Г.А. МУСАХАНОВ
Преподаватель МКТУ им Яссауи
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖƏНЕ ОНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТАРАПЫНАН
БҰЗЫЛУЫНЫҢ КЕЙБІР СЕБЕПТЕРІ
Қазіргі кезде мемлекеттік қызметкерлер тарапынан коррупциялық іс-əрекеттерге, яғни сыбайлас
жемқорлыққа жол берушілік фактілері көптеп кездесіп жатыр. Тіпті еліміз сыбайласқан
жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарына кіріп те кеткен. Бұл əлем елдеріндегі сыбайласқан
жемқорлық деңгейін анықтайтын Transparency Іnternatіonal ұйымының 2008 жылғы қорытынды
есебінде көрсетілген. Онда «Қазақстан 2008 жылғы рейтинг бойынша 151-орыннан 145-орынға
шықты (Бұрынғы кеңес елдері арасынан парақорлықтан тазалығы жағынан Грузия (67-орын),
Армения (108) мен Украина (134) ғана Қазақстанның алдында тұр» [1]. - деп ұйғарылған.
Төменде берілген кестедегі көрсеткіштер бойынша Transparency Іnternatіonal ұйымы
Қазақстанда өз зерттеулерін 1999 жылдан бастап жүргізе бастаған. Егер сол кездегі елдегі
сыбайласқан жемқорлық деңгейін (кестені қараңыз) алсаңыз, 2008 жылғы көрсеткіштен
айырмашылығы аз. Қазақстанда сəл ілгерілеу болғанымен, индекс (2,2-2,8 балл) əлі төмен.
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
168
Сыбайласқан жемқорлықтан арылған мемлекетте индекс 10 балды көрсетеді. Сол себептен,
Қазақстан ең құрығанда 5 балл алуға ұмтылуы керек. Ал индексі 3 балға дейінгі кез келген елде
сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары болып есептеледі [2].
Əрбір мемлекет пен өркениетті қоғам сыбайлас жемқорлықпен күресті ең өзекті мəселе деп
қарастырады. Өйткені сыбайлас жемқорлық мемлекеттілікке төнген ең үлкен қауіп болып
саналады. Бұл індетпен күресу біздің мемлекетіміздің де алдына қойған өз талабы. Еліміздің құқық
саласының мамандары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің даму тарихын жалпылай
төрт этапқа бөліп қарастыруда.
Бірінші этап – 1992-1998 жж. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің бастапқы кезеңі жəне
нормативтік-құқықтық базаның қалыптасуы.
Екінші этап – 1998-2000 жж. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты құқықтық жəне
əдістемелік негізі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы заңнаманың пайда болуы.
Үшінші этап – 2001-2004 жж. Сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемаларын шешудің жүйелік
көзқарасының қалыптасуы.
Төртінші этап – 2005 жылдың ақпанынан. Қазақстанның жылдам экономикалық, əлеуметтік
жəне саяси модернизациялау контекстінде сыбайлас жемқорлықпен күресі [3].
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы 1998 жылдың
2 шiлдесінде өзінің заңдық күшіне енген. Бұл Заңға 2003 ж. 15 ақпанда, сондай-ақ 2012 ж. 7
мамырында жəне тағы да өзге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген [4].
Заңның айқын мақсаты «...сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын
алу, анықтау, олардың жолын кесу жəне ашу, олардың зардаптарын жою жəне кiнəлiлердi жауапқа
тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мiндеттердi атқаратын лауазымды жəне басқа
да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету» [5].
Сонымен қатар бұл Заңның тағы бір аса айқын мақсаты бар. Ол – «...біліктi мамандарды
мемлекеттік қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттік мiндеттердi атқаратын адамдардың
риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасау» [6].
Мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметін асыра пайдалануы арқасында, яғни өзінің
материалдық жағдайын түзету мақсатында қылмыстық іс-əрекеттерге баруы, əрі оны өзге де
қылмыстық құрылымдармен немесе сондай əрекеттерге бара алатын екінші бір тұлғалармен
жасауынан сыбайластық жемқорлық туындайды. Бұл –мемлекеттегі лауазымды адамдардың,
қоғамдық жəне саяси қайраткерлердің сатылғыштығын, парақорлығын болдырмауын көздейтін
жоғарыда аталған ҚР Заңына қарама-қайшы келетін құбылыс. Өзінің қызметтік мəртебесі мен
өкілеттіктерін жеке, топтық жəне өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке
игіліктерді алу əрекетінен туындайтын қылмыстық іс-əрекет болып табылады. Сондай-ақ, ҚР
Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-
бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра
пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы
лауазымдық қылмыс нормаларын бұзу болып саналады. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты жою
мақсатында қабылданған қылмыстық, тəртіптік, əкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы
нормативтік-құқықтық актілердің болуына қарамастан жасалған қылмыстық əрекет деп тануға
толық негіз бар. Елімізде 1995 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы жəне осы
саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар. Соған қарамастан бұл сипаттағы
құқық бұзушылықтар не себепті көп?
Оған бірінші себеп – қоғамдағы құндылықтардың дұрыс бағытта негізделмеуінде. Қоғам
мүшелерінің араларында мемлекеттік қызметке келсең, ең алдымен өз қамыңды ойлауың керек, яғни
№6. 2013
169
өзіңнің қызметіңді пайдаланып, өз мүддеңе қызмет ету, өзіңді байыту: өзге біреуді қанау арқылы
немесе одан да көп пайда табу мақсатында мемлекет қаржысына қол салу арқылы баюға мүмкіндік
зор деген көзқарас кеңінен тараған. Бұның түп негізіне зер салсаңыз, бұлай ойлауға мүмкіндік
беретін заңдардағы кемшін тұстар екеніне көз жеткізесіз. Заңның солқылдақ тұстарын ұрымтал
пайдалану, тендерлер жариялаудағы жауапкершіліктің толық еместігі, экономикадағы қарым-
қатынастардың барынша ұқыпты реттелмегендігі көп себеп болып отырғандығын байқаймыз.
ҚР сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға бағытталған заңдарында осы саладағы күрестің негізгі
принциптері толық анықталған. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы» Заңының 5-бабы бұған дəлел. Бірақ осы принциптердің жүзеге асыруын қадағалайтын,
бақылайтын органдардағы кейбір лауазымды тұлғалардың өздері заңнан аттамайтын жағдайда ғана
аталған күрес мығым болады. Заң белшесінен басылмай, толық орындалады, əрі қоғам түсінігі де
күрт өзгереді.
Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық қорғалуымен қатар, артылатын
жауапкершілігінің де шегін барынша қатаңдандыру керек. Ол құқық бұзғаны əшкереленген
жағдайда, қоғамның алдында нағыз масқараланған адам болуы керек. Оны идеологиялық саясат
деңгейіне жеткізу керек. Яғни мемлекет ісіне немқұрайдылық танытпаған, ұқыптылық пен
жанашырлық жасаған адам үлкен құрметке ие болса, керісінше осыған қарсы іс-əрекет атқарған
адам ең бейшара, адамдық келбетінен ажыраған адам болуы керек. Кезінде американдық
криминолог Сатерленд «ақжағалы қылмыскерлерді» – «заслуживающие уважения лица,
занимающие высокое общественное положение и совершающие преступления в процессе
осуществления своей «профессиональной деятельности» без применения насилия» деп атағанына
қарамастан, олардың нағыз бейнесіне – кəнігі қылмыскер – ұры-қары деген атау берген абзал
болады. Бұл да қоғамда сілкініс тудырып, адамдардың, əсіресе, мемлекеттік қызмет атқарып
жүрген, парасат деңгейі жоғары адамдардың, қылмыстық əрекетке баруына тосқауыл бола алады.
ƏДЕБИЕТ
1
Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мəлімет;
2
Сонда;
3
Г.Сапиева. //Алаш айнасы газеті. 21 қазан 2011 ж.;
4
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы. (ҚР 23.07.99 ж. № 454-I ;
08.06.01 ж. № 206-II ; 25.09.03 ж. № 484-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді; 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 2-бап
өзгертілді);
5
Сонда;
6
Сонда.
Резюме
В статье рассматриваются причины коррупционной преступности лиц, уполномоченных на выполнение
государственных функций и связанных с ней проблемами совершенствования антикоррупционного законодательства.
Одной из острейших проблем сегодняшнего Казахстана является коррупция, проявляющаяся все более в многообразных
формах.
Автор выделил наиболее значимых уголовно-правовых признаков совершаемых госслужащими коррупционных
преступлений. Систематизированы криминологическая характеристика, причины и условия, способствующие
распространению коррупционной преступности лиц, уполномоченных для выполнения государственных функций,
состояние антикоррупционного уголовного законодательства.
Summary
In the article is devoted to research of corruption criminality of the persons authorized to performance of the state functions
and connected to it by problems of perfection of the anticorruption legislation.
The author systematizes the reasons and the conditions promoting distribution of corruption criminality of persons, the state
functions authorized to performance. It is marked, that complexity of research of the reasons of corruption criminality consists in
its variety, a various level and various influence on consequences.
The legal analysis of corruption crimes under the criminal legislation of Republic of Kazakhstan is carried out. Offers on
perfection of the criminal legislation providing the criminal liability for crimes, connected with corruption are developed.
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
170
Ш.О.БИДАШОВА
Қазақ қыздар педагогикалық университеті,
қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасының магистранты,
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
ƏЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ МАМАНДЫҚ РЕТІНДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ РОЛІ
Аннотация
Мақалада əлеуметтік жұмыс мамандық ретінде алғашқы пайда болған елдер туралы айтылады.
Əлеуметтік жұмыстың мақсаты басқа түскен ауыртпалықтан арылу үшін сырттан көмек қажет ететін
адамдарға көмек беру. Алғашқыда əлеуметтік жұмыс тұрмыста қиыншылыққа ұшыраған туыстарға көмек
көрсету болып табылса, кейіннен əлеуметтік жұмыс аясының кеңейіп бір жүйеге келтірілгендігі
қарастырылады.
Тірек сөздер: Əлеуметтік жұмыс, заң, кəсіп, мамандық.
Президент Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «əлемдік тəжірибе көрсеткендей, əлеуметтік
саясаттың мінсіз жəне əмбебап үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол əлеуметтік жүйеге
қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты»[1] деп, атап көрсеткен болатын.
Қазақстанда əлеуметтік жұмыс пəн ретінде оқытылып, мамандық ретінде қарастырыла бастауы
ХХ ғ. 90–шы жылдары ел экономикасының нарықтық кезеңге өтуімен байланысты. Сондықтанда
əлеуметтік жұмыс жас ғылым жəне қызметтің өзгеше түрі болып саналады. Қазақстанда əлеуметтік
жұмыс жаңадан пайда болғандықтан шетелдің озық тəжірибелеріне сүйенеді. Алайда шетелдік
тəжірибелердің Қазақстанға тиімді жағын пайдалану қажет. Əлеуметтік жұмыс алғашқыда
мұқтаж адамдарға қарапайым түрде көмек көрсететін қайырымдылық ұйымдары ретінде пайда
болып, кейіннен мамандық ретінде қалыптаса бастады. Адамдарға көмек көрсетуге бағытталған
іс-əрекет əлеуметтік жұмыс болып табылады. Бұған адамдардың бір-біріне жан ашарлықпен,
қайырымдылықпен қарауы да себеп болды деп айтуға болады.
Əлеуметтік жұмыстың мақсаты елдің барлық аймақтарында бір адамға, немесе отбасындағы
барлық адамдарға, топқа қажетті кезінде көмек көрсету, сол клиенттердің мұқтажын
қанағаттандыру болып табылады. Əлеуметтік жұмысты кəсіп ретінде қарастырсақ - адамдарға
қажетті көмегін көрсетуді жүзеге асыратын, өмірде кездесетін киыншылықта қолдау көрсетіп қана
қоймай, жəбір шеккен жеке тұлғалардың немесе топтың, отбасының құқықтарын қорғау, бір сөзбен
айтқанды əлеуметтік жағдайын қалыпқа келтіру. Бұл кəсіппен айналысушылар əлеуметтік
жұмыскерлер. Əр түрлі технологиялар мен əдістерді игере отырып əлеуметтік жұмыскер
мүмкіндіктің бəрін пайдалана отырып айналадағы адамдарға жақсы жағынан əсер ету жəне
олардың өмірін жамандықтан жақсылыққа бұруға тырысады.
Əлеуметтік жұмыс түсінігіне ғылыми еңбектерде көптеген анықтамалар берілген. Сол
анықтамаларға сүйене отырып, əлеуметтік жұмыс тұрмыстық жағдайға, шаруашылыққа
байланысты, əлеуметтік жағдайдың төмендеуіне, экономикалық дағдарысқа, кездейсоқ
жағдайларды жəне күнделікті əлеуметтік мəселелерді шешуде адамдарға көмек беретін қызметтің
түрі деп айтамыз. Қиыншылыққа ұшыраған адамдармен жүргізілетін əлеуметтік жұмыс
адамдардың жай-күйін (психологиялық, əлеуметтік) білуден басталады. Адамдардың жай-күйін
қарай əлеуметтік жұмысқа (психологиялық, педагогикалық, медициналық, т.б.) кеңес беру,
клиникалық көмек беру, топтық жұмыс, отбасылық терапия, адамдар тап болған қиыншылықтарға
көмек беру кіреді[2]. Мұндай кең көлемдегі жұмыс қоғамның əрбір адамына жəне қоғамның
барлық топтарының қатысуының арқасында өз жемісін береді. Көмек туралы ұғым адамдардың
алғашқы топтасуы кезеңінен басталады. Мəселен, алғашкы қауымдык кұрылыста əлеуметтік
катынастар ортақ, яғни бір-біріне көмектесу түрінде көрінсе, кейін келе қоғам əлділер мен əлсіздер
тобына бөлінгенде қайыршыларға, кембағалылар мен ауруларға рақымшылық, кайырымдылық
жасау, руластардың бір-біріне көмегі ретінде көрінеді. Ал мемлекет пайда болғанда əлсіз топтарға
қамқорлық жасау мемлекеттік деңгейде жүргізіле бастады. Мұның өзі əлеуметтік жұмыс
жүргізудің реттеле бастағанын көрсетеді. Əлеуметтік жұмыс туралы түсінік, əлеуметтік көмек
елдің экономикалық даму деңгейіне байланысты əр елде əр кезеңде қалыптасты.
Əлеуметтік жұмыс мамандығының пайда болу тарихына тоқталсақ, ХІХ аяғында ХХ ғасыр
шегінде АҚШ пен Еуропа (Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Швеция жəне Франция)
елдерінде əлеуметтік жұмыс мамандығы алғаш қалптасты.
№6. 2013
171
Əлеуметтік көмек туралы алғаш рет Вавилон патшалығының құжаттарында кедей адамдарға
«қомқорлық жасау», туыс адамдарды «сүю» туралы айтыла бастаса, ежелгі Грецияда б.з.д. V ғ.
мұндай көмек «филонтропия» («фило»-махаббат, «антропос»-адамзат яғни, адамзатқа
сүйіспеншілік) адамзатқа деген махаббат» деген мағанада болды[2]. Ал Ресейде жағдайы бар
адамдар қайыршыларға күнделікті пайдалынатын азық-түлікті тарату арқылы қайырымдылық
көрсетуден бастаған. Осындай іс–шаралардың атқарылуы кедейлерге көмек туралы заңның
шығуына бастау болды. Көмек көрсету туралы заңдардың қабылдануы өз кезегінде көмек қажет
ететін амдарға көмек беруді бір жолға қоюға жəне əлеуметтік көмек аясының кеңейіп мемлекеттік
деңгейге дейін көтерілгендігін көрсетеді. Мұндай көмек ең бірінші жағдайы жоқ адамдарға
көрсетілді. Көмек көрсету туралы заңдар алғаш рет əлеуметтік мамандық пайда болған Батыс
Еуропада шықты. Осы заңның аясында кедей адамдарға, өмір сүруге қаражаты жеткіліксіз
адамдарға қайыршы сұраумен өмір сүруге рұқсат етілді[3]. Бұл деңгейдегі адамдарға
мүгедектерді, қараусыз қалған, ата-анасы жоқ жетім балаларды, қарт адамдарды жатқызуға
болады.
1348 жылы Англияда бірінші рет заң жүзінде кедейлер екі категорияға: «абройлы кедей»
оған қарттар, мүгедектер, жесірлер, жетімдер жатқызылды; жəне жұмысқа жарайтын алайда
«жұмыссыздар» болып бөлінді. Осылай екі категорияға бөле отырып Англия заң бойынша
абройлы кедейлерге ғана көмек беруді талап етті. 1536 ж. Генрих VІІ əлеуметтік қамқорлық
жүйесіне реформа жүргізгенде монастырлық жерлерді секуляризациялады (лат.saecularis – діни
емес, зайырлы, шіркеулік жерлердің жəне мүліктердің мемлекет тарапына өту процесін білдіретін
ұғым). Англияда 1572 жылы кедейлерге көмек, кедейшілікпен күрес жөнінде жалпы ұлттық
жарлық енгізілсе, 1601 жылы қабылданған «кедейлерге көмек көрсету» туралы заңда көмек қажет
ететіндерге көмек көрсету жүйесі құрылған [4].
Еуропа елдерінде қабылданған заңдарға қарай отырып сол кездің өзінде кедейлерге мемлекет
тарапынан үлкен қамқорлық көрсетілгенін жəне мемлекет тарапынан көмек беру бір жүйеге
келтіріле бастағанын көруге болады.
Алғашқы əлеуметтік жұмыстың ұйымдасқан əрекеті əлеуметтік жұмыс мектебін ашудан, қорлар
құрудан басталды. Ал, кедейлерге көмек көрсетудегі заңдардың қабылдануы мамандықтың кəсіп
ретінде қалыптасуына алып келді. Кəсіби əрекет ретінде мамандықтың қалыптасуы 1696 жылы
Джон Лок Джон Кэридің қолдауымен 1697 жылы алғашқы жұмыс мектебінің ашылуынан бастау
алады. Бұл жұмыс үйлері (мектептер) əлеуметтік жұмыскер болып саналатын адамдармен жəне
басқару органдарындағы кəсіпкерлермен басқарылып отырды. Алайда кедей адамдар
кəсіпкерлердің құлдары ретінде жұмысқа салынғандықтан бұл жұмыс үйіндегі жағдай кедейлерге
көмек көрсететін орынға аз ұқсаған еді. XVIII ғасырдан бастап «жəрдемдесу» ұғымы бекітіле
бастады, бұл ұғым тұрғындардың аз камтылған топтарына қоғамдық қатынастардың жаңа
дəрежесін үйлестірді. XX ғасырда бұл ұғым бастапқыда («aide social») «əлеуметгік көмек», ал
содан соң («travail social») «əлеуметтік жұмыс» ұғымына ауысады [5].
1795 жылы Ұлыбританияда бірінші рет «кедейшілік деңгейі» жəне «кедейшілік шегі» деген
термин енгізілді. Кедейшіліктің деңгейі төмендегі белгі бойынша енгізілді: наның бағасы, кедейдің
табысы, қарауындағы адам санына қарай (балалар, қарттар) ескерілді [7].
Əлеуметтік көмек, əлеуметтік қолдау, əлеуметтік қамтамасыз ету бұл үш сала əлеуметтік
жұмыстың бөлшегі болып табылады.
Ғылыми əдебиеттерде əлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуын XIX ғасырдың
аяғы мен XX ғасырдың басы деп қарастырады. Бұлай қарастыру себебі Еуропа мен АҚШ-да ХІХ
ғасырдың ІІ жартысында капитализмнің даму кезеңінде қалаларда өндіріс орындарының дамуы
жəне көбеюі тұрғындардың өндіріс орындары көп шоғырланған қалаға қонысын аударуын
(урбанизацияның) күшейтті. Қалаға халықтың көптеп шоғырлануы қылмыстың, жұмыссыздықтың,
тəртіптсіздіктің, панасыздықтың, кедейшіліктің көбеюіне əсер етті. Еуропа мен АҚШ елдеріндегі
индустрияландырудың қарқынды жүруі, урбанизациялануды күшейтті. Елді мекендерден келген
тұрғындардың қала өміріне сіңісуі нашар жүрді. Адамдар арасындағы дəстүрлі əлеуметтік
байланыстың үзілуі адамдар мен қоғам арасындағы жаңа əлеуметтік мəселелерді тудырды. Мұндай
əлеуметтік өткір мəселелерді қалыптасқан əдістермен шешу мүмкін болмады. Қоғамдағы
қатынастардың осылай шиеленісуі қоғамдағы ағартушылардың «қоғам ауру оны қайырымдылық
пен кедейшіліктен емдеу керек», деген көзқарасын туғызды.
Алайда, əлеуметтік жұмысты мамандық ретінде ресми мойындау, мемлекеттік құжаттарға
ресми түрде əлеуметтік жұмыскер қызметін енгізу əр елде əр түрлі уақытта іске асырылғанымен,
олардың мақсаты бір боды. Əлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуы əсіресе АҚШ-да
жылдам жүрді. Оған себеп АҚШ-да өндіріс орындарының көп шоғырланғандығы, оған сырттан
халықтың көптеп қоныстануы болды. Елдегі халықтың əлеуметтік-экономиканың дамуы, қоғамда
болып жатқан өзгерістер кедейлерге көмек көрсетудің өзіндік бағыттарын қалыптастырды. Бұл
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
172
жағдаймен күресу кəсіби мамандықты қажет еткендіктен əлеуметтік жұмысшы мамандығын
дайындайтын арнай оқу мекемелерінің құрылуына əкелді.
ХIХ ғасырдың 80-ші жылдарында АҚШ пен Еуропа елдерінде əлеуметтік жұмыстың маманданған
екі бағыты қалыптасты. Оның бірі 1887 г. Баффалода пайда болған Лондон қайырымдылық қоры
болса, екіншісі 1886 ж. Нью-Йоркте құрылған – Гильдия көршілер (мекендеушілер) қоғамы
ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 1892 жылы АҚШ пен Канаданың ірі қалаларында 92
қайырымдылық ұйымы құрылды[6]. Мұндай ұйымдар АҚШ пен Англияда ғана емес сондай-ақ
Германияда, Финляндияда жəне басқа бірқатар елдерде пайда болған. Шіркеудің көмегіне сүйенген
бұл ұйымдар кедей жəне бақытсыз жандармен жұмыс жүргізу барысында пайда болды. Əлеуметтік
жұмыс мамандығының қалыптасып, дамуына сол кездегі ғалымдар да өз үлестерін қосты.
Əлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуына əлеуметтік жұмыскер, социолог,
əлеуметтік жұмыс теориясының негізін салушы ретінде дүние жүзіне танымалы Джейн Адамс
(1860-1933 Д.Адамс Нобель сыйлығының лауреаты) пен Мэри Элен Ричмондтың (Mary
Richmond,— Мэри Эллен Ричмонд; 5 августа 1861 — 1928, АҚШ) əлеуметтік жұмыс идеяларының
жəне тұжырымдамасының іске асырылуымен тікелей байланысты[7]. АҚШ-да Мэри Ричмонд
басқарған қайырымдылық қозғалысының негізгі идеясы адамдардың əлеуметтік жағдайының
нашарлап, кедейшілікке ұшырауына оның өзіне байланысты екендігін ұғындыру болды. Ол
адамдарды «өз мүмкіндігін өзі жасай алатындығына сендіру керек», деген ойды ұстанды.
Жоғарыда аты аталған ғалымдардаң орасан зор еңбегінің арқасында ХІХ ғасырдың соңына қарай
əлеуметтік жұмыскерлерді кəсіби дайындаудың алғашқы бағдарламалары пайда болды Бұл
əлеуметтік диагноздың жалпы моральды критерийлерден ғылыми дəйектелінген əдістерді игеру
арқылы əлеуметтік жұмысты кəсіби деңгейге өтуіне мүмкіндік береді. Бұны əлеуметтік
жұмыскерлерді маман ретінде дайындайтын алғашқы мектептердің қалыптасқанынан көруімізге
болады. Солардың алғашқысы болып 1898 жылы Колумбия университетінде
М. Ричмондтың бастамасымен бірінші қолданбалы филантропияның ұлттық мектебі ашылып
кейінен ол əлеуметтік жұмыс факультеті деп аталды. Көптеген индустриясы дамыған
мемлекеттерде əлеуметтік жұмыспен кəсіби айналыса бастаған мамандар тобы пайда болды.
Солардың көмегімен əлеуметтік жұмыскерлерді дайындайтын оқу орындары құрылды,
университеттерде алғашқы əлеуметтік жұмыс факультетері ашылды. Мұның өзі əлеуметтік
жұмыстың мамандық ретінде, ғылым ретінде қалыптасқанын көрсетеді.
1899 жылы Мэри Элен Ричмондтың «Кедейлерге достық сапар: кайырымдылық ұйымдарда
жұмыс істейтіндер үшін нұскау» атты кітабы шықты [8], What is social case work? ("Социальная
работа со случаем") 1922 ж.[9], М.Ричмондтың əлеуметтік жұмыстың əдісін толығырақ ашып
көрсеткен 1917 жылы шыққан «Əлеуметтік диагноз» атты кітабы[10]. Мэри Ричмондтың бұл еңбегі
əлеуметтік жұмыстың теориялық жəне методологиялық негізгін сипаттайтын, əлеуметтік жұмыстың
жеке əдістемесі ретінде саналып, əлеуметтік жұмыс мамандығын дайындайтын мектептерде
қолданылған алғашқы оқу əдістемелік құралы болды деуге болады. Əлеуметтік жұмыс мамандығына
байланысты əдістемелік кітаптардың шығуы осы кезеңдерде кəсіби қызметкерлерді дайындайтын
алғашқы қолданбалы филонтропияның ұлттық мектептің өз жұмысын бастауына жол ашты.
Əлеуметтік жұмыс ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, жүйеге ене
бастағанмен, дербес кəсіп ретінде І дүниежүзілік соғыстан кейін кең қанат жая бастады. Оған
себебі 1929-1933 жылдар дүние жүзін қамтыған экономикалық дағдарыс кезіндегі заводтар мен
фабрикалардың жабылуынан туған жұмыссыздықтың күшеюі, халықтың əлеуметтік жағдайының
төмендеуі, халықтың кедейшілікке ұшырауы, өлім жетімнің көбеюі болады. Тарихтан белгілі бұл
кездегі экономикалық дағдарыс АҚШ-да терен болды. Осы кезде мемлекет тарапынан адамдарға
қайырымдылық көрсету ұйымдастырылды.
ХХ ғасырдың басында халыққа əлеуметтік қолдау көрсету жəне қамсыздандырумен негізінен
қоғам етене араласа бастады. Бұл əлеуметтік жұмыстың оқыту пəні ретінде қарастырылып, ғылым
ретінде зерттеле бастауына алып келді. Əлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде қалыптасуына,
бастама, негіз пайда болды. Осылардың негізінде тəжірибе, теория қалыптасты. Ешқандай ғылым
өзі жеке дара дамымайды. Əлеуметтік жұмыс мамандығы да бұдан тыс қалмайды. Ол өзінің дамуы
барысында психология, педагогика, медицина, социология, философиямен жəне тағы басқа
ғылымдармен тығыз байланысты. Əлеуметтік жұмыстың дамуы əлеуметтік саладағы заңдар мен
бағдарламалардың қабылданып қоюы ғана емес, ең бастысы олардың дұрыс жолға қойылып, дұрыс
жүзеге асырылуымен тікелей байланысты. Бұл өз кезегінде мемлекет тұрғындарының əлеуметтік-
тұрмыстық жағдайының тұрақты болуына əсерін тигізеді. Сонымен қатар, белгілі бір себептерге
байланысты қоғамнан тыс қалған адамдарға көмек беруді іске асырудың арнайы жүйесінің болуы
қажет. Əлеуметтік жұмыстың нысаны барлық категориядағы азаматтарды қамтиды. Оған бірінші
кезекте əлеуметтік қорғансыз жəне дəрменсіз топтар деп танылатын: мүгедектер, қарттар, балалар
кіреді. Əлеуметтік көмек көрсету барысында əлеуметтік жұмыскер қалыптасқан жағдайға
№6. 2013
173
байланысты қажет мамандармен байланыста болады. Əлеуметтік салада жүргізілетін əлеуметтік
жұмыстың бағыттары: əлеуметтік көмек, əлеуметік қорғау, əлеуметтік қолдау, əлеуметтік
қамамасыз ету, əлеуметтік сақтандыру, əлеуметтік емдеу, əлеуметтік қалыпқа келтіру.
ƏДЕБИЕТ
1
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан Республикасының
Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егеменді Қазақстан, 2012, 15 желтқсан]
2
Сарсенова Ж. Əлеуметтік жұмыс. Оқулық. Алматы,2004
3
Теория и методика социальной работы: В 2 ч. / Под ред. В.И.Жукова, И.Г. Зайнышева, Е.И. Холостовой. — М.,
1994.
4
Зеньковский В.В. История русской философии.— Л., 1991.— Т. 1.—Ч. 1.—С.55.
5
Пірімжарова Қ.Қ.. Еуроазиядағы əлеуметтік жұмыс. -Алматы, -Экономика, - 2011. - 60 б. / Peine M. Modern
social work theory. L., 1992.
6
Социальная работа за рубежом. /Михайленко Т.А., Примжарова К.К. –Алматы, -27-35 б.
7
Теория и практика социальной работы: Отечественный и зарубежный опыт /Под ред. Т.Ф. Яркиной, В.Г.
Бочаровой. М.; Тула, -2000. -Т. 1, С. 150-152.
8
Социальная работа за рубежом: материалы для практических занятий. – Ростов-на-Дону,–1999, 354 c.
9
Richmond, Mary Ellen (1899), Friendly Visiting among the Poor. A. Handbook for Charity Workers New
York/London: MacMillan http://www.gutenberg.org
10 Richmond, Mary Ellen 1922,What is social case work? An introductory description, New York: Russell Sage
Foundation
11 Social Diagnosis from 1917, Mary Ellen Richmond
Достарыңызбен бөлісу: |