Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет19/33
Дата06.03.2017
өлшемі4,12 Mb.
#8488
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

Түйін
Мақалада менеджменттің жаңа концепциясы бизнес-модель мәнінің анықталуымен байланысқан өзекті
мәселе зерттелген. Ғылыми зерттеу саласында бизнес-модельге деген қызығушылық 1990-шы жылдардың
ортасында пайда болып күнен күнге артуда. Алғашқы еңбектердің үлкен үлесі электронды сауда саласындағы
компаниялардың  бизнес-модельіне  назар  аударған  болатын.  Кейін  «бизнес-модель»  термині  басқа  сала-
лардағы компаниялар қызметін талдау үшін қолданылатын болды. Соған қарамастан бизнес-модель толық
зерттелмеген  менеджмент  концепцияларының  бірі  болып  табылады.  Оның  белгісі  ретінде  бизнес-модель
мәні  мен  оның  негізгі  компоненттерін  анықтауда  зерттеушілер  арасында  ауыз  біршіліктің  жоқтығы  дәлел
болып отыр. Мақала авторы бизнес-модельді басқару құралы мен бизнес жүргізу тәсілі ретінде қолдануының
екі  бағытын  айқындап,  олардың  анықтамаларын  келтіріп  отыр.  Сонымен  қатар  мақалада  бизнес-модельді
құрудың кешендік схемасы, бизнес-модель канвасы, бизнес-модель жүйелік сипаттамасының матрицасы және
бизнес-модельдің концептуалды схемасы секілді бизнес-модельді құрастыру мен талдау әдістері, олардың
ерекшеліктері  жинақталып,  қарастырылған.  Бизнес-модельдің  менеджменттегі  ролі  мен  оның  қызметтері,
сонымен қатар негізгі компоненттері мақалада көрініс тапқан.
Резюме
В статье исследована актуальная проблема, связанная с определением сущности бизнес-модели − новой
концепции  менеджмента.  Интерес  к  ней  в  исследовательских  кругах  проявился  в  середине  1990-х  гг.  и  с
каждым днем растет. Значительная часть первых работ акцентировала внимание на бизнес-модели компаний,
занимающихся электронной торговлей. Позднее термин «бизнес-модель» стал использоваться для анализа
деятельности компаний различных отраслей. Все же бизнес-модель – недостаточно изученная концепция, что
выражено отсутствием единого взгляда среди исследователей относительно сущности и компонентов бизнес-
модели.  Автором  выявлены  два  основных  направления,  рассматривающих  бизнес-модель  как  инструмент
управления и способ ведения бизнеса, в статье приводятся авторские трактовки их определений. В статье
также  обобщены  и  рассмотрены  существующие  методы  построения  и  анализа  бизнес-модели,  такие,  как
комплексная схема для разработки бизнес-модели, канва бизнес-модели, матрица системных характеристик
бизнес-модели, концептуальная схема бизнес-модели, и их особенности. Определены роль бизнес-модели в
менеджменте и ее функции, выявлены основные компоненты бизнес-модели.

138
УДК 330.341:316.4
Д.М. МҰРАТ, 
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ
экономикалық университетінің PhD докторанты
 
ШАҒЫН  кӘСІПкЕРЛІкТІҢ  ДАМУЫ  МЕН  ТИІМДІ  ҚЫЗМЕТ  ЕТУ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ  ЖӘНЕ  ОЛАРДЫ  ШЕШУ  ЖОЛДАРЫ
Мақалада  ҚР  шағын  бизнесін  дамыту  мәселелері  мен  оларды  шешу  жолдары  қарастырылған,  шағын
бизнестің институционалды-құқықтық негіздері мен экономикалың туындаған территориялық-салалық әсе-
рі  белгіленген.  Бірінші  фактор  өндіретін  салалардың  басымдығы  мен  отандық  экономиканың  шикізаттық
бағытталуымен қамтылған. Бұл жағдайларда шағын бизнес сауда мен қызметтер ортасында ғана дами ала-
ды. Туындаған жағдайдың өзгеруі өнеркәсіптің өндіретін саларынан қайта өңдейтін өндірістердің дамуына,
сонымен қатар бүгін де шағын кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнімдерді шығара алатын жеңіл және тамақ
өнеркәсіптері экономиканың салалық басымдықтарының қосылу жағдайы кезінде мүмкін. Екінші фактор –
ин ституционалды-құқықтың негіздің жетілмегендігі кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен және т.б. өза-
ра байланысы, несиелеу, салық салу аумақтарында жалпыға белгілі мәселелердің туындау себептерінің бірі
болып табылады. Отандық кәсіпкерлердің ойларынша, жүргізілетін салықтық саясат шағын бизнестің кә-
сіпорындарын дамыту үшін қолайлы жағдайын туғызбайды. Қазақстанда әр түрлі ұйымдармен жүргізілген
салық  салу  жүйесін  тексеру  нәтижелері  оның  жеткіліксіз  икемділігін,  аса  фискальді  сипаты  және  шағын
бизнесті дамыту үшән ынтаның жоқтығын дәлелдейді.
Тірек сөздер: шағын бизнес, кәсіпорын, факторлар, мемлекеттік реттеу, тиімділік, даму проблемалары.
Қазақстан  Республикасы  қазіргі  таңда  кәсіпкерлік  қызметті  ұйымдастыру,  кәсіпкерлікті
дамыту, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен тиімді қызмет етуіне ерекше кө-
ңіл  бөліп  отыр.  Кез-келген  елдің  экономикасы  қанағаттанарлық  деңгейде  дамып  отырса  да
шағын кәсіпорындардың дамуына баса назар аударатыны белгілі. Қазақстан Республикасының
Президенті кәсіпкерлер конгресінде мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру нәтижесін-
де өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндірілетіндігін, елдің жалпы ішкі
өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі шамамен 25 пайызды құрайтындығын, эко-
номиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбек ете-
тіндігін  айтып  өтті.  Бірақ  бұл  мәліметтер  дамыған  елдермен  салыстырғанда  әлдеқайда  аз
шаманы  құрайтындығы  белгілі.  Сондықтан  алдағы  уақытта  шағын  кәсіпорындардың  дамуы
мен тиімді қызмет ету мәселесіне мән беріліп, бұл мәселелер бойынша негізгі проблемалар
анықталып, оң шешімін табуы тиіс.
Соңғы  жылдары  Қазақстанда  кәсіпорындар  саны  мен  онда  қамтылған  жұмыскерлер  са-
ны ның  өсу  динамикасы  тұрақсыздықпен  сипатталады.  Аймақтық  және  салалық  құрылым
рационал ды  емес.  Кәсіпкерліктің  қалыптасуы  мен  дамуын  басқару  көбінесе  эпизодтық  не-
месе  ғылыми  емес  сипатта  болады.  Кәсіпкер  мен  оның  меншігін  ақшалай  қорғау  жүйесі
дұрыс әзірленбеген. Мұның себептері нарықтық инфрақұрылымның әлсіз дамуы, кәсіпкерлік
қызметті қолдауға бөлінетін қаржылық қаражаттардың шектеулілігінде ғана емес, сондай-ақ,
кәсіпкерлікті  қолдаудың  мемлекеттік  стратегиясы  дер  кезінде  әзірленбегендігімен  де  бай-
ланысты.  Салалық,  аймақтық  басымдықтар  анықталмады.  Шағын  кәсіпорындардың  дамуы
«интенсивті өсім полюсі» ретінде танылмады және олар ел экономикасын көтеруге айтарлықтай
әсер ете алатындығы да ұмыт қалды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік құрылыммен кері байланысы
да нашар дамыды.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың дамуына әсер ететін келесі негізгі
проблемаларды бөліп көрсетуге болады.
1.  Салық саясатының жетілмегендігі немесе шағын кәсіпорындар үшін салықтық ауырт-
палықтардың жоғары болуы. Мұндай жағдай шағын кәсіпорындардың заңды бұзуға жол беруіне
және «көлеңкелі» секторға өтуіне мәжбүрлейді. Негізінен салық саясаты шағын кәсіпкерлікті
дамытудың  ынталандырушы  факторы  бола  отырып,  оның  өміршеңдігі  мен  табысты  қызмет
етуін  қамтамасыз  етуі  қажет.  Осы  мақсатта  әлемде  шағын  кәсіпорындардың  өсу  қарқынын
арттыруға мүмкіндік беретін шаралар кешені қолданылады, яғни, кәсіпорындардың мөлшеріне
қарай салықтардың шекті ставкаларын кезең-кезеңімен азайтудан бастап, салықтық жеңілдік-
тер аясын кеңейтуге дейінгі көптеген іс-шараларды қамтиды.

139
2.  Өзінің жеке ісін бастаған кәсіпкерлер және шағын кәсіпорындар басшыларының бас-
тапқы  капиталды  қалыптастыру,  қаржылық  қолдау  көздерінің  болмауы  немесе  қаржылық
проб лемалар. Банк секторының беретін несиелері көбінесе жоғары пайыздық ставкалар мен
қысқа мерзімде қайтару қажеттігіне байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілерінің барлығы
бірдей қол жеткізе алмайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде тәуекелдің жоғары болуына
және  кепілдіктің  болмауына  байланысты  шағын  кәсіпкерлікті  қаржыландыруға  ынталылық
танытпайды.
3.  Шағын  кәсіпорындарды  құру  кезінде  және  қызметін  жүзеге  асыруда  шамадан  тыс
реттеудің, тіркеу-лицензиялық тәртіптің жүйесіздігі. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызмет-
ті жүзеге асыруда, әсіресе, бастапқы кезеңінде әртүрлі әкімшілік кедергілердің артуы байқа-
лады. Сондықтан бұл мәселеге мемлекет тарапынан реттеу мен қолдаудың нақты жолдарын
қарастырудың маңыздылығы жоғары. Сарапшылардың бағалауы бойынша бірінші жылы құ-
рылған  барлық  шағын  және  орта  кәсіпорындардың  40  пайызға  жуығы  жабылса,  қызметінің
үшінші  жылында  60  пайызға  жуығы  дағдарыс  жағдайында  тұрады  екен.  Демек,  барлық  кә-
сіпорындардың 15–20 пайызы ғана қалады.
4.  Кәсіпкерлікті  қолдау  инфрақұрылымының  жеткілікті  деңгейде  дамымауы.  Халықтың
ша ғын кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүргізіліп отырған шаралар, заңнамалардағы өзгерістер
туралы аз хабардар болуы. Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен инфрақұрылымдардың
қызметтерін  кәсіпкерлердің  барлығы  бірдей  толық  көлемде  қолдана  бермеуі,  сондай-ақ,  кә-
сіпкерлік-инкубаторлар,  технологиялық  кәсіпкерлік-инкубаторлар,  технопарктер  мен  техно-
по листер  қызметінің  жоғары  деңгейде  оң  нәтижесін  бермей  отырғандығы  да  шағын  кәсі по-
рындардың дамуы мен тиімді қызмет ету жолындағы кедергілердің бірі деп айтуға болады.
Елдегі  қалыптасқан  жағдайды  талдай  отырып  жоғарыда  аталған  проблемалардан  басқа
да көптеген факторлар әсер ететіндігін айтып өту қажет. Шағын кәсіпорындардың дамуы мен
қызмет тиімділігіне келесі жағдайлардың да ықпалы мол.
Біріншіден, күрделі қаржылық және экономикалық жағдай: салыстырмалы жоғары инфля-
ция, жаңа шаруашылық байланыстардың баяу реттелуі, пайыздық ставкалардың жоғары дең-
гейі, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуының әлсіздігі;
Екіншіден, кәсіпкерлердің ұйымдастырушылық-экономикалық және құқықтық білімдері-
нің  төмен  деңгейде  болуы,  мемлекеттік  секторда  да,  кәсіпкерлік  секторында  да  кәсіпкерлік
мәдениет пен іскерлік этиканың қажетті деңгейде болмауы.
Үшіншіден,  аймақтық  деңгейде  шағын  кәсіпкерлікті  дамытуды  реттеудің  ұйымдас ты-
рушылық және құқықтық негіздерінің жеткілікті деңгейде өңделмеуі.
Төртіншіден, шағын кәсіпкерлікті қолдау механизмі қызметінің әлсіздігі.
Шағын кәсіпорындар басшыларына жүргізілген сұраулар нәтижесі көрсеткендей, шағын
кәсіпорындардағы өндіріс өсімін шектейтін факторлардың ішінде бірінші орынға салық салу
деңгейінің  жоғарылығы  шықса,  екінші  орында  тапсырыс  берушілердің  төлем  қабілетсіздігі
болса, содан кейін ғана нарықтағы отандық кәсіпорындар арасындағы жоғары бәсеке, өндіріл-
ген  өнімге  (орындалған  жұмысқа,  көрсетілген  қызметке)  сұраныстың  жеткілікті  деңгейде
болмауы жатқызылған.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жанындағы Экономика институты
кәсіпкерліктің даму проблемаларын жүйелеп, оларды шешу және мемлекеттік қолдауды жетіл-
діру механизмі ұсынылған. Оны келесі кесте түрінде көрсетуге болады (кесте 1, 140 б.).
Елімізде шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет етуіне әсер ететін факторлар
немесе проблемаларды қарастыру негізінде байқағанымыздай салықтық ауыртпалықтар, қар-
жылық проблемалар, инфрақұрылымның нашар дамуы мен қызмет тиімділігінің төмен болуы,
әкімшілік  кедергілер,  тексеру  органдарының  көптігі  және  заңнамалық  негіздерінің  әлсіздігі
сияқты мәселелерді ең негізгілері ретінде белгілеуге болады. Әкімшілік кедергілер жеткілікті
кездесетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тыныс-тіршілігін үш кезеңге бөлуге болады:
 
Š
тіркеу және қайта тіркеу;
 
Š
әрекет етуі және дамуы;
 
Š
тарату.

140
Кесте 1 – Шағын кәсіпорындардың даму және тиімді қызмет ету проблемалары [1]
Шағын кәсіпорындардың даму
жолындағы қиындықтар мен кедергілер
Қиындықтар мен кедергілерді жою тәсілдері
Қаржылық: негізгі капиталдың (қызметтік
және өндірістік үй-жайлар, машиналар
мен құрал-жабдықтар, жер және т.б.)
қажетті шамада болмауы, айналым
құралдарының жеткіліксіздігі немесе
жоқтығы
- Инвентаризациялау нәтижесінде анықталған пайдаланылмай
тұрған жекешелендірілген үй-жайларды, аяқталмаған құрылыс
объектілерін, жер учаскелерін тендерлік негізде шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне сату
- Қазақстанда лизингті дамыту үшін институционалдық
негіздерін әзірлеу, Қазақстанда лизингті дамытудың ұлттық
Бағдарламасын жасау және оны жүзеге асыру
- Кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыру үшін халықаралық
қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың гранттарын,
қаржылық, экономикалық, жеке қорлардың карыздарын тарту
- Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде екінші деңгейлі
банктерді ынталандыру бойынша шаралар әзірлеу
- Шағын кәсіпкерлік дамыту қорынан басым бағыттар бойынша
мақсатты несиелеу
Институционалдық: дамымаған
нарықтық инфрақұрылым, кәсіпкерлік
институтының жоқтығы немесе жеткілікті
деңгейде дамымауы
- Қазақстанда кәсіпкерлік институтын енгізу және кәсіпкерлер
кодексін әзірлеу
- Заңгерлік, кеңес берушілік, аудиторлық фирмалар торабын
кеңейту үшін жағдай жасау
- Бизнеске арналған несиелер мен қарыздар беруге
мамандандырылған коммерциялық банктерді дамытуды қолдау
- Сауда үйлері мен биржалар жүйелерін дамыту және қолдау
- Кәсіпкерлік-орталықтар, кәсіпкерлік-инкубаторлар,
ақпараттық-талдау орталықтары, ғылыми-зерттеу және кеңес
беру орталықтары торабын ұйымдастыру және қолдау
Білім берушілік: нарық жағдайында
бинесті ұйымдастыру мен басқару
тәжірибелері мен дағдыларының, жүйелі
білімдердің жеткіліксіздігі
- Кәсіпкерлік негіздерін оқытудың жаңа бағдарламаларын
әзірлеу және енгізу, мамандарды қайта даярлау
бағдарламаларын жетілдіру
- Алынған білімдерді тарату бойынша міндеттемелер мен
келісім-шарттық жүйенің техникалық көмектерін пайдалану
тиімділігін арттыру
- Инновациялық кластерлер, кәсіпкерлікті ұйымдастыру
мен басқару тәжірибелері мен білімдерін инкубациялау
орталықтарын дамыту
Мемлекеттік: бюрократизм, жемқорлық,
күштеп алушылық т.б.
- Мемлекеттік қызмет реформаларын әрі қарай тереңдету
- Кәсіпкерлік субъектілеріне арналған бухгалтерлік есеп,
лицензиялау, сақтандыру мен тіркеудің оңайлатылған жүйесін
енгізу
- Шағын және орта кәсіпкерлік сферасында әрекет ететін
барлық мемлекеттік органдар жұмыстарының мөлдірлігіне қол
жеткізу
- Сәйкес мемлекеттік органдарда, банктер, сақтандыру,
нотариалдық, заңгерлік фирмаларда кәсіпкерлік субъектілеріне
қызмет көрсету жүйесін оңайлату
- Меншікті және кәсіпкерлікті құру жөніндегі құрылым құру
Ақпараттық: қоғам мен кәсіпкерлердің
экономикалық, құқықтық және салықтық
мәдениет бойынша аз хабардар болуы,
кәсіпкерлік проблемаларын көрсету
деңгейінің әлсіздігі
- Кәсіпкерлікті дамытуды БАҚ және электрондық ақпарат
құралдарында насихаттауды күшейту
- Кәсіпкерлік қызметке қатысты өзгерістер мен жаңалықтарды
және мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпкерлерге дер езінде
жеткізіп отыру
- Кәсіпкерлерге өз қызметіне қатысты құнды мәліметтерге қол
жеткізуге мүмкіндік беретін арнайы орталық құру және т.б.
Жоғарыда аталған әрбір кезеңде шағын кәсіпорындардың икемділігіне, белсенділігіне жә-
не  ұтқырлығына  әсер  ететін  көптеген  проблемалар  кездеседі,  нәтижесінде  олардың  дамуын
тежейді.

141
Тіркеу, қайта тіркеу және тарату кезеңдерінде. 216 заңнамалық кесімдерді қамтитын рұқсат
ету  жүйесінің  қолданыстағы  заңнамалық  базасын  ерекше  айта  кету  керек  және  кәсіпкерлік
жүргізу жөніндегі жоғары шегерімдердің негізгі себебі болып табылады. Қолданыстағы заң-
намаға сәйкес тіркеу және қайта тіркеу рәсімдері әр жерде орналасқан, түрлі ұйымдар беретін
көптеген құжаттарды қажет етеді. Нарық конъюнктурасына байланысты шағын кәсіпорындар
қызмет  түрлерін  үнемі  өзгертіп  отырады.  Бұл  құрылтай  құжаттарына  өзгерістер  мен  то-
лықтырулар енгізуді және тіркеуші органға хабарлауды, сондай-ақ, рұқсаттардың көптеген түр-
лерін алуды қажет етеді.
Көптеген елдерде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін «бір терезе» қағидаты бой-
ынша тіркеу мен қайта тіркеуге жағдай жасалған. Мысалы, 2,4 млн шағын және орта кәсіп кер-
лік субъектілері бар Францияда тіркеу үрдісі 24 сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар «бір
терезе»  қағидаты  бойынша  10  күн  ішінде  тіркеледі.  Бүгінде  Қазақстанда  бинес-қоғамдастық
құптаған осындай жүйе енгізілді. Әрекет ету және даму кезеңінде.
Кәсіпкерлердің қызметінде көпшілік жағдайларда негізінен әкімшілік тәртіп бұзушылық-
тар орасан көп бақылау-қадағалау функцияларға ие мемлекеттік органдар жүргізетін тексеру-
лер дің нәтижесінде анықталады. Мұнда:
 
Š
тексеру,  бақылау  және  қадағалау  мәселелерін  реттейтін  құқықтық  нормалар  әртүрлі
нормативтік-құқықтық кесімдерде және бұл мәселе бойынша бірыңғай заңнамалық кесім жоқ;
 
Š
заңнамалық кесімдерде (салық, әкімшілік кодекстерде, кейбір мемлекеттік органдардың
мәртебесін айқындайтын заңдарда және т.б.) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тек-
серуге  ерекше  ұстанымдар  көзделмеген  және  сондықтан  да  мемлекеттік  органдардың  кә-
сіпкерлерге қатынасы олардың қызметінің ауқымына қарамастан бірдей;
 
Š
тексеру, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша рәсімдердің нақты бірыңғай си-
паты мен бірыңғай глоссарилері жоқ. Әртүрлі мемлекеттік органдар тексерулердің түрлі сы-
ныптамасын  (рейдтік,  кешенді,  қарама-қарсы,  жоспарлы,  жоспардан  тыс,  хронометражды,
ағым дағы т.б.) қолданады;
 
Š
бақылау-қадағалау  органдары  жұмысының  тиімділігін  бағалаудың  қазіргі  тәжірибесі
анықталған заң бұзушылықтар мен салынған айыппұлдардың санына байланысты;
 
Š
кәсіпкерлік  субъектілердің  қызметінде  төтенше  жағдай  туындағанда  (ғимараттың  құ-
лауы, жаппай улану, кісі өлімі т.б.) аталған объектіге тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның
жауапкершілігі бір мезетте қаралмайды.
Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде (5-тен 2000 айлық есептік
көрсеткішке дейін) белгіленген айыппұлдардың сомасын өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігі
әрбір  құқық  бұзушыға  қатысты  жемқорлықтың  туындауына  әкеліп  соғады.  Сонымен  қатар,
айыппұлдардың жоғары ставкасы кәсіпкерлердің өзін заңға сәйкес айыппұл төлеу не «аз» пара
беріп құтылуды таңдауға итермелейді.
Лицензиялауға,  аккредиттеуге,  стандарттауға,  сертификаттауға  жататын  жұмыстардың,
тау арлар мен қызмет түрлерінің қазіргі кең көлемді тізбесі іскерлік белсенділіктің, кәсіпкер-
лік баста маның өсуіне кедергі келтіреді. Бұдан басқа, лицензияны беру ретінде және одан әрі
лицензиялық қызметті негіздейтін қосымша рұқсат беру жүйесі (рұқсат беру, қорытындылау,
келісу) бар. Бұл іс жүзінде елде кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын
тежейді. Осылайша әкімшілік кедергілердің ауыртпалығы негізгі кемшілік болып табылады.
Олардың ішінен негізгілері ретінде келесілерді атап өтуге болады:
 
Š
тікелей әрекет етпейтін кесімдер, көптеген кіші заңдық кесімдер бар;
 
Š
мәні бойынша мемлекеттік функциялар берілген, мемлекеттік органдар уәкілеттік еткен
көптеген мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар қызмет етеді;
 
Š
шектен тыс статистикалық және салықтық есептілік бар;
 
Š
жекелеген мемлекеттік органдар өздерінің бақылау-қадағалау, рұқсат беру және келісу
функциялары мен өкілеттіліктерін қысқартуға дайын емес.
Мемлекеттік  мұқтаждықтар  үшін  тауарларды  (жұмыстар  мен  қызметтерді)  жеткізіп  бе-
руде  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  ашықтығын  және  олардың  барынша  көп  қатысуын
қамтамасыз  етуі  тиіс  «Мемлекеттік  сатып  алу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының
ая сында  мемлекет  пен  шағын  кәсіпкерліктің  өзара  қатынасын  жеке  атап  өту  керек.  Алайда,

142
тәжірибеде  мемлекеттік  тапсырыс  берушілер  шағын  кәсіпкерлік  үшін  заңда  көзделген  же-
ңілдіктерді мүлдем дерлік қолданбайды [2].
Шағын  кәсіпорындардың  дамуына  кері  әсерін  тигізіп  отырған  басты  проблемалардың
бірі  кәсіпкерлікті  қолдау  инфрақұрылымының  қажетті  деңгейде  нәтижелі  жұмыс  жасай  ал-
мауы  болып  табылады.  Шағын  кәсіпорындардың  қаржылық  проблемаларын  шешуде  қаржы
институттарының  қызметін  жетілдіру  маңызды.  Бірақ,  олардың  қызметін  жүзеге  асыру  ке-
зінде  де  проблемалар  кездесіп  жатады.  Атап  айтсақ,  «Шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  қоры»
акционерлік қоғамының негізгі мақсаты өз қаржы қаражатын және мемлекеттің шағын кәсіп-
керлікті дамытуға бөлген қаражатты тиімді пайдалану болғанмен, оның тиімділігі көңіл қуан-
тарлық деңгейде емес. Қордың қаражаты шағын кәсіпорындардың қалыптасу үрдісінде оң рөл
атқарады, бірақ соңғы қарыз алушы үшін пайыздық ставкаларды нақты төмендетуді қамтамасыз
етпеді және ұзақ мерзімді өндірістік жобаларды іске асыруға жәрдемдеспеді.
Біздің Республикамызда дамыған мемлекеттер қатарындағыдай кең тараған шағын, орта
жә не ірі кәсіпорындардың кооперациясы жоқ. Шағын, орта кәсіпкерлік сауда және қызмет көр-
сету саласында жақсы дамығанымен, материалдық өндіріс саласында жеткілікті дамыма
  
ған.
Біздің тауар тұтыну нарығы арзан импорт өнімімен толып кеткен, оның көбісінің сапасы өте
тө мен. Сол себептен халық тұтыну тауарларын өзіміздің шағын, орта кәсіпорындарында жасап
шығаруға  болушы  еді.  Шағын,  орта  кәсіпкерлік  субъектілерінің  қызметтерінің  икемділігін
жоғарылату үшін және он іске асару үшін қоғам – мемлекет тарапынан қолдау керек.
Салық заңына жиі өзгерістер енгізу, ол жаңа процедуралар, жаңа есеп беру оның төлеу
уақыттарын өзгертеді. Орта есеппен әр шағын кәсіпорын бюджетке
50% табысын аударады, ал 40%-дай шағын кәсіпорындар бюджетке 61% табысын аудара-
ды. Мысалға, батыс мемлекеттерінде мүндай кәсіпорындардан 33–35% табысын алу дұрыс деп
саналады. Несие жайлы айтатын болсақ, мұнда жаңа өз ісін бастап келе жатқан кәсіпкерлер
қиындық көреді, олар өзінің ісін негізін құрып және одан әрі дамыту үшін толықтыратын басқа
инвестиция түрлері керек. Мұның бәрі заңдылықтың нақты болмауы, әртүрлі заңды актілердің
тура  іске  аспауы  кәсіпкерлік  ортаның  және  инвестиция  белсенділік  таныту  үшін  қолайлы
жағдай жасалынуға мүмкіндік бермейді.
Шағын кәсіпорындарға қаржылық қолдау көрсететін тағы бір негізгі қаржылық институт
микронесиелік және микроқаржылық ұйымдар болып табылады. Ал осы ұйымдардың ортақ
проблемалары ретінде осы уақытқа дейін микронесие беру жүйесінің дамуын тежейтін негіз-
гі факторлар микронесие беру жүйесінің дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуетті
инвесторлар үшін микронесиелік ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру мақсатында
аталған саланы мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың болмауын айтуға болады.
Шағын  кәсіпрындар  қызметінің  тиімділігіне  айтарлықтай  әсер  ететін  инфрақұрылым-
дар дың бірі – кәсіпкерлік-инкубаторлар болса, олардың қызмет нәтижелілігі төмен деңгейде
қалып  отыр.  Көптеген  кәсіпкерлік-инкубаторлар  инфрақұрылымның  аталған  нысанын  құру
тұжырым дамасының халықаралық тәжірибесіне сәйкес емес. Яғни, кеңселік және өндірістік
үй-жай  ұсынумен,  заңды  тұлғаны  ұйымдастырумен  шектеледі  және  өзінің  нақты  міндетін
әлсіз орындайды немесе мүлдем орындамайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік-инкубаторлардың
менед жерлері  мен  ұйымдастырушыларының  теориялық  және  тәжірибелік  даярлығының  әл-
сіздігіне,  биліктің  жергілікті  органдары  тарапынан  кәсіпкерлік-инкубаторларды  түсіну  мен
қа жетті қолдаудың болмауына, қаржы қаражаты мен ақпаратының болмауына әкеліп соғады.
Ал, технопарктер қаржылық дербестікке жеткен жоқ және мемлекет пен басқа ұйымдардың
тарапынан қолдауды қажет етеді. Сонымен шағын кәсіпорындардың қызмет ету проблемала-
рын шешу олардың дамуы мен тиімділігіне едәуір әсер етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан / под ред. Е.Б. Жатканбаева. –
Алматы, 2001.
2  Индивидуальный бизнес в РК. – Алматы: Издательство «LEM», 2009.

143
ӘDEBIETTER TІZІMІ
1  Maloe predprinimatel’stvo: teorija, mirovoj opyt i Kazahstan / pod red. E.B. Zhatkanbaeva. – Almaty,
2001.
2  Individual’nyj biznes v RK. – Almaty: Izdatel’stvo «LEM», 2009.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет