Алматы экономика және статистика академиясы


Компьютерлік графика тҥрлері



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата09.03.2017
өлшемі5,55 Mb.
#8690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Компьютерлік графика тҥрлері 
Компьютерлік  графика  бейнелеу  тәсіліне  байланысты  үш  түрге  бӛлінеді.  Бұлар 
растрлық  графика, векторлық графика және фрактальдық  графика.  Оларда  бейнелердің 
монитор экранына шығу немесе қағазға  баспадан басылу  принциптері әртүрлі. 
Растрлық  әдіс  –  бейне  боялған  нүктелер  жиынынан  тұрады.  Растрлық    графиканы 
электрондық    (мультимедиялық)    және  полиграфиялық  баспа  жұмыстарында 
қолданылады.    Растрлық    графика  құралдарымен  жасалынған  иллюстрацияларды 
компьютерлік  программалар  кӛмегімен  сирек  құрады.  Кӛбінесе  суретшілердің  салған 
суреттерін пайдаланылады.  Соңғы жылдарда компьютерге Растрлық  графиканы (5-сурет) 
енгізу  үшін  цифрлық  фото  және  видеокамералар  кеңінен  қолдау  тапты.  Интернетте  тек 
қана Растрлық  графика қолданылады.  
 
 
5-сурет. 
       Растрлық  графика  электронды  (мультимедиалық)  және  полиграфиялық 
басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар 
кӛбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді ӛңдеу үшін қолданылады. Осы 
мақсатта  кӛбінесе  суретшілердің  қолымен  салынған  дайын  суреттер  сканерленіп  алады 
немесе  фотосуреттер  алынады.  Соңғы  кездері  растрлық  кескіндерді  компьютерге  енгізу 
үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.  
 
Векторлық  әдіс  –  бұл  әдіс  бейнені  кесінділер  мен  доғалар    жиыны  түрінде 
бейнелейді. Бұл жағдайда вектор  - бұл бір объектіні сипаттайтын деректер жиыны.  

 
38 
 
Векторлық  графиканың  басты  артықшылығы  оған  кескін  сапасын  жоғалтпай  ӛзгеріс 
енгізуге,  оңай  кішірейтуге  және  үлкейтуге  болатындығы.  Келесі  артықшылығы  - 
векторлық  кескіндердің  ақпараттық  кӛлемі  растрлық  кескіндермен  салыстырғанда 
әлдеқайда  аз  болады.  Векторлық  кескіндер  СorelDRAW,  Adobe  illustrator  секілді 
векторлық графикалық редакторларда жасалады.  
   Векторлық  графикамен  жұмыс  істеуге  арналған  программалық  құралдар  бірінші 
кезекте  кескіндерді  ӛңдеу  үшін  емес,  оларды  жаңадан  салу  үшін  қолданылады.  Бұндай 
құралдар  жарнама  агенттіктерінде,  дизайнерлік  бюроларда,  редакциялар  мен 
баспаханаларда  кеңінен  қолданылады.  Қарапайым  геометриялық  объектілер  мен 
қаріптерді  пайдалануға  негізделген  безендіру  жұмыстары  векторлық  графика 
құралдарының кӛмегімен әлдеқайда оңай іске асады 
 
Растрлық және  векторлық  графиканың салыстырмалы сипаттамасы 
Салыстыру критериясы 
Растрлық графика 
Векторлық графика 
Бейнені құру тәсілдері  
Растрлық  бейне  кӛптеген 
нүктелер жиынынан тұрады 
Векторлық 
бейне 
командалар  тізбегі  түрінде 
сипатталады  
Дүниедегі  шынайы  объек-
тілерді бейнелеу  
Растрлық  суреттер  шынайы 
объектілерді  бейнелеу  үшін 
тиімді 
Векторлық 
 
графика 
фотография сияқты   сапалы 
бейнелерді  алуға  мүмкіндік 
бермейді  
Бейнені редакциялау сапасы 
 
 
 
Растрлық 
суреттердің 
масштабын 
ӛзгерткенде 
және 
айналдырғанда 
қисайып кетеді  
Векторлық 
бейнелерді 
сапасын 
тӛмендетпей 
түрлендіруге болады  
Бейнені 
баспаға 
басу 
ерекшеліктері 
Растрлық 
суреттер 
принтерлерде  оңай  баспаға 
басылады 
Векторлық  суреттер  кейде 
баспаға 
басыл-майды 
немесе 
қағазда 
үлгіден 
басқаша болып шығады 
 
Фрактальдық  графика  бейнені  математикалық  есептеулер  арқылы  шығаруға 
арналған.    Фрактальды  кӛркем  композицияны  құру  оның  суретін  салуда  немесе 
әшекейлеуде емес, оны программалауда.  
Фрактальдық графика,  векторлық сияқты  – есептеу арқылы пайда болады, бірақ одан 
айырмашылығы  компьютер  жадында  ешқандай  объект  сақталмайды.  Бейне  формула 
арқылы  құрылады,  сондықтан  компьютер  жадында  тек  формула  сақталады.  Теңдеу 
коэффициенттерін  ӛзгерту  арқылы,  тіпті  басқа  суретті  алуға  болады.    Фрактальдық 
графиканың  табиғаттың  тірі  үлгілерін  есептеу  арқылы  модельдеу  қабілетін,  ерекше 
бейнелерді автоматты кӛбейту үшін пайдаланады.   
 
 

 
39 
Бақылау сҧрақтары: 
1.Кескіндерді тану немесе техникалық кӛру жүйесі дегеніміз не? 
2.Бейнелерді і ӛңдеу жұмыстарына  қандай жұмыстар жатады? 
3.Компьютерлік графика нені зерттейді? 
4.Автоматтандырылған жобалау жүйелері  дегеніміз не? 
5.Компьютерлік  графиканың даму тарихы. 
6.Компьютерлік графиканың негізгі қолданылатын облыстарын атаңыз. 
7.Компьютерлік графика қандай түрлерге бӛлінеді? 
8.Векторлық графика деп қандай графиканы айтамыз? 
9.Растрліқ графика деп қандай графиканы айтамыз? 
10.Фрактальдық графика мысалдарын келтіріңіз. 
 
2-ші лекция. Компьютерлік графиканың негізгі  қҧрылғылары  
 

Графикалық  бейнелерді  шығару  қҧрылғылары  және  олардың  негізгі 
сипаттамалары. Мониторлар.  Видеоадаптерлер. Принтерлер.  Плоттерлер.  

Графикалық  бейнелерді  енгізу    қҧрылғылары  және  олардың  негізгі 
сипаттамалары.  
 
2.1.  Графикалық  бейнелерді  шығару  қҧрылғылары,  және  олардың  негізгі 
сипаттамалары. Мониторлар.  
 Дербес  компьютердің  ең  негізгі  құрама  бӛліктерінің  бірі  монитор  мен 
бейнеадаптерден  тұратын  бейнежүйесі  болып  табылады.  Монитор  экранға  текстік  және 
графикалық  ақпаратты  компьютермен  жұмыс  істеушілер  кӛріп,  қабылдау  үшін 
қолданылады.    Қазіргі  кезде  мониторлардың  түрлері  ӛте  кӛп.  Олар  негізінен  растрлық 
және  векторлық  дисплейлер  болып  екіге  бӛлінеді.  Ал  олардың  ӛзін    экранының  түріне 
байланысты тӛмендегідей түрлерге бӛлуге болады:  

 
Электронды-сәулелік трубкалар (ЭСТ) негізінде жасалған дисплейлер

 
Сұйықкристалды дисплейлер (СК);  

 
Плазмалық дисплейлер.  
Электронды-сәулелік  трубкалар  негізінде  жасалған  мониторлардың  түрлері 
телевизорларға  ұқсас.  Қазіргі  кездегі    дербес  компьютерлерді  сұйықкристалдық  немесе 
плазмалық    технологиялармен  жасалған  «жұқа»    мониторларға  қосуға  болады.  Барлық 
ноутбуктар    сұйықкристалдық  мониторлармен  жұмыс  жасайды.  Сұйықкристалдық 
монитор  электр  зарядтарын  тигізгенде  ӛздерінің  оптикалық  қасиеттерін  ӛзгертетін, 
арасында сұйықкристалдар бар, екі әйнек пластинадан тұрады.  
Мониторлар әдетте үш параметр, яғни дюймдегі диогональ ӛлшемі, нүктені ажырату 
қабілеті  және  герцтегі  қайта  қайталау  жиілігі  бойынша  жіктеледі.  Монитордың  ажырату 
қабілеті мен қайталау жиілігі бейнеадаптердің мүмкіндігіне тәуелді. 
Графикалық  ақпараттармен  жұмыс  істегенде  кем  дегенде  17  дюймдік  мониторды 
пайдаланған  ыңғайлы.  Сонымен  бірге  монитор  ең  аз  дегенде   
  нүктені 
айырып тануы керек, егер одан жоғары болса, шығатын бейне сапасы да жоғары болады. 
Түс  тереңдігі  16  биттен  кем  болмауы  тиіс,  егер  32  бит  болса,  онда  бір  мезгілде  64  мың 
түстен 16 млн.-ға дейінгі түстерді беруге болады. Компьютермен жұмыс істеген кезде кӛз 
шаршамас үшін оның алмасу жиілігі 85 герцтен кем болмауы керек. 
Бейнеадаптерлер 
Кӛптеген  компьютерлерде  графикалық  ақпаратты  бейнелеудің  растрлық  тәсілі 
қабылданған,  яғни бейне тіктӛртбұрышты нүктелер жиыны түрінде беріледі. 
Компьютерде  графикалық  ақпаратты  жадында  сақтау  үшін  бейнеадаптер  бар.  Онда 
әрбір нүктеге жадыдан белгілі бір бит бӛлінеді. Бейнежадының кӛлемі үлкен болған сайын 

 
40 
компьютер графикалық ақпараттың мүмкіндігі мен түсін сондай кӛлемде ӛзгерте алады.  
Негізгі  бейнеадаптерлерге:  CGA  (Color  Graphics  Adapter,    320×200,  1982),  EGA  – 
(Enhanced  Graphics  Adapter,  640×350,  1984),    VGA  (Video  Graphics  Array,  800×1024) 
8514/A, (1024×768), SVGA (Super Graphics Array, 1248×600 дейін) және т.б. жатады.    
Қазіргі кезде экранда 16 млн. түсті берет VGA  және SVGA бейнеадаптерлері кеңінен 
қолданылады. 
           Барлық бейнеадаптерлердің негізгі тӛрт бӛлігі болады: 

жүйелік логикалық микросхемалар жинағы (бейнечип); 

жедел бейнежады (Video Ram); 

цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ); 

базалық енгізу-шығару жүйесі (BIOS). 
Жүйелік  логикалық  микросхемалар  жинағы  (бейнечип)  –  деректерді  жедел 
бейнежадыға жазып, іс-жүзінде экранда ақпараттың бейнеленуін басқарады. 
Цифрлық  аналогтық  түрлендіргіш  (ЦАТ)  –  жедел  бейнежадыдағы  ақпаратты  оқиды 
да,  оларды  цифрлық  түрден  аналогтық  мониторды  басқару  сигналдарына  айналдырып, 
оны мониторға жібереді. Бұл операция секундына оншақты рет орындалады, ол экранның 
ауысу жиілігі деп аталады. Қазіргі кездегі эргономикалық талаптарға сай экранның ауысу 
жиілігі  85  Герцтен  аспауы  қажет.  базалық  енгізу-шығару  жүйесі  (BIOS)  –  енгізу-
шығарудың негізгі программалар жиынтығынан тұрады, ол компьютер құрылғыларының 
арасындағы ӛзара әрекетті ұйымдастырады.  
Ӛңдейтін түстер санына байланысты бейнеадаптерлердің жұмыс істеу тәртібін 
тӛмендегідей етіп бӛлуге болады:   

 
16 түстік; 

 
256 түстік; 

 
High Со1ог (16 бит); 

 
Тгuе Со1ог (24 бит); 

 
Тгuе Со1ог (32 бит). 
Принтерлер. 
Дербес  компьютер  жадындағы  бейненің  қағаз  бетіндегі  кӛшірмесін  алу  үшін 
принтерлер  мен  плоттерлер  қолданылады.  Принтерлер  нүктелер  жиынынан  тұратын 
бейнені шығарады.  
 
 
Баспаға басу технологияларына қарап, принтерлерді мынадай түрлерге бӛлуге 
болады:  

 
матрицалық;  

 
бүріккіш (струйный);  

 
лазерлік.  
Матрицалық принтерлер. 
Матрицалық  принтерлер  (инелік  принтерлер)  соңғы  кездерге  дейін  дербес 
компьютерлер үшін баспаға басатын негізгі стандартты құрылғылар болып келді.   
 Матрицалық принтерлердің жетістіктері: 

 
баспаға басу жылдамдығы  жақсы;  

 
қазаз сапасын таңдамайтды;  

 
баспаға басу құны тӛмен.  

 
41 
Матрицалық принтерлердің 9–инелілігі және 24–инелілігі бар.  
Кемшіліктері:  матрицалық  принтер  –  механикалық  құрылғы,  сондықтан  да  оның 
жұмысы  шумен  қабаттасылады.    Баспаға  басу  сапасы  принтер  мүмкіндігіне,  яғни  бір 
дюймдегі – dpi (нүктелер санына) байланысты. Бейнелермен жұмыс істегенде матрицалық 
принтерлердің сапасы ӛте тӛмен.   
Бҥріккіш принтерлер. 
Бүріккіш принтерлердің жұмысы инелік принтерлердің жұмысына ұқсас.  
Түрлі түсті бүріккіш принтерлердің сапасы матрицалық принтерлерден жоғары, бірақ 
лазерлік  принтерлерге  қарағанды  бағалары  тӛмен.  Түрлі  түс  тӛрт  негізгі  түсті  бірінің 
үстіне  бірін  салу  арқылы  алынады.      Бұл  принтерлер  тек  сапалы,  жақсы  қағаздармен 
жұмыс  жасай  алады.    Бүріккіш  принтерлердің  графиканы  баспаға  басу  мүмкіндіктері 
300*300 ден  720*720 dpi дейін барады.   
Бүріккіш принтерлердің негізгі кемшілігіне  сиясының кеуіп қалатындығы жатады.   
Лазерлік принтерлер. 
Бүріккіш  принтерлер  мен  лазерлік    принтерлердің  баспаға  басу  сапасы    матрицалық 
және  бүріккіш  принтерлерге  қарағанда  жоғары,  бірақ  баспаға  басу  құны  жоғары.  
Сондықтан  да  жоғары  сапалы  ақ-қара  түсті  графикалық  бейнені    алу  үшін  лазерлік 
принтерді,  ал  түрлі  түсті  графикалық  бейнелерді  алу  үшін  бүріккіш  принтерлерді 
пайдаланған  жӛн.  Ақ-қара  түсті  лазерлік  принтерлерге  қарағанда  түрлі  түсті  принтерлер 
ӛте қымбат тұрады.  
 
2.2.  Графикалық  бейнелерді  енгізу    қҧрылғылары  және  олардың  негізгі 
сипаттамалары.  
 
Плоттерлер (графоқҧрушылар). 
Плоттер (графоқұрушы) – бұл диаграммаларды, басқа да бейнелерді қағазда
пластикада,фотосезімтал материалдарда  автоматты түрде құратын құрылғы. 
 
Сурет 5. Плоттер MDX-20  
 
Сканерлер. 
Сканер  бұл  енгізу  құрылғысына  жатады.    Ол  компьютер  жадына    бейнелерді, 
мәтіндерді, фотсуреттерді енгізуге мүмкіндік береді.  

 
42 
 
 
Сканерлер мынадай түрлерге бӛлінеді:  

 
қарапайым  қолдық  сканерлер    –  бұл  кішігірім,    арзан,  қарапайым 
құрылғылар.  Олар  кітап,  журнал  беттеріндегі  бейнелердің,  мәтіндердің  кӛшірмесін  алу 
үшін қолданылады.  Стандартты мүмкіндігі 300–400 dpi-ден аспайды.  

 
барабанды сканерлерде  кӛшірмесін алатын бейне үлгісі айналмалы барабанда 
орналасады.  Олар кӛбінесе баспахана жұмыстарында қолданылады.  

 
парақты сканерлерде   кӛшірмесін алатын бейне үлгісі  А4 форматты сызғыш 
бойында орналасады.   

 
планшеттік  сканерлер  бейне  үлгілерінің  кӛшірмесін  автоматты  тәртіпте 
орындайды. Планшеттік сканерлердің айыру мүмкіндігі 1200 dpi-ге дейін барады.  
 
Сканер  компьютерге  тізбектелген  порт  арқылы  жалғанса,  онда  сканерден 
ақпарат алу ӛте жәй, ал USB интерфейсі арқылы қосылса, онда ақпарат алу жылдамырақ 
болады.  
 
Бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Графикалық бейнелерді шығаруға арналған қандай құрылғыларды білесіздер? 
2.
 
Дисплей  буфері дегеніміз не? 
3.
 
Экран түріне байланысты мониторлар қандай түрлерге бӛлінеді? 
4.
 
Бейнеадаптер дегеніміз не? 
5.
 
Бейнеадаптерлердің қандай түрлерін білесіздер? 
6.
 
Баспаға басу технологиясы бойынша принтерлерді қандай түрлерге бӛлуге 
болады? 
7.
 
Бүріккіш принтерлер қалай жұмыс істейді? 
8.
 
Лазерлік принтерлерге сипаттама беріңіз. 
9.
 
Плоттер дегеніміз не? 
10.
 
Сканерлер қандай түрлерге бӛлінеді? 
 
  
3-ші лекция.  Графикалық мәліметтер туралы тҥсінік 
   

 Графикалық ақпараттарды сақтау форматтары. 
 
Компьютерлік графикада бейнелерді сақтау үшін отызға жуық  файл форматтары бар. 
Бірақ олардың кейбіреулері ғана барлық программаларда жұмыс істей алады. Векторлық, 
растрлық және үшӛлшемді бейнелердің форматтары бір-біріне сәйкес келмейді. Кӛптеген 
графикалық  редакторларда  ақпаратты  тез  ашып  және  кодталған  бейнелерді  тез  қалпына 
келтірукерек,  сондықтан  да  оларды  жадыға  жазғанда  ӛз  форматын  қолданып  сақтаған 
тиімді. Егер бейнелерді құру барысында бірнеше программалар қолданылған болса немесе 
бейнені  электрондық  пошта  арқылы  басқа  адамға  жіберетін  болсаңыз,  онда  барлық 
программаларда жұмыс істей алатын форматтарды қолданған жӛн. 

 
43 
Форматтар  қандай  мақсатқа    арналып  жасалғандығына  байланысты,  әр  формат 
графикалық ақпаратты әртүрлі етіп сақтайды.  
Компьютерде  графикалық  ақпаратты  векторлық  және  растрлық  түрде  беруге 
болатыны белгілі, сондықтан файлдар форматы да сәйкес векторлық және растрлық болып 
бӛлінеді.  
Растрлық файлдар форматында: 

бейне ӛлщемі  –  горизонталь және вертикаль ӛлшемдері бойынша бейненүктелердің 
саны. 

биттік тереңдік – бір бейненүктенің түсін сақтау үшін қолданылатын биттер саны. 

бейнені сипаттайтын деректер және қосымша ақпараттар сақталады. 
 Растрлық  графика  бейнелерінің  кӛлемі  ұлкен  болғандықтан,  растрлық  файлдар 
форматында қысу алгоритмі қолданылады. Қысу алгоритмдері екі түрлі болады: 

файлдарды архиватор-программалардың кӛмегімен қысу; 

файл форматына енгізілген қысу алгоритмінің кӛмегімен қысу.  
Бірінші жағдайда арнайы архиватор-программалар бастапқы файлды қысу алгоритмін 
қолдана отырып, жаңа файл құрады. Бірақ осылайша қысылған файлды қайтадан бастапқы 
қалпына келтірмейінше ешқандай программа оны ӛздігінен аша алмайды.  
Бейнелерді мәтіндер сияқты әртүрлі типтеріне байланысты ӛзіндік қысу алгоритмдері 
бар.  
3.1. Графикалық ақпараттарды сақтау форматтары. 
TIFF  (Tagged  Image  File  Format,  файл  атының  кеңейтілуі  .TIF)  жоғары  сапалы 
растрлық  бейнелерді  сақтауға  арналған  кең  таралған  формат.  Бұл  формат  барлық 
программаларда  жұмыс  істей  алады.  Ол  ақ-қара  түстен  RGB    және  CMYK  моделдеріне 
дейін барлық түстерді қамтиды.  
PSD  (PhotoShop  Document,  файл  атының  кеңейтілуі  .PSD).  Растрлық  графикалық 
файлдарды  сақтайтын,  Adobe  Photoshop  графикалық  редакторында  пайдаланылатын 
формат. Бұл формат қабаттар параметрлерін, арналарды,тұнықтық  кӛрсеткіщін және кӛп 
қабаттарды  сақтау  үшін  қолданылады.  Бұл  форматта  ақпаратты  қысу  алгоритмі  жоқ 
болғандықтан, файлдың кӛлемі үлкен болып келеді. Бұл форматтың кемшілігі осыда деп 
айтуға болады.   
PCX (PC PaintBrush File Format, файл атының кеңейтілуі .PCX) форматын  PaintBrush 
PC  программасы  үшін  Z–Soft  жасаған.  Бұл  форматтағы  файлдарды  барлық  графикалық 
редакторлар  аша  да  және  импорттай  да  алады.  Форматта  RLE  қысу  алгоитмі 
қолданылады.  Бейненің  түстік  бӛлінуін  сақтамауы,  түстік  моделдің  аздығы  және  басқа 
шектеулер  бұл  форматтың  қазіргі  таңда  ескірген  форматтар  қатарына  енуіне  септігін 
тигізді.  
JPEG  (Joint  Photographic  Experts  Group  файл  атының  кеңейтілуі  .JPG)  растрлық 
бейнелерді  сақтауға  арналған  формат.  Нақты  мәндердің  орнына  JPEGнүктеден  нүктеге 
ауысу  жылдамдығын  сақтайды.  Ол  кейбір  мәндерді  ортақтастырып  артық  түстік 
ақпаратты  лақтырып  тастайды.  Қысу  деңгей  жоғарылаған  сайын,  кӛптеген  деректер 
лақтырылып  тасталынады  да,  бейненің  сапасы  тӛмендейді.  Осы  форматты  қолдану 
барысында BMP форматындағы файлды 10-500 есе аз етіп қысуға болады. Мұндағы қысу 
әдісі  ақпараттарды  жоюға  негізделген,  сондықтан  бұл  формат  ты  электрондық 
басылымдарға  қолданған  жӛн.  Бұл  форматта  әрбір  нүктенің  түсі  24  биттен  тұрады. 
Сондықтан 16 млн. түсті сақтау мүмкіндігі бар.    
Егер,  8-биттік  GIF  форматындағы  бейнені  24-биттік  JPEG  форматына  ауыстырып, 
бейнені  қайтадан  GIF  форматында  қарайтын  болсақ,  онда  бейне  сапасын  екі  рет,  екі 
түрлендіруде де  жоғалтады.   
GIF  (Graphics  Interchange  Format,  файл  атының  кеңейтілуі  .GIF)    форматын  1987 
жылы CompuServe фирмасы желімен растрлық бейнелерді тарату үшін ойлап тапқан. Бұл 
форматты қысу жоғары сапалы, Web-беттерінен бейнелерді жылдам жүктейді. Бұл формат 
LSW қысу алгоритмін пайдаланады.  

 
44 
GIF  форматы  бір  немесе  біренше  суреттерден  тұруы  мүмкін,  программа  файлда 
кӛрсетілген жиілікпен бейненің бірінен кейін бірін жүктейді. Осылай  қозғалысты да алуға 
болады.  Бұл  формат  интернет  желісінде  электрондық  басылымдарды  құру  кезінде 
пайдаланылады.  
PNG (Portable Network Graphics, файл атының кеңейтілуі .PNG) форматы 1995 жылы 
GIF  және  JPEG  форматтарын  ауыстыру  үшін  жасалған,  сонымен  бірге  бейнелерді 
Интернетке  орналастыруға  мүмкіндік  беретін  жаңа  формат.  Ақпаратты  сапасын 
жоғалтпай қысуға мүмкіндік береді.    
WMF  (Windows  MetaFile,  файл  атының  кеңейтілуі  .WMF)  форматы  Windows 
операциялық  жүйесінің  векторлық  форматы.  Онда  барлық  векторлық  бейнелер 
программадан  программаға  ауыстыру  буфері  арқылы    тасымалданған  кезде  сығылады. 
Бұл  форматтағы  бейнелерді  Windows-тың  барлық  офистік  қосымшаларына  экспорт 
жасауға болады.  
EPS (Encapsulated PostScript, файл атының кеңейтілуі .EPS) форматы PostScript тілінде 
векторлық  және  растрлық  бейнелерді  сипаттау  үшін  қолданылады.  Графикамен  жұмыс 
істейтін  барлық  программалар  бұл  форматтағы  файлдарды  оқи  және  сақтай  алады.    EPS  
форматы  растрлық  бейнелермен  шектелген  векторлық  контурды    да  сақтай  алады. 
Фотосуретті  кез  келген  формада,  эллипс  түрінде  алуға  болады.  Ол  үшін  EPS  форматы 
экранда  векторлық  графиканы  шығару  үшін  WMF  форматын,  ал  растрлық  графиканы 
шығару  үшін  TIFF  форматын  пайдаланады.  Бірақ  экранда  шыққан  бейне  кӛшірмесінің 
сапасы тӛмен болады.  
PDF  (Portable  Document  Format,  файл  атының  кеңейтілуі  .PDF)  форматын    Adobe 
фирмасы ұсынған. Онда векторлық және растрлық бейнелер, әріптер жиынынан тұратын 
мәтін,  гипермәтіндік  сілтеме  сақталады.  Бұл  форматпен  жұмыс  істеу  үшін  Adobe  
фирмасы  Acrobat  пакетін  шығарды.  Acrobat  Reader    тегін  қосымша  программа  құжатты 
оқуға,  баспаға  шығаруға  мүмкіндік  береді.  Кӛптеген  графикалық  редакторлар  (Adobe 
PageMaker, CorelDraw,  FreeHand) ӛз құжаттарын PDF–қа  экспорттауға мүмкіндік береді. 
Мысалы, CorelDraw-да CDR,  Adobe Photoshop-та PSD,  стандартты Paint программасында 
BMP.  
BMP  (Windows  Device  Independent  Bitmap,  файл  атының кеңейтілуі    .ВМР)  форматы 
Windows операциялық жүйесінің жекеменшік форматына жатады. Ол осы ортада жұмыс 
істейтін бардық графикалық редакторларда  қолданылады.  CDR (CorelDRAW Document, 
файл  атының  кеңейтілуі    .CDR)  форматының    басқа  форматтармен  қатар  жұмыс  істеу 
мүмкіндігі тӛмен, дегенмен CorelDRAW редакторында кеңінен қолданылып келеді.  
Бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Сәйкес келмейтін форматтар дегеніміз ен? 
2.
 
Ӛзіндік «арнайы» формат дегенді ұалай түсінуге болады? 
3.
 
TIFF форматы не үшін қолданылады? 
4.
 
PSD форматының түстік қамту диапазоны қандай? 
5.
 
JPEG форматын қандай компания шығарған? 
6.
 
JPEG форматын қандай қандай сығу алгоритмі қолданылады? 
7.
 
Сығылу мүмкіндігінің жоғарылығына байланысты қандай формат Интернетте 
кеңінен таралып отыр? 
8.
 
PDF форматы не үшін қолданылады? 
 
4-ші лекция. Компьютерлік графикадағы тҥс моделдері 
 

Тҥс тҥсінігі және оның сипаттамалары.    

Аддитивтік тҥстер жҥйесі.  

Субтрактифтік тҥстер жҥйесі. 

HSB - тҥстік моделіLab - ҥш арналы тҥстік моделі.   

Грассман заңдары (тҥстерді араластыру заңдылықтары).  

 
45 
 
4.1. Тҥс тҥсінігі және оның сипаттамалары.  
Түс  – дегеніміз физиология жағынан да, физикалық  табиғаты жағынан да ӛте күрделі 
дүние.    Кез  келген  объект  оған  түскен  жарықтың  шағылысуынан  белгілі  бір  түске 
боялғандай  болып  қабылданады.  Ақ  түсте  барлық  түстер  шағылысады,  ал  қара  түсте 
керісінше жұтылады. Табиғатта түскен жарықтың 100 пайызын шағылыстыратын ақ және 
қара түс жоқ, нағыз қара түс түскен жарықтың 99,8 пайызын жұтады. Нағыз ақ түс күкірт 
қышқылында,  ол  жарықтың  99,4  пайызын  шағылыстырады.  Басқа  сӛзбен  айтқанда,  зат 
түсі  заттың ӛзіне ғана байланысты емес, сонымен бірге оған түсетін жарық кӛзіне де, оны 
кӛретін  адам  көзіне  де  байланысты.    Кейбір  заттар  (тақта,  қағаз)  жарықты 
шағылыстырады, ал кейбір заттар (шыны, су) жарықты ӛткізіп жібереді. Ақ, қара және сұр 
түстер ахроматиялық түстер деп аталады.  Ал басқа түстер хроматиялық деп аталады.  
Бізді қоршаған табиғатта барлық түстердің негізін қызыл, жасыл, кӛк түстер құрайды. 
Оларды  негізгі  түстер  деп  атайды.  Бұл  түстерді  екі-екіден  біріктіргенде  кӛгілдір,  ал 
қызыл,  сары  түстер  алынады.  Түс  пен  бояу  деген  екі  түрлі  мағынаны  білдіреді,  бояу  – 
фильтр  сияқты  жарық  сәулесін  ӛткізеді  және  шағылыстырады.  Соның  нәтижесінде  жаңа 
түс  алынады.  Барлық  уақытта  компьютердегі  түстер  табиғи  түстермен  сәйкес  келмейді. 
Түс  монитор  экранында,  қағаз  беттерінде,  табиғатта  әр  түрлі  болады.  Әр  түрлі  түстік  
ортада бір мәнді түстерді анықтау үшін түстік модельдер қолданылады.  
Түстік модельдер  - компьютер экраны мен принтерде бейне түсін шынайы алу үшін 
қажет. Оларды компьютерлік графикада тиімді пайдалану үшін:  

әр түстік модельдің ерекшеліктерін түсіне білу керек; 

түстік модельді қолдана отырып, қажетті түсті анықтай алу қажет; 

әртүрлі графикалық программаларда түсті кодтау мәселесін түсіну керек; 

монитор  экранындағы  бейне  реңдерін  баспаға  басқанда  шынайы  етіп  шығару 
қиындығын білу керек. 
Жоғарыда  айтып  кеткендей,  заттар  жарықты  шағылыстырады  немесе  жұтады  соның 
нәтижесінде біз оларды кӛреміз. Түс адамның кӛзіне таралу әрекетін жасайды. Осылайша 
жарық сәулелері кӛздің ішкі тор қабатына түседі де, адам түсті сезеді. 
Шашыраған жарық – бұл Күннен, лампадан, монитор экранынан шыққан жарық. 
Шағылысқан жарық – бұл зат бетінен кейін қайтқан жарық. Біз оны  жарық кӛзі емес 
қандай да бір затқа қарағанда кӛреміз.  
Жарық  кӛзінен  тікелей  кӛзге  келетін  шашыраған  жарықта  барлық  түстер  сақталады. 
Бірақ бұл жарық заттан шағылысқанда ӛзгеруі мүмкін. (1-сурет). 
 
Шағылысқан жарық
Жарықтың жұтылуы
Шашыраған жарық
 
1-сурет. Жарықтың шашырауы, шағылысуы және жұтылуы. 
 
Күн  сияқты  немесе  басқа  жарық  түсіргіш  кӛздерден  монитор  жарықты  таратады. 
Бейне басылатын қағаз жарықты  шағылыстырады, Шашырату және шағылысу процесінде 
түс  алынады,  сондықтан  түстерді  сипаттаудың:  аддитивтік  (add  -  біріктіру)  және 
субтрактивтиктік түстер жүйесі деп аталатын екі қарама-қарсы әдісі бар.  

 
46 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет