көйлек, түйме, 

алмас, семсер, сәукеле, тебінгі, құйысқан, көбе, жебе т.б. 

Рухани  мәдениет  лексикасы:  зекет,  жайлау,  оба,  періште,  мирас, 

сүйінші, тәңір, құм құйылсын көзіңе (қарғыстың түрі), тілі тимей ме?, әнбия, 

әулиелер, мінәжат, көл игесі Қамбар–ау, шөл игесі Қамбар–ау, Зылиха Жүсіп 

пайғамбар, пірі Биби Бәтима, хазірет Сұлтан, Баба түкті шашты Әзиз, баһар, 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

173

көке, Ғайып иран қырық шілтен, бата аяқ, жеңгелік, айдай әлем, түс, жер бесік, 

асық ойнап, ахірет сапар, құрбандық, қызыр ілияс, қырық шілтен, мінәжат, 

сәжде, көк түскен жер тақыр т.б.  

Халық метрологиясы: қасықтап жиған мал, ділләсі, жамбысы, тоғыз, 

наурыз айы, айдық өткен нешесі, сәске махал, шолпанның туған жұлдызы, 

бір көш, қырық нарға жүк арттырып, алтынды шыны кеседей екі көзінің 

шарасы, ерте мен кеш, бесінде, сом алтын, наурыз, жазғы түскен сағым, алты 

арыс, шаңқай талтүс, іңірде шайтан көшкендей, ділдә, қараша, көктем, қыс, 

жазғытұрым, жүз мың ділдә, сегіз пұт, үш айшылық жол, қырық бес күндік 

ортасы, шөл жазира, бесін махал, намаздігер, алпыс қадам, бисағат күн, құс 

қонбас құла жапан, жұлдызы шыға, он сегіз мың ғалам, ғарыш пен күрсі, 

қырық күн тойын, отыз күн ойын, құбыла, жіңішке әйел жолы, замана, он 

бес құлаш ақ семсер, айналды жұлдыздары енді оңға. т.б. 

«Ер Төстік» ертегісіндегі: дәу қара қазанды суға сүңгіп алып шығатын 

Шалқұйрық ат, Төстік, Темір хан, садақ, тоғыз қабат кетпен, өрмек тоқу, 

темір таяқ, темір етік, мосы, бақыр, кереге басына ілінген көп сырға, Жылан 

Бапының ордасы, қайыс белбеу, сандық, егеу т.б. 

Бұл  мысалдар,  қазақ  тілі  көшпелілік  үрдістен  қалған  реликт; 

көшпенділер шынайы мәдениетке жете алмаған, «мәдениет» деген қалаға 

ғана тиісті сондықтан ол отырықшылардың үрдісі деп жариялау, түркі 

халықтарының мәдени түбірі арийлік архетипте жатыр, олардың мәдени 

жетістіктері ирандық «баулудың» нәтижесі – деп, қарауға үлкен соққы 

бола алады [18, 170]. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі [19, 258]: 

Қазанқап, Кендебай, сауыт – сайман, аузына құлып  салынған зындан, 

алтын  кебіс,  Дарияның  үстінен  құстай  ұшқан  Керқұла  ат,  пұл,  алтын 

құйырық, қоржын, алмас қылыш т.б. 

«Қобыланды батыр» жырындағы [20, 355]: Тайбурыл, дәрі, түтік, алмас, 

күміс; «Алпамыс батыр» жырындағы: Байшұбар ат, сенім иесі Ғайып ерен 

қырық шілтен, Қызырәлі жәбірәйіл, Бабай түкті Шашты Әзиз т.б. 

Алынған мысалдар сонау алыс замандағы көшпенділер мәдениетінен 

сыр беретін негізгі айғақ боларлық кілтті сөздер болып табылады. Жылқыны 

кеңістікті жеңу мақсатында әсіресе, көшпелі халықтар шебер пайдалана 

білген. Мұны көшпенділерге көрші халықтардың миф – аңыздарынан да 

анық байқаймыз. Мысалы, ежелгі грек мифологиясындағы қанатты тұлпар 

Пегас  бүкіл  елді  қан  қақсатқан  жауыз  Химераны  өлтіруге  көмектеседі. 

Ал, салт атты көшпенді скифтің метафорасы – кентавр Хирон өзінің досы 

атақты  Прометейге  көмек  беру  үшін  мәңгілік  өмірден  бас  тартады.  Бұл 

сарын шумердің «Гильгамеш туралы» жырындағы Гильгамеш (Күлкөмеш 

болуы  мүмкін  –  А.Қ.)  көшпенді  Энкидудың  достығынан  да  аңғарамыз. 

Шалқұйрық, Керқұла, Тайбурыл, Байшұбар  т.б. іс - әрекеттері жылқының 

(жыл құсынан) қысқарған, әуелі ұшқан, кейіннен қос мекенді болған, бара – 



Вестник ПГУ №4, 2010

174

бара жерді мекендеген алып самұрық құстардың қалдығы, тұқымы болуы 

мүмкін. Аузымен құс тістеген, құстай ұшып, құспен жарысып, қанатты пырақ 

т.б. тіркестер жай ғана айтыла салмаған сияқты. Геродот исседондардың 

шығысында  аримаспилер,  одан  әріректе  «алтын  қорыған  самұрықтар» 

-  «грифтер»  тұрады  дейді  (Гередот.  История.  IV,  16;  «Вестник  древней 

истории»,  1947,  №1,  298  б).  Аримаспилердің  көршісі  «Алтын  қорыған 

самұрық» және «қанатты иттер» тайпасы болған. Аристей және Геродот, 

кейіннен грек авторларының болжамында олардың елі алтынға бай болған, 

соны  қорғау  үшін  жылқы  кейіпінде  бейнеленген  аримаспилермен  соғыс 

жүргізген.  Неміс  ғалымдары  А.  Гумбольдт  және  Л.  Бек  «самұрықтар» 

мекенін Алтай тауы деп жорамалдайды. Орыс саяхатшысы Н.А. Северцов 

«қанатты иттер» бейнесіндегі алып жыртқыш құс – құмай ол туралы шығыс 

деректерінде де айтылады дейді. Жазушы ғалым С. Марков құмай Азия 

алтынын қорыған ғажап та қатерлі грифтердің тірі бейнесі емес пе екен деп 

болжам жасап, оған осы күнге дейін Тянь – Шань қырғыздары арасында 

сақталған жұмыртқасынан күшіктер өрбитін самұрық – құмай туралы аңызды 

келтіреді (С. Марков. Земной круг. М. 1966, 22 б).  Қазақтар арасында да 

италақаз туралы аңыз бар. Махмут Қашқари былай дейді: Барақ- жүндес аң 

иті. Түркілердің түсінігінше, бүркіт қартайған шағында екі жұмыртқа туып, 

басады. Біреуінен барақ күшік шығап, аңгер болады. Екіншісінен балапан 

шығып, қыран болады. Бұл сол бүркіттің соңғы тұқымы болады деседі (1993: 

183). Ә. Диваев, Қ. Халид, С. Мұқановтың еңбектерінде жақсы айтылған. 

М.М.  Копыленко:  «Среди  этих  эвфемизмов  было  и  модифицированное 

найменование  собаки  ит  –  құс  (`собака  -  птица`  за  котором  скрывается 

неизвестная нам легенда)» /А.К.  Ахметов, 1973, 7/ [21, 71] - деп жазды. Сөйтіп 

ат мінген Керқұла атты Кендебай жерден босап, ғарышқа самғағанын бірақ 

біледі. Жер – ана Кендебайды қанша жібергісі келмесе де, ол шексіз әлемге 

өзінің қадамын нық басады. Кендебайдың шексіз әлем алдындағы ала жіп 

тұсауы осылай кесіледі. Ер Төстік жер астындағы жылан Бапы ордасына 

«полис» еркін кіреді, жер үстіне еркін шығады «алып бәйтерек», «Шоқ терек» 

(ҚКБС) жырындағы үш әлемді «жоғарғы» аспан, «орта» кеңістік, «төменгі» 

жер асты өмірмен байланыстырады. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар 

аймағымен қатынасын үзбейді. Ер Төстік осы үш өмірді көреді, ой елегінен 

өткізеді.  Белгілі ғалым А. Сейдімбеков: «Сөз жоқ, мұндай ертегілердің ең 

алдымен кен қазған өңірде дүниеге келуі күмән тудырмайды. Байтақ дала төсін 

мекен еткен ұрпақ көшпелі мал шаруашылығының ырғақты жүйесіне түскенге 

дейін отырықшы болып келгені Андрон, Бегазы – Дандыбай мәдениетінің 

айғақтарымен айқын дәлелін тауып отыр» - дейді [22, 58]. Кендебайдың 

(Кен + де + бай) өзі дүниеге келгенге дейін – ақ, зат материалдық дүниеге 

ие болған. Ер Төстік жер астына түскенге дейін – ақ шахтадан кен өндіріліп, 

алтын мен мыс балқытылып, құпия химиялық технологиясы көшпелі түрік 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

175

мәдениетінің шырқау биік мәдениетін көрсететін ақиқатқа баяғыда айналған. 

Ә. Марғұлан: «Несколько позднее (IV тыс. до н.э.) на основе неолитической 

хозяйственной  традиции  постепенно  зарождается  новая  металлическая 

культура, совершившая переворот в жизни древних неолитических племен 

Казахстана» - деп жазды [23, 31]. 

Бұл орайда,  Кетпен, шот ап, ар қылдың жер қазуға, Жұмыс қылмай 

соқырдың  күшіменен  (Мәшһүр-Жүсіп,  126  б);  Күрекпенен  шоқ  салса, 

Жақындамай сөнеді (Алпамыс, 207); Садақ тартып үйренеді, тартқан садағы 

тоғыз қабат кетпеннен өткізеді («Ер  Төстік» ертегісі, 4 бет). Келтірілген 

мысалдағы қарамен жазылған лексика туралы Мұрад Аджи: Алысқа көз 

жүгіртсек  мынаны  байқаймыз  қазіргі  заман  геологиясы  және  таулы  істе 

көптеген  ұғымдар  мен  терминдердің  әлем  жаңалығы  болып  түріктерден 

ауысқанын мақтанышпен айта аламыз: кайло, бутора, кирка т.б. дейді [24, 169]. 

А.З. Будагов сөздігінде: курекъ, лопата, лопатка (кость плечевая), кочегарка; 

китмэнъ, ключъ замочный; въ числ   осданыхъ орудій, встр чаются это 

слова въ значеніи: заступа или лопаты: щиты, заступы, топоры; кетменъ, рыть 

заступомъ – деп түсініктеме берілген [25, 121, 173].  Кетпенді тек қана қазу 

жұмысына ғана қолданбаған, қалқан, қорған есебінде де пайдаланған. Кетпен – 

қорғанның кілті, қорғаныс қаруының түрі, бұл сөз қорғаныс және күрек түрінде 

кездеседі, Вамб. ағылшын. кетпен «қазу», «қорғаныс» деген мағына береді 

дейді тағы бірде (Будагов, 173 бет.). Кетпен жауынгердің қару – жарағының 

бір түрі қалқан деген мағынада жұмсалған. Демек, Будаговтың анықтамасы 

өте дұрыс. Көркем әдебиеттегі этномәдени лексиканың мағыналары туралы 

Б.  Хасанов:  «Табиғаттағы  пайдалы  кендер  мен  бағалы  минералдар  және 

олардың әр түрлі өнімдері атауына байланысты метафоралардың ішінде 

ең көп қолданылатыны алтын және темір. Тұрмысқа қажетті құралдар мен 

жиһаздарға байланысты туған метафоралар да елеулі орын алады. Мысалы: 

балта, ұстара, қазан, қазық, шам, бесік т.б.» - дейді [26, 197]. Ал, бау – бақша 

мәдениеті  жөнінде:  Р.Г.  Ахметьянов:  «Ряд  земледельческих  терминов 

русского происхождения в татарский язык были заимствованы в период 

западно – кыпчакского единства, например, арыш `рожь`, салам `солома`, 

сала `село`, которые имеют параллели в Godeх Cumanicus и в языке армияно 

– кыпчакских памятников. О древности земледельческой традиции татар 

свидетельствует, на наш взгляд, и то, что имена существительные урак `серп`, 

сабан `сабан`, сука `соха` употребляются также в значениях соответственно 

`жатва` и `вспашка`. Почти все названия овощей в татарском языке (карбыз 

`арбуз`, кыяр `огурец`, кишер `морковь`, чөгендер`свекла`, торма`редька` 

и.т.п.) – древнего среднеазиятского происхождения» - дейді. Бұл дегеніміз, көне 

түркілерде бақша мәдениеті ерте заманнан бері дамып, ал славянь халықтары 

бау – бақшамен кейіннен айналыса бастағанын көрсетеді. Мысалы: Даңғыл, 

дабыл қақтырды, Кішміш, мейіз жегізіп Шұбар атты бақтырды (Алпамыс, 



Вестник ПГУ №4, 2010

176

234) Өзім қаштым дермісің? Мейіз берсем жермісің  (Қобыланды, 82), Бір 

ағаштың басында Көгертпедің екі алма (Алпамыс, 211);  М. Қашқари армұрт: 

алмұрт – деп жазған [27, 125]. С.Е. Малов: «Например, где же уйгурам на их 

солончаках знать и помнить название яблока – алма? И вот, у степных уйгуров, 

живущих близко к г. Сучжоу, вместо тюркского слова «алма» употребляется 

китайское «сагоза», но у горных уйгуров, проживающих дальше от крупного 

центра – города Сучжоу, сохраняется это слова «алма». У степных уйгуров, 

правда, сохраняется слово «алма», но с прибавлением «су» (вода) – «су» 

алма» - со значением уже «груша». Уйгуры, проживающие близко к Сучжоу, 

забыли название винограда, оно у них китайское «путо» (кит. путао), а у 

горных уйгуров виноград по тюркский – «узум» - дейді (Язык желтых уйгуров,  

6 бет). Осы мысалдарда келтірілген кейбір лексика туралы заттық мәдениетке 

байланысты  жазылған  зерттеу  еңбекте  толық  айтылады.  Сондықтан  да 

зерттеу жұмысқа қатысты ішінара бірен-саран ғана деректерді келтірдік.  

Ж.А. Манкеева: «Қазақ тілі лексикасының ең бір сүбелі қабаты – этнолексика. 

Оның бойында өткен өмір тарихын бейнелейтін әр түрлі саладағы сөз қазынасымен 

қатар халқымыздың өткендегі рухани да материалдық мәдениетінің көрінісі 

іспетті заттық мәдениет лексикасы да сақталған» - дейді [28, 27]. 

Біздің  тарихи  мәдениетіміздің  түп–тамыры  алғашқы–қауымдық 

құрылыстан басталады. Алғашқы  қауым – адамның балалық шағы. Адамзаттың 

тарихының көп бөлігі алғашқы қауымдастыққа келеді. Американдық этнограф 

Л.Г. Морган (1818 - 1881) адамдардың пайда болуын («Көне қоғам», 1877) 

алғашқы қауымдастықты «тағылық» дейді. У.К. Ясперса схемасында әлем 

тарихында алғашқы қауымдық дәуір «тарихқа дейін», «прометтік дәуір» - деп 

атаған. Біз 200000 жыл бұрын тұрған адамдардың жан - дүниесі туралы ештеңе 

білмейміз. Дегенмен, тарихи даму өмір сүру барысында адамзат биологиялық 

және психофизикалық жағынан өзгеріске түскен жоқ. Содан бері бар-жоғы 

100 ұрпақ өтті. Біздің ата – бабамыз біз бара алмас дәуірде тобымен оттың 

маңында өмір сүрген сияқты. От және қару адамның адамға айналуының 

негізгі факторы болып табылады. Алла жаратқан жерде Адам ата мен Хауа 

ана пайда болды дейді аңыз. Алла адамды, жан – жануарды, аңдарды, егінді 

бір мезгілде жаратқан дейді тағы да. Адам көзі ашылғаннан бергі маймылдың 

өзгеріп адам болғанын көрген жоқ. Олай болса, адам маймылдан пайда болған 

деген жорамал теріске шығады. Ең алғашқы еңбек құралы 2,5 млн жыл 

бұрын пайда болған екен. Адамдар жасаған еңбек құралының материалынан 

археологтар алғашқы қауымдық әлемді: тас, мыс, қола және темір заманына 

бөлді. Көне заман тас дәуірі: (палеолит) (грек тілінде рalaios – көне және litos - 

тас), мезолит (орта тас дәуірі) және неолит (жаңа тас дәуірі) - деп үшке бөлінеді. 

Тас дәуірінің хронологиялық шекарасы шамамен 2 миллионнан – 6 мың жыл 

бұрын қамтиды. Палеолит үш кезеңге бөлінеді: төменгі (ертелі), орта және 

жоғарғы (кеш дамыған кезең). Тас дәуірді 4 – 3 б.з.д. мыңға созылған  (неолит) 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

177

қола ауыстырды. Артынан (4 - б.з.д 1 мың жылдық жез (мыс) дәуірі созылды. 

Академик  Ә.Марғұлан  атап  көрсеткендей:  «жез»  деген  сөз  (кейбір  түркі 

тілдерінде – jaz, jäz ) санскрит, грек, латын, гот сияқты ерте дүние тілдерінде 

пайдаланылған (Археологические исследования в Казахстане, 1973. - С . 4-5). 

Мұның өзі бұл жерлерге «жез» сөз ретінде «экспортталуы» мүмкін емес, 

Орталық Қазақстаннан металл ретінде жеткізіліп, өз атын сақтап қалғанға 

ұқсайды (кейінгі кезеңде ғана «купрус» - деп атаған) [29, 14]. Бұны темір дәуірі 

алмастырды. Полеолиттің аяқ кезіне қарай адамның қазіргі пішін – келбеті 

қалыптасты [30, 14]. Во – первых, на рубеже среднего и верхнего палеолита 

заканчивается эволюция ископаемых гомонит и появляется «настоящий» 

человек – Homo Saрiens [31, 142]. Қазақстан аймағындағы ең ертедегі адам 

баласының құралдары Сарысу өзенінің бойында неополитикалық Бөрібас I, II 

тұрақ табылды. Үңгір тұрағы Теректі әулие жартасқа, қабырғасына  салынған 

суреттерімен және тағы аттардың, бизон мен барыстың суреттерімен таң 

қалдырды – деп жазды Ә.Х. Марғұлан     [32, 20]. Сол сияқты Жезқазғаннан 

темір дәуіріне дейінгі мәдениетке жататын көне адамның қаңқасы табытымен 

табылды.  Ұлытауда  қола  дәуіріне  жататын  көптеген  ескерткіштер  атап 

айтқанда: Жанайдар, Тоғызбайкөл, Айбас - Дарасы, Едіге (Қорғантас), сол 

сияқты қола дәуіріндегі құрылыстар Ұлытау, Жанғабыл (Смырқон) Орталық 

Қазақстанның батыс шекарасынан айғақ боларлық көптеген заттар қазып 

алынды  [32,  20].  Жаманөзенге  таяу  Ортау  жақта  шығыс  және  солтүстік 

шығыс тау бөктерінде ерте дәуірдің үш кезеңі ерте, орта, кеш кезеңі (қола) 

ескерткіштері жақсы сақталғаны анықталды. Ортаудың терең үңгірлерінде 

қола дәуір ескерткіші сақталса, маңындағы орда - қорғандарды қосатын тас 

жолдар салынып, гранит тас төселгені анықталды. Демек, бұл материалдар 

көне Қазақстанда мәдениеттің ерте басталғанын көрсетеді. Отырықшы елде 

ұсталық дүкендер жұмыс істеген. Олар қару-жарақ соққан, ат әбзелдерін 

жасаған. Көшпенділердің арбасын жөндеген. Көшпелі мәдениет таспен тері 

өңдеуді ойлап тапқан. Кейіннен қола, мыспен өңдеген. 

Неолит дәуірінде шаруашылықтың екі түрі: мал өсіру мен егін салу 

мәдениеті  қоса  дамыды.  Қола,  мыс  өндірушілермен  «полистармен»  мал 

шаруашылығымен  айналысатындар  сауда  жасасып,  мал,  аң  терісімен 

айырбас жасасып тұрған. Көл, өзен жағасындағылар балық шаруашылығымен 

айналысты.  (Адамзаттың  палеолит  заманынан  15  –  10  мың  жыл  бұрын 

ең бірінші қолға үйреткен аңы ит болды. Иттің  шыққан тегі де қасқыр 

болған. Ит адамның ең сенімді досына айналды. Түз тағысы, дала баласы 

түріктердің қолына тез үйренді. Қасқырдың айға қарап ұлуынан «ұл» «ұлы» 

сөздерінің шығуы мүмкін. Одан «ұлыс» сөзі туындауы мүмкін. Бұл туралы 

Кляшторный budarag ulus budun тіркесіндегі ulus «халық», «ел» дегенмен 

мағынасы жағынан ешқандай қатысы жоқ дейді [33, 129]. Е.Н. Жанпейісов 

«көне түркі  ulus сөзі орыс тіліне ХI ғасырда «волость» болып кірген. ULUS 



Вестник ПГУ №4, 2010

178

(ulus) > волость > болыс» - деп дыбыстық жағынан жаңғырған нұсқасын 

көрсетеді [34, 30]. Ұлыманың күшіктерін түріктер «ұлы» деген. Тотемдік 

түсініктер халық жадында архетиптік қызмет атқарған. Басқа бір рәміздер 

мен  таңбаларға  айналған.  Мысалы,  барыс  (ібіліс)  кейіннен  көк  бөріге 

алмасқан. Ата – тек тотем Көкбөрі жаугершілік пен еркіндіктің, батырлық 

пен қайсарлыққа шақырған символ болған. Бөрілердің өз ара қырқысып, 

жеміне таласы көшіріліп ұлттық ойын түрі «Көкпарға» түскен. Күн түрік 

дүниесі үшін құдай болды. Күн ұясына кіргенде оның орнын ай басты. Күннің 

жылылығын, нұрын түн мезгілінде ай атқарды. Айға байланысты: «Толық 

ай» сияқты адамның бет әлпеті толық болса, дөңгелек ай секілді жамалы, 

нұры - деген эпитеттерге ие болды. Әр айдың 14 түнін қырғыздар бедер  

«әдемі әлпет» - деп жазды (Будагов, 247 б.). Түн (қараңғылықтың) белгісі, 

зұлымдық тек қана түнде істеледі. Оған қарама – қарсы тұра алатын ізгілік 

иесі «ай». Бөрі екеш бөрі ай сәулесімен өзінің барар барысын, жемін аңдиды. 

Түз тағысы бөрілер ұлу арқылы бір – бірімен хабарласады. Ұзақты күн дала 

кезген түрік бұл құбылыстарды жадына сақтап, өздері тотем санаған бөріні 

айға табынған деп есептеп, өздерінің сенімдерін одан әрі күшейте түсті. Ай 

түрік үшін барар бағытын адаспай таба алатын, ауа райын болжай алатын 

қасиетті иеге айналды. Өлген адамның жаны ұшып, мәңгілікке кетеді деп 

ұқты. Ай символикасы мәдени гомогендік дәстүрмен тығыз байланысты. 

Мұсылмандық әлемде ай діни таңбаға айналды. Өлген адамның басына ай 

таңбасын қойды. Жер астындағы өмір жер үстіндегі өмір арқылы көктегі 

(аспан, күн, ай, жұлдыздармен) тоғысып жатады деген ұғым болды. Аспан 

планетасына байланысты түріктің өзіндік таным сипаты көп болды және ол әр 

уақытта өмірлік тәжірибеден алынып отырды. (Жұлдызшылар, жауырынмен 

бал ашқандар, жорушылар) т.б. өмірден сабақ алғандар болды [35].  Оларды 

Л.З.  Будагов:  астрологъ,  предсказатель  –  дейді  (17  б.).  Өзінен  кейінгі 

ұрпақтарына материалдық мәдениеттің қайталанбас үлгілерін қалдырған 

мемлекеттер дәуірлеп өсіп, кезеңі жеткенде күйреп өшіп те жатты. Көшпенді 

мәдениет те соның кейпін кешті. Көшпелі мәдениет ғаламат әлемнің ішінде 

өз орнын таба білген. Шексіз кеңістікте адам өзімен өзі және табиғатпен жеке 

қалып, оңаша сұхбаттасу, сырласу үстінде болған. Ол өзінің бүкіл рухымен, 

табиғатпен шынайы жақын екендігін сезінген. Қазақ мәдениеті еуразиялық 

Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Әрбір ұлт мәдениеті бос 

кеңістікте емес, адамдардың қоршаған ортасында әрекет етеді. ХV ғасырда 

Еуразия  даласында  тарихи  аренаға  «қазақ»  деген  атпен  көшпенділердің 

ұрпағы келеді. Олар көрші елдермен этносаяси, эномәдени қарым – қатынас 

орнатады. Тарихта «қазақ» есімі арқылы аталған ел әлі де толық зерттеліп 

болған жоқ. Қазақтың заттық, рухани мәдениеті алыста антикалық тайпалар 

қойнауында жатыр. Қазақтар көшпелі тайпалардың ұзақ жылғы бірігу мен 

бөлінуі нәтижесінде тарих сахнасына шығып, кең байтақ жерге ие болып 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

179

қалды. «Қазақ» көне түркілердің саяси және мәдени нәтижеге жеткен бірден 

– бір мұрагері болып табылады. Сондықтан да болар зерттеушілердің көбі 

көне  еуразия  көшпелілерінің  тарихын  зерттегенде  қазақ  мәдени  әлемінен 

тірек  іздейтіні  белгілі.    Расында  да  қазақ  этнографиясы  көшпенділер 

мәдениетін  ашатындай  құндылыққа  өте  бай.  Қазақтың  этномәдениеті 

ерте көшпенділердің - ұялмай көрсете алатын, айта алатын айнасы іспетті. 

«Қазақ» этнонимі туралы тұңғыш деректі «Қобыланды батыр» жырынан: 

Қызылбасқа  жан  тартқан,  Қазақ  десе  оқ  атқан;  Қазақ  көппін  дегенде, 

Көппін деп айтар тілім жоқ ұшыратамыз [36, 64, 84]. Одан кейін Міржақып 

Дулаттан таба аламыз. Ол: «Қазақ қырғыздың ата тегі туралы» атты еңбегінде 

Әбілқасым Фирдауси (940 - 1020) «Шахнамада»: «қазақ хандығы» деген ел 

көк теңіздің (Арал теңізінің) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті және көп 

санды ел» - деп көрсеткен. Бұдан кейін «қазақ» 1245 жылы құрастырылған 

көне қыпшақ шығармасы (түркі – араб сөздігінде) кездеседі. М. Қозыбаев: 

«Қазақ» атауының даңқы қыпшақ одағы әлсіреген, қыпшақтан қазақ, ноғай, 

өзбек, башқұрт т.б. болып бөліне бастағанда ғана әйгілі болды» - деп жазды  

[37, 2]. Академик Н.А. Баскаков «қазақ» атауының орыс тілінде тұңғыш рет 

1395 жылы жазылғанын көрсетеді. Көне қазақ мәдениеті жез материалының 

негізінде қалыптасып, неолит заманынан бастау алған идеясы жаңа сапаға 

ие болды. С. Ақатай: «В век компьютера нам трудно понять, что каждое 

изобретение, простое на вид, давалось древним нелегко, за каждым из них 

стоят не только огромные умственные и физические усилия человека, но 

лежит опыт тысячелетий» - дейді [38, 10-11]. Сонымен мәдениетті тану үшін 

адамның әрекетін білу қажет. Қазақтардың мәдениеті тұрмыс - салты мен 

әдет – ғұрпы арқылы ғана танылады. Ал, оларды жоғарыда айтылған жайттар  

анықтайды.  Мәдениет  адамнан  тыс  өмір  сүрмейді.  Адам  тұрмысының 

маңызын түсінген сайын, мәдениет сол заттың мәнін, қажетін оның дамуын 

тездете  түседі.  Адам  әлеуметтік  болып  жаратылмайды,  шаруашылық 

қызметінің үрдісінде сондай болады. Білім беру мен тәрбие беру адамзат 

баласының  маңдайына  жазылған  еншісі,  мәдениеттің  жоғарғы  формасы 

ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Мәдениет адамды, әрине, қоғамға 

бейімделуге, ымыраға келуге үйретеді. Қазақтар өзінің бастапқы мәдениеті 

қандай болса, сол мәдениеттен бастау алады да, өзінің замандастарынан 

тәжірибе жинай түседі. Және де сол қоғамның мүшесі ретінде сол мезетте 

оған  өзінің  қол  таңбасын  қалдырады,  байытады.  Мәдениетті  болу  үшін 

адам жеке басына байланысты формада болуы мүмкін: мектепке дейінгі 

оқу орындарында, жоғарғы оқу орындарында, кәсіпорындарда, саяхатта, 

отбасында, өзімен - өзі дайындалуында т.б. Мәдениетке ерекше рөл ойнайтын 

– радиоқабылдағыш, теледидар, баспасөз, компьютер т.б. бұқаралық ақпарат 

құралдары.  Әлеуметтендіру  үрдісін  үздіксіз  мәдениет  пен  адамның  жеке 

басының бірлігінде қарастырған жөн. Бұл адамның жеке басының: мінез 



Вестник ПГУ №4, 2010

180

– құлқы, психикасы, темпераменті, оның менталитеті, ұлттық тәрбиесімен 

тығыз байланысты. Жеке бастың өзіне өзі есеп беруі жөнінде орыс философы 

Н.А. Бердиев (1874 - 1948) қызық тәжірибе жасады: ол - әлеуметтік үрдіспен 

және соның ізін ала бере мәдениет, өз ара күрделі антиномикалық (қарама 

- қарсылық) системасын құрайды дейді. Оның қарама – қарсылығы қарама 

–  қарсылықта  анықталады:  1)  әлеуметтік  пен  жеке  бастың  тұлғасында;  

2) мәдениетті нормалау және де сол бостандық, адамға (норма мен бостандық 

– екі полюс, мәдениеттегі екі күресетін бастаушы); 3) дәстүрлі мәдениет 

арасымен және оның  жан – дүниесінде өтетін жаңғыру. Осы және тағы 

басқа қарама – қайшылықтар мәдениеттің барлығына мінездеме беріп қана 

қоймай оның дамуының көзі де болып табылады. Мәдениеттің негізгі көзін 

қарастыру арқылы оның ішкі құрылымының қандай екендігіне көз жеткіземіз. 

Мәдениеттің  негізгі  әлеуметтік  құбылыс  және  әдеттегі  негізгі  құбылыс 

ретінде: статикалық мәдениет және динамикалық мәдениет деп екіге бөлеміз. 

Біріншісі,  мәдениетті  тыныштықта,  өзгермейтінін  және  қайталайтынын 

мінездесе, екіншісі – мәдениетті үрдіс ретінде қозғалыс және өзгеріс үстінде 

көреді. Мәдениет базис элементінің екі түрі: заттық және рухани болады. 

Р.Г.Ахметьянов: «К этнокультурной лексике относятся, во - первых, 

названия  природных  явлений,  характерных  для  той  области,  где  живут 

носители данного (определенного) языка, во - вторых, лексика материальной 

культуры  и,  в-третьих,  лексика  духовной  культуры,  куда  включаются:  

1) термины родственных и семейных отношений, 3) слова относящиеся к 

духовной жизни людей (музыка, искусство, развлечения), образованию и 

воспитанию, 4) слова, харектеризующие людей в системе общественных 

связей  и  ценностей,  5)  слова,  относящиеся  к  мифологии,  фольклору  и 

обрядам» - дейді [39, 3]. Заттық элементтің өзіндік құнын заттық мәдениет 

құрса, заттық еместі – рухани мәдениет құрады. Бірақ, олардың бөлінуі 

шартты түрде ғана болады. Көбіне шындық өмірде олар өте тығыз байланыста 

болады және өзара араласып тұрады. Заттық мәдениеттің маңызды ерекшелігі 

– оның өміршеңдігі  емес, қоғамдағы заттық өмірі де емес, өндірілетін  затта 

да емес, заттың қызметінде де емес. Заттық мәдениеттің бұл - қызметті 

адамның дамуына әсер ету көз қарасымен сипатталады. Адам баласының 

қандай мөлшерде талабы ашылып, мүмкіндік туатынын, шығармашылық 

мүмкіндігін,  тума  талантын  айқындайды.  Р.Г.  Ахметьянов:  «Термины 

метериальной  культуры,  как  известно,  отражают  важнейшую  сторону 

человеческой деятельности – производство материальных благ (пищи, одежды 

и жилища). Поэтому их разбор представляет первостепенную важность для 

изучения истории народа» - дейді [40, 170]. Заттық мәдениетке кіретін: еңбек 

мәдениеті, заттық өндіріс, тұрмыс мәдениеті, топос мәдениеті - өмір сүріп 

отырған жері (үй – жайы, қыстағы, аулы, қаласы), өзінің дене - мүшесіне деген 

мәдениетті құрмет, дене - шынықтыру мәдениеті. Заттық емес мәдениеттің 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

181

құндылықтар элементін рухани статикалық мәдениет жағы құрайды: норма, 

ереже, тәртібінің нормасы мен үлгісі, заңы, рухани құндылықтар, түрлі әдет 

шаралары, дәстүрлер, символдар, мифтер, білім, идея, әдет – ғұрып, тілі, салт 

– дәстүрі т.б. Кез келген заттық емес мәдени нысандар заттық мәдениеттің 

араласқанын қалайды. Мысалы, білім алу үшін мұндай аралық делдал кітап 

болып табылады. Адамның шығармашылық еңбегімен, қолымен жасалған 

заттық және рухани шындық, «артефакті» - деп аталады (табиғи жасалған) 

[41, 50].  Сонымен артефакті – заттық немесе рухани бағалылығымен құнды. 

Ол – табиғи емес, табиғат жасамаған, бұл үшін сапалы заттық материалдың 

нысанын, энергиясын, табиғаттың шикізатын қолданып, табиғаттың заңымен 

келісе отырып қимылдайды. Жіті байқаған кісіге адамның өзі артефакті 

класына жатады екен. Бір жағынан табиғат эволюциясының жемісі, табиғи 

өткен жолы бар, заттық тіршілік сияқты өмір сүреді, тіршілік етеді, ол – 

рухани және әлеуметтік тұрғыда өмір сүреді, жаратушы сияқты өмір сүреді 

қимылдайды,  рухани  байлықтың  тұтынушысы  және  тасушысы  болып 

табылады, сол сияқты табиғат «өзінен - өзі» жасауға қабілеті жоқ екендігі 

байқалады.  Сонымен  адам  табиғаттың  баласы  ғана  емес  мәдениеттің 

де  құлы,  қаншама  биологиялық  тіршілік  болса,  соншама  әлеуметтік,  ал 

оның табиғаты қаншама заттық болса, соншама рухани болады. Адам өзі 

табиғаты  жағынан  сапалы  табиғаттың  өзінікі  болып  табылады,  заттық 

бәрінен бұрын биологиялық – физиологиялық болса, сол сияқты рухани, 

заттық емес, неғұрлым жетілген мәдениетімен және интелектуалды еңбегімен, 

көркемдігімен, ғылымилығымен немесе техникалық шығармашылығымен 

белгілі болады. Бұнымен бірге адам өзінің табиғаты жағынан рухани – заттық 

тіршілік иесі, ол заттық мәдениеттен нәр алатын сияқты рухани мәдениеттің 

де артефактісі. Материалдық қажетін өтеу үшін ол – тамақты, киімді, үй – 

жайды, техниканы, материалды, ғимаратты, кешенді, құрылысты, жолды т.б. 

тұтынады және жасайды. Өзінің рухани талғамын өтеу үшін ол – көркемдік 

құндылықтарды, адамияттық, эстетикалық талғамды, саяси, идеялогиялық 

және  діни  мұраттарды,  ғылым  мен  өнерді  жасайды.  Сондықтан  да  адам 

шығармашылығы барлық каналдармен заттық сияқты рухани мәдениет те жан 

– жаққа тарайды. Мінеки, біз адамды межелі, жүйелі қалыптастырушы фактор 

ретінде,  мәдениетті  дамытушы  ретінде  қарастырамыз.  Адам  мәдениетті 

жасайды,  қайтадан  жасайды  және  де  өзінің  дамуы  үшін  пайдаланады. 

Табиғи әлемнің, «мәдениет әлемі» - деп аталатын «екінші табиғат», «табиғи 

жасалған» адам өмір сүретін, архитекторы да, құрылысшысы да адамның 

өзі. Бұл - адам аяғы баспаған планетадағы шындық. Бұл - адам өмір сүріп 

отырған уақытқа дейін созыла беретін ащы шындық. Адамның объективті 

бағалы шындығы оның шығармашылығының тұтастығымен байланысты. 

Оның бағалылығы жүйелі мәдениеті типтенеді де негізгі үш бағытта жүреді: 

генезистік, құрылымдық, функционерлік. Генезистік және даму мәдениеті 



Вестник ПГУ №4, 2010

182

тұтас үрдіс ретінде өзінің бойында өткен құндылықтарды сақтап, қабылдап, 

трансформациялайды және құндылықтарды байыта отырып материалдың 

негізі  ретінде  мәдениетті  болашаққа  жеткізеді.  Құрылымдық  тұтастық 

мәдениеттің құны иерархиялық бейнемен жымдасып келсе, екінші жағынан 

теңдік дәрежені сақтайды оның бірі – орталық және фунтаментальді орынды 

алады, басқасы – екінші қатарда және қосалқы жағдайда болады, оның бірі 

- жалпы тотальді маңызы болса, басқасы – локальді және нақты болады. 

«Материальная культура, в другом смысле слова, - это человеческое «Я», 

переодетое в вещъ; это духовность человека, воплощенная в форму вещи; 

это человеческая душа, осуществленная в вещах; это метериализовавший 

и  опредметившийся  дух  человека»  [42,  52].    Материалды  мәдениет 

өзіне  әр  түрлі  типтегі  артефактіні  қабылдайды,  оның  табиғи  нысаны 

трансформаланғаны соншалықты нысан затқа айналып кетті, демек, зат, 

оның қасиеті және берілген мінездемесі адамның шығармашылық қабілетімен 

өңделген, сондықтан ол - өте нақты, толықтай «homo saрiens» ретінде адам 

қажетін қанағаттанарлықтай болуы керек. Академик М.С. Каган бұл арада 

адамның «хомо сапиенстан» (қабілетті адам), «хомо фабер» (жетілдіруші) 

және т.б. – ал «хомо агенс» (әрекет етуші адам) деп алмастыруды ұсынды  

[43, 89]. «Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды 

нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана 

емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік 

үлгілерімен де ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте 

анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана 

адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды» - деген сөздің жаны бар [44, 35]. 

Рухани мәдениет – кейбір мәдениеттанушылар мәдениеттің әр түрін атап, оларды 

тек қана заттық және рухани мәдениетке жатқызуға болмайтыны да болады 

дейді. «Разнообразна и богата духовная культура народа, составной частью 

которой являются многообразные формы народного поэтического творчества 

– фольклор, включающий в себя сказки, предания, легенды, песни, поговорки, 

загадки. Особое место занимают в поэтическом творчестве казахов героический 

и социально – бытовой эпос, айтысы. Эпический жанр, выступающий способом 

изустной передачи межпоколенной информации, возник в древности, втечение 

столетий обогащался, развивался и в основном отобразил условия кочевого быта, 

патриархально – родового уклада предков» - дейді [45, 101].

Ата – бабамыз қалыптастырған заттық және рухани мәдениеттің бір бөлігі 

уақыттың тезіне шыдап, келесі ұрпаққа өте бағалы және асыл  мұра ретінде 

қалды. Бұндай мәдениет – «мәдени мұра» - деп аталады. «Мұрагерлік» – ұлтты 

біріктіретін өте маңызды фактор. Ол – елді қиын жағдайда ұйымдастырады. 

Ахметьянов: чуваштар мен татарлардың эпосы мен мұралары өзара байланысы 

жоқ және тілдік  материалдарды аз береді екен. Себебі, шуваштар да, сол 

сияқты  татарлар  да  өзінің  ұлттық  эпосын  иеленбегенін  өкінішпен  еске 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ__183'>ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

183

алады. Бұл дегеніміз, түріктердің эпикалық поэмалары рулық – тайпалық 

бөлініспен байланысты болған. Ал, тайпалық одақ татарлар мен шуваштарда 

өзінің  құнын  ХIV  –  ХV  ғасырларда  –  ақ  жойған  екен.  Рулық-  тайпалық 

құрылымның бұзылуымен бірге о дүниеге рулық дәстүр болып саналған 

ата – бабаның ерлігін жырлайтындарда кетіпті. Қыпшақ эпосы тек қана 

көрші татарларда – ноғайларда, башқұрт пен қазақтарда ғана сақталыпты. 

Сібір татарларында «Едіге» жыры сақталса, жалпы түркілік эпос «Алпамыс» 

татар мен шуваштарда қысқа ғана қарасөз үлгі сымағы ғана табылады екен 

[46, 184-185].  «Мәдени мұрадан» басқа, мәдени статикаға «мәдени ареал» 

ұғымы да кіреді. «Мәдени ареал» – әр түрлі мәдениеттің ішінен ең маңызды 

сипаттары бір – біріне ұқсас болып табылып жататын географиялық аймақ. 

Әлемдік масштабта мәдени мұрагерлік «мәдени әмбебапты» – шығарады. 

«Мәдени  әмбебап»  –  нормы,  құндылық,  ереже,  дәстүр,  қасиет  бұлар 

географиялық орынға, тарихи уақытқа және қоғамның әлеуметтік құрылымына 

тәуелді емес. Американдық антропологтар жетпістен астам әмбебапты бөліп 

қарайды олардың арасында: жас ерекшелік градациясы, календарь, тазалықты 

сақтау, тамақ пісіру, еңбек кооперациясы, би, декоративті өнер, білім, этика, 

этикет, семья, той, заң, медицина, музыка, мифология, күн (число), күштеу 

санкциясы, жеке аттар, діни дәстүрлер және т.б. түрлері бар. «Мәдениет» бұл 

- атап өткендей  аса күрделі, көп деңгейлі жүйе. «Мәдениетті» тасушысына 

байланысты бөлу дәстүрге айналған. Осы тәуелділікке байланысты «әлемдік» 

және «ұлттық мәдениет» болып бөлінеді. «Әлемдік мәдениет» – бұл біздің 

планетаны мекендеген барлық әр түрлі халықтардың ұлттық мәдениетінің ең 

жақсы жетістіктері. «Ұлттық мәдениет» өз кезегінде әр түрлі мәдени кластың 

синтезі ретінде, қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабаттың және топтың 

мүддесінен шығады. Ұлттық мәдениеттің әр түрлілігі оның қайталанбауы 

және жасампаздығы руханилығынан (тіл, әдебиеті, музыкасы, майлы бояу, 

діни), сол сияқты заттық мәдениетінен (экономикалық ерекшелік жағдайы, 

шаруашылықпен айналысу, еңбек дәстүрі және өндіріс) шығармашылық пен 

тіршілік сферасында т.б. көрінеді. Қоғамның көптеген мүшелері мәдениетінің 

құндылығын, сенімді, салт – дәстүрді басшылыққа алады. Сондықтан ол – 

«доминант мәдениеті» - деп аталады. Бірақ, қоғам бірнеше топқа (ұлттық, 

демографиялық, әлеуметтік, кәсіби т.б.) бөліне бастағандықтан әрқайсысында 

ақырындап  өзіндік  мәдениет  қалыптасады,  дәлірек  айтқанда  құндылық 

жүйесі және өзін - өзі ұстау ережесі қалыптасады. Осындай «кіші мәдениет 

әлемі» – «субмәдениет» - деп аталады. Мысалы: жастар субмәдениеті, кәрілер 

субмәдениеті, ұлттың азшылық субмәдениеті, кәсіби субмәдениеті, қалалық, 

ауылдық  т.б.  болып  бөлінеді.  «Доминант  субмәдениеті»  тіл  ерекшелігі 

жағынан, өмірге көзқарасы, өзін - өзі ұстауы жағынан ерекшеленіп тұрады. 

«Субмәдениеттің» «доминант мәдениеттен» тек қана айырмашылығы болып 

қана қоймай, оған қарсы тұра алады, және де доминант құндылығымен әрқашан 



Вестник ПГУ №4, 2010

184

іліністе болады. Бұл – қарсымәдениет (контркультура) деген атпен жүреді. 

Қылмыс әлемінің субмәдениеті адамзат мәдениетіне қарсы болады. Мысалы, 

60 - 70 жылдардағы жастардық қозғалысы «хиппи» Батыс Еуропа және АҚШ-

тағы, америкалық құндылықтарды: атап айтқанда - әлеуметтік құндылықты, 

моральдық норманы және қоғамның тұтынушылық адамгершілік мұраттарын, 

ішіп – жеуді, саяси ымырашылдықты, сексуалды тұрақтылықты, конформизмді 

және рационализмді теріске шығарды. Қазақстандағы орыс тілді жастардың 

өз тілін, салт – дәстүрін, дінін білмей басқа дінге, секталарға енуі, батыстың 

кейбір мәдениетіне қол созуы, шетелдің порнографиясын, видиокасетасын 

дәріптеуі т.б. қосар едік. Бұған орай А.В. Гулыга: «Человек трояким образом 

осваивает окружающий его мир – практически, теоретически и практически 

– духовно. Отличительной чертой практически – духовного (ценностного) 

освоения действительности является его эмоциональная насыщеннность» - деп 

жазды [47, 57].

әдебиеттер:

1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: «Ана тілі», 1998. – Б. 11.

2.  История  мировой  культуры.  Под  редакцией  профессора  А.Н. 

Марковой. – Москва, 2000. – С. 12.

3.  Философский  энциклопедический    словарь.  –  М.,  1983.  –  С.  292-

293.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: «Ана тілі». 1992. – Б. 424.  



5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: «Ана тілі». 1991. – Б. 19.

6. Қарағұлова Б.С. Тарихи жырлар лексикасы. – Алматы, 2000. – Б. 7.

7. Песень Козы – Корпеше и Баян – сулу. Авторизованный перевод с 

казахского Г.Н.Тверитина. – Алма – Ата: Казахстанское краевое издательство,  

1935. – С . 52.  

8. Кочевое общество казахов в ХVII – начале ХХ веке. Издательство 

«Наука» Казахской ССР  – Алма – Ата, 1971. – Б. 192.

9.  Культурология.  Под  научной  редакцией  д.  философских  наук, 

профессора.  Г.В. Драча. Ростов – на Дону: Фенекис, 1995. – С.  77. 

10. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVII – начале ХХ веке. 

Издательство «Наука» Казахской ССР. – Алма – Ата, 1971. – С .  195.

11.  Кокумбаева  Б,  Сағындықұлы  Б,  Кокумбаева  Л.  Мәдениеттану 

негіздері. – Павлодар, 2002. – Б. 20, 21.

12. Толыбеков С.Е. Кочевое общество в ХVII – начало ХХ веке.  – Алма 

– Ата: Казахской ССР  Наука, 1971. – С. 197. 

13. Қазақстан тарихының хрестоматиясы. Құраст. Бекмаханова Н.Е., 

Зарифова М.А.  – Алматы: «Рауан», 1992. – Б. 8.

14. Әлиханұлы Ж. Terra incognito (Белгісіз жер) «Егеменді Қазақстан» 

2003, № 152-155 (23365) – Б.  5.


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

185

15. Песень Козы – Корпеше и Баян – сулу. Авторизованный перевод с 

казакского Г.Н. Тверитина. Казакстанское краевое издательство. Алма-Ата: 

1935, – Москва. – С. 3 – 117.

16. Қыз Жібек. – Алматы: «Ғылым»,  1963.  – Б.  1- 49.

17. Қыз Жібек. – Алматы: «Ғылым»,  1963. – Б. 49-122.

18.  Ғабитов  Т.,  Мүтәліпов.  Ж.,  Құлсариева  А.  Мәдениеттану  негізі. 

–Алматы: «Дәнекер», 2000. – Б. 170.

19. Қазақ ертегілері. – Алматы: «Балауса», 2001, – Б.  258. 

20. Ақсауыт. Батырлар жыры. 1 том. –Алматы: «Жазушы», 1977. – Б. 

355. 

21.  Копыленко  М.М.  Основы  этнолингвистики.  –  Алматы:  Евразия, 



1995. - С. 71

22. Сейдімбеков А. Күңгір – күңгір күмбездер. – Алматы: «Жалын», 1981. – Б. 58. 

23. Маргулан А.Х. Сочинения. Том. 1. Бегазы – Дандыбаевская культура 

Центрального Казахстана. – Алматы, 1998. – С. 31.

24.  Мурад Аджи. Полынь половецкого поля.  – Москва: ТОО «ПИК - 

КОНТЕКСТ» 1994. - С. 169. 

25. Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко – татарских наречий 

Том. II. – Санкт- Петербургъ. Типографія императорской академіи наукъ. 

1871. - С. 121, 173.

26.  Хасанов  Б.  Қазақ  тілінде  сөздердің  метафоралы  қолданылуы.  

– Алматы: «Мектеп», 1966. – Б. 197.

27. Махмут  Қашқари. Түрік сөздігі. «Хант» баспасы,  – Алматы  қаласы, 

1997. – Б. 125.

28. Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы // ф.ғ.д. 

ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  жазылған  диссертацияның  авторефераты  

– Алматы, 1997. – Б.  27.

29. Есмағамбетов К. Көне Қазақстанды көргендер. – Алматы: Мектеп, 

1979. – Б. 14. 

30. Қазақ ССР тарихы. – Алматы: «Қазақ мемлекет баспасы», 1957. – Б. 14.

31. Культурология. – Ростов-на Дону: «Фенекс», 1995. – С. 142.

32. Маргулан А.Х. Сочинение.  – Алматы, 1998, – С. 20.

33. Кляшторный С.Т. Древнетюркские рунические памятники. – Москва: 

«Наука», 1964. – С. 129. 

34. Жанпейісов Е. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. 

– Алматы: «Ғылым», 1976. – Б. 30.

35. Бабақұмар Х. Этнография  (Жаурынмен бал  ашқандар) // Ана тілі. 

2003. № 15.  

36. Ақсауыт. Батырлар жыры. – Алматы: «Жазушы», 1977.  – Б. 64, 84.

37. Қозыбаев М. Ата тарихы туралы сыр. (Дүние жүзі қазақтарының 

құрылтайы) Сарыарқа самалы. 1992. № 136 (2019) – Б. 2.



Вестник ПГУ №4, 2010

186

38. Акатай Сабетказы. Евразийство в контексте казахской культуры. 

Заман – Қазақстан. 27 март, 1998. – Б. 10-11.

39. Ахметьянов Р.Г. Общая лексика духовной культуры народов среднего 

поволжья. – Москва: Наука, 1981, – С. 3.  

40.  Ахметьянов  Р.Г.  Сравнительное  исследование  татарского  и 

чувашского языков. – Москва: «Наука», 1978. – С. 170.

41. Культурология.  Под редакцией А.А. Радугина. – Москва: «Центр». 

2000. – С.  50

42. Культурология. – Москва: «Центр», 2000.  – С. 52.

43 .Культурология. – Ростов-на-Дону: «Феникс». 1995. – С. 89.

44. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері. 

–Алматы: «Дәнекер», 2000. – Б. 35.

45. Тимошенко В. Культурология. – Алматы, 2001.  – С. 101.

46.  Ахметьянов  Р.  Г.  Сравнительное  исследование  татарского  и 

чувашского языков.  – Москва: «Наука», – С.  184-185.



47. Гулыга А.В. Что такое эстетика? – Москва: «Просвещение», 1987. – С. 57.

Резюме

В  статие  впервые  проводится  исследование  произведений  

М-Ж. Копеева,  в частности природы, истоков их этнокультурной  

лексики, прослеживается её связь с историей, литературой казахского 

и других народов и создаётся её классификация в соответсвии с 

различными принципами её группировки, что является основанием 

для  возвращения  многих  забытых  слов,    обычаев  и  традиций  в 

этнокультуру  казахского и других родственных языков. 

Resume

The article explores M.Zh. Kopeev’s works, particularly their nature, 

the sources of their ethnocultural lexis. It also views the connection of 

lexis to the history and literature of Kazakh and other people; it gives its 

classification in accordance with the various principles of its grouping, 

which contributes to the obsolete words, customs and traditions revival in 

the ethnocult of the kazakh and other relative languages.

Document Outline

  • 2010_№4_Часть166
  • 2010_№4_Часть167
  • 2010_№4_Часть168
  • 2010_№4_Часть169
  • 2010_№4_Часть170
  • 2010_№4_Часть171
  • 2010_№4_Часть172
  • 2010_№4_Часть173
  • 2010_№4_Часть174
  • 2010_№4_Часть175
  • 2010_№4_Часть176
  • 2010_№4_Часть177
  • 2010_№4_Часть178
  • 2010_№4_Часть179
  • 2010_№4_Часть180
  • 2010_№4_Часть181
  • 2010_№4_Часть182
  • 2010_№4_Часть183
  • 2010_№4_Часть184
  • 2010_№4_Часть185
  • 2010_№4_Часть186


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет