Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет71/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82

Использованная литература

1.  Программа курсов повышения квалификации педагогов общеобразовательных школ  Республики 

Казахстан ( третий базовый уровень). Астана

- www.cpm.kz  ( 5.11.2012)

2. Курсы повышения квалификации06.04.2012 Источник: testent.ru

 - ya-student.kz›Новости›1574/114536  ( 5.11.2012)

3. Программа курсов повышения квалификации педагогов общеобразовательных школ  Республики 

Казахстан  « Руководство для учителя» ( третий базовый уровень).

4. Соколова Л.А. Рефлексивный компонент деятельности как необходимое условие рзвития учителя 


503

и учащихся // Иностранные языки в школе» . Научно-методический журнал. /Гл. ред. Н.П.Каменская 

№1.2005 с.19-26.

5. Векслер СИ. Развитие критического мышления старшеклассников в процессе обучения.  Автореф. 

дисс. канд. пед. наук.- Киев, 1974.

6. Мажикеев   Т.М. Учитель новой формации как великий учитель

-teacher-almaty.clan.su›publ/28-1-0-30 (3.11.2012)

7. Васюта И. Использование приемов развития критического мышления на уроках литературы// 

Литература.- 2005.- № 3.- С. 27.

8. Генике  Е.А., Трифонова Е.А. Развитие критического мышления (Базовая модель). Кн. 1.- М.: 

БОНФИ, 2002.

9. А.А. Красноборова. Критериальное оценивание в школе. Пермь, 2010.

Методические пособия АО Назарбаев Интеллектуальные школы по критериальному оцениванию

10. Ильин Е.П. Мотивация и мотив: теория и методы изучения. Киев 1998

11. Божович Л.И. Проблема развития мотивационной сферы ребенка  Изучение отивации поведения детей 

и подростков.  Москва  1972.

12. Критериальное оценивание на уроках физической культуры. Библиотечка «Первое сентября». 

Серия спорт в школе. Выпуск 28. Москва «Чистые пруды». 2009 г.

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ МҰҒАЛІМДЕР ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕМНЕН

Рустемова Ж. Ж.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 

жанындағы «Педагогикалық өлшеулер орталығы» 

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Автор  бұл  мақаласында  Кембридж  Университетінің  мамандарымен  өткізілген  тренерлік  курста 

танысқан  жеті  модуль  туралы,  оны  өз  тәжірибесіне  қалай  енгізгені    туралы  жазады.  Мектептегі 

тәжірибесін өзінің тренерлік тәжірибесімен ұтымды ұштастыра білгендігін дәлелді түрде жаза білген. 

Өзіндік ой қорытуы, тұжырымы нақты.

Аннотация

В  данной  статье  говорится  о  тренерских  курсах,  проведенных    специалистами  Кембриджского 

университета, о семи модулях и о внедрении их в свою практику. Показаны пути, как рационально связать 

тренерскую практику с практикой учителя-предметника. Даны конкретные примеры и выводы.   

Abstract

This work describes the coach courses organized by Cambridge University and it includes practical application 

of seven models. The paper considers ways of reasonable connection of the coach practice and the subject teacher 

practice. Clear dates and examples with arguments can also be found there.  

Қазақстандық  білім  беру  жүйесіне,  әсіресе  педагогтердің  біліктілігін  арттыруға  үлкен  мән 

беріліп  отыр.  Оқытушыларды  қайта  дайындау  мен  біліктілігін  көтеруді  үздік  әлемдік  тәжірибелерге 

сәйкес  жаңаша  жүргізу  қолға  алынды.  Мұны  іске  асыру  мақсатында  ұйымдастырылған  Кембридж 

Университетінің мамандары өткізген тренерлік курста мен жеті модульмен таныстым. Бұл жеті модульдің 

бәрі  қазақстандық  мұғалімдерге  үлкен  жаңалық  бола  қойған  жоқ.  Себебі  оның  көпшілігі  бізге  таныс 

модульдер. Алайда біздің сол модульдерді іске асыруда көп нәрсеге мән бере бермейтінімізді мойындау 

керек  сияқты.  Мүмкін  біз  оларды  модуль  деп  қабылдамаған  да  шығармыз.  Модуль  десе  бізге  бәрімізге 



504

танымал  қазақстандық  ғалым-педагог  М.М.Жанпейісованың  модульдік  технологиясы  есімізге  түседі. 

Жеті модульдің ішіндегі маған жақын болғаны сыни ойлауға үйрету. «Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды 

дамыту»  курсын  мен 2006 жылы  оқыған  болатынмын.  Сабақтарымда  да  өте  жиі  қолдандым.  Бұнымен 

жұмыс істегенді балалар да ұнатады. Тек айта кететін нәрсем, сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын 

мен тек сабақты түрлендіру мақсатында ғана өтіп жүргендей сезіндім. Өйткені нұсқаулықта берілгендей 

сыни ойлаудың терең философиялық мәнін, баланың жан дүниесіне бағытталатындығын білсем де, аса 

мән бермегендеймін. Бұл - менің курстан кейінгі ойым. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы шығуға немесе 

балама шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірген тәсілдерді енгізуге 

дайын болуды, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқа да сынилыққа баулуды білдіреді деген 

оймен толықтай келісемін [1, 22-бет].  Ал сыни ойлауды мен жеті модульден ажыратуға болмайтын, сол 

модульдердің ішіне кірігіп кеткенін айтар едім. Қай модульді алсаң да бір-бірімен тығыз байланыста, жеке 

дара қолданылатыны жоқ секілді. 

«Білім  берудегі  жаңа  тәсілдер»  модуліндегі  диологтық  оқытуды  қолдану  арқылы  мұғалімдер 

балалардың  білім  алу  сапасына  үлкен  ықпал  етеді.  Оқыту  мен  білім  алудағы  тілдік  қарым-қатынастың 

негізгі  рөлін  түсіндіре  отырып,  білім  беру  барысында  оқушыға  жеке  көңіл  бөлуді  үйренеді.  Диологтік 

оқытуды,  мәселен,  әңгімелесуді,  жауап  алу  мен  шағын  топта  жұмыс  істеу  әдістерін  мен  сабақтарымда 

бұрын-соңды қолданып жүрсем де, сұрақтарды саралап қоюда көп ізденуге тура келді. Мұндай жағдайда 

нұсқаулықтағы  мәліметтердің  көмегі  тиді.  Яғни  диалогтік  оқыту  туралы  менің  білгенімнің  жеткіліксіз 

екенін модульді оқығанда түсіндім. «Оқытудағы әңгімелесу қарым-қатынас жасаудың бір сарынды емес, 

керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүре отырып, осының негізінде оқушының білім алуы жүретін өзара 

байланысты үдеріс» деген Александердің пікірімен толық келісемін [1,13-бет]. Диалогтік оқытуды өткенде 

мұғалімдермен өткізген топтық жұмыстарда мен оқушылармен өткізген тәсілдерді де қолданып көрдім. 

Мұғалімдердің бойында да оқушылардың бойындағыдай қызығушылық қасиеттері орын алғандығының 

куәсі болдым.

Аты  таныс  болғанымен  модульдердің  қай-қайсысы  болса  да,  біз  естімеген  түсініктерді  танытты. 

Алғашында Дж Хэттидің зерттеулері түсініксіз болған сияқты еді. Зерделей келе метатанудың балаға мета 

анализ жасалуы арқылы іске асатыны мәлім болды. Хэттидің зерттеулері табысты оқытуға итермелейтін 

факторларды түсіндіріп қанай қоймайды, ойлауға да итермелейді.  Мен оны тәжірибе барысында байқадым. 

Модульдердің ішіндегі «Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту және оқумен» таныса 

отырып, осыған қатысты зерттеу еңбектеріне шолу жасадым.  «Даму» мен «оқу» арасындағы байланысты 

зерделеу үшін оқыту мен білім алудағы жас ерекшелік айырмашылығын ескере білу қажет. Выготскийдің 

соңғы  жүргізген  «Жақын  арадағы  даму  аймағы» (ЖАДА)  тұжырымдамасы  осы  екі  теорияны  біріктіре 

қарастырады.  ЖАДА  ауқымы  оқушының  өздігінен  даму  деңгейі  (басқалардың  көмегінсіз  өздері  қол 

жеткізе  алатындары)  мен  білім  алу  әлеуеті  (үлкендердің  жетекшілігімен  немесе  анағұрлым  қабілетті 

құрдастарының  көмегімен  қол  жеткізе  алатындары)  арасындағы  айырмашылық  түрінде  берілуі  мүмкін 

деп қарастырылған [1, 44-бет]. Бұл модуль арқылы мен мектепте оқушылармен сабақ өткізгенде топтық 

жұмыс жасата отырып, топ ішіндегі алғыр оқушылардың баяу ойлайтын оқушылармен бірлесіп жұмыс 

жасауына  мүмкіндік  бердім.  Ал  мұғалімдермен  өткізген  курста  кейбір  белсенділігі  төмен  мұғалімдер 

жиналған топтың мүшелерін басқа топтармен араластыра отырып, бір-бірне көмек көрсетулеріне мүмкіндік 

жасаттым. Топтың жұмысын қорғауды мүмкіндігінше белсенділігі төмен мұғалімдерге жүктеп отырғаным 

да олардың бойындағы жауапкершілікті арттыра түсті деп ойлаймын. 

Бағалау білім алудағы оқушының басты құралы болып табылады. Мен оқытқан мұғалімдер оқытуда  

бағалаудың  білім  беру  үрдісіндегі  тек  бес  балдық  жүйесін  ғана  қолданып  келген.  Өткен  оқу  жылының 

басында  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  эксперимент  ретінде  енгізген  критериалды  бағалау  жүйесі 

біз үшін бағалаудың тиімді әдісі болып табылды. Критериалды бағалау жүйесінде бағалаудың екі түрлі 

формасы  яғни,  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағаны  да  пайдалана  білдім.  Ал  теренерлік  курстан 

кейін  қалыптастырушы  бағалау  әр  түрлі  әдістер  арқылы  іске  асатынына  көзім  жетті.  Өйткені  мектепте 

оқушыларды  қалыптастырушы  бағалаумен  бағалағанда  қателескен  жерлерімді  мен  курс  барысында 


505

аңғардым.  Курстан  кейінгі  мектепте  зерттеу  жұмыстарымды  жүргізгенде  қалыптастырушы  бағалаудың 

өзім білетін барлық түрлерін қолдануға тырыстым. Сұрақ қою арқылы бағалағанымды оқушылар бағалау 

деп түсінбеген сияқты. Ал мадақтауларды олар әрине қатты ұнатты. 7 а сыныбындағы Рустемнің жазуын 

мақтаған  кезімде  ол  сабақтың  соңына  дейін  көңілі  көтеріңкі  болып,  белсене  араласуға  тырысып  жатты 

Педагогтердің бағалау ісі баланың психологиялық-әлеуметтік даму талабында жүзеге асуы аса маңызды.  

Сондықтан бағалау ойдағыдай  әділетті, тура нысаналық болуы керек. Оны баланың да түсінгені дұрыс. 

Дұрыс ұйымдастырылған бағалауды ол да мойындайды. Кеткен кемшіліктерін де дұрыс бағалау арқылы 

біліп  алады.  Тренерлік  іс-тәжірибемде  мұғалімдермен  жұмыс  жасау  барысында  қалыптастырушы 

бағалауды сұрақтар қою арқылы, мадақтау арқылы, көтермелеу арқылы, шапалақтау арқылы, т.б.әдістер 

арқылы қолданып келдім. 

Мұғалімдердің өздері де бағалау модулін өткенде  формативті және суммативті бағалаулармен танысып, 

өздерінің күнделікті сабақта естіп жүрген мадақтаулары, шапалақтаулары да бағалау болып есептелетінін 

білгенде таң қалғандарын жасыра алмады.  Мүмкіндігінше барлық жұмыс түрлерінде формативті бағалауды 

пайдаланып отыруға тырыстым. Алғашқы кезде көбінесе бұл менің өз тарапымнан жүзеге асып отырса, 

кейіннен мұғалімдерде бірін-бірі бағалауға қатыса бастады. 

Сондықтан  өзім  оқыған  тренерлік  курста  да,  оқытып  журген  курсымда  да  мұғалімдерге  «Бағалау» 

модулі өте қатты ұнады. Алғашында мұғалімдерге оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалау деген сөздің 

өзі түсініксіз болғанымен, топтық жұмыстың нәтижесінде олардың қалыптастырушы мен жиынтық баға 

екенін түсінді. Мұғалімдер де қалыптастырушы мен жиынтық бағаның не екенін білгеннен кейін, білім 

берудегі бағалаудың бес балдық жүйенің тиімсіз, жаттанды бағалау екенін мойындады. Өздерінің бұрынғы 

тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және 

білім  беруден  кейін  болатын  басқаша  оқыту  ретінде  қарастырады.  Бағалау  оқыту  мен  білім  берудің 

ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздің едәуір өзгерісін талап ететінін және тап осы 

Оқыту үшін бағалау - Бағалау ұғымымен үйлесімді болып табылатынын түсінді [1, 29-бет].

Мұғалім  оқушының  талантты  немесе  дарынды  екенін  қалай  анықтайды  деген  сұраққа  жауапты 

«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулінен тапқандай болдым. Алдымен дарын мен талант 

деген ұғымның өзін айырып, ажырата білу керек деп ойлаймын. Өйткені біз оларды үнемі шатыстырып, 

бірге қолдана береміз. Жасыратыны жоқ біз дайын дарынды және талантты балаларға ие болып жүрміз. 

Оны  курстағы  мұғалімдер  де  мойындайды.  Нұсқаулықта  берілген  Британдық  оқыту  және  білім  алу 

академиясының  зерттеу  нәтижелерінде  «Талантты  және  дарынды  балаларды  анықтау»  жөніндегі  үш 

жобамен таныса келе  түйгенім көп [1, 39-б]. Яғни кеңейтілген тапсырмалар арқылы, арнайы сауалнама 

арқылы,  ата-аналарды  тарту  арқылы  да  талантты  және  дарынды  балаларды  айыруға  болатынына  көзім 

жетті. Мен оны мектепте іс-тәжірибе барысында қолданып көрдім. 7 а сыныбында оқитын өздігінен сабаққа 

қатыса қоймайтын  Әлішер «сөз таптарының сөйлемдегі қызметі» деген тақырыпта өткен сабағымның ой 

толғау кезеңінде керемет ертегі құрастырып, мені де, балаларды да таң қалдырды. 

Модульдердің  ішіндегі  маған  ең  оңай  тигені  «Оқыту  үдерісін  жетілдіру  үшін  АКТ  және  сандық 

жүйелерді қолдану». Себебі біздің мектеп толыққанды жабдықталғандықтан ол мәселе өз шешімін тапқан. 

Сабақтарда  үнемі  пайдаланамыз.  Оқушылар  бізден  де  артық  біледі.  Уақытты  үнемдеу  үшін,  сабақты 

түрлендіру үшін ең қажетті нәрсе. Маған қалай оңай тисе, керісінше мен оқытып жүрген мұғалімдерге 

қиын тиді. Олардың көпшілігінің компьютерде жұмыс жасай алмайтындықтары біздің де жұмысымызға 

кедергісін  тигізіп  жатты.  Сондықтан  оларға  компьютерде  қалай  жұмыс  керектігін,  онда  құжатты  қалай 

ашып, қалай рәсімдеуге болатынын, слайд жасаудың жолдарын үйретуге тура келді. Бірақ қазір олардың 

қалай меңгергенін көріп, еңбегіміздің зая кетпегенін сезіндім. 

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім деп өте орынды айтқан. 

[6, 5-б]. Курстың алғашқы сабақтарында мұғалімдерге курстың негізгі мақсатын, білім берудегі Кембридж 

тәсілінің теориялық негізін түсіндіріп өтуді жөн көрдім. Менің өткізген 4 оқу сессиямның тақырыптары: 

«Мәдениетаралық  оқушы», «Құндылықтар,  ұстаным  және  стратеиялық  әрекеттер», «Сыныптың 

пихологиялық  ахуалы», «Оқуда  туындауы  мүмкін  кедергілер».  Барлық  сабақтарда  да  топқа  бөлудің 


506

әртүрлі  әдістерін  қолдануға  тырыстым.  Арасында  топқа  өздері  бөліп  отыру  үшін  міндеттер  де  жүктеп 

қойдым. Мәдениетаралық оқушыны өткен кезде Мәдениет ұғымын талдатқанда мұғалімдердің жауаптары 

бір-бірімен ұқсас болып кеткен жерлері өте көп болды. «Еркін микрофон» тренингінде ғана олар ойларын 

таратып айта бастады. «Құндылықтар» тақырыбында да мұғалімдердің пікірлері шашыраңқы, жалпылама 

айтуға  дағдалынғандықтан  құндылық  деген  сөздің  мағынасын  аша  алмай  жатты.  Оларға  арнайы 

дайындалған сұрақтарды бергенде ғана топтық жұмыстарын жақсы қорғай бастады. Мұғалімдерге қатты 

ұнаған  тақырыптар -  «Сыныптың  психологиялық  ахуалы»  мен  «Оқуда  туындауы  мүмкін  кедергілер».  

Әсіресе сыныптағы психологиялық ахуал туралы өздері бұрын көп ойланбағандарын, оның білім берудегі 

маңызды  нәрсенің  бірі  деп  есептемегендерін  айтып  жатты. «Қызу», «Салқын», «Жылы», «Суық»  т.б. 

сөздер таратылып беріліп, олар мимика арқылы басқа топтарға көрсеткенде бұл әрі сергіту сәті сияқты 

болып, біраз көңілдері көтерліп қалды. Мұғалімдердің де оқушылар сияқты рөлдік ойындарды ұнататынын 

білдім.  «Оқытуда туындауы мүмкін кедергілерді» өткенде кедергілерді анықтау, одан шығудың жолдарын 

табу арқылы топ қызу пікірталасқа түсті. Сонымен қатар мұғалімдер оқушыға білім алуға ненің кедергі 

болатынын, оны қалай анықтаудың  жолдарын табу керек екендігі туралы мәселеге бұрын-соңды көп мән 

бере  бермегендерін  ашып  айтып  жатты.   Мұғалімдерді  оқыта  отырып    мен  нұсқаулықтағы  Мерсердің 

(2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады дегеніне көзім жетті [2]. 

Себебі мұғалімдердің жалпы деңгейі төмендеу болғандықтан, білім алуда бір-біріне көмектесіп отырды. 

Кейбіреулері тіпті көп біледі-ау деген мұғалімдермен бір топта болуға тырысып жатты. Александер (2008) 

диолог түрінде берілген білім беру оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға 

мүмкіндік береді деп санаған [3, 29- б].  Менің де тәжіриемде диологтың алған рөл ерекше болды. Себебі 

маған әр мұғалімнің пікірін естіп, оны бағалау, мұғалімдердің деңгейлерін анықтау қажет болды.   

Мұғалімдерді оқытудағы ең басты қиындықтар олардың деңгейлерінің әртүрлі болуы. Кейбіреуі тіпті 

мектепте  мұғалім  болып  істемеген  болса,  кейбіреуі  мектептің  үйірмесін  жүргізуші.  Олардың  қабылдау 

деңгейлері  де  әртүрлі.  Эльмира,  Айман,  Бақытгүл,  Ержан  сияқтылардың  сабақта  белсенділіктері  төмен 

болды. Сондықтан мен оларды жиі орындарынан тұрғызып, қорғауға қатыстырып отырдым. 

Ойымды  қорыта  келе  айтарым,  Кембридждік  әріптестерімізден  еліміздегі  мектептердегі  оқыту 

үдерісінің  мазмұндық  болмысын  жаңа  әдіснамалық  тұрғыдан  өзгертудің  жолдарын  үйрендік.  Мұндай 

жаңа  әдіснамалық  жүйе  дәстүрлі  оқыту  үдерісін  түбегейлі  өзгертудің  қажеттігін  көрсетіп,  оқытудың 

шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар 

тұрғысынан  жетілдіруді  қарастырады.  Білім  берудің  жаңа  бағыттарының  басты  ерекшелігі – оқытудың 

нәтижесін  алдын-ала  болжап,  оқушылардың  қызығушылықтары  мен  ізденімпаздығы  негізінде  білімі 

мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі 

дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды мақсат етеді. 



Әдебиеттер тізімі

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2012.

2. Александер Р. «Диалогтік оқыту жолында: сыныпта талқылаудағы жаңа тәсілдер». 2008.

3.  Мерсер Н. «Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгіме». 1995. 



507

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ 

МАМАНДАРЫНЫҢ  КӘСІБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ

Рысқалиева А. Қ. 

химия ғылымдарының кандидаты, PhD, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі 

проректор

Мұратбаева Г. А.  

педагогика ғылымдарының докторы, 

жалпы педагогика кафедрасының меңгерушісі

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Мақалада  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  білім  беру  үдерісінде  болашақ  педагог 

мамандарының  кәсіби  шығармашылығын  жетілдіру  мәселелері      қарастырылған.  Сабақтар  берілген 

үзінділер    жалпы  заманауи  блім  беру  технологияларының  тиімді  пайдалану    жолдарын  көрсетіп,  

студенттердің кәсіби  шығармашылығын дамытуға бағыт бағдар береді.

Аннотация

Статья  посвящена  проблемам    подготовки  будущих  педагогов  в  целях  совершенствования  их 

профессионально-творческого развития в образовательном  процессе высшего педагогического учебного 

заведения.  Авторами  затронуты  проблемы эффективного использования современных образовательных 

технологий;  на  основе    представленных  материалов  предложены  новые  пути  совершенствования 

профессионально-творческих  способностей будущего педагога.

Abstract

Article is devoted to the preparation of future teachers to improve their professional and creative development 

of in the educational process of higher pedagogical educational institution. The authors addressed the problem 

of effective use of modern educational technologies based on the submissions suggest new ways to improve the 

professional and creative abilities of future teachers

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында « Білім 

берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды - машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың 

негізінде  дербес  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікке – ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және  ұтымды 

пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» 

- деп,  атап көрсетілгендей, бүгінгі жоғары мектептің  білім беру жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыруда  

жаңаша  педагогикалық,  инновациялық  технологиялар  пайдалану  проблемалары  жаңа  талаптарға  сай 

қайта қарастыруды қажетсінеді. Себебі, заманауи білім беру үдерісі жаңа ақпараттық, коммуникативтік 

технологияларды жүйелі түрде қолданумен ерекшеленіп, заманауи білім беру технологиясы алуан түрлі  

қызмет  атқарумен  қатар,  болашақө    маманның  кәсіби  тұрғыда  тиімді  іс-әрекет  таңдауына,  білім  беру 

жүйесін жетілдіруге септігін тігізеді.

Сондықтан  да,  жоғары  оқу  орындарында  әр  маманның  қабілетіне  қарай  кәсіби  білім  беру,  оны 

шығармашылыққа, ізденімпаздыққа бейімдеп, кәсіби шеберлігін арттыруда жаңаша бетбұрыс жасау қажет.

Технологияландыру проблемасы – қазіргі жоғары мектептегі білім беру үдерісінің негізгі аспектілерінің 

бірі. Олай болса, технологияландыру проблемасын кәсіби білім беру үдерісінде жаңалықтар ойлап табуға, 

оларды іс  жүзінде тиімді пайдалануға бағыттау керек.

Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясында адам, қоғам, табиғат қатынасын 

үйлестіруге  бағытталған  жүйелі  ойлау,  дүниетаным  мәдениетін  қалыптастыру,  оқытудың  мазмұны  мен 

әдістерін,  шығармашылық  іс-әрекетін  меңгеруді  бағалау,  білім  берудің  инновациялық  тенденциялары 


508

белгіленген.  Республикамызда  жоғары  білімнің  жаңа  үлгісінің  басты  мақсаттары  мыналар  деп  атап 

көрсетіледі:

- болашақ маманның шығармашылық қуатын сақтау және дамыту;

- қоғамымыздың әлеуметтік, қоғамдық-саяси өмірінде мәдениеттің үстемдік құруын қамтамасыз ету;

- қоғамның рухани сауаттылығына қолдау көрсетудің маңызды тетігі ретінде эстетикалық тәрбие беру 

жолдарын жақсарту;

- ұлттық мәдениетті зерттеу және насихаттау, оны дамытуды ынталандыру. 

Бүгінгі  таңда  әрбір  студентті  болашақ  мамандық  иесі  етіп  даярлап  шығу  ісінде,  жеке  тұлға  етіп 

қалыптастыруда  педагогтар  қауымы  өз  педагогикалық  шеберліктерін  қайта  жетілдіріп,  шығармашылық 

тұрғыда  ізденуі  керек.  Сондықтан  да,  отандық  заманауи  білім  беру  саласында  білім  беру  мазмұнын 

жаңарту,  инновациялық  технологиялар  негізінде  кәсіби  маман  даярлаудың  сапасын  арттыру  негізгі 

бағыт  болып  есептеледі.  Білім  берудің  жаңа  технологиялары  студенттерден  ізгілік,  демократияландыру, 

интеграциялау принциптерін мақсатты түрде жүзеге асыруды талап етеді. Өйткені, қоғамның болмысына 

өз әсерін тигізетін өнер адамзаттың эстетикалық, адамгершілік тәрбиесін, рухани байлығын, оның әлемдік 

деңгейде  шығармашылық,  технологиялық,  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыруда  маңызды  орын 

алады[1, 25-б].

Сабақтың  мақсатына  орай  оқу  материалын  меңгерту,  берілетін  тақырыптың  мазмұнына  бойлау,  оқу 

үдерісін ұйымдастыру, білім беру тәсілдері, көрнекі құралдары, сабақтың нәтижелі болуын қамтамасыз 

ету,  оны  бағалай  білу,  осы  айтылған  өлшемдерді  кешенді  түрде  қолдану – оқу  үдерісінің  құндылығын 

анықтайтын технологияландыру  проблемалары болып табылады.

Сондықтан да, болашақ педагог мамандарын даярлаудағы оқу үдерісінде көрнекіліктерді, мәліметтерді 

өңдеу – техникалық құралдарды тиімді пайдалану негізінде технологияландыру проблемаларын шешуге 

мүмкіндік береді.  

Білім беру жүйесінде кәсіби шеберлікке баулу, нәтижесінде студенттердің шығармашылықпен ойлау, 

мәселе қоя білу, шешім қабылдай білу, ұжымдық ойлау қабілеттерін дамиды.

А.А.Вербицкий қазіргі заманғы педагогикалық ілімінде «Оқытудағы  мақсат – білім берудің барлық 

әрекетін ақпараттандыру» деген еді [2, 207-б].

Болашақ  педагог мамандарының кәсіби іс-әрекетін ұйымдастырудың жаңа формасы – контексті білім 

беру негізіне белсенді оқытудың технологиясы немесе оқытудың белсенді формалары жатады.

Білім беру формаларына студенттің берілген материалды зейін қойып, қабылдап есте сақтауы ғана емес, 

қарым-қатынас,  тәртіп,  шапшаң  ойлау,  шығармашылық  ізденістері  де  жатады.  Осындай  белсенді  білім 

беруде арттыруда көрнекіліктің орны ерекше. Сабақ барысында орынды пайдаланған ақпараттық мәлімет 

студенттің ақпарат алушы ролінде ғана қалдырмай, қалмай, оны өз кәсіби іс-әрекетінде орынды пайдалануға 

мүмкіндік береді. Айталық, міндетті пәндер циклдарын оқытуда қазақ бейнелеу өнерінің тарихнамасымен 

таныстыруда  еліміздің  дарынды  кәсіби  суретшісі  Ә.Кастеевтің  шығармашылық  өнері  туралы  қосымша 

материалдарды  тиімді  пайдаланған  жөн.  Мұндай  материалдар  негізінде  студенттер  қайталанбас  сурет 

әлемін тамашалай отырып, қазақ өнеріне тән астарлы бояу ажарын құлпырта түсетін шеберіміздің бейнелі 

ойға  толы  көркем  шығармаларын  талқылап,  келтірілген  тарихи  көркем  туындылардың  ұлттық  өрнегін 

сипаттай келе, өз ойларын бейне суреттер үзінділеріне қарап ортаға салуға мүмкіндік алады. Енді қазақ 

бейнелеу  өнерінің  атасы,  ұлттық  сурет  өнерінің  бастауында  тұрған,  дүниеге  өшпес  көркем  туындылар 

әкелген  дара  тұлға  Ә.Қастеевтің  өмір  жолы  мен  шығармашылығына  арналған  слайд  материалдарымен 

таныстырамыз.

Мұндай көріністер студенттерге өнердің өміршеңдігі туралы ой салады, қазақ өнер туындыларындағы 

ұлттық ойлау жүйесін сезіндіреді. Сонымен қатар, жаңа тақырыпты меңгерту барысында хабарлау, баяндау 

әдістерін ұштастыра отырып, слайд көріністері арқылы студенттерді кәсіптік дағдыға, іскерлікке үйретуге 

мүмкіндік аламыз. 

Білім  беру  технологиясының  иммутациялық  және  иммутациялық  емес  түрлерін  тиімді  пайдалану 

өз  нәтижесін  береді.  Сабақты  ұйымдастыруда  диалог  тәсілін  қолдану,  техникалық  құралдар  пайдалану 

арқылы  студенттердің  пәнге  деген  қызығушылығын,  сабаққа  белсенді  араласуын  қамтамасыз  етеміз. 



509

Диалог  арқылы  бірнеше  студентті  пікір  алысуға  тартып,  ұсынылған  тақырыпты  әрі  қарай  өрбітуге 

жетелейміз.

Иммутациялық  емес  тәсілге  проблемалық  лекция,  семинар-дискуссия  барысында  оқытуды 

бағдарламалау, курстық, дипломдық жұмыс түрлері жатады. 

Контексті  белсендітүрде  меңгертудің  бір  жолы – ойын  тәсілдері,  іскерлік  ойындар.  Ойын  тәсілі 

арқылы студенттермен жеке жұмыс жасауға болады. Іскерлік ойындар кезінде оқу үдерісінің белсенділігін 

арттыруға  педагогикалық жұмыста ерекше мән беріледі. 

Алдыңғы қатардағы шетел педагогтар өз зерттеулерінде педагогикалық қызметті дамытуды әр оқытушы 

басты мақсат етіп қою керек деп тұжырымдайды. Олар жеке тұлғаның білім сапасын анықтайтын оқыту, 

іскерлік дағдыларын қалыптастыру қажеттігін атап көрсетеді. Мұндай тұжырымдар негізінде олар білім 

беру технологиясын түбегейлі өзгертіп, оның кейбір проблемаларын шешуге жол салады. Білім берудің 

жаңа технологияларын тиімді пайдалану нәтижесінде студенттер оқу материалын өз бетімен оқып үйренуге 

дағдыланады. Ал іскерлік ойын әдістері болашақ мамандарды кәсіптік шығармашылыққа жетелейді. 

Білім беру үдерісінде шебер ұйымдастырылған білімдік, танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, кәсіптік 

бағдарлық,  ролдік,  танымдық-дидактикалық  ойындар  сынды  белсенді  әдіс-тәсілдер  сабақтың  мақсатқа 

жету жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіптік  бағдарлық  ойындар  мақсаты  студенттерді  пікір  алысу  мәдениетіне,  ой  белсенділігіне 

дағдыландырады.  Бұл  орайда  оқытушының  негізгі  міндеті – топтағы  студенттердің  әр  қайысысының 

өзіндік көзқарасын құрметтей отырып, ұжымды біріктіру.

Айталық, міндетті  пәндер қатарындағы оқытылатын  «Этнопедагогика» пәні арқылы қазақ жерінде 

мекендеген орыс қайраткерлері Е.Г.Брусиловский, А.В.Затаевич, А.П.Зенков, Н.Хлудов, С.Калмыковтардың  

қазақ өнерінің дамуына қосқан еңбек туралы мағлұмат алады. Осы орайда студенттердің білімін бақылау 

тәсілдерінің бірі – кәсіптік бағдар ойынын ұйымдастыру. Студенттер екі топқа бөлініп мәтін мен қосымша 

материал  арқылы  алған  білімдерін  қорытындылайды,  және  бір-біріне  сұрақтар  қойып,  осы  сұрақтарға 

жауап іздейді. Мәселен, кәсіптік бағдар ойыны кезінде олар мынандай сұрақтарға жауап іздестіріп, оның 

мазмұнын талқылауға атсалысады:

1. Қазақ музыка өнері дамуына үлкен үлес қосқан Е.Г.Брусиловскийдің қандай туындыларын білесіз?

2. Қазақ ән-күйлерін жинақтаушы, зерттеуші А.В.Затаевич жасаған дәстүрлі ән жіктемесінің маңызын 

ашып көрсетіңіз.

3. А.П.Зенковтың сәулет өнеріндегі үлесі туралы айтып беріңіз.

4. Ә.Қастеевтің ұстазы Н.Хлудовтың қазақ бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесін баяндаңыз.

5. Қазақ опера және балет театрының қоюшы-суретшісі, кескіндемеші С.Калмыковтың шығармашылық 

жолын әңгімелеңіз.

Студенттер  мұндай  сұрақтарды  талқылап,  өздік  жұмысы  ретінде  жинақтаған  материалдар  бойынша 

презентация даярлайды. Келесі сабақтарда әр студент өзінің слайдтарын көрсетеді. 

Рөлдік ойындар кезінде әрбір топ мүшесінің актерлік шеберлігі, орындау қабілеті ескеріледі.

Оқу-іскерлік  ойындар  кәсіптік,  әлеуметтік,  саяси,  техникалық  мазмұнда  болуы  мүмкін.  Мұндай 

ойындар кәсіптік бағдар беру ісі мен мамандықпен байланыстыра жүргізіледі. 

Белсенді  оқыту  тәсілі  аналитикалық  ойлауды  дамытады,  студенттер  өз  пікірін  анық,  нақты,  сенімді 

түрде айта білуге үйренеді, шешім қабылдауға машықтанады. Өздері талдау жұмысына қатысып, сын айта 

білуге, негізгісін бөліп қарау, оған баға беруге үйренеді.

Танымдық-дидактикалық ойындар белгілі мәтін арқылы жағдаят туғызып, оның шешімін табуда нақты 

кәсіби іс-әрекетке жүгіндіруімен сипатталады.

Оқытудың  белсенді  формасына  лекция,  әңгімелесуді  жатқызамыз.  Студенттерге  жаңа  тақырыпты 

түсіндіруде, ақпарат берудің ең қысқа нәтижелі тәсілі – лекция, әңгімелесу кезінде жағдаят туғызу сияқты 

белсенді оқыту формаларының элементтерін кіргізуге болады. 

Оқытудың  жаңа  технологиясының  ерекше  сипаты:  интеграциялау – педагогика  және  психология 

ғылымдарының  басқа  ғылымдармен  байланысы.  Еңбек  тәжірибемізге  сүйене  отырып,  мамандық 


510

бойынша өтілетін пәндерді интеграциялап өткізуді ұсынамыз. Интеграцияланған сабақ кезінде студенттер 

жаңа  материалды  тез  әрі  оңай  меңгереді,  білімге  деген  ықыласы  артады,  шығармашылық  ынтасы 

оянады.  Оқытудың  жаңа  технологиясы  педагогикалық  үдерісті  ізгілендіруге,  ал  оқу-тәрбие  жұмысын 

ұйымдастыруда  студенттің жеке тұлғасын дамытуға бағытталады. Білімнің басқарушылық негізгі қызметі 

студенттің жеке басын дамытуға бағдарланады. Әр студентті өзі меңгерген білім көлемін өмірде пайдалана 

білуге бейімдеу оқытушының басты мақсаты болуға тиісті.

Бұған дейін оқыту ісіне біржақты қарап, білім беруді тек сабақты жақсы беру деп санап келдік. Соның 

салдарынан  барлық  ауыртпалық  оқытушыға  түсті,  яғни  оқытушы  өзі  түсіндіреді,  сұрайды,  қосымша 

материалдар тауып, олардың білімін толықтырады. Сондықтан да, бұрынғы дәстүрлі білім беру жүйесін 

қайта қарастырып, білім берудің жаңа технологиялық жүйесін ендіру жолдарны іздестіру қажет. Білім беру 

саласында  барлық  жағынан    да  жаңаша  ойлау,  жаңаша  қарым-қатынас,  жаңаша  көзқарас  қалыптасады. 

Ендеше жаңа заман талабы білім берудің жаңа технологияларын меңгеруді көздейді.

Бүгінгі  таңда  Д.Б.Эльконин  мен  В.В.Давыдовтың  дамыта  оқыту  технологиясы,  М.Чошановтың 

проблемалық  модульді  оқыту  технологиясы,  П.И.Третьяковтың,  К.Вазинаның  модульді  оқыту 

технологиясы, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғылым-педагогтардың технологиялары кеңінен 

танымал. 

Жаңа  технологияны  меңгеру  оқытушыдан  кәсіптік  шеберлікті,  арнайы  дайындық  пен  ізденісті, 

сауаттылықты  талап  етеді.  Соның  нәтижесінде    инновациялық  білім  беруде  студенттердің  оқу  әрекетін 

қалыптастырып, олардың білімге деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыруда  заманауи білім беру 

те,хнологияларын  тиімді  пайдалану  көзделеді [3, 75-78-б].  Олай  болса,  болашақ  педагог  мамандарын 

даярлаудағы оқу үдерісін технологияландыру проблемасының мәні – интеллектуалдық, шығармашылық 

қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.

Болашақ  өнертану  мамандарының  интеллектуалдық,  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуын 

жетілдіруде «Дамыта оқыту» технологиясы сабақ барысында кеңінен пайдаланылып отыр.  Дамыта оқыту 

технологиясын енгізу барысында студенттерді оқу үдерісінде топқа бөліп оқыту қарастырылады. Мұнда 

әр топтың біліміне қарай оқытушы деңгейлік  тапсырмалар даярлайды. Тапсырма бірте-бірте күрделене 

түседі. Мұндай білім берудің жаңа технологиясын барлық пәндерде де жүзеге асыруға болады. 

Мәселен, студенттер бірінші және екінші курста «Қазақ тілі» пәнінен практикалық сабақтар кезінде 

ана тілімізді жетік меңгеру үшін көп жұмыс жасайды. Бір топта білімі бірнеше деңгейдегі студенттер тобы 

шоғырланған.Осыған орай  тапсырмалар мазмұны да қарапайымнан күрделіге өзгеріп отырады. «Астана 

– менің сүйікті қалам» тақырыбы аясында оқытушының даярлаған қосымша бейнежазба материалдары 

студенттердің  тәуелсіз  мемлекеттің  жаңадан  бой  көтерген  жас  қаласының  тарихы,  әсем  де  құнды 

ескерткіштер туралы толық мағлұмат алуына септігін тигізеді (Қосымша  бейнежазба материалы  «Астана 

– жас қала»).

Біздің  пікірімізше,  студенттердің  кәсіби    шығармашылық  қабілеттерін  арттырудың  жолын  іздестіру 

арқылы шығармашылық тәжірибені меңгереді, білім, біліктілік, дағдысы және дүниеге  өзіндік көзқарасы 

қалыптасады. Соның нәтижесінде жеке кәсіби  шығармашылық қасиеттері дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет