- 1 -
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Гуманитарлық зерттеулер институты
Алпысбай Мұсаев
ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ
Библиографиялық
көрсеткіш
Ақтөбе – 2012
- 2 -
Редакторы:
Гуманитарлық
зерттеулер
институтының
ғылыми
қызметкері, филология магистрі Қожахметова Айнұр Еркінқызы
Көркемдеуші редактор:
ҚР
ЖҒА мүше -корреспонденті, педагогика
ғылымдарының кандидаты, АҚМУ профессоры Тасимова Айс лу Ахмадиқызы
Құрастырушылар:
Қ.Жұбанов
атындағы
Ақтөбе
мемлекеттік
университетінің ғылыми кітапханасының библиографиялық анықтамалық
бөлім меңгерушісі Макарова Базаркүл Досымқызы
Гуманитарлық зерттеулер институтының қызметкері
Қосанова Мөлдір Темірқызы
Алпысбай Мұсаев: Библиографиялық көрсеткіш, Ақтөбе 2014 – 51 бет
- 3 -
АЛПЫСБАЙ МҰСАҰЛЫ
- 4 -
АЛҒЫСӨЗ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік униве рситетінің Ғылыми
кітапханасы мен Гуманитарлық зерттеулер институты ғылыми әдістемелік
кеңесі,
белгілі
әдебиеттанушы
ғалым,
Қазақстан
Республикасы
Жаратылыстану
Ғылымдары
Академиясының
мүше -корреспонденті,
филология
ғылымдарының
докторы, профессор Алпысбай
Мұсаұлы
Мұсаевтың ғылыми шығармашылық еңбектері мен өмірі туралы жазылған
библиографиялық көрсеткішін дайындап, оқырманға ұсынып отыр.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Мұсаев Алпысбай
Мұсаұлы қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар белгілі ә дебиетші.
Ғалымның іздену аясы мен қолтаңбасының негізгі ерекшелігі – әдебиеттану
ғылымында зерттеу түрені өте сирек түскен қазақ сатирасының поэтикасын
зерттеуінде. Осы бағытта жазылып жарық көрген «Жанды жүйе», «Поэтика
казахской сатиры», «Қазіргі қ азақ сатирасы», «Тарази тағылымы» атты
монографиялары соның дәлелі іспетті. Зерттеу еңбектерінің тілі,
қатып
қалған қатаң схемадан ада, күрделі ұғымдарды жәй, қарапайым сөздермен
ұғындыра білетін шеберлігімен ерекшеленеді.
Зерттеушінің тақырып аясы да кең . Қазақ сатирасымен қатар, қазіргі
әдебиетіміздің жәй -күйі, аймақтық әдебиеттің көпқырлы проблемалары,
мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес экспедициялар
ұйымдастырып, қорытындысы бойынша «Әйтеке би аймағының этномәдени
мұрасы», «Жеті жұрт көшк ен жер», «Құт дарыған Мұғалжар», «Бабалар
мекен еткен жер», «Бақ қонған Байғанин» атты ғылыми және ғылыми
көпшілік еңбектерін жазды.
Көрсеткіш қазақ және орыс, шет тілдерінде 1969 жылдан 2011 жылдың
қазан айына дейін жарияланған материалдарды қамтып, бірне ше тараудан
тұрады. Онда негізінен Алпысбай Мұсаевтың өмірі мен шығармашылығы,
ғылыми еңбектері туралы
әдебиеттер
қамтылған. Библиографиялық
көрсеткіштегі бөлімдер бірнеше тақырыптарға жіктеліп, соған саятын
материалдар
алфавит
бойынша
орналастырылған.
Жарияланған
материалдардың негізгі тақырыптары А.Мұсаевтың шығармалары, әдеби
мақалалары,
өлеңдері,
әңгімелері,
публицистикасы;
А.Мұсаевтың
шығармалары мен
ғылыми еңбектері туралы пікірлер, рецензиялар;
А.Мұсаевтың ғылыми зерттеулері, монографиялары, ғылыми -әдістемелік
еңбектері туралы.
Библиографиялық көрсеткішті құрастыруда
Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының кітап қоры,
- 5 -
анықтамалық – библиографиялық
аппараты (катологтар, картотекалар,
анықтамалық – ақпараттық қор), кітап палатасының басылымдары: баспасөз,
мақалалар мен рецензиялар, газет, журнал мақалаларының шежірелері
пайдаланылды.
Көрсеткіш көмекші
құрал ретінде А.Мұсаев шығармаларының,
есімдердің, басылым аттарының алфавиттік көрсеткіштері берілген.
Библиографиялық көрсеткіш ізденушілер мен ғылыми қызметкерлерге,
кітапханашыларға,
мәдениет
қызметкерлеріне,
магистранттар
мен
студенттерге және кітапсүйгіш оқырман қауымға арналған.
- 6 -
МҰСАЕВ АЛПЫСБАЙ МҰСАҰЛЫ
1948 жылы қарашаның 3 -ші жұлдызында Қызылорда облысының
Қазалы ауданындағы «Дихан» ұжымшарындағы қызметкер жанұясында
дүниеге келеді.
1966 жылы Қазақстан темір жолының Қазалы ст анциясындағы №420
қазақ орта мектебін бітірген. Сол жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин
атындағы мемлек еттік педагогикалық
институтының
тарих -филология
факультетіне түсіп, оны филология мамандығы бойынша тәмамдаған.
1970 жылы Қазалы қаласындағы № 17 Ғани Мұратбаев атындағы қазақ
орта мектебінде оқытушы болып еңбек жолын бастайды. Кеңес Армиясы
қатарында болып, азаматтық борышын өтеп оралғаннан кейін мектеп
директорының оқу -тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, комсомол,
партия органдарының жауапты қызметкері, облыстық «Орал өңірі» газетінде
еңбек етіп, қызметін жалғастырады.
Профессор
А.Мұсаевтың
ғылыми -творчестволық
қызметі
80
жылдардың
басынан
А.С.Пушкин
атындағы
Орал
педагогикалық
институтымен тығыз байланысты. Профессор М.М.Тілеужанов жетекшілік
ететін қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушылық қызметін бастап,
қазақ сатирасы мен юморының теориялық мәселелерімен айналысады.
1990 жылы «Қазіргі
қазақ
прозасындағы сатиралық
образдың
көркемдік ерекшеліктері» атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясын
қорғап шығады. Институтта оқытушы, аға оқытушы, доцент (1992), қазақ
әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1992-1996ж) қызметтерін атқарады.
1996 жылдың қыркүйек айынан бастап бірыңғай ғылыми жұмысқа
ауысып Әбу нәсір Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
журналистика факультетінің мерзімді баспасөз кафедрасында профессор
Т.Қожакеевтің жетекшілігімен докторантуралық дайындықтан өтіп, өзінің
ғылыми біліктілігін шыңдайды.
1999 жылы «Қазақ прозасындағы сатир а мен юмор поэтикасы (1960-
1990 жылдар)» деген тақырыпта Қазақтың Әбу Н әсір Әл-Фараби атындағы
Ұлттық
университетінің
мамандандырылған
кең сінде
докторлық
диссертациясын қорғайды.
1999 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры
академиялық
атағын алады. 2000 -2003 жылдары Батыс
Қазақстан
мемлекеттік университетінің қазақ
тілі мен
әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі.
- 7 -
2003-2005
жылдар
аралығында
Қ.Жұбанов
атындағы
Ақтөбе
мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар
жөніндегі проректоры қызметін атқарады.
2005 жылдың қазан айынан бастап Гуманитарлық
зерттеулер
институтының директоры.
Институт ғылым, білімді интеграциялау, гуманитарлық бағыттағы ірі
ғылыми мектеп жасау, фундаментальды және қолданбалы ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізу, аймақтық және мемлекеттік мәндегі кешенді ғылыми
бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Университет жанынан құрылған Гуманитарлық зерттеулер институты
оқу ордамыздың білім, ғылым саласындағы іргелі жетістіктерін көрсетеді.
Сондай-ақ әлемдік, отандық ғылыми ой -сананың, мәдениет пен әдебиеттің
таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік
тілдегі толыққанды қорын жасауды, ғылыми білім -біліктілікті кеңінен
насихаттауды басты қағида ретінде ұстанады.
Институттың ғылыми қызметкерлері мемлекеттік және аймақтық
маңызы бар кешенді ғылыми бағдарламаларға қатысып, мәдени мұраны
соның ішінде қазіргі таңд ағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер
мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін жасауды мақсат етіп
алып, жұмыстар жүргізуде.
Институт облыстық әкімшілік пен мәдениет басқармасының Мәдени
мұра бағдарламасының грантын әлденеше рет иеленіп, ғылыми жобаларға
қатысуда.
Профессор Мұсаев А. Президенттің бастамасымен өмірге келген «Мәдени
мұра» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қобда,
Мұғалжар, Алға, Байғанин, Ойыл аудандарының этномәдени мұрасын
зерттеу
–
жинақтау
бағытын да
бірнеше
ғылыми
экспедициялар
ұйымдастырып, оған басшылық жасады. Бұл жұмыста рда өзінің тәжірибелі
маман, білікті ұйымдастырушылық қабілетін байқатты.
Мұсаев А.М. монографиялар мен оқу құралдарының, әдістемелік
нұсқаулардың авторы. Негізгілері: «Қазіргі қазақ сат ирасы» (монография,
Алматы.: «Ана тілі» 1993), «Поэтика казахской сатиры» (учебное пособие
Алматы.: изд. «Санат» 1997), «Жанды жүйе» (оқу құралы Алматы.: «Білім»
баспасы, 2002), «Рух бостандығының жыршысы» (монография, Ақтөбе,
2007), «Әйтеке би аймағының э тномәдени мұрасы» (зерттеу еңбегі Ақтөбе,
2006), «Көркемдік кестесі» (әдеби зерттеулер Ақтөбе, 2007), «Көркем
шығармадағы сатира» (оқу құралы Ақтөбе, 2007), «Қазақ әдебиетінің оқу
әдістемелік кешені» (оқу құралы Ақтөбе, 2007), «Қазақ прозасындағы жеке
адам концепциясы» (1960-1970ж), «Тарази тағылымы» (Монография, Астана
- 8 -
2009ж. Фолиант), «Қанатты қаламгер» (Монография, Ақтөбе 2010 ж),
«Әдебиет иірімдері» (әдеби зерттеулер, мақалалар жинағы, Ақтөбе 2011 ж).
Жалпы көлемі 150 баспа табақтан аса ғылыми зерттеу е ңбектері бар.
Мақалалары ағылшын, араб тілдерінде жарияланған. Ол көптеген
халықаралық,
республикалық,
аймақтық
конференциялар
мен
симпозиумдарға қатынасып, қазіргі гуманитарлық ғылымдардың көкейкесті
мәселелері бойынша баяндамалар жасады (Орал 1988, 1991, 1998, 2003, 2004,
2005, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011; Алматы 2003, 2006, 2011; Орынбор 1992,
Санкт-Петербург 1994, Атырау 2007, Ақтөбе 1990, 2003, 2004, 2005, 2006 ,
2007, 2008, 2009, 2010, 2011).
2009 жылы профессор А.Мұсаевтың таңдамалы еңбектерінің ІІІ
томдығы жарыққа шықты («Білім» баспасы, Алматы, 2009 жыл).
Мұсаев А.М. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Жаратылыстану
Ғылымдары Академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды.
Ол Түркістан қаласындағы Қожа -Ахмет Яссауи атындағы халықаралық
қазақ -түрік университетінің жанында ашылған диссертациялық кеңестің
мүшесі болды. Қазақ әдебиеттану ғылымының сатира мен юмор саласы
бойынша республикадағы бірден-бір жетекші маман болып саналады.
Ізденушілер мен аспиранттардың,
магистранттардың
диссертациялық
жұмыстарына жетекшілік етеді. Филология факультетінде қазақ әдебиеті
тарихының қазіргі кезеңі сияқты күрделі пәндер мен арнаулы курс, арнаулы
семинарлар жүргізіп, дәріс оқиды. Оның
дәрістері жоғары мектеп
талаптарына сай,
өзінің
тереңдігімен, жүйелігімен, танымд ылығымен
бағаланады.
Тәлімгер ғалым өзінің қаламгерлік қабілетімен де ерекшеленеді. Оның
әдеби-сын, прозалық және поэзиялық туындылары мерзімді баспасөзде
жарияланып тұрады. «Дария жыры» («Жалын» баспасы 1981 ж), «Жыр бесік»
(«Жалын», 1983 ж) ұжымдық жинақ тарда, таңдамалы өлеңдері «Телқоңыр»
атты («Өлке» баспасы, 1997) жеке жинақ болып жарияланған. Қазақстан
Комсомолының 60 жылдығына арналған байқауында «Алау» поэмасы
ынталандыру сыйлығына ие болды.
Ол
үнемі оқу орындарымен бірлесіп жұмыс жасайды. Оның
басшылығымен
оқушылардың
ғылыми
жобалары
орындалады.
Бұл
жобалардың
көпшілігі республикалық, облыстық байқаулард а жүлделі
орындарға ие болады. Ұ зақ жылғы жемісті педагогикалық еңбегі үшін
«Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі» белгісімен
марапатталды.
Алпысбай Мұсаевтың есімі
Қазақстан Республикасы Мәдениет,
ақпарат және спорт министрлігі шығарған «Қазақ әдебиеті» («Аруна»
- 9 -
баспасы, Алматы 2005 ж.) энциклопедиясына, Қазақстан Жоғарғы мектеп
энциклопедиясына
(Алматы
2001ж.),
Батыс
Қазақстан
облысын ың
энциклопедиясына (Алматы 2002 ж.) енген.
Ол Қазалы қаласының Құрметті азаматы атағын иеленген.
Халықаралық Пен Клубтың мәжілісінде
Орал қаласы, 2001 жыл
- 10 -
ОЙ-ПІКІР НАҚЫШТАРЫ
Құрметті Алпысбай Мұсаұлы!
Сізді қазақ әдебиетін зерттеп -зерделеуде тыңнан жол салған,
ғылымның соқпақты жолын таңдаған, қазақ ғалымдарының бірегейі деп
түсінемін. Ұлттық әдебиетіміз әсіресе 60 жылдардағы қазақ әдебиетінің
кезеңі өз бағасын алды деп айта алмаймын. Ал осы дәуір әдебиетін
зерттеп, тұңғиығына үңіліп, інжу -маржанын сүзгіден өткізу Сіздің
тағдырыңызға жазылыпты.
Ұлттық әдебиетімізді зерттеудің жаңа жолын қалыптастырып
жүрген терең
ойлы, парасатты, білімді азамат ретінде
Өзіңізге
ризашылығымды білдіргім келеді.
Құрметпен, жазушы-драматург,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ӘКІМ ТАРАЗИ
Астана қаласы
5 желтоқсан, 2008 жыл
Қадірлі бауырым Алпысбай!
2007 жылғы қарашада ұшырасқаннан кейін өзіңе әдейілеп хат жазуға
отырғаным осы! Кездесуде ұсынған моног рафия-зерттеуің кітап сөремнің
төрінде тұр. Көптен бері ақпараттық басылымдарда жарық көріп жатқан
мақала, өзге де дүниелеріңді оқып жүргендіктен болар – Өзіңді бүгінгі қан
тамыры лүпілдеп соғып тұрған үлкен әдебиетіміздің тамыршысы,
сындарлы бапкері деп бағалаймын!
Тақауда жарық көрген «Тарази тағылымы» атты кітабыңды Әкім
ағадан алып, қадалып отырып оқып шықтым. Құтты болсын!
Кітабыңның сөз саптауы сындарлы. Әкім қаламы толғаған Кірпішбай,
Лима, Арасанбай, Түнғатар туралы анық, әрі қанық көзқарасыңды ті рі
сөзбен мөлдіретіп беріпсің. Тақырыптың қай қырынан қозғасаң -дағы
түкпірлеп,тебіреніп,
жер-жебіріне
жетіп
қозғайсың.
Бәзбір
әдебиетшілердей көркемдік фабуланы я «жақсы», я «жаман» деп,
біржақты пайымдамай, дүние тіршілігінің көзіндегі кейіпкердің жан әле міне
шұғылалы сәуле түсіріп бағасың. Сәуле түскен кейіпкер болмысы «өз -өзінен
сөйлеп» шүйіркелесіп сыр шертетіндей. Әсіресе, Әкім ағаның гротескілік
образ жасаудағы стиль-машығын әдемі ашыпсың!
- 11 -
Кісінің бағасы тірі жүруінде емес, өмір сүре білуінде. Бұрын ойлаушы
ек: көркем сөз құрастыра білсең, көркем ойлай білсең
– жазушылық,
жазушы болу сол деп. Келе-келе, өз басым, бұл ойымның біршама үстірт,
біржақты екенін сезіндім. Жазушы болу үшін, ең әуелі, бірбеткей
көзқарасың болуы керек, көзқарас – шындыққа сеп, шындық – көркем ойлауға
сеп, көркем ойлау – сөзбен сурет салуға сеп, тірі сөзді бойымызға сіңірген
сайын – жазушылық – жазбаса отыра алмайтын қаламгерлік кәсіпке тура
бастап апаратын даңғыл болып елестейді. «Тарази тағылымы»осындай
ойларға жетеледі.
Қаламдас
қатарларым
Ә.Кекілбаев,
М.Мағауин,
С.Жүнісов,
Р.Тоқтаров, С.Сматаев, міне енді Ә.Тарази туралы бір -бір зерттеу
кітаптары жазылды. Қуанамын, әрі құп аламын!
Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дүкенбай Досжан
Астана қаласы
26 ақпан, 2009 жыл
- 12 -
АЛПЫСБАЙ МҰСАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ
АТАУЛЫ КҮНДЕРІ
Алпысбай Мұсаев 1948 жылы 3 қарашада
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, «Дихан» ұжымшарындағы қызметкер жанұясында дүниеге
келді.
1956 ж.
Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев а тындағы қазақ орта
мектебіне барды
1966 ж.
Қазалы станциясындағы №420 Қазақстан темір жолы
қазақ орта мектебін бітірді
1966-1970 ж.
Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік
педагогикалық
институтының
тарих-филология
факультетін филология мамандығы бойынша бітірді
1970-1971 ж
Қазалы қаласындағы №17 Ғани Мұратбаев атындағы қазақ
орта мектебінің оқытушысы
1971-1972 ж.
Кеңес Армиясы қатарында болып, азаматтық борышын
өтеді
1972-1973 ж.
Қазақста н Комсомолы
Қазалы аудандық
комитетінің
ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
1973-1975 ж.
№100 Кеңтүп қазақ орта мектебі директорының тәрбие
жұмыстары жөніндегі орынбасары
1975-1980 ж.
Қазақстан Компартиясы Қазалы аудандық комитеті үгіт
және насихат бөлім нұсқаушысы
1980-1982 ж.
Батыс Қазақстан облыстық "Орал өңірі" газеті партия
тұрмысы бөлімінің тілші -корреспонденті
1982-1986 ж.
А.С.Пушкин атындағы Орал Педагогикалық иститутының
оқытушысы
1986-1989 ж.
А.С.Пушкин атындағы Орал Педагогикалық иститутының
аспиранты
1989-1995 ж.
А.С.Пушкин атындағы Орал Педагогикалық иститутының
оқытушысы, аға оқытушысы, қазақ әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі
- 13 -
1996- 1998 ж.
Қазақтың
Әбу Нәсір
Әл-Фараби
атындағы
Ұлттық
университеті
журналистика
факультетіндегі
мерзімді
баспасөз кафедрасының аға ғылыми қызметкері
1996 ж.
Қазақстан Республикасының Жаратылыстану Ғылымдары
Академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды
1999 ж.
«Қазақ прозасындағы сатира мен юмор поэтикасы (1960 -
1990 жылдар)» деген тақырыпта Қазақтың Әбу Н әсір Әл-
Фараби
атындағы
Ұлттық
университетінің
мамандандырылған кең есінде докторлық диссертациясын
қорғайды
1999ж.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проф ессоры
академиялық атағын алады
2000-2003 ж.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі
мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
2003-2005 ж.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің
ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөнінде гі
проректоры
2004ж.
Білім және Ғылым министрлігі Жоға рғы Аттестациялық
Комитетінің шешімімен әдебиеттану мамандығы бойынша
профессор (ВАК) ғылыми атағы берілді
2005 ж.
Гуманитарлық зерттеулер институтының директоры
- 14 -
Филология ғылымдарының докторы, профе ссор, ГЗИ директоры
А.М.Мұсаев Башқұрт мемлеке ттік университетінің студенттеріне дәріс беру сәті
Башқұрт мемлекеттік университетінің студенттері мен жетекшісі
Зүбәржат Фанилқызы Шайхисламова Гуманитарлық зерттеулер институтының
директоры А.Мұсаевтың дәрісін тыңдау сәті
(Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, маусым 2011 жыл)
- 15 -
АЛПЫСБАЙ МҰСАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ БЕТІН КӨРГЕН ӘДЕБИ
МАҚАЛАЛАРЫ МЕН ТУЫНДЫЛАРЫ
1969 жыл
1. Жас керуен шықты сапарға // Ленин туы, 1969 ж.
2. Тыншымайды көңілім // Орал өңірі, 31 желтоқсан 1969 ж.
3. Жиырма қалып барады // Ленин туы, 7 наурыз 1969 ж.
4. Түн сәулесі // Ленин туы, 9 сәуір 1969 ж.
1970 жыл
5. Назды ырғақтар // Ленин туы, 13 тамыз1970 ж.
6. Шуақты жырлар // Ленин туы, 12 наурыз 1970ж.
7. Жанымның жарқын сәт тері // Ленин туы, 9 маусым 1970 ж.
8. Жүрегімнің лүпілі // «Жұлдыз» журналы №9, 1970 ж.
1971 жыл
9. Ақ сөйле, жүрегім // Ленин туы, 15 ақпан 1971 ж.
10. Көпболсын // Ленин туы, 20 наурыз 1971 ж.
11. Гүлмаржан // Ленин туы, 11 мамыр 1971 ж.
12. Күзгі жауын // Ленин туы, 15 қазан 1971 ж.
1972 жыл
13. Жастардың жақсы ісі // Лен ин жолы, 9 қазан 1972 ж.
14. Жас жетекші // Ленин туы, 10 қыркүйек 1972 ж.
15. Нұрлы жүзді жігіттер // Ленин туы, 11 тамыз 1972 ж.
16. Отаным // Ленин жолы, 25 шілде 1972 ж.
1974 жыл
17. Бір ауылдан түлеп ұшқан / / Лениншіл жас, 12 қыркүйек 1974 ж.
18. И в учебе, и в труде // Путь Ленина, 22 августь 1974 г.
19. Сонар // Ленин туы, 16 мамыр 1974 ж.
- 16 -
1975 жыл
20. Сонардағы із // Ленин жолы, 12 қазан 1975 ж.
21. Клара және оның достары // Ленин туы, 20 желтоқсан 1975 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |