Алматы экономика және статистика академиясы



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата09.03.2017
өлшемі5,55 Mb.
#8690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Бақылау сҧрақтары: 
       1. Фрактал түсінігі. 
       2.  В  каком  году  возникли  первые  идеи  фрактальдық  геометрия  түсінігі  қай 
жылдары пайда болды? 
       3. Пеано қисығын құру алгоритмін түсіндіріңіз. 
       4. Фракталдардың негізгі қасиеті неде? 
       6. Геометриалық фрактал дегеніміз не? 
       7. Алгебралық фракталдың қандай ерекшеліктері бар?  
 
6 - ші лекция. Растрлық графика 
 

Растрлық  графика  туралы  жалпы  тҥсініктер.  Бейнелерді  растрлық  ӛрнектеу.   
Растр тҥрлері. 

Растрлық бейнелердің жадыдан алатын орындарына әсер ететін факторлар. 

Растрлық графиканың жетістіктері мен кемшіліктері.  

Растрлық графиканың геометриялық сипаттамалары.  

Растрлық бейненің тҥстер саны. Растрлық графикамен мҧмыс істеуге арналған 

 
56 
графикалық редакторлар. 
 
Растрлық  графика  туралы  жалпы  тҥсініктер.  Компьютерлік  растр  бейнесі  әрбір 
ұяшығы түрлі түсті нүктеден тұратын,  тік тӛртбұрышты матрица түрінде болады.  
Растрлық  графиканың  негізгі  элементі,  түсі  белгілі  пиксель  (нүкте).  Мысалы:  ақ 
фондағы қызыл эллипсті сипаттау үшін эллипспен фонның әрбір нүктесінің түсін кӛрсету 
керек. Бейнелер кӛп деген нүктелер жиынынан тұрады, олардың саны кӛп болған сайын, 
бейне  сапасы  арта  түседі  және  файл  кӛлемі  ұлғая  береді.  Яғни  бір  суреттің  сапасы 
нүктелер санына байланысты жақсы немесе нашар болуы мүмкін. Ол үшін мүмкіндік деп 
аталатын ұғым қарастырылады. 
Мүмкіндік  -  бұл  бейнені  құрайтын  нүктелердің  орналасу  тығыздығы.  Мүмкіндік 
дюймдегі  нүктелер  санымен  -    dpi  -  мен  ӛлшенеді.  Мысалы:  бейненің  компьютердегі 
мүмкіндігі  90  dpi  болса,  онда  әрбір  дюймде  90    пиксель  орналасады  деген  сӛз  (1  дюйм 
=2,54 см ). 
Бейнені  монитор  экранына  шығару  үшін  72  dpi  -  ден  бастап  120  dpi  -  ге  дейінгі 
мүмкіндік қолданылады. Ал баспаға шығару үшін 300 dpi мүмкіндік қолданылады. Қазіргі 
кездегі принтрлер мүмкіндігі 1440 dpi бейнелерді баспаға шығара алады. 
Растрлық  бейнелер  әрбір  торы  әртүрлі  түстермен  боялған  торлы  қағаз  беті  сияқты. 
Растрлық  графиканы  редакциялағанда, біз пиксельдерді  ӛзгертеміз. Растрлық  графикада 
бейне  сапасы  түс  және  рең  сандарына  да  байланысты.  Бейнеде  түстер  саны  кӛп  болған 
сайын,  оларды  сипаттайтын  разрядтар  саны  да  арта  түседі.  Қызыл  түстің  нӛмірі  001 
болуы, немесе 00000001 болуы да мүмкін. Яғни бейне сапалы болған сайын, файл кӛлемі 
де үлкейе береді. 
Растрлық  графика  майда  бӛлшектері  мен  кӛп  түс  реңдері  бар  фотосуреттерді 
бейнелеуде    қолданылады.  Ӛкінішке  орай  суреттердің  масштабын  ӛзгерту  кезінде  сурет 
сапасы тӛмендейді. Суреттерді кішірейткенде майда қажетті бӛліктері жойылып кетеді, ал 
үлкейткенде  қосымша  пиксельдер  қоссақ,  бейненің  анықтылығы  мен  жарықтылығы 
жойылады.  Себебі,  жаңа  пиксельдерге  қасындағы  пиксельдер  сияқты  түс  тағайындау 
керек.  
Кӛбінесе  растрлық  бейнелерді  сканер  кӛмегімен  алынған  фотосуреттер  немесе 
цифрлық  фотокамерадан  алынған  және  кадрлар  арқылы,  немесе  басқа  растрлық  және 
векторлық редактордан алынған бейнелерді түрлендіру арқылы алуға болады. 
Растрлық  бейненің  кӛп  тараған  форматтарына:    .tif,  .gif,  .jpg,  .png,  .bmp,  .pcx  
форматтары жатады.   
Бейнені  растрлық  ӛрнектеу.    Цифрлық  бейне  -  бұл  пиксельдер  жиыны.  Растрлық 
бейненің  әрбір  пикселі  Х  және  У  координаталарымен  және    V(x,y)  ашықтығымен    (ақ  - 
қара  бейнелер  үшін  )  ӛрнектеледі.    Түрлі  түсті  бейнелерде  әрбір  пиксель  Х  және  У 
координаталарымен  және  қызыл,  кӛк,  жасыл  түстер  жиынтығымен    (V
R
,  V
B
,  V
G

сипатталады.  Алдынғы  лекцияда  осы  түстерді  орналастыру  арқылы  кӛптеген  түстер  мен 
реңдер алуға болатынын қарастырған болатынбыз.  Растрлық бейненің әрбір пиксель түсі 
биттермен ӛрнектеледі. Биттер саны кӛп болған сайын, түс реңдері де кӛп болады.  
Ашықтылыққа 1 байттан беріледі (256 - түс ), мұндағы 0 – қара түс, ал 255 – ақ түс. 
Түрлі түсті бейнелеуді ӛрнектеу үшін үш негізгі түс жарықтылығы  беріледі . 24 битпен 
сипатталатын түс, 16 млн. түстер реңдерін береді.                          
 Растр тҥрлері.  Растр – дегеніміз бұл нүктелердің орналасу тәртібі. 2 - ші суретте 
элементтері квадрат болып келген растр кӛрсетілген. Бұндай растрларды 
тіктөртбұрышты растр деп атайды. Тіктӛртбұрышты растрлар күнделікті ӛмірде  жиі 
қолданылады.  

 
57 
0
R ( x , y )   -  
о т  R E D
G ( x , y )   -  
о т  G R E E N
B ( x , y )   -  
о т  B L U E
V ( x , y )   -  
я р к о с т ь  т о ч к и
x
y
 
1-сурет. Элементтері квадрат болып келген растр.  
 
Растрлық  элемент  ретінде  басқа  формалы  фигураларды  да  қолдануға  болады 
(үшбұрыш,  алтыбұрыш).  Бірақ  міндетті  түрде  үшбұрыш  тең  қабырғалы,  алтыбұрыш 
дұрыс (гексаэдра ) болуы тиіс (3-4 суреттер). 
Тіктӛртбұрышты растрда сызық сызу екі тәсілмен орындалады:  
1) Нәтиже - сегіз байланыс сызығынан тұрады. Сызықтың кӛршілес пикселдері осы 
сегіз орынның бірінде орналасады. Кемшілігі:  - 45  бұрышпен сызғанда ӛте жіңішке 
сызық шығады (5а-сурет). 
2)  Нәтиже  -  тӛрт  байланыс  сызығынан  тұрады  (5б-сурет).  Сызықтың  кӛршілес 
пиксельдері  осы  тӛрт  орынның  бірінде  орналасады.  Кемшілігі:  ӛте  жуан  сызықпен  
сызылады. 
n
m
 
2-сурет. Үшбұрышты растр. 
n
m
 
4-сурет.  «Гексагональды растр» 
 
 
 

 
58 
a
б
 
 
5-сурет. Тіктӛртбұрышты растрде сызық сызу. 
 
Алтыбұрыштық    гексагональнық    растрде  сызықтар  алты  байланыста  болады  (6-
сурет). 
 
 
6-сурет. Гексагональдық растрде сызық сызу. 
 
 Гексагональдық растрдің сапасы жоғары екендігі эксперименттік жұмыстар арқылы 
және математика негізінде дәлелденген. 
 
Растрлық бейнелердің жадыдан алатын орындарына әсер ететін факторлар. 
Растрлық графика файлдары компьютер жадында кӛп орын алады. Растрлық бейнелердің 
кӛлеміне әсер ететін үш белгі бар: 

бейне ӛлшемі; 

түстің биттік тереңдігі; 

бейнені сақтау үшін қолданылатын файл форматы;       
Растрлық бейнемен файл ӛлшемі арасында тікелей байланыс бар. Бейнеде пиксельдер 
саны кӛп болған сайын, файл ӛлшемі  ұлғая береді. 
Биттік тереңдік пен файл ӛлшемі арасында да байланыс бар. Растрлық графиканың 
файлдарының кӛлемі бейнені сақтау үшін таңдалынған файл форматына да тікелей 
байланысты. 
Мысалы,  BMP кеңейтілуі бар файлдың ӛлшемі  PCX және GIF кеңейтілуі бар 
файлдарға қарағанда үлкен болады. Ал, PCX пен GIF кеңейтілуі бар файлдардың ӛлшемі  
JPEG  кеңейтілуі бар файлдың ӛлшемінен   алда қайда үлкен болып келеді.  
 
Растрлық  графиканың  жетістіктері.   Растрлық  кескінді  түзетуге,  әдемілей  түсуге, 
яғни  оның  кез-келген  бӛлігін  ӛзгертуге  болады;  нүктелерді  қажет  болмаса  ішінара  алып 
тастауға  немесе  қоюлатуға,  сондай-ақ  кескіннің  әр  нүктесін  ақ-қара  немесе  басқа  кез 
келген түске ӛзгертуге болады.  

 
59 
Растрлық  графиканың кемшіліктері. 
Растрлық бейне ӛлшемінің масштабын 
ӛзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу 
немесе сығу) бейне сапасы тӛмендейді. Мысалы, 
бейнені үлкейткенде, оның кӛрінісі дӛрекіленіп 
кетсе, кішірейткенде –бейне сапасы ӛте нашарлап 
кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).  
    Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – 
файлдар  ӛлшемдерінің  ӛте  үлкендігінде  (түстері 
неғұрлым кӛп және сапасы жоғары болған сайын, 
олар соғұрлым үлкен болады).  
Бірақ  бұл  кемшіліктеріне  қарамастан,  қазіргі 
техникада  растр  ӛте  жоғары  сапалы  кескін  алуға 
мүмкіндік  береді.  Сондықтан  растрлық  кескіндер 
кӛркем графикада кеңінен қолданылады.  
     
Растрлық 
графиканың 
геометриялық 
сипаттамалары.  Нүктелерден  тұратын  растрлық 
бейнелер үшін мүмкіндік деген түсінік бар екенін 
жоғарыда айтып кеткенбіз. 
Мүмкіндік  -  бұл  бейне  құрастыратын  пиксельдердің  орналасу  тығыздығы,  яғни 
берілген  бӛліктегі  пиксельдер  саны.  Растрлық  графикада  мүмкіндік  үш  бағытта 
қарастырылады: 

үлгі мүмкіндігі; 

экранда бейнелеу мүмкіндігі; 

баспаға басу мүмкіндігі;   
Үлгі  мүмкіндігі.  Үлгі  мүмкіндігі  бір  дюймдегі  нүктелермен  ӛлшенеді  және  бейне 
сапасына  қойылатын  талаптар  мен  файл  ӛлшеміне,  цифрлау  тәсіліне  т.б.  параметрлерге 
тәуелді  болады.  Бұдан  мынадай  ереже  туады:  бейне  сапасына  талап  ӛскен  сайын,  үлгі 
мүмкіндігі де жоғары болуы тиіс. 
Экранда бейнелеу мүмкіндігі. Бейненің кӛшірмесін экранда алу үшін, пиксельдер саны 
экран мүмкіндігіне байланысты ӛзгеріп отырады. 
 20–21  дюйм  диагональды  мониторлар  бенелерді  ӛңдеу  үшін    640х480,  800х600, 
1024х768,1280х1024,1600х1200,1600х1280,  1920х1200,  1920х1600  стандартты  экранның 
бейнелеу  мүмкіндігін  қамтамассыз  етеді.  Сапалы  мониторларда  кӛршілес  екі  нүктенің 
арақашықтығы 0,22–0,25 мм. 
Баспаға  басу  мүмкіндігі  және  линиатура  түсінігі.  Растрлық  нүктенің  монитор 
экранындағы  да,  қағаздағы  да  кӛшірмелеріндегі  ӛлшемі  қолданылған  әдіс  пен  үлгіні 
растрлеу  параметрлеріне  байланысты.  Растрлеу  кезінде  бейне  үлгісі  үстіне  ұяшықтары  
растр  элементтерін  құрайтын  сызықты  тор  жауып  қойған  сияқты  болады.  Тор 
сызықтарының  жиілігі  бір  дюймге  келетін  сызықтар  сонымен    (lines  per  inch  –  Ipi) 
анықталады да оны  линиатура деп атайды
Сонымен  растрдың  пиксель  формасы  графикалық  шығару  құрылғыларының 
ерекшеліктеріне  байланысты  (7-сурет).  Мысалы,  пиксельдер  формасы  тіктӛртбұрышты, 
квадрат  немесе  дӛңгелек  (  сұйық  кристалл  негізінде  жасалған  дисплейлер  үшін)  болуы 
мүмкін.  
 
 

 
60 
 
7- сурет.  Бір бейнені бірнеше растрлерде кӛрсету мысалы. 
 
Бейне кӛшірмесін принтерден немесе баспахана құралдарынан шығарғанда, құрылғы 
мүмкіндіктері  мен баспаға басылатын бейнелер параметрлерінің арасындағы  ең жоғарғы 
линиатураны  қабылдайды.  Лазерлік  принтерлер  үшін  65–100  dpi,    ал  газет  шығаратын 
баспаханаларда 65–85 dpi, жарнама жұмыстары үшін  133–300 dpi линиатураны қолданған 
тиімді. 
 
Растрлық  бейненің  тҥстерінің  саны.  Түстер  саны  (түс  тұңғиықтығы  )  –  растрдың 
тағы бір маңызды сипаттамасы. Түстер  саны тек қана растрлық бейне үшін ғана емес, кез 
келген бейнелер үшін де маңызды сипаттама болп табылады.  
Бейнелерді тӛмендегідей кластарға бӛлуге болады: 
1.Екі түсті (бинарлық ) – 1 пиксельге 1 бит. Екі түстілердің ішінде жиі кездесетіні ал - 
қара түсті бейне. 
2.Жартылайқанықтылық  –  күлгін  немесе  басқа  бір  түстің  бірте  -  бірте  басымдалуы. 
мысалы, 256 түрі бар (1пиксельге 1 байт ). 
3.Түрлі түсті бейне. бір пиксельге 2 бит және одан да жоғары. Бір пиксельге 16 бит (65 
536 түстер ) берілетін түстер қанықтылығын  High Со1оr атайды. Ал бір пиксельге  24 бит  
(16,7  млн  түс  )  берілген  түстер  қанықтылығын  –  True  Со1оr  деп  атайды.  Компьютерлік 
графикалық жүйелерде одан да жоғары бір пиксельге  32, 48 бит келетін түс қанықтылығы 
қолданылады. 
 
Растрлық  графикамен  жҧмыс  істеуге  арналған  редакторлар.  Компьютерде 
тікелей  сурет  салуға  арналған  Раіnter  және  Fauve  Matisse  сияқты  бірқатар  графикалық 
редакторлар бар. Олар сурет салуға арналған қолайлы құралдардан тұрады. Ең қарапайым 
графикалық  редакторға  -  Windows  операциялық  жүйесінің  Paint    графикалық  редакторы 
жатады. 
Paint  -  растрлық  графикалық  редакторы  қарапайым  графикалық  кескіндерді  қарауға 
және  оларды  басқа  программаларға  енгізуге  негізделген.  Ол  мәтіндік  құжаттарға 
диаграммалар,  графиктер,  схемалар  сияқты  қарапайым  иллюстрацияларды  енгізу  үшін 
қолданылады. 
Adobe  Photoshop,  Photostyler,  Picture  Publisher  графикалық  редакторлары  суреттерді 
ӛңдеуге  арналған.  Растрлық  графикалық  редакторлардың  басқа  топтары  суретті  басынан 
бастап  салуға  емес,  суреттердің  сапасын  жақсарту  және  шығармашылық  идеяларды  іске 
асыру  мақсатында  дайын  суреттерді  ӛңдеуге  арналған.  Ондай  программаларға  және  т.б. 
жатады. 
Компьютерде  ӛңдеуге  арналған  бастапқы  ақпарат  әртүрлі  жолмен  түрлі  -  түсті 
иллюстрацияны  сканерлеу  арқылы,  басқа  редакторда  жасалған  суретті  жүктеу  арқылы 
немесе суреттерді цифрлық фото - немесе бейнекамералар арқылы енгізіледі. 
ASDSee  редакторы  суреттерді  каталогқа  енгізуге  арналған  құралдар.  Олар  әр  түрлі 
форматтағы графикалық файлдарды қарауға, яғни қатты дискіде ыңғайлы альбомдар құра 
отырып, файлдардың орынын ауыстыруға, атын ӛзгертуге, суреттерге түсініктеме беруге 
мүмкіндік береді.   
Ms  offise  Picture  Manager    редакторы  Windows    операциялық  жүйесі  ішінде  
орналасқан. Бұл бағдарлама бейнелер мен факстерді қарауға арналған.   
 

 
61 
Бақылау сҧрақтары: 
1.Растрлық графика деп қандай графиканы айтамыз? 
2.Бейнелерді қалай растрлық ӛрнектеутеуге болады? 
3.Растрдың қандай түрлері бар? 
4.Растрлық бейнелердің жадыдан алатын орындарына  қандай факторлар әсер 
етеді? 
5.Растрлық графиканың қандай жетістіктері мен кемшіліктері бар?  
6.Растрлық графиканың геометриялық сипаттамаларын атаңыз.  
7.Растрлық бейненің түстер саны дегеніміз не? 
8.Растрлық  графикамен  мұмыс  істеуге  арналған  қандай  графикалық  редакторлар 
бар? 
 
 
7 - ші лекция. Векторлық графика 
 

Векторлық    графика  туралы  жалпы  тҥсініктер.  Векторлық  графика 
элементтері мен объектілері жјне олардың атрибуттары.  

Векторлық графикадағы тҧс ҧғымы. Векторлық бейнелердің қҧрылымы.  

Интернеттегі векторлық графика. Интернетпен жҧмыс 
  істегенде    редакцияланатын екі ӛлшемді графика.  

Векторлық графикамен жҧмыс істеуге арналєан графикалық  
  редакторлар
 
Векторлық    графика  туралы  жалпы  тҥсініктер.  Векторлық  графика  бейнелерді 
векторлар деп аталатын түзу жјне иілген сызықтар кӛмегімен құрады. Мысалы, (1-сурет) 
аєаш жапырағының бейнесі нүктелермен, оларды басып ӛтетін түзулермен сипатталатып, 
нәтижеде жапырақ шығады.  
 
 
1-сурет. Векторлыќ графика мысалы. 
 
Растрлық    графикадан  векторлық  графиканың  айырмашылығы,  мұнда  бейнелер 
математикалық  объектілерді,  шеңберлер  мен  сызықтарды  математикалық  формула 
арқылы алады.  
Векторлық графика объект  құру  үшін компьютерлік командалар мен математикалық 
формулаларды  қолданады.  Бұл  тәсіл  шынайы  нүктелерді  компьютердің  құрылғыларына 
алдын - ала есептеп, қажетті жерге орналастыруға мүмкіндік береді.  
   Векторлық  графиканы  кӛбінесе  объектіге  бейімделген  графика  немесе  сызбалық 
графика деп атайды. Қарапайым объектілер: дӛңгелек, сызық, сфера, куб және т.б. күрделі 
объектілерді  салу  үшін  қолданылады.  Векторлық  графикада  объектілер  қарапайым 
объектілердің комбинацияларынан тұрады. 
Векторлық  графика  элементтерін  редакциялағанда  элементтердің  формасын 
сипаттайтын түзу мен иілген сызықтар ӛзгереді. Элементтерді бір орыннан екінші орынға 
жылжытуға,  олардың  ӛлшемін,  түсін,  формасын  ӛзгертуге  болады.  Бұндай  операциялар 
объектінің  сапасына,  сыртқы  түріне  әсер  етпейді.  Векторлық  графика  шығару 

 
62 
құрылғыларыныѕ  мүмкіндіктеріне  тәуелді  емес,  яғни  әртїрлі  мүмкіндікті  шығару 
құрылғыларында векторлық бейнелердің сапасын тӛмендетпей кӛрсетуге болады. 
 
Векторлық  графика  элементтері  мен  объектілері  және  олардың  атрибуттары. 
Векторлық  графиканың  негізгі  логикалық  элементі  геометриялық  объект.  Векторлық 
графиканың  ең  маңызды  объектісіне  сплайн  жатады.  Сплайн  –  дегеніміз,  геометриялық 
фигураны сипаттайтын қисық. Қазіргі кездегі  TryeType және  PostScript шрифтері сплайн 
кӛмегімен құрылған.  
Векторлық  графика  объектілері  бейне  сапасын  бұзбай  оңай  түрлендіріледі  және 
тасымалданады. 
Векторлық графиканың элементарлық объектісі - сызық. Кез - келген объект сияқты, 
сызықтың  да  қасиеттері  бар:  формасы,  қалыңдығы,  түсі,  сызылу  түрі  (жабық,  тіке, 
пунктир).  Тұйықталған  сызықтар  толтырылатын  қасиет  алады.  Сызықтар  қоршаған 
кеңістік басқа объектілермен (текстура, карта) немесе басқа түспен толтырылуы мүмкін. 
Қарапайым  тұйықталмаған  сызық  түйін  деп  аталатын  екі  нүктемен  шектеледі. 
Түйіндердің параметрлері сызықтың формасына әсер ететін қасиеттері бар. 
  
Векторлық  графикадағы  тҥс  ҧғымы.  Әртүрлі  векторлық  форматтардың  түстік 
мүмкіндіктері  әртүрлі.  Қарапайым,  ӛздерінде  түс  туралы  ешқандай  ақпарат  жоқ 
форматтар, бейне шығатын құрылғыдаєы түстерді ӛнсіз келісім бойынша қабылдайды, ал 
кейбір  басқа  форматтар  толық  отыз  екі  биттік  түр  туралы  деректерді  сақтай  алады. 
Қарапайым векторлық объектілерде түс мәні объектінің барлық элементтері үшін бірдей. 
Объект түсі, оныѕ векторлық сипаттамасының бӛлігі ретінде сақталады. Кейбір векторлық 
файлдар, ӛздерінде сақталатын бейненің растрлық эскизін құра алады. 
  
Векторлық  бейнелердің  қҧрылымы.  Векторлық  бейнелердің  құрылымын    ағаш 
бұтақтары сияқты елестетуге болады.  
1.
 
Ең  жоғарғы    иерархиялық  деңгейде,  ӛзінің  құрамында  объектілер  +  түйіндер  + 
сызықтар + бояулар  бәрі біріккен бейненің ӛзі тұрады. 
2.
 
Келесі деңгейде – әртүрлі векторлық формадағы объектілер тұрады.  
3.
 
Иллюстрация  объектілері  бір  немесе  бірнеше  тұйықталған  немесе 
тұйықталмаған  контурлардан  тұрады.  Контур  -  дегеніміз  кез  -  келген  геометриялық 
фигура,  немесе  векторлық  бағдарламалардың  сурет  салатын  құралдарының  кӛмегімен 
салынған  геометриялық  фигура  (дӛѕгелек,  тіктӛртбұрыш  т.с.с.).  Тұйықталған  контур  - 
бастапқы  және  соңғы  нүктелері  бірігіп  тұйықталған  қисық    (окружность).  Ашық  контур 
шеткі нүктелері анық берілген сызық. (синусоидалық сызық). 
4.
 
Иерархияның  келесі  деңгейінде  сегменттер  тұрады.  Олар  контурларды  ќұру 
үшін  қолданылатын  кірпіш  функциясын  атқарады.  Әрбір  контур  бір  немесе  бірнеше 
сегменттен тұрады. Әрбір сегменттің басы мен соңы түйін деп, немесе тірек нүктелері деп 
аталады.  Түйін  нүктелерін  қозғау,  контур  сегменттерінің  түрін  ӛзгертуге  әкеледі.  Тұйық 
контурлар  (формалар) бір түспен боялған болады.  
5.
 
Иерархияның  ең  соңғы  деңгейінде  кӛршілес  екі  түйінді  қосатын  түйіндер  мен 
сызық  кесінділері  орналасқан.  Сызықтар  мен  түйіндер  векторлық  бейнелердің  негізгі 
элементтерінің функциясын атқарады.  
 
 Интернеттегі  векторлық  графика.  Қазіргі  кезде  ӛздерінің    Web–беттері  мен 
түйіндеріне  кӛпшілік  назарын  қызықтырып,  түсіру  үшін  графикалық  ӛрнектеу  кезінен 
қолданылады.  Бірақ  Web  технологиялардың  графикалық    дамуы  басқа  технологияларға 
қарағанда артта қалып отырғандығы  Web беттерін құратын мамандарға қиындық туғызып 
отыр. 
Шындығында да қазіргі уақытта ең кӛп тараған  Internet – GIF жјне JPEG графикалық 
форматтарының  ӛзі  ескірген  деп  айтуға  болады.  Формат  GIF      тек  256–биттік  түсті 

 
63 
қамтиді, ал  JPEG форматын қолданып, оның сығу  мӛлшерін кӛбейткенде бейне сапасы 
тӛмендейді.  1995  жылдары  GIF  форматын  кеңінен  қолдануға  қауіп  туды,  себебі  осы 
формат ішінде ќолданылатын LZW қысу алгоритмінің иесі  Unisys компаниясы мен  GIF 
форматын  жарыққа  шығарған  CompuServe  компаниялары  әрбір  сатылған  бағдарламадан 
лицензиялық  салық  алу  мәселесін  кӛтергенді.  Осы  жағдайда  Internetпен  жұмыс  істейтін, 
ешқандай  компанияға  тәуелсіз  программалаушылар  тобы  мүмкіндігі  жағынан  GIF 
форматын басып озатын Portable Network Graphics (PNG) форматын ойлап тапты.  
PNG форматы 48–биттік түсті және 16–биттік ақ - қара түсті бейнелерді қамтамассыз 
етеді, әрі олар тез жүктеледі. Деректердің тиімді мәндерін алуға мүмкіндік беретін, PNG 
де ZIP - архиваторларында қолданылатын LZ77 алгоритмі пайдаланылады. 
 Web  їшін  тағы  бір  кең  тараған  векторлық  форматтардың  бірі  FlashPix.  Ол  JPEG 
форматы негізінде жасалған, бірақ бейнені қысу барысында сапасы тӛмендеу деңгейі  аз. 
Бұл форматтың негізгі жетістігіне – файлды кӛпдеңгейлі ұйымдастыру жатады. Алдымен 
ең тӛменгі мүмкіндікке файл жүктеледі де, қажет болған жағдайда файлдың сапалы түрі 
жүктеледі.  Microsoft фирмасы осы форматтың түрлендірілуін ӛзініѕ растрлық редакторы  
PhotoDraw 2000 негізінде алады.  
Кәдімгі  тұйық  векторлық  графика  форматтарынан  Web  үшін  қолданылатын 
векторлық  графиканың  айырмашылығы,  бұлар  белгілі  стандарттар  негізінде  құрылған, 
белгілеу  тәсілдері  (маркерлеу),  яєни  тегтерді  және  басқа  элементтерді  анықтау  үшін 
қарапайым  текст  қолданылады.  Бұл  бейне  қасиеттерін  ӛзгеруге,  алмастыруға  жеңілдік 
туғызады. 
Маркерлеу  тілдері  негізіндегі  векторлық  графиканың  жетістктеріне:  таңдау 
мүмкіндіктері, индекстеу және бейне элементін іздеу және оны басқа элементтерге байлау 
жатады.  
Бәріне бірдей форматтың болмауына байланысты  Web-те  векторлық графика толық 
қолданылмайды. Қазіргі кезде ең кӛп тараған форматқа Macromedia компаниясы шығарған 
Flash форматы жатады. Бірақ бұл форматтың бір кемшілігі бар  - ол екілік кодтағы файл, 
оны  редакциялау  үшін  арнайы  бағдарлама  керек.  Сондықтан  да  соңғы  жылдары  басқа 
компаниялар  мен  ұжымдар  бірнеше  тілдік  форматтар  ұсынып  отыр.  Олар:  Web 
Schematics, DrawML, PGML и VML. форматтары.  
Web Schematics форматы гипертекстік белгілеу тілі, ол сызбалар мен диаграммаларды 
құру үшін қолданылады. 
  
Интернетпен  жҧмыс  істегенде  редакцияланатын  екі  ӛлшемді  графика. 
Программалық  жабдықтаумен  айналысатын  Microsoft,  Hewlett–Packard  және  тағы  үш 
фирмалар World Wide Web  консорциумына бірнеше сапалы редакцияланатын екі ӛлшемді 
векторлық  графика  ұсынады.    VML  (Vector  Markup  Language)  векторлық  белгілеу  тілі 
арқылы    Web–дизайнерлер  векторлық  бейнелерді  оңай  редакциялай  және  оларды  қиып, 
содан  соң  қолданбалы  бағдарламаларға  апарып  қоя  алады.  Бұндай  мүмкіндік    Microsoft 
фирмасының  менеджері  Стив  Склеповичтің  айтуы  бойынша  компьютермен  жұмыс 
істейтін адамдар үшін ӛте қажет.  
VML арқылы Web–түйіндерінің дизайнерлері  Web–беттерде векторлық  бейнелердің 
ӛлшемін  ӛзгерте  алады  және  де  графиканы  жүктеу  растрлық  формат  сияқты  кӛп  уақыт 
алмайды.  
VML  форматы  Extensible  Markup  Language  (XML  –  кеѕейтілген  белгілеу  тілінің 
негізінде жасалған). Бұл тілді  HTML тілін толықтырушы деп те айтуға болады. Сонымен 
бірге  VML  арасында  компьютермен  жұмыс  істейтін  адам  HTML-файлын  немесе  Office 
пакетін пайдаланып, бейне ашып және оны редакциялай алады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет