Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі


БҰҒЫБАЕВ МЕЛІС РАМАЗАНҰЛЫ –



Pdf көрінісі
бет37/77
Дата06.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#8452
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77

БҰҒЫБАЕВ МЕЛІС РАМАЗАНҰЛЫ – 

РЕСПУБЛИКАҒА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ҚҰРЫЛЫСШЫ

1939 жылы 26 ақпанда Алматы обылысы Нарынқол селосында туған. 

1947   жылы   Нарынқол   мектебіне   барып,   1975   ж   бітірген.     1958   ж. 

Алматы   қаласындағы   ауыл   шаруашылығы   институтының 

гидромелионеративтік   факультетіне   қабылданды.   Осы   факультеттің 

институт  болып  құрылып  Жамбыл   қаласына  ауысуына  байланысты 

1963   ж.   Жамбыл   қаласында   /ДГМСИ/   оқып   жоғарғы   білімді 

құрылысшы инженері мамандығын алған. Нарынқол ауданындағы сол 

жылдары құрылған колхозаралық /МКСО/ мастер болып орналасты. 

1958-1963 жж. Өндіріс ұйымдастырушы /прораб/ өндіріс техникалық 

бөлімінің бастығы /ПТО/, бас инженер болып істейді. 1966-1975 жж. 

дейін   осы   мекемені   басқарды.   Бірнеше   рет   жергілікті,   ауландық, 

обылыстық   кеңестің   депутаты   болып   сайланды.   1975   ж   Алматы 

қаласына   обылыстық   колхоз   аралық   құрылыс   мекемесінің   бастығы 

болып ауысты. 1983-1993 жылында Минсельстройдың 7-ші тресінде 

орынбасарлық қызмет атқарды.  1993 ж Алматы колхоз құрылысының 

бастығы,   қазіргі   кезде   акционерлік   компания   болып   құрылуына 

байланысты,   компания   президенті,   Меліс   Рамазанұлы   Бұғыбаевтың 

басшылық   етуімен   ауданның   дерлік   жобалы   мектептер,   бала 

бақшалар, моншалар, ауруханалар, тұрғын үйлер, техникалық жөндеу 

шеберханалары   /РММ/,   асханалар,   мәдениет   үйлері   мен   клубтар 

салынды.   Райымбек   ауданындағы,   Абай   колхозына   салынған 

аурухана   обылыстағы   ең   жоғарғы   сапада   өткізілген   объектінің   бірі 

болды. Қазіргі Райымбек ауданындағы елді мекендерге су құбырын 

алғаш   жүргізуші   Қожбанбет   ауылында,   Жамбыл   селосында 

наубайхананы іске қосты. Абай к-нда 9 мың тонналық картоп сақтау 

қоймасын   салды.   Эстония   республикалық   колхозаралық   құрылыс 

мекемесінің   “Құрылыс   және   құрылыс   материалдарын   өндіру 



технологиясы, оның тиімді пауданану мен құрылыс мәдениеті” атты 

тәжірбие алмасу кеңесінде М.Бұғыбаев тәжірбиесін үлгі тірек ретінде 

қабылдады.   Приболтика,   Беларуссия,   Сібір   т.б   жерлерде   алмасу 

сапаларына барды.

1998 ж 6 қарашадан бері Республика бойынша құрылғпн Шоған абыз 

қоғамдық   қорына   президент   2001ж.   Райымбек   ауданының   құрметті 

азаматы атанды.

ДІЛДЕНБАЕВ ӘБІЛҰЛЫ БЕЙБІТ – КОМПОЗИТОР

Дәлденбаев Бейбіт – /1955 ж. 29.  ХІ.  / Нарынқол ауданы Нарынқол 

селосында туған. 1973 ж. Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы 

Республика   арнайы   мектебіне   түсіп,   А.Рудиянскиидің   ұстаздықпен 

композициялық   мамандықпен   бірге   орта   мектепті   бітірген.   Алматы 

қаласы   Құрманғазы   атындағы   мемлекеттік   консерваторияда 

Г.А.Жұбанованың   классында   1979   ж   жоғары   білімді   сазгер   деген 

мамандықты   алды.   Осы   жылы   Мәскеу   қаласындағы   П.И.Леманның 

жетекшілігімен мамандығын жетілдірді.  1980 ж әскери мамандығын 

өтеген.     1982   ж.   Аламты   қаласы   Құрманғазы   атындағы 

консерваторияда фольклорлық лабораторияда жетекші. 1983 ж. осы 

консерваторияға ассистентураға “композиция” мамандығы бойынша 

түсті.  1985 ж. консерваторияға оралып, фольклорлық лабораторияда 

қызмет етті. Қазақстан Мемлекеттік Мәдениет министрлігінде /1995./ 

репертуарлық–редакция   колегияны   Бас   редакторы.     1974   жылғы 

Алматы   қаласына   арналған   республикалық   ән   байқауы   бәйгесінің 

лауреаты.   Бүкіл   одақтық   үн   таспаға   жазылған.   Мәскеу,   Ереван 

қаласында орындалып, жоғары баға алған.

Дәлденбаевтың “Отты жер” /1979 ж./ симфониясы Өзбекстан, Ресейде 

орындалып, көпшіліктің көңілінен шыққан. Бүкіл одақтық фестиваль 

жеңімпазы   атанған.     “Қаһармандық   бояулар”   атты   фантазиялық 

поэмасы   симфониялық   оркестрге   жазылды.   /1978   ж./   “Фархад-

шырын”   /1983   ж./,   “Керқұла   атты   Кендебай”   /1991   ж./,   “Көшеде 

жүрген пақырды әкім бол деп шақырды” /1990 ж./,   “Қоян сабаз” /

1991 ж./  “Сұлтан болсам егер мен”  /1994 ж./ “Тақталас”  /1995 ж./ т.б. 


спектакельдеріне, “Жамбылдың жастығы көркемфильм /1990 ж./  реж. 

Қ.Қосынбаев. “Ауылым сұлулық мекені” /1970 ж./, “Ата тілегі” /1978 

ж./,  “Болмасын соғыс” /1979 ж./ т.б. көптеген әндердің авторы. 

ҚҰДАБЕРГЕНОВ ҚАНАТ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АРТИСТ

1941  жылы   12   қаңтарда   Алматы   обылысы,   Ұйғыр   ауданы,   Сүмбе 

селосында туған. 

1959  жылы   орта   мектепті   бітіргеннен   кейін,   осы   жердегі   Ленин 

атындағы колхозда есепші болып екі жыл жұмыс істеп, 1969 жылы 

Алматы   қаласындағы   қазақ   мемлекеттік   медицина   институтының 

дәрігерлік–емдеу факультетін бітірген.

Еңбек жолын Ұйғыр ауданы, Шонжа селосындағы аудандық аурухана 

дәрігері, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орындасары, 1977-1982 ж. 

Кеген ауданы ауруханасының бас дәрігері, 1982-1987 жылдар Алматы 

қалалық   денсаулық   сақтау   мекемелерде   бас   дәрігер,   басқармасы 

бастығының   орынбасары,   1982-1991   жылы   Республикадағы 

денсаулық   сақтау   министірлігіне   қарасты   мекемелерде   бас   дәрігер, 

Халақтық Медицина орталығын алғаш ұйымдастырушы.  

1991-1997  жылы   Алматы   қалалық   №2   клиникалық   ауруханада   көп 

жыл қызмет атқарып, 1997 жылы №7 қалалық клиникалық ауруханада 

бас дәрігері болып жұмыс істеп келеді. Аурухана Республикадағы ең 

ірі  1000 төсек салалы, сапалы құрал  -  жабдықтармен жабдықталған, 

аса білікті  дәрігерлер мен мамандар барлық ауруларды емдеп жаза 

алады.   Олардың   біліктілігін   жетілдіретін   кафедралар   орналасқан 

ғылыми-дәрігерлік орталық.

Төлендиев.Т – бірнеше, әдеби – көпшілікке арналған: “Ой еңбегі-зор 

еңбек”,  “Қызым, саған айтам”,  “Жерім майса, суым бал”,  “Лечебник 

народной медицины” кітаптарының авторы. 

Баспасөз   беттерінде,   теледидар   арқылы   да   жиі   –   жиі   проблемалық 

ұтымды ойларын білдіріп тұрады. 



Содай-ақ қалт өткенде музыкалық барлық ұлт аспаптарында ойнап, ән 

салатын әуесқой комозиторлығыда бар.

Оның “Ауыл кеші көңілді” жинаққа М.Мақатаевтың сөзіне жазылған 

“Ауруларым”,   “Аңса   жаным”   әндері   басылған.   Адал   да,   табысты 

дәрігерлік еңбектері бағаланып, 1974 жылы Ұйғыр ауданында “Еңбек 

Қызыл Ту” орденімен 1979 жылы Кеген ауданында  “Денсаулық ісінің 

үздігі”, белгісімен мараппаталған.   “Ең жоғарғы санатты денсаулық 

сақтау қызметінің ұйымдастырушысы” атағын алған білгір–дәрігері. 

2003   жылы   президенттің   Жарлығымен   құрмет   орденімен 

марапатталды. 



ІБІТАНОВ ЕРКІН – АҚЫН

   1935  жылы Нарынқол ауданы Қарасаз елді мекенінде туған. Осы 

ауылдағы   орта   мектептен   білім   алған.     1957   жылы   Алматы 

қаласындағы   қазіргі   Әл-Фараби   атындағы   мемлекеттік 

университетінің   тіл-әдебиет   факультетіне   оқуға   түсіп,   жоғарғы 

білімді журналистік мамандығын алған. Оқуды бітірісімен Нарынқол 

аудандық газетте қызмет істеп, зейнеткерлік демалысқа шықты. 



СЫБАНҚҰЛ ҚАЛБАСҰЛЫ – КҮЙШІ, САЗГЕР

(1865-1945 )

    1965  жылы   қазіргі   Ұйғыр   ауданына   қарасты   кетпен   тауының 

етегінде   дүниеге   келген.   Байырғы   ата-қонысы-бұрынғы   Шелек 

ауданына қарасты Сарыбұлақ, Нұра, Сөгетті, Байсейіт елді мекендері. 

1945   жылы   Шынжанда   (ҚХР-да)   қайтыс   болған.   Албан   ішінде   – 

Шожа  (Үмбет).  Одан  –  Жәнібек,   одан  –  Бертіс,  одан  Бертістің  бес 

баласының   (Итемген,   Сүтемген,   Қожаберген,   Жарымбел,   Қасқа, 

Шүмет) бірі – Сүтемгеннен тарайды.

Сүтемгеннен   –   үш   бала   (Божбан,   Қазанқап,   Икел),   соның   ішінде 

Божбанның   үш   ұлының   (Құлбабек,   Тойшыбек,   Елшібек)   бірі   – 

Құлбабектен – екі ұл – Бәкі, Қалбас; Қалбастан – Төлеп, Сыбанқұл, 


Жантай   туады.   Күйшінің   қысқаша   ата   –   тегі   осылай   (ол   туралы 

Алматы   обылысы,   Еңбеші   қазақ   ауданы,   Сөгеті   ауылында   тұратын 

шежіреші қарт Бәйтеке Тәжіұлынан жазып алынған шежіреден жан 

жақты таратылып айтылған).

Балалық кезі, жігіттік шағы, ат жалын тартып мініп, елге аға болған 

кезені орыс  -  қытай шекаралары анықталар қазақ жерінің қиямет – 

қайымы   мол   күрделі   кезімен   тұспа-тұс   келген   күйші   өмірі   мен 

тағдыры да аса ауыр болған. Сондықтанда онығ күйлерінің сарыны 

мұңды, зарлы келеді. Сыбанқұл 50 ден астам күй шығарған. Соның 

бізге   25-30   дай   күйі   аман   жетіп,     20   күйі   нотаға   түскен,   12   күйі 

“Жетісу   күйлері”   атты   топтама   жинаққа   еңген     (“Аққу”   (цикл), 

“Жалғыз   көзі   әулие”   (цикл),     “Жиренше   шеше”   (цикл),   “Жосыған 

құлан” (цикл) “Көксерке”,   “Қара жорға”,  “Қос келішек”, “Нүсіпхан 

ақын”, “Өрелі шабдар”,  “Сандық ашты сары өзен”, т.т.).

Сыбанқұл   Қалбасұлының   күін   елге   жеткізіп,   таратушылар   немере 

ағайындары   Шіде   Төленді   ұлы   (1980-1955),   Жұмаділ   Жантайұлы 

(1906) және белгілі күйші, Еңбекші қазақ ауданы, Сөгетті ауылының 

тұрғыны Омархан Керімқұлов (1935).



ЖОЛДАСБАЕВ СӘДЕН ЖОЛДАСБАЙҰЛЫ – ҒАЛЫМ

1936  ж. 26 мамырда туған. Алматы обылысы Ұйғыр ауданы. Тарих 

ғалымдарының докторы, пофессор. Қазақ тарихының маманы. 

1963  ж.   Қазақтың   С.М.Киров   атындағы   мемлекеттік   университетін 

бітірген. Тарих және қоғамтану мамандығы бойынша.  1963-1968 жж. 

Алматы обылысы, Ұйғыр ауданында Октярь орта мектебінде мұғалім 

және оқу ісінің меңгерушісі болып істеген. 

1968-1972  жж.   Қазақ   ССР   ғалым   академиясы,   Ш.Ш.Уалиханов 

атындағы   тарих,   архелогия   және   энтография   институтының 

асперантурасын бітірген.  1975 жылы тарих ғалымының кондидаты. 

1972 - 1978 жж. осы институттының ғылыми қызметкері.  1978 - 1980 

жж. Абай атындағы педагогикалық институттың ұстазы.



1980 жылдан осы кезге дейін Қазақтың Әл-Фараби атындағы Ұлттық 

университетнің ұстазы.  1982 ж. доцент, 1998 ж. профессор.

Ғалым халқымыздың ХП-ХҮПІ орта ғасырлардағы мәдениетін және 

дәстүрлі   шаруашылығын   зерттеген.   Тарихымыздағы   осы   уақытқа 

дейінгі   орын   алып   жүрген   қазақ   халқы   жаппай   көшпелі   мал 

шаруашылығымен айналысқан деген пікірді теріске шығарған. Қазақ 

қыстауларына   археологиялық   зерттелу   жұмыстарын   жүргізіп, 

халқымыздың жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал өсірумен 

айналысқандығын дәлелдеген. 

Өзінің   ғылыми   еңбектерінен   жоғары   оқу   орындарына   арнаулы 

курстар оқып, көрсетілген мерзім бойынша оқу құралдарын да жазған. 

Еліміздің   егемендігін   алуға   байланысты   жаңа   буын   оқулықтардың 

жазылуына байланысты да өз үлесін қосуда. 

Жалпы білім беретін орта мектептердің 7-сыныбына арналған.  “Орта 

ғасырлардығы   Қазақстан   тарихы”   баспадан   шықты.   Ал 

жаратылыстану   мен   математикалық   бағдарлы   мектептерінің   10,   11 

кластарына   Қазақстан   тарихы   бойынша   оқулық,   әдістемік   және 

хрестоматикалық оқу құралдарын жазған.

Жалпы жариялаған ғылыми еңбектері 200, оның ішінде 4 монография, 

4 оқулық, 5 студенттерге арналған көмекші 5 талқылама оқу құралы, 

ғылыми және баспасөзде энциклопедияда жарияланған. 

ТОЙШЫБЕКОВ МӘКЕН МОЛДАБАЙҰЛЫ – ҒАЛЫМ 

1938  жылы   8   сәуірде   Алматы   облысы,   Ұйғыр   ауданы,   Диқан 

ауылында   туған.  Алматы   мал   -   дәргігерлік   институтын  тәмәмдаған 

(1956-1961). 

 Ғалым – зоотехник, биология ғылымдарының кондидаты (1965); аға 

ғылыми   қызметкер   -   генетик   (1971),   ауылшаруашылығы 

ғылымдарының докторы (1987), ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 


корреспондент   -   мүшесі   (1989),   “Биология”   мамандығы   бойынша 

профессор (1995). ҚР Ғылым академиясы экспериментальді биология 

институның   эмбрионды   трансплантациялау   лабороториясының 

меңгерушісі (1972-1993), ҚР Ғылым академиясы Ф.М.Мұхамедқалиев 

атындағы   экспериментальді   биология   институның   директоры   (1994 

жылдан бүгінгі күнге дейін).

Тойшыбеков   М.М.   –   көрнекті   ғалым-биолог,   малдарды 

биотехникалық   жолмен   асылдандыру   саласында   ашылған   ғылыми 

жаңалықтардың   негізін   салушы.   Ол   асылтұқымды   малдарды   тез 

көбейту мақсатында және ең жоғарғы мөлшерде төл алу бағытында 

эмбрионды   трансплантациялаудың   фундаментальді-қолданбалы 

негізін жасаған ғалым. 

Қазақстанның күрдели табиғи-климаттық жағдайларына төселуі қиын 

шетелдік   сирек   кездесетін   асыл   тұқымды   қой   түрлерінен 

эмбриондарды   трансплпнтациялау   арқылы   тұңғыш   рет   өзгеше   қой 

тұқымын   шығарды.   Ол   республиканың   оңтүстік-шығыс   өңірінің 

табиғи жағдайына бейім жартылай биязы жүнді ет пен жүн беретін 

трансплантацияланған қой тұқымдарын өсірген.

М.М.Тойшыбеков   халық   шаруашылығында   маңызы   зор   жартылай 

биязы жүнді қойдың жаңа қазақ тұқымын шығарған авторлардың бірі. 

Ол он жылдан бері Қазақстандағы бағалы және жоғалып бара жатқан 

асыл   тұқымды   малдарды   өнімді   пайдалану   және   жедел   өсіру 

жөніндегі   фундаментальді   және   қолданбалы   зерттеу   бағдарламасын 

басқарып келеді.

М.М.Тойшыбеков Үкімет комиссиясының мүшесі ретінде Қазақстан 

Республикасының “Сұрыптау жетістіктері туралы” Заңды дайындауға 

қатысқан.

1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы 

Жоғарғы Ғылыми – техникалық Кеңесінде алғашында мүшесі ретінде, 

сонан соң Төрағасы ретінде қатысып келді.

Ғылым мен техниканы дамытуға зор үлес қосқан ғалымдарға арналған 

стипендиямен марапатталған (1999-2000 жж.).



107 ғылыми мақаласы, оның ішінде 4 монографиясы жарық көрген. 6 

авторлық куәлік алған. 



ҚОЖБАНБЕТ

Ағымсары                 Сағым (Ағым)                       Тілеу 

Бесжан (Елбақты)

Елтоқ       Нұржау   Тоқаш  Есбол  Байбол  Қолдау      Тұрсын

Қасым Сексен     Көбек Байсары Байжан Төлеміс

                                                  Қосқұлақ     Батраш                 



           

Қайынберді   Қалпе



         

Өтегүл   Шағапай       Мәпке   



       

Өтеп  Бапсық Бапсымақ Байшуақ  Асабай

Балта  Қылыш  Қыпақ  Таңат

Бәйтік Бухар Тұңғатар Қаржау Бөрте  Алжан  Қалжан  Тілеу

Жолдыбай Сақау Шора Есентай Естемес Естен Төле Жауғаш Қадір 

Малай


ҚОЖБАНБЕТ РУЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ

ҚОЖБАНБЕТ РУЫ

Албан   тайпасындағы   ең   үлкен   рулардың   бірі   –   Қожбанбет   руы. 

Сұйерқұлдан тараған төрт ұлдың аттары, Досалы, Шоған, Қожбанбет, 

Жарты деп аталады. Кәріқұлақ қариялардың айтуы бойынша, Дасалы 

мен Шоған бір шешеден туған болса, ал, Қожбанбет, Жарты екінші 

шешеден деп айтады. Сүйерқұлдың ең кенжесі Жарты.

Бұл кісі жасынан жарым жанды, іштен кемістеу болып туғандықтан, 

басқа ағаларына көрі тікелей Қожбанбет өзі бағып адам етіп, қатарға 

қосқан дейді. Сондықтан, Қожамбет – Жарты ағайынды, әрі, енелес, 

ұраны бірге болып келген. Жартының Қожбанбетке еншілес, табиғи 

болатыны осыдан. Бірінен бірі қол үзбей, мекен – қоныстары да ортақ, 

бірге   жүріп   бірлесіп   тірлік   кешкен.   Ертеректегі   ата-қоныстары   Іле 

бойымен   Үйсін   тауы   мен   (қазіргі   Кетпен   жотасы)   арасын 

Қоңырбөріктер   мен   қатар   мекендеген.   Демек,   ағайынды   екеуі 

мұндағыға дейін бірге араласып, ірге ажыратпаған өте жақын туыс 

елдер. 


Қожбанбет Албандағы көп тараған іргелі елдердің қатарында тұрады. 

Қазан   төңкерісіне   дейін   Бөдеті,   Қожбанбет   және   Кеген   деген   үш 

болыс   елдің   құрамында   болып   келген.   1918   жылдарға   қарай,   уақ 

болыстарды қосып, ірілеген кезде, бүкіл Қожбанбетті үлкен бір болыс 

елден құрамына сыйғызған. Оны Сыпатай болыс басқарды. 

Жалпы Қожбанбет руы мынандай 12 ірі атаға бөлінеді. Реттік шежіре 

нұсқасы   бойынша   оларды   тарқатып   айтсақ:   Ағымсары,   Бесшал, 

Тұрсын, Қосқұлақ, Жолдыбай, Сақау, Кәдір, Шора, Есентай, Естемес-

Естен, Төле-Жауғаш және Малай. Бұл аталардың өзі төмендей келіп, 

әлденеше ұсақ аталықтарға тағы бөлініп келеді. Осылардың ішіндегі 

ең көбі Қосқұлақ, Тұрсын, Сақау, Жолдыбай, Ағымсары аталары. Бұл 

рудың   негізгі   елдік   ұраны   –   Қожбанбет.   Ал   бұдан   бөлек   ішінара 

кейбір төменгі аталар басқаша да атай береді. Мәселен: Жолдыбайлар 

Түгелбайды, Сақаулар Итбаланы ұрандап шақыратын болған. 



Қазақ шежіресі бойынша, Қожбанбет атадан Ағым, Сағым және Тілеу 

деген үш бала туады. Ағымды негізінен Ағымсары деп атайды. Ол 

Қожбанбеттің дербес бір атасы болып есептеледі. 

Ағымнан: Елтоқ, Нұржау, Елтоқтан – Қасым, Сексен, Нұржаудан – 

Қайыпберді, Қалпе болып бөлінеді. 

Сағымнан   –   Бесшал   атасы   тарайды.   Бесшалдың   үлкен   әйелінен 

Тоқаш, кіші әйелінен – Есбол, Байбол.

Қожбанбеттің үшінші баласы – Тілеу. Одан Қалдау, Тұрсын туады. 

Қалдауды қазірше қоя тұрып, Тұрсынды жіктейік. Тұрсын да өзінше 

бір   ата   ел   болып   қалыптасқан.   Тұрсыннан   Шыңдауыл,   Қабыл, 

Қарақұл   дейтін   үш   ұл   бар.   Шыңдауылдан   –   Көшімбай,   Байжігіт. 

Қабылдан Сәмбет, Қозыбақ, Андас, Теке. Ал Қарақұл батырдан Мама, 

Баубек.   Мамадан   тарағандар   өздерін   шешелерінің   атымен   “Тұрсын 

ішінде   Шаштымыз”   -   деп   атайды.   Ал,   Баубек   тұқымдары   болса 

ертеректе   Ташкент   жаққа   кетіп,   сонда   өркен   жайған.   Білетіндердің 

айтуынша Өзбекстанда 300-дей шаңырақ бар көрінеді. 

Қалдаудан   –   Қосқұлақ   пен   Батырша   туады.   Қожбанбеттегі   ең   көп 

тараған   осы   Қосқұлақ   атасы.   Қосқұлақтан   8   ұл   бар.   Бәйбішесі 

Сұқсырдан – Бәйімбет, Тұңғатар, Қаржау, Бұхар, Бқрте болса, кіші 

әйелінен Алжан, Қалжан және Тілеу дейтін қосымша тағы бір баласы 

болған. 

Батырша өз заманында асқан бай, беделді кісі болыпты. Батырша бай, 

көп   әйел   алған,   одан   11   бала   бар.   Сұлу   бәйбішеден:   Жолдыбай, 

Сақау /Бесқұлақ/, Шора, Қазыбай, Есентай.

Бір әйелінен: Естемес, Естен. Мақпал дейтін кіші әйелінен: Жауғаш 

қана.     Бұлардың   сыртнда   Төле,   Қадыр,   Малай   деген   қосымша   үш 

баласы тағы бар. Осылардың ішінде Қазыбайдан басқасы өніп-өсіп, 

жеке-жеке ауыл болып кеткен. Бір ғана Батыршадан тарайтын бұлар 

Қожбанбет ішінде үлкенді-кішілі 8 ата бірлестігін құрайды. Оларды 

жоғарыда атап өттік. 

Негізінен   Қожбанбет   –   Жарты   қазіргі   Ұйғыр   ауданының   Іле   бойы 

және   Тау   бөктері   Қырғызсайдан   (Подгорный)   шығысқа   қарай 



Қалжатқа   дейінгі   кең   аралықты   алып   жатқан.   Ел   аузында 

“қорғасындай қорығын Қожбанбет елі” деген сөз бар. Бұның мәнісі 

бұл   ру   басқалар   сияқты   бөлініп,   жарылмаған,   бір-ақ   жерге 

шоғырланған,   ынтымақ-бірлігін   жоғалтпаған   жұрт   екенін   көруге 

болады. Кейінен Сөгеті, Көкпек даласына Шажалар қоныс аударып, 

Қалжат   маңына   келіп   тоқтаған.   Бұнда   бұрынан   Ағымсылар   мен 

Сақаулар   тұратын   еді.   Жер   жағыдайының   тарлығына   байланысты, 

Кепебұлақтан Сақаулар ығысып, тау асып, Күнгей бетке түседі.  Бұны 

Ж.Құлмұхамбетовтың айтуы бойынша 1850 жыл деп көрсетеді.

Ал Үйсін тауының оңтүстік бетінде тұратын Жолдыбай мен Тұрсын 

аталарына енді Саусақ келіп қосылады. Бұл үш атаның қоныстанған 

аймағы Көмірші, Тоқтарбай, Белбейіс, Қошқар, Шибұт және Шолақ 

өзендерінің алқаптарын мекен еткен. 

Қытай қазақтарының ішінде бұрынан сонда тұрғылықты “алты болыс 

Албандар”   бар   екенін   жақсы   білеміз.   Олар   негізінен   Қоңырбөрік, 

Жарты, Қожбанбет, Шажа, Айт, Құрман, Досалы руларының көптеген 

шашыранды бұтақшаларынан құралған елдер болатын. Біз бұл жерде 

Құтайдағы   Албандар   жайлы   толық   баяндап   жатпаймыз,   тек 

Қожбанбетке қатысты дерек көздерін алға тартамыз. 

Өткен ғасырдың 40  -  50 жылдар арасында Қожбанбеттің біраз бөлгі, 

Қытай жеріне қоныс аударған. Ол кезде шекара жоқ, ұланбайтақ қазақ 

даласында   ерсілі-қарсылы   көшіп   жүре   беретін.   Ең   әуелі   Жансейіт, 

Тоқсейіт,   Бейсембай   және   Жайсаң   деген   кісілер   бастап   барған 

Қосқұлақтар еді. Осы Қосқұлақтарға, қосылып Ағымсарылар да көп 

көшті.   Осылай   біртіндеп   дүркін  -  дүркін   көшудің   соңы   екі   ортаға 

шекара орнаса да /1874ж/ тіпті, 1916 жылға дейін созылады. 

1916 жылға Қарқара көтерілісі кезінде бүкіл Албандар Қытай жеріне 

барып, бір қыс сонда болып, 1917 жылы қара қонысқа қайта оралды. 

Сондағы   барғандардың   бірталайы   туыс-туғандарын   тауып, 

тұрғылықты Албандар ішіне тұрақтап қалды. 

Ал, 1928 бен 1933 жылдар аралығында бүкіл шекараға таяу маңдағы 

қазатар тағы Қытайға шықты. Бұл барғандар, ата-жұрттан алыс кетіп, 

біржола Қытай жерінде қоныс тебуге тура келеді. 


Осы   жоғарыда   айтылған   екі   үркіншілікте,   Қожбанбет   руының   тең 

жартысына   жуығы   Қытай   мемлекетінің   құрамында   амалсыз   қалып 

қойды деуге болады. 

Кеңес   дәуірінде   осында   қалған   халықтарды   бір   орталыққа   жиып, 

шоғырландыру үшін артельдер ашып, колхоздар құра бастады. Сол 

уақытта   Ұйғыр   ауданындағы   бұрыннан   тұратын   Қожбанбеттердің 

көбі   /Ағымсары   мен   Бесшалдан   басқалары/   дерліктей   Нарынқол 

ауданының   жеріне   көшіп   түсті.   Елтай,   Шолақ,   Шибұт,   Қошқар, 

Көмірші секілді толып жатқан ұсақ колхоздарға топтасып, осында бір 

жола тұрақтап отырықшылдыққа бейімделеді. 

Бүгінгі   күнде   Қожбанбет   атадан   тараған   күллі   ұрпақтар   тізбегі 

Райымбек пен /бұрынғы Нарынқол/ Ұйғыр секілді екі бірдей ауданға 

бөлініп, қатар жатыр. Ал, Қытай қазақтары арасында Қожбанбеттің 

біршама бөлшегі әлі де сонда тұрып келеді. 

Қожбанбет руынан көптеген көрнекті елге танымал адамдар шыққан: 

Ағымсарыдан   –   Боташ   шешен,   Қытайдағы   Нақысбек   ақалақшы. 

Қосқұлақтан – Кәрібайдың Қырғызы /болыс болған/ Меди ақалақшы, 

Байқұрман, Мампақ.

Тұрсыннан   –   Қонақбай   батыр,   Қожасан   шешен,   Нәби   ақын.   Таңса, 

Жантелі. 

Жолдыбайдан – Түгелбай әулие /бейітінің басынан арасан ашылған. 

Шалкөде жайлауындағы Қисық Ақтастында/. Оның баласы Сыпатай /

болыс/, Темірбек, Жылгеді, Әжілер, Айтбай Даркембайұлы /Қарқара 

көтерілісіндегі көрнекті тұлғалардың бірі, болыс болған/.

Сақаудан – Итбала, Қаражан, Қайрамбай, Сапақ, Тезекбай, Шәлімбек, 

Наурызбай, Мергембай, Бәйет батырлар.

Шорадан – Бердібек би, Арымбай молда, Ысқақ.

Төледен – Сәйбек балуан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет