12.3. Перспектива. Кӛлеңке тҥсіру.
CorelDraw графикалық редакторы негізінен жазықтықтағы бейнелерді салуға
бағытталған. Сондықтанда бейнелеу жұмыстарында түсетін жарыққа байланысты
кӛлемнің ӛзгеруі, түс қанықтылығы сияқты қасиеттер тек графикалық тәсілдермен
жасалынады. Осы қасиеттерді алуға бағытталған, CorelDraw-да Көлеңке түсіру,
Перспектива жасау сияқты құралдар бар. Сонымен қатар Перспективаны түрлендіруге де
болады. Геометриялық перспективаның заңдылықтарын ерте заманның ӛзінде-ақ
суретшілер тапқан болатын. Бейнеленетін объектінің ӛлшемін, адамның кӛзінен
арақашықтығына пропорционалды кішірейту арқылы тереңдік алуға болады. Бір объектіге
немесе объектілер тобына қолданылған перспективаны түрлендіру, перспективаның
таңдалынған схемасы бойынша қисайту деген сӛз.
Заттардың жазықтыққа түсетін кӛлеңкесін құру үшін кӛлеңке құратын арнайы
құралдарды қолдануға болады. Тіктӛртбұрыш үшін перспективаны түрлендіру кезеңдерін
қарастырайық. Ол үшін CorelDraw-да арнайы құрал жоқ. Сондықтан бұл жұмысты
объектіні белгілеуден бастаймыз. Содан соң Effects-Add Perspective (эффектілер-
перспективаны қосу) командасын орындаймыз. Команда орындалып болған соң, объект
бетінде қызыл түсті пунктир тор пайда болады. Осы кезде автоматты түрде Shape(форма)
құралы таңдалынады. Ол тордың бұрыштарындағы түйіндерді жылжытып, объект
формасын ӛзгертуге мүмкіндік береді.
12.4. Клондар және эффектілер клонын салу
CorelDraw-да клон деп ӛзінің кӛшірілген үлгісімен байланысын үзбейтін,
объектілердің арнайы кӛшірмелерінің жиынын айтады. Үлгі объектіні клонның
басқарушы объектісі деп атайды. Клонның негізгі қасиеті, оны редакциялауға болмайды.
Клон элементін түрлендіруге: жылжытуға, бұруға, айнадағы кескінін алуға болады, бірақ
оның боялу параметрлерін және контурлық сызықтарын ӛзгертуге болмайды.
Эффектер клонын салу. Эффектер клонын салу дегеніміз - бұрын құрылған
құрама объектілердің эффектерін басқа объектіге кӛшіру түрі.
Қадамдап ауту. Қадамдап ауту CorelDraw-да құрама объект, алдыңғы басқару
объектісі, соңғы басқару объектісі және реттелген аралық объектілер жиынынан тұрады.
Аралық объектілер форматы, бастапқы объектінің соңғы объектіге ӛзгеруін түрленуіне
баяулап жақындауы тиіс.
81
Бақылау сҧрақтары:
1.
CorelDraw-да объектілерді қалай белгілеуге болады?
2.
CorelDraw-да объектілерді қалай реттестіруге болады?
3.
Бірнеше объектілерді бір топқа қалай біріктіруге болады?
4.
біріктіру, қиылыстыру және шегеріп тастау операцияларын қалай қолдануға
болады?
5.
Көлеңке түсіру, Перспектива жасау сияқты құралдары қалай жұмыс істейді?
6.
Клон деп нені айтамыз?
7.
Эффектер клонын салу дегеніміз не?
13-ші лекция. PhotoShop графикалық редакторы. Негізгі қҧралдары.
1.PhotoShop терезесі.
2.Тҥс палитралары.
3.Қҧралдар панелі мен атрибуттар панелі.
4.Белгілеу қҧралдары.
5. Сурет салу қҧралдары.
11.1.PhotoShop терезесі.
Редакторды іске қосқаннан кейін монитор экранында PhotoShop-тың негізгі
терезесі пайда болады. (1-сурет). Осы терезе бағдарлама интерфейсінің бірінші элементі
болып табылады. Бұнда дизайнерлер мен суретшілер үшін қажетті құралдардың бәрі бар.
Бағдарлама ашылғанда басқа қосымша бағдарламалар сияқты автоматты түрде жаңа
құжат құрылмайды, себебі PhotoShop негізінде бейнелерді құру үшін емес, оларды ӛңдеу
үшін қолданылады.
1-сурет. Photoshop редакторының негізгі терезесі.
Мәзір қатарында редактордың кӛптеген мүмкіндіктерін орындайтын командалар
бар: тақырып қатары, қалып-күй қатары, мәзір т.с.с. Стандартты элементтердің қысқаша
сипаттамасы:
Тақырып қатары. Бағдарламаның атауы мен белгісін кӛрсетеді, яғни Adobe
82
PhotoShop. Қатардың оң жағындағы батырмалар бүктеу-толық ашу, ӛлшемін ӛзгерту және
бағдарлама терезесін жабу үшін қолданылады.
Жүйелік мәзір. Бағдарлама атауы қасындағы бағдарлама белгісіне тышқан
кӛрсеткішіне апарып шерткенде ашылады. Онда: қайта қалпына келтіру, жылжыту, жабу
және ӛлшемін ӛзгерту сияқты тереземен жұмыс істейтін командалар бар. Жүйелік мәзір
командалары операциялық жүйе меншігі, сондықтан да олардың тілі графикалық редактор
тілінен ӛзгеше болуы мүмкін.
Қалып-күй қатары (терезенің тӛменгі шекаарасының бойында орналасқан).
Ашылған құжат, жұмыс дискілері, ағымдағы құрал туралы ақпараттарды кӛрсетеді. Егер
бағдарламада ашылған құжат жоқ болса, қалып-күй қатарында ақпарат та жоқ болады.
Мәзір. Бейнелермен құжаттарды басқару үшін, орындайтын функцияларына сәйкес
біріктірілген командалар тобы. Бас мәзір командаларының жеке тӛгілмелі мәзірі болуы
мүмкін.
Негізгі командалар топтарын қарастырайық.
File (Файл). Файлдарды кӛшіру, файлдарды ашу және жабу, басқа бағдарламаларға
тасымалдау сияқты файлдармен жұмыс істейтін операциялар орындайды. Осы мәзірде
енгізу құрылғыларынан бейнелерді жүктеу, басқа қосымша бағдарламаларға ауысу,
құжатты баспаға шығару алдында тексеру операциялары да орындалады.
Edit (Редакциялау). Редакциялау командалары - қиып алу, кӛшіру және т.с.с.
ӛлшемдерді ӛзгерту мен бейне түрін және оның фрагменттерін қисайту. Осы командалар
тобында фигура ӛрнегімен бояу құралы түрлерін анықтау, буферді тазарту,
бағдарламаларының барлық мүмкіндіктері (баптау, түс бояуларын және үлгі жиындарын
басқару) бар.
Image (Бейне). Бейнемен жұмыс істейтін командалар тобы. Мұнда тондық және
түстік ӛзгертулер, бейне типін ӛзгерту, бейнеден қажетті бӛлігін қиып алу (кадирование),
фоннан фрагментер қиып алу командалары бар.
Layer (Қабат). Бейне қабаттарымен жұмыс істеу, басқару командалары.
Select (Белгілеу). Белгіленген аймақтармен жасалынатын жұмыстар.
Filter (Фильтр). Бейнені арнайы ӛңдеуге арналған командалар. Бұнда PhotoShop
құрамындағы фильтрлер бар және қосымша орнатылған фильтрлер болуы да мүмкін.
View (Түр). Жұмыс бетінің сыртқы кӛрінісін басқаратын командалар масштаб және
бейнеленудің түстік модельдері, бағыттауыштар, сызғыш және т.с.с. командалар
жиынынан тұрады.
Window (Терезе). Бас терезе түрін басқару PhotoShop палитрасын экранға шығару
және баптау, Құжат терезелерін орналастыру.
Help (Көмек). Компьютерде жұмыс істеп отырған адамның іс-әрекетіне сәйкес және
жалпы графикалық редактор терезесі анықтама ақпараттарын ашу.
11.2. Тҥс палитралары.
Бағдарламаның кӛптеген функциялары палитралар кӛмегімен орындалады.
Палитралардың басқа сухбат терезелерінен айырмашылығы, үнемі экранда кӛрініп
тұрады. Бұл жұмыс істеп отырған адамның бейнеден палитраға және керісінше ауысуын
жеңілдетеді, команданы таңдау уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер палитра қажет
болмаса, оны экраннан алып тастауға болады. Палитраларды бір топқа жинауға да болады,
сонда олар экранда кӛп орын алмайды.
83
2-сурет. Стандартты палитра.
PhotoShop-та 15 стандартты палитра бар. Олардың кӛпшілігінің стандартты
құрылғылары бар. (2-сурет). Палитра ішінде: батырмалар, үлгілер, жылжымалы
батырмалар, енгізу алаңы болуы мүмкін. Жоғарғы оң жақ бұрышта орналасқан
бағыттауышы бар батырма палитра мәзірін шақырады. Онда әртүрлі командалар бар,
кейбіреулері палитраның тӛменгі жағына батырма түрінде орналасқан.
Палитраны экранға шақыру үшін және оны экраннан алып тастау үшін Window
(Терезе) мәзірінің командаларын пайдаланамыз. Палитралар топқа бірігеді. Палитраны
екпінді жасау үшін, оның белгісінде тышқан кӛрсеткішін шерту қажет. Топта бір ғана
палитра ағымдағы болады. Қалғандарын кӛру үшін палитраны топтан шығару керек. Ол
үшін, тышқан кӛрсеткішін палитра белгісіне апарып, курсорды жылжытамыз. Курсор
артынан палитра сызбасы да жылжиды. Енді екі палитра экранда кӛрініп тұрады. (3-
сурет).
11.3. Қҧралдар панелі мен атрибуттар панелі.
Палитралардан басқа бағдарламаларда екі панель бар: Toolbox (Құралдар) және
Options (Параметрлер). Бейнені ӛңдеу кӛптеген іс-әрекеттердің жиынынан тұрады. Әрбір
іс-әрекет үшін арнайы құрал қолданылады. Ол құралдар экранның сол жағында вертикал
орналасқан.
Toolbox (Құралдар) панелінде орналасқан. Әрбір құралға белгісі бар батырма
сәйкес келеді, құралды таңдау үшін осы сәйкес батырманы шерту қажет.
Орындайтын функцияларына сәйкес құралдар топтарға біріктірілген. Панельде осы
3-сурет. Палитра топтарын экранға шығару.
84
топтың бір ғана құралы кӛрініп, қалғандары жасырылып тұрады. Бұндай құралдың
батырмасында кішкентай қара бағыттауыш бар. Жалған құралдарды таңдау үшін
батырманы бір секундтай уақыт басып тұру керек, сонда қалған құралдар тізімі бос
жанама мәзір ашылады. Тышқан батырмасын жіберіп, қажет құралды таңдауға болады.
Енді таңдалынған құрал панельде кӛрінеді де, қалғандары жасырылады. Құралдар
панелінің тӛменгі жағында негізгі түстерді басқару батырмалары мен бағдарлама
терезесінің түрін басқару батырмалары бар. Түрлі түсті квадраттар - бұл фондық және
жұмыс істейтін түс түрлерінің үлгісі. Жұмыс істейтін түс үлгісі алдыңғы жақта
орналасқан, фондық түс артында орналасқан. Екі түсті де таңдауға болады. Түстерді
таңдамаған болсақ, қара мен ақ түс шығады. Екі түсті алмастыру үшін екі жақты
бағыттауышты қолдануға болады.
Бас терезе режимдері тек қана ашылған құжат бар болғанда ғана жұмыс істейді.
Толық экран режимі құжатты экранда қарау үшін қолданылады, бұл жағдайда ешқандай
басқару элементтері жұмыс істемейді. Стандарттық режим жұмыс істеуге ыңғайлы. жиі
қолданылады. Тәжірибелі компьютермен жұмыс істейтін адамдар аралық мәзірі бар толық
экранды режимді қолданады. (4-сурет).
б
А
В
г
4-сурет. Режимдер батырмалары (а) және оларға сәйкес бас терезе түрлері: стандартты
(б), мәзірі бар толық экран (в), толық экран (г).
Бейне тҥсін басқаратын белгілер.
1. Негізігі түс. Осы батырманы тышқан кӛрсеткішіне апарып шертіп түс палитрасын
шақыруға болады.
2. Бұл батырмаға шерткенде түстер - бейне қара фон болып тағайындалады.
3. Түстерді ӛзгерту батырмалары. Түстердің орындарын ауыстырады.
4. Фондық түсті ауыстыруға мүмкіндік береді.
85
Жаңа файл қҧру
File-New (Файл-жаңа) командасын орындағанда экранда пайда болған сухбат
терезсінде жаңа файл параметрлерін енгізу қажет.
1. Бейне мүмкіншілігі (бейне мүмкіндігі 72 пикс. – үнсіз келісім бойынша) және түс
режимдері:
2. Биттік (битовый – тек қара және ақ түс).
3. Сұр түс градациясы (градации серого – сұр түстің 256 түрі).
4. RGB, CMYK, Lab – барлық түстер жиыны.
13.4. Белгілеу қҧралдары. Аймақтарды белгілеуге мүмкіндік беретін құралдарға
– Тіктӛртбұрышты аймақ, Эллипс типтес аймақ, Вертикальды
және Горизонтальды қатарлар жатады. Екінші
топтағы
ерекшелеу құралдарына Лассо, Многоугольное және
Магнитное лассо жатады. Лассо, Многоугольное лассо және
Магнитное Лассо құралдары бейнелер бӛліктерін олардың
шекараларын сызып отырып ерекшелеуге мүмкіндік береді.
CapsLock пернесін басып отырып ерекшелеу сапасын
кӛтеруге болады. Құралдың - Сглаживание палитрасы –
ерекшелеу шекарасын басаңдатады.
Волшебная палочка құралы белгілі бір түс диапазонын ерекшелейді.
Ерекшеленген аймақ мӛлшерін ӛзгерту. Ерекшеленген аймаққа жаңа бӛліктер қосу
үшін SHIFT пернесін басып тұрып қосымша аймақтарды ерекшелеу керек. Ерекшеленген
аймақтың бӛлігін бӛліп алу үшін Alt пернесін басып тұрып қажетті аймақты ерекшелеу
керек.
Сурет салу қҧралдары. Сызық құралы. Сызық түсін опциялар палитрасында
тағайындауға болады. Сызық жуандығы пиксельмен беріледі. Егер сызықта бағыттауыш
бар болса, онда "Старт және Соңғы" терезесінде жалау
қою керек.
Қылқалам, Карандаш және Аэрограф
қҧралдары. Қылқалам түрлі түсті жұмсақ жағулар
салу үшін қолданылады. Опция палитрасындағы
Непрозрачность мәні тӛмен болса, сурет түсі де
мӛлдір болады.
Карандаш құралы шеттері айқын штрихтер салу
үшін қолданылады. Егер Опция палитрасында Автостирание – жалау қойсақ карандаш
фон түсімен сурет салады.
Аэрограф құралы аэрозоль сияқты шашырататын эффектпен сурет салады.
Ластик, Пипетка және Образец цвета.
Ластик құралы объектілерді редакциялауға арналған. Мӛлдір қабатта обьектілерді
ӛшіреді, ал мӛлдір емес қабатта - фон түсімен сурет салады.
Опция палитрасында ластиктің қандай құрал арқылы
жұмыс істейтінін кӛрсетуге болады: Аэрограф, Кисть,
Карандаш немесе Ластик., Егер Стирать в события
опциясына жалау қойсақ, бейнені бастапқы қалпына
келтіруге болады.
Бақылау сҧрақтары:
1. Қарапайым белгілеудің күрделі белгілеуден не айырмашылығы бар?
2. Қандай командалар кӛмегімен белгіленген алаңды ӛзгертуге болады?
3. Автоматты түрде белгілеу үшін қандай құралды пайдалануға болады?
4. Түсті тағайындау түрлерін атаңыз.
5. Объектілер формасын ӛзгерту үшін қандай команда қолданылады?
86
6. Түс палитрасын экранға қалай шығаруға болады?
12.
PhotoShop программасында сурет салу және бояумен қҧю
1.
Кисть қҧралы.
2.
Ҥстінен басып салу режимдері.
3.
Градиентті боямен қҧю.
14.1. Кисть қҧралы
Сурет салу және бояумен құю құралдары бейнені ӛңдеу сатыларының бәрінде
қолданылады. Сурет салу және бояумен құю құралдарын қолдану ерекшелеумен тығыз
байланысты. Бұл құралдар ерекшеленген аймақтармен жұмыс істейді және оларды құру
үшін де қолданылады.
Paintbrush (Кисть) құралын таңдап, курсорды бейнеге алып барсақ, курсор түрі
ӛзгереді, кӛбінесе кисть құралының белгісіне ұқсайды.
Енгізу ӛрісінің жоғары жағында, осы үлгінің параметрлері кӛрінеді: Diameter
(Диаметр), Hardness (Қатаңдық), Spacing (Бос орын). Егер Spacing (Бос орын) іске
қосылған болса, онда жүргізілетін сызықтардың ара қашықтықтары белгілі дегенді
білдіреді. Параметрлерге байланысты сызық түрлері де ӛзгереді (1 сурет).
а
б
в
г
д
1 сурет. Кисть құралының оның параметрлерінің ӛзгеруіне байланысты түрлері:
ӛлшемі (а), қатаңдығы (б), бос орны (в), дӛңгелектілігі (г), кӛлбеу бұрышы (д).
14.2. Ҥстінен басып салу режимдері.
Сурет салу құралдары бейне нүктелеріне әсер етеді. Осы уақытқа дейін бейне
нүктелерін негізгі немесе фон түсіне алмастыруды қарастырып келдік. Сурет салу
құралдарының іс-әрекеттерінің басқа да алгоритмі бар. Құралдың түсі ӛзгертілмей, бейне
түсімен бірге істейді. Бұлай бірге істеу тәсілі Mode (Режим) қасиеттер панелінде
таңдалынады.
Normal (қалыптағы). Үнсіз келісім бойынша тағайындалынады.
Multiply (көбейту). Бейне нүктесінің түсінің әрбір компоненті үшін программа
кӛбейтінді есептейді.
Dissolve (еріп кету).
Screen (оңдыру). Бейне нүктесінің түсінің кері аударылған компоненттері үшін
программа кӛбейтінді есептейді.
Overlay (жауып тастау). Құрал түсінен ақшылдау түстер Screen (оңдыру)
режимінде, ал құрал түсінен қаралау түстер Multiply (кӛбейту) режимінде түрленеді.
Soft Light (жұмсақ жарық). Бұл құралмен жұмыс істеу нәтижесінде бейненің
барлық түстері құралдың түсіне жайлап бейімделеді.
87
Hard Light (қатаң жарық). Soft Light режиміндегі сияқты алгоритммен жұмыс
істейді, айырмашылығы құралдың түсіне біржақты бейімделеді.
Color Dodge (Түп нұсқаны қарайлату). Бұл Screen (Оңдыру) режимі сияқты, тек
бейненің кейбір бӛліктерін ғана құрал түсіне алмастырады.
Color Burn (Түп нұсқаны оңдыру). Жоғарыдағы режимге қарама-қарсы, бейненің
қаралау түсті жерлерін қарайлатады.
Darken (Қаралау түспен алмастыру). Егер бейне түсі ақшылдау болса, онда, ол
қараяды.
Lighten (Ақшыл түспен алмастыру). Жоғарыдағы режимге қарама-қарсы жұмыс
істейді.
Difference (Шегеру). Түстерді шегеруге негізделген режим.
Exclusion (Алып тастау).
Hue (Түстік тон). Нәтижелік түс құрал түсіндей болады, ал қанықтылық пен
жарықтылық — бейне түсіндей болады.
Saturation (Қанықтылық ). Қанықтылық құрал түсіндей болады, ал ашықтығы мен
тон түсі — бейне түсіндей болады.
Color (Түс). Нәтижеде бейне түсі жарықталынады.
Luminosity (Жарықтылық ). Жарықтылық құрал түсіндей болады, ал қанықтылығы
мен тон түсі — бейне түсіндей болады.
14.3. Боямен қҧю қҧралы мен командасы
Үлкен аймақтарды бояуды кисть құралымен орындау оңай жұмыс емес. Photoshop
программасында бояуды құятын арнайы команда бар. Ол таңдалынған немесе
ерекшеленген аймақ үшін қолданылады.
Edit (Редакциялау) мәзірінің Fill (Бояумен құю) командасын таңдағанда сұхбат
терезесі шығады. Ашылған Use (Пайдалану) тізімде бояу түрін таңдаңыз — Background
(Фондық түс), Foreground (Жұмыс түсі), 50% Gray (50% күлгін). Black (Қара), White
(Ақ) немесе Pattern (Ӛрнек). Ӛрнек — бұл бір бейненің үзіндісі, оны программа бірнеше
рет қайталау арқылы ерекшеленген аймақты толтырады.
14.3. Градиентті бояумен қҧю. Бояумен құюдың тағы бір тәсілі — бұл
ерекшеленген аймақты немесе бейненің бәрін градиентпен (түсті созу) толтыру.
Градиент — бұл берілген түстердің бір-біріне жайлап кӛшуі. Градиентпен толтыру
жұмысы барысында түс ӛзгеруімен қатар оның мӛлдірлілігі де ӛзгеруі мүмкін. Градиентті
қолдану және редакциялау үшін Gradient (Градиент) құралы қолданылады, ол да сол
Paint Bucket (Бояумен құю) құралы орналасқан топқа жатады.
Құралды ерекшеленген аймаққа апарып, тышқан батырмасын басып, градиент
сызығын жүргізу керек. Градиент сызығы түстердің бір-біріне жайлап кӛшуінің бастапқы
және соңғы нүктелерін анықтайды. Таңдалынған градиент типіне байланысты программа
сәйкес түстік созылуды салады (2-сурет).
88
2-сурет.
Градиенттер:
сызықтық (а),
радиальдық
(б).
Бақылау
сҧрақтары:
1.
Ерекшеленген аймақтармен жұмыс істейтін және оларды құратын құралдарға
қандай құралдар жатады?
2.
Cтандартты бояғыштар жиынын қандай командамен шақыруға болады?
3.
Опция палитрасындағы Opacity (Мөлдір емес) атрибуты қандай құралдарды
пайдаланады?
4.
Атрибуттар панеліндегі Mode (Режим) тізімі не үшін қолданылады?
5.
Soft Light (жұмсақ жарық) командасының Hard Light ( қатаң жарық)
командасынан не айырмашылығы бар?
6.
Pattern (Өрнек) дегеніміз не?
7.
Градиенттік бояумен құюдың кәдімгі бояудан не айырмашылығы бар?
15-ші лекция. PhotoShop графикалық редакторында қабаттармен жҧмыс істеу
негіздері
1.
Қабаттар. Қабаттар панелі. Қабаттар палитрасы.
2.
Қабаттармен жҧмыс істеу негіздері.
3.
PhotoShop-тағы қабаттар эффектері және оларды орналастыру.
1.1.Қабаттар
Қабаттар бейне элементтерін бір-біріне тәуелсіз құруға мүмкіндік береді. Қабаттар -
әрқайсысына бір бейненің жеке бӛліктері салынған мӛлдір беттер. Құрылатын құжат
фондық қабаттан тұрады, оның түсі ақ болуы немесе белгілі бір түске боялуы мүмкін.
Қалған қабаттарды қосуға, ӛшіруге, басқа қабаттарға кілейлеп қоюға және олардың
орындарын алмастыруға болады.
Қабаттармен жұмыс істеу үшін Layers-Palette (Қабаттар панелі) мен осы панельдің
тӛменгі жағында орналасқан батырмалар қолданылады. Панельді экранға шақыру үшін
Window (терезе) - Layers (қабаттарды кӛрсету) командасын орындау керек. Экранға
шыққан панельде әрбір қабаттағы кішкентай бӛліктердің суреттері кӛрініп тұрады.
Жаңа қабатты құру үшін: Layers (қабат) - New (жаңа) - : Layers (қабат)
Қажет емес қабатты ӛшіру үшін : Layers - Delete немесе сол қабат үстінде оң жақ
пернемен шертіп, пайда болған қабаттар панелінен Delete (өшіру) командасын таңдау
керек.
Қабатты кӛшіру үшін: Layers (қабат) - New (жаңа) - Duplicate Layers (қабат
кӛшірмесі) командасын ӛзгерту керек. Жаңа қабатта ағымдағы қабат кӛшірмей пайда
а
б
89
болады. Ағымдағы қабат кисть құралымен белгіленіп тұрады.
Қабаттардың орналасу ретін ӛзгерту үшін: Layers (қабат) - Alrange (орналасуы) -
To Frant (алдында) - To Back (артында) командасын орындау керек, немесе қабаттар
панелінде тышқан кӛрсеткішімен қабатты басып тұрып басқа жерге жылжытып апаруға
болады.
Бірнеше қабаттарды біріктіру. Бұл операция бірнеше қабаттарды біріктіру үшін
қажет. Ол үшін қабаттар панелінде "кӛз"-дің оң жағындағы бос алаңға барып, тышқан
кӛрсеткішін шерту керек. Алаңда "жіп" кӛрінеді, бұл кисть құралымен ерекшеленген
ағымдағы қабатқа біріктірілгеннің белгісі. Біріктірілген қабаттармен бір қабат сияқты кез
келген түрлендірулерді (жылжыту, трансформация және т.с.с) орындауға болады.
Біріктірілген қабаттарды бӛлу үшін, тағы да "жіп"-ке апарып шерту керек.
Қабаттарды жасырып қою үшін "кӛз"-дің үстіне апарып шерту керек, "кӛз"-де, осы
қабат бейнесі де кӛрінбей қалады. Қабатты қайта кӛрсету үшін "кӛз"-ді тағы бір рет шерту
керек.
Барлық қабаттарды кілейлеу. Ол үшін: Layers (қабат) - Jletten (көрінетін аймақты
біріктіру). Бұл амал кӛпқабатты бейнені жасап біткен соң орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |