8 №34 (1338) 23 тамыз, сенбі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата12.03.2017
өлшемі1,04 Mb.
#8761
1   2   3   4   5

Педагог кадрлар

 «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз 

үшін  келесі  іс  –  шараларды  жүзеге  асырудың 

маңызы зор. Біріншіден, оқыту үрдісіне қазіргі 

заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды 

енгізу.  екіншіден,  педагогтар  құрамының 

сапасын  арттырудың  маңызы  зор»,  -  деп 

елбасымыз  өзінің  Қазақстан  халқына  арнаған 

кезекті  Жолдауында  білім  беру  жүйесін 

жаңғыртуда басты екі мәселені атап көрсеткен 

болатын.

Жаңа оқу жылында аудан бойынша 418 мұға- 

лім қызмет етеді. Оның ішінде жоғары білімді – 

312 (74,6%) мұғалім болса, арнаулы орта білімді 

– 106 (25,3%) маман. Жоғары санатты мұғалімдер 

саны  –  36  болса  (9%),  ал  бірінші  санатты 

мұғалімдер саны – 167 (40%), екінші санатты – 

152 (37%) құрайды. 2013-2014 оқу жылында 15 

жас  маман  жұмысқа  орналастырылды.  (қазақ 

тілі  пәні  –  1  маман,  физика  пәні  –  1  маман, 

химия  пәні  –  1  маман,  тарих  пәні  –  1  маман, 

информатика  –  1  маман,  дене  шынықтыру 

пәні – 2 маман, психолог – 2 маман, өзін – өзі 

тану  тану  –  1  маман,  бастауыш  –  2  маман)

Аудан  бойынша  математика,  физика,  химия, 

биология пәндерінің мұғалімдері әлі де болса, 

жетіспейді.

Қазақстан  Республикасының  Білім  және 

ғылым  министірлігінің  2013  жылғы  7 

тамыздағы  №323  бұйрығымен  бекітілген 

«Педагогикалық  қызметкерлерді  аттестаттау» 

ережесінің негізінде 2013-2014 оқу жылы аудан 

мектептерінде  педагогикалық  қызметкерлерін 

аттестаттау  жұмыстары  өткізілді.  Жоғары 

санатқа-5  (6,7),  (өткен  оқу  жылында  –  5 

(1,06%),  бірінші  санатқа  –  32  (82%),  (өткен 

оқу жылында 26 (3,83%), екінші санатқа – 36% 

(50),  (өткен  жылы  8  (9,80%),  аттестаттаудан 

өтсе,  ал  аттестаттаудан  өте  алмағандары  –  4 

(2,13%).  Ауданымызда  бала  санының  азаюы, 

мұғалімдердін  басқа  аудандарға  көшуі  және 

аудан  түлектерінің  аталған  мамандықтар 

бойынша оқу орындарына түспеуі мамандардың 

жетіспеуіне әсер етіп отыр. 

Педагогикалық  еңбек  өтілдері  бойынша:  3 

жылға дейін – 79 (19%), 3-8 жыл аралығы – 102 

(25%), 9-16 жыл аралығы – 71 (17%), 17-20 жыл 

аралығы – 29(7%), 20 жылдан жоғары – 90 (22 

%) және 30 жылдан жоғары - 47 (12%).

Жастары  бойынша:  30  жасқа  дейін  –  157 

(38%),  31-40  жас  аралығы  –  101  (25%),  41-50 

жас аралығы – 102 (25%), 51-60 жас аралығында 

– 53 (13%), 60 жастан жоғары – 5 (2%). Соңғы 

2  жылда  мұғалімдердің  жастары  бойынша 

сапалық құрамы да жасаруда. 

Білім  беру  сапасы  айтарлықтай  мөлшерде 

педагогикалық 

құрамның 

сапасымен 

айқындалады.  Өсіп  келе  жатқан  ұрпақты 

сапалы  оқытатын  және  тәрбиелейтін  жоғары 

білікті  педагогтың  білім  беру  жүйесінде 

маңызы зор. Оқушылардың сапалы білім алуы 

педагогтардың  біліктілігіне,  шеберлігіне  және 

олардың түпкілікті нәтижедегі педагогикалық, 

кәсіптік сапаларына тәуелді.

Шыңғырлау 

ауданы 

бойынша 


БҚО 

педагогтарының біліктілігін арттыру бойынша 

«Өрлеу  БАҰО»  филиалында  қысқа  мерзімді 

біліктілікті  арттыру  курсынан  2013-2014  оқу 

жылында 111 мұғалім өтті.

Алматы қаласында (РИПКСО) республикалық 

курсынан  6  мұғалім  өтті.  елбасымыз:  «Біз 

білім-ғылым  саласында  бәсекеге  қабілетті 

болмасақ,  өз  мақсатымызға  жете  алмаймыз. 

Барлығы  мектептен,  ал  Қазақстан  үшін  ауыл 

мектебінен  басталады”,  -  деген  болатын. 

XXI  ғасыр  ұлттық  бәсеке,  ақпараттық 

сайыс, 

инновациялық 



технологиялар, 

күрделі  экономикалық  реформалар  сияқты 

көріністерімен  ерекшеленеді.  Осы  мақсатта  

Назарбаев  зияткерлік  мектептері,  ДББҰ 

Педагогикалық  шеберлік  орталығы  мен  

Кембридж  

университетінің 

қатысуымен 

Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беретін 

мектептері педагогтарының біліктілігін арттыру 

курстарының бағдарламасын жасап, кезең-кезең 

бойынша  педагогтарды  үш  айлық  курстан  өт- 

кізіп  жатқаны  баршаға  аян.  Бағдарламаның 

мақсаты  мұғалімдерді  қарқынды  өзгеріп 

жатқан  өмір  жағдайында  үздіксіз  кәсіби 

дамуға  дайындау,  оқушылардың  бойында 

қазіргі  заманда  белсенді  және  табысты  өмір 

сүруге  дайын  болу  қасиетін  қалыптастыруға 

көмектесетін 

тәжірибені 

дамыту 

үшін 


мұғалімдерді  қажетті  біліммен  қамтамасыз 

ету,  мұғалімдердің  ақпараттық  технологиялар 

саласында  құзырлы,  белсенді  азаматты, 

болашақ маманды тәрбиелеуге дайын болуына 

ықпал ету.

Осы  орайда  2012  жылдың  қыркүйек  айынан 

бастап 

ауданымызда 



Батыс 

Қазақстан 

облысының «Өрлеу» Біліктілікті арттыру және 

Назарбаев  зияткерлік  ұлттық  орталығында 

Кембридж  университеті  тәсілінің  теориялық 

негіздерін 

енгізген 

«Үшінші 


деңгейлі 

мұғалімдерді  даярлау  жөніндегі  біліктілікті 

арттыру  курстарына»  жаңа  форматты  педагог 

кадрларды 3 деңгейлік курстан өткізу бойынша 

аудан мұғалімдерінен 2013-2014 оқу жылында 

46 мұғалім өтті. І деңгей бойынша 3 мұғалім, ІІ 

деңгей бойынша 4 мұғалім, ІІІ деңгей бойынша 

13 мұғалім оқып, сертификат алды. 

Батыс  Қазақстан  облысы  Қазақстан  Оқу 

Ассоциациясының  ұйымдастыруымен  «Мұға-

лімнің  кәсіби  шеберлігі:  сыни  ойлау  оқыту 

үрдісінде» тақырыбындағы семинарға 6 мұғалім 

қатысып, іс-тәжірибесімен алмасты.

Аудандық  білім  беру  бөлімінің  аудандық 

әдістемелік  бірлестік  жұмысын  ұйымдастыру 

туралы  2014  жылғы  8  қаңтардағы  №3/2 

бұйрығы 

негізінде 

аудандық 

пәндер 


бірлестіктерінің  жетекшілері  тағайындалды. 

Олар:  математика,  физика,  химия,  биология, 

география,  информатика,  қазақ  тілі,  орыс  тілі, 

тарих, ағылшын тілі, дене шынықтыру, музыка, 

технология, бейнелеу, бастауыш сынып, сынып 

жетекшілері, психолог және әлеуметтік педагог 

бірлестіктерінің  жетекшілері.  Әр  бірлестік 

жетекшілерінің  проблемалық  тақырыптары, 

мақсат,  міндеттері  белгіленіп,  жоспарлары 

құрылып,  оқу  жылы  шеңберінде  жоспарлары 

бойынша ауқымды жұмыстар атқарды.

Білім сапасын арттыру және аудандық педагог 

кадрлардың  қызметінің  тиімділігін  және 

олардың  педагогикалық  шеберлігін,  кәсіби 

құзырлылығын  арттыру,  олардың  ғылыми-

әдістемелік, 

педагогикалық, 

әлеуметтік-

психологиялық  көмек  алуына  жағдай  жасау 

мақсатында АББ-нің және аудандық әдістемелік 

бірлестік жетекшілерінің жоспарларына сәйкес 

ауданның  педагог  қызметкерлеріне  арнап, 

білім  беру  ұйымдарында  шығармашылықпен 

жұмыстанатын  педагогтардың  тәжірибелерін 

насихаттау  және  қолдау  мақсатында  әр  түрлі 

байқаулар мен семинарлар өткізілді.

Аудандық  білім  беру  бөлімінің  жоспарына 

сәйкес  тарих  пәні  бойынша  «Тарихи  таным» 

пән 

мұғалімдерінің 



олимпиадасы, 

пән 


мұғалімдерінің кәсібилігін шыңдау мақсатында, 

инновациялық  әдістерді  қолданып,  сапалы 

сабақ  беру;  тәжірибе  алмасу  мақсатында 

аудандық  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 

мұғалімдерінің  олимпиадасы,  информатика, 

химия  пәні,  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 

олимпиадасы,  білім  беру  ұйымдарында  білім 

алушыларды  олимпиадалық  конкурстарға 

дайындаумен  айналысатын  және  өзін-өзі 

жетілдіретін,  келешекте  тұлғалық  және 

кәсіби  шеберлігін  көтерумен  айналысатын 

мұғалімдерді анықтау мақсатында математика, 

физика  пәні  мұғалімдерінің  арасында  І 

аудандық 

шығармашылық 

конкурстары, 

бастауыш  сынып  мұғалімдері  арасында  «ең 

үздік  бейнесабақ»  байқауы,  «Шағын  жинақты 

мектеп  және  мен»  т.б.  байқаулар  өткізілді. 

«Шағын жинақты мектеп және мен» сайысының 

аудандық кезеңіне қатысып І орынды иеленген 

Э.Аманшиева,  облыстық  кезеңде  «Талантты 

ұстаз»  номинациясын  иеленіп,  жұмысы 

Алматы  қаласында  өткен  республикалық 

слетке,  облыстық  білім  басқармасының 

ұйымдастыруымен өткізілген аймақтық «Ауыл 

мектебі жағдайында сапалы білімге қол жеткізу» 

тақырыбындағы  семинарға  қатыстырылды. 

Сонымен  қатар,  БҚО  тілдер  басқармасының 

ұйымдастыруымен 

оздырылған 

«Поэзия, 

менімен егіз бе едің?» облыстық мүшайрасына 

қатысқан  А.Тихоненко  атындағы  Лубен 

ЖОББМ  мектебінің  мұғалімі  А.Сүлейменова 

номинация иеленіп келсе, «Электронды оқыту 

E-Learning  жүйесі  –  заман  талабы»  атты 

облыстық  байқауға  Шыңғырлау  ОЖББМ-

нің  информатика  пәнінің  мұғалімі  С.Оқанова 

қатысып,  нәтижесінде  жүлделі  3  орыннан 

көрінді.  Облыстық  білім  басқармасының 

жоспарына  сәйкес,  2014  жылдың  22  сәуірі 

күні  Орал  қаласында  өткен  «Үздік  алғашқы 

әскери  дайындық  пәні  мұғалімі»  атты  АӘД 

пәні  мұғалімдерінің  облыстық  байқауына 

Л.Қылышев ат. ОЖББМ-нің АӘД пәні мұғалімі 

Р.Тұрмағамбетов  қатысып,  жүлделі  І  орынды 

иеленді


елбасының  жылдағы  Жолдауына  сәйкес 

барлық  білім  беру  ұйымдарында  тәрбиелеу 

компонентін  күшейту  жөнінде  кешенді  және 

ауылдық  жерлерде  жастарды  тұрақтандыруға 

байланысты 

жоспарлар 

жасалып 

іске 


асырылуда. Ауданға келген мамандарды тұрғын 

үймен қамтамасыз ету мақсатында «Дипломмен 

ауылға»  бағдарламасынан  бөлек,  өткен  жылы 

«Асар» әдісімен Амангелді ауылында 2 тұрғын 

үй  салынса,  Сегізсай  ауылында  2  тұрғын  үй 

ауыл тұрғындарының көмегімен салынып, білім 

беру  саласы  мамандарына  берілді.  Осы  жылы 

Амангелді  ауылында  1  тұрғын  үй,  Сегізсай 

ауылында  2  тұрғын  үй  салынып  жатыр.  Бұл 

шара ауыл жастарының ауылда тұрақтануына, 

көшу  мәселесінің  алдын  алу  шараларының 

бірегейі болып табылады. Алдағы уақытта осы 

бастаманы  басқа  да  ауылдарда  жалғастыру 

жоспарлануда. 



Білім  беру  мекемелерін  аттестаттау 

жұмысы

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Білім 

және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің 

2013-2014  оқу  жылындағы  жоспарына 

сәйкес  аудан  бойынша  6  білім  беру  мекемесі 

аттестаттаудан  өтті.  ҚР  Үкіметінің  2013 

жылғы 19 маусымдағы №635 қаулысының 21-

тармағында  көрсетілген  білім  алушылардың 

оң  бағаларының  нәтижесіне  тоқталып  өтсек, 

бақылау тестіне білім алушылар контингентінің 

кемінде  95%-ы  қатысуы  және  33-тармаққа 

сай  білім  алушылардың  білімі  мен  іскерлігін 

бағалаудың  нәтижелері  бойынша  білім 

алушылардың  оң  бағаларының  нәтижесі  70%-

ды  құрауы  тиіс  еді.  Аттестаттау  барысында 

оқушылардың білім деңгейі осы талапқа сәйкес 

келмегендер:  Қайыңды  НМ  27,3%,  Алмаз 

ЖОББМ  37,9%,  Амангелді  НМ  14%  үлгерім 

көрсеткішін  көрсетті.  Осыған  байланысты 

аталған  мектептер    қайта  аттестаттаудан 

өтті.  Биылғы  оқу  жылында  осы  мектептерге 

оқушылардың білім деңгейін арттыруға көбірек 

көңіл  бөліп,  мектеп  басшылығы  тарапынан 

мұғалімдердің сабақ өткізу тәсілдерін бақылауға 

ала отырып жұмыстану керек. 

Қорытынды

ХХІ ғасыр – тәуелсіз елеміздің дүниежүзілік 

өркениетке  өрлеу  ғасыры.  ертеңгі  келер 

күннің  бүгінгіден  гөрі  нұрлы  болуына  ықпал 

етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті 

күш  тек  білімде  ғана.  Қай  елдің  болсын  өсіп-

өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы 

оның  ұлттық  білім  жүйесінің  қалыптасуына, 

даму бағытына тікелей байланысты.

Қоғамдағы 

болып 


жатқан 

өзгерістер 

педагогтардың  шығармашылық  еркіндігіне 

мүмкіндік  береді.  Әсіресе,  мектептің  дамуы 

үшін  ізденістер  нәтижесінде  жаңа  үлгі, 

жаңашыл  тәсілдер  қажет.  Бұл  бағытта  білім 

беру  саласы  ауқымды  жұмыстар  жүргізіп, 

педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, кәсіби 

білімін жетілдіру істеріне көп көңіл бөлуде.

Бүгінгі  таңдағы  кезек  күттірмейтін  маңызды 

мәселелердің бірі – мектептердің материалдық-

техникалық 

әлеуетін 

арттыру, 

апатты 

жағдайдағы мектептерді жою жұмысы болатын. 



Қазіргі уақытта бұл мәселе оң шешімін тауып, 

елбасының  стратегиясын  жүзеге  асыру 

мақсатында  Сегізсай  елді  мекенінде  152  млн. 

теңге  қаражатқа  жаңа  мектеп  құрылысы  бой 

көтеруде. 

елбасы  саясатын  басшылыққа  алып,  бағыт-

бағдарымызды  айқындай  отырып,  жоспарлы 

түрде  атқарған  әрбір  игі  шара  –  ел  ертеңінің 

мықты ірге тасы болмақ. Жан-жақты біліммен 

қаруланған,  әлемдік  аренада  мемлекетімізді 

таныта алатын, ұлтжанды, іскер тұлға тәрбиелеп 

жетілдіру – ұстаздар қауымына жүктелетін зор 

міндет.  Алдағы  жаңа  оқу  жылында  осы  мін- 

деттер  шеңберінен  шыға  біліп,  жаңа 

мүмкіндіктерге жол ашып, педагог кадрлардың 

сандық,  сапалық  құрамын  арттырып,  оқу-

тәрбие  үрдісінде  жаңа  әдістемелер  мен 

технологияларды енгізіп, білім сапасын арттыру 

бағытындағы  жұмыстарды  жандандыруды 

қолға алу қажет.

Уақыт  талабы  –  ілгері  басу,  жинақталған 

игілік атаулыны молайта беру болып табылады. 

Әрқайсымыз  қол  жеткізген  бел-белесімізде 

ғана емес, алдағы шығар асуларды ойластырып, 

уақыт жалынан ұстауға күш салғанымыз ләзім.

Бүгінгі  кеңесте  бірқатар  маңызды  мәселелер 

қамтылды.  Ол  сіздердің  алдағы  жұмыстарың-

ызда  басым  бағыт  болуға  тиіс.  Баршаңызды 

жаңа оқу жылымен құттықтап, қиын да қажырлы 

еңбектеріңізге  табыс,  отбасыларыңызға  бақ-

береке тілеймін!

(Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Сапаровтың дәстүрлі тамыз мәслихатына арнаған баяндамасының желісі)

(Соңы.Басы 2-3 беттерде)


5

Серпін


БІЛІМ

№ 34 (1338). 23 тамыз 2014 жыл

  Ұстаз  –  жалпы  адамды  ізгілікке 

баулып,  жақсылыққа  тәрбиелейтін, 

туған 

елдің 


жас 

ұрпақтарын 

болашаққа  дайындайтын  ұлы  тұлға. 

Ұстаз  туралы  қаншама  теңеулер 

болса, сол сөздердің барлығы бір ғана 

жанның бойынан табылып тұрғандай. 

«Ұстаздық 

еткен 


жалықпас, 

үйретуден  балаға»-дегендей,  бүгінгі 

күні  осындай  ұлы  сөзге  лайық 

шәкіртінің  сүйіспеншілігіне  бөленіп, 

оқушының  бойына  шынайы  білім, 

білік  дағдыларын  дарытып  жүрген 

ұстаздардың   бірі - Сапашева  Эльмира 

Ибрагимқызы.  Ұстаз  әрдайым  да 

өз  ісіне  үлкен  жауапкершілікпен 

қарап,  бар  күш-жігерін,  өнерін 

аянбай 

жұмсап, 


оқушылармен 

жақсы  қарым-қатынас  орната  алады. 

Жан-жақты 

ізденімпаздылықпен, 

шығармашылықпен  жұмыс  істейді. 

Эльмира  Ибрагимқызының  әрбір 

өткізген 

сабақтары, 

мектептен 

тыс 


іс-шаралары 

оқушылардың 

қызығушылықтарын 

арттыруда. 

Өзінің  нәзік  болмысымен,  биязы 

сөйлеуі  арқылы  әркімді  де  өзіне 

баурап  алады.  Ұстаз  әр  сабағында 

жаңа  технологиялық  әдістерді  енгізе 

отырып,  оқушының  ой-өрісі  мен 

дүниетанымын  кеңейтетін  әдістерді 

де шебер пайдалана біледі. 

Ұжымы арасында істеген ісімен, жеке 

басының өнегесімен, ынтасымен, өзіне 

жүктелген міндеттің үдесінен шығып 

келеді. Эльмира Ибрагимқызы   кәсіби 

шеберлігімен,  тыным  таппайтын 

еңбекқорлығымен  дараланып  жүр. 

Білімі  терең,  талантты,  өз  жұмысына 

құштар,  шәкірттерін  жақсы  көретін, 

оларды түсіне білетін, теориялық білімі 

мен  біліктілігі  мол  талантты    ұстаз. 

Бүгінгі  күні  тарих  пәнінің  мұғалімі 

ретінде,  халқымыздың  салт-дәстүрін 

қадірлейтін,  алға  жетелейтін  әртүрлі 

жұмыстарға  араласып,  жас  ұрпаққа 

саналы  тәрбие,  сапалы  білім  беруде 

ұстаздар  ұжымына  үлгі  болып  отыр. 

Жақсы ұстаз – бұлақ көзі 

сарқыраған

 Білім беру саласында әлемде болып 

жатқан  өзгерістердің  бірі  -  білім 

беру  желілері.  Заманауи  қоғамның 

тіршілігінде  желінің  маңызы  күннен 

күнге  артып  отыр.  Қазіргі  заманғы 

ұйымдар  желілердің  білім  және 

инновациялар  алмасу  үдерісінде  

маңызды  екендігін  атап  көрсетуде. 

Білім беру саласы ұйымдастырушылық 

оқшаулау  дамуға  кедергі  келтіретінін 

мойындап отыр. Сондықтан мектептер 

арасындағы  ынтымақтастық,  мектеп-

терде оқитын оқушылардың ғана емес, 

барлық  балалардың  мүддесі  үшін 

мектептердің «Білім беру желілеріне» 

бірігуі  уақыт  өткен  сайын  маңыз 

алуда.


Білім беру желілері біздің санамызда 

өзгеріс  енгізуді  үйрету  үдерісін 

бейнелейтін маңызды стратегия болып 

саналады.

Ұлттық  мектеп  көшбасшылығы 

колледжі  (Англия)  үшін  2004  жылы 

жасалған  құжатта  «Білім  беру 

желісіне» мынадай анықтама берілген: 

«Оқушылар жоғары нәтижелерге жету 

үшін  бір  мектептің  шегінде,  болмаса 

мектептер  арасында  оқыту  мен  оқу 

үдерістерін  жетілдіруге  бағытталған 

көптеген  іс-қимылдарды  жоспарлау, 

жүзеге  асыру  және  мониторингін 

жүргізу 

мақсатында 

бірігетін 

мектептер тобы немесе әріптестер». 

Мемлекетіміздің  ұстанған  басты 

бағыты  -  адамдарға  және  табиғатқа 

деген құрмет, шындық және адалдық, 

өзін  ұстай  білу,  құндылықтарды 

бағалау,  мемлекеттің  дамуына  үлес 

қосу.  Біздің  ойымызша  еліміздің 

қазіргі  жағдайын  таразылай  отырып, 

болашақты  бағдарлауда    дамыған 

елдер тәжірибелерін талдап, олардағы 

жағдайды  елімізге  сәйкестендіріп  

пайдалануымыз  керек.  Бұл  бағытта 

жетістік  пен  кемшілік  тұстарын 

анықтауда  қоғамдағы  кез  -  келген 

жағдайға 

бей-жай 

қарамайтын  

мұғалімдер қауымы атсалысады.

Ұлы  Абай:  «Адамның  күші  -  ақыл-

ойы  мен  білімінде»  деген  екен. 

Қазақ  ойшылының  бұл  сөзі  білім 

алудың  ғаламдану  жағдайында  қоғам 

дамуының басты факторына айналған 

бүгінгі  күні  де  маңызын  жойған  жоқ. 

Бұл  үрдіс  қазақстандық  білім  беру 

саласында  да  тереңдей  бойлап,  үлкен 

орталықтарда  да,  шалғай  аймақтарда 

да орын алып жатқан оң өзгерістердің 

негізіне айналуда. Заман талабына сай 

педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттыруы  өзгеруде.  Соның  бірі  - 

Кембридж  тәсілдеріне  негізделген 

шығармашылықты,  астарлы  ойларды 

талап  ететін  деңгейлік  бағдарламалар 

курстары. Біздің ауданның мұғалімдері 

де 

жаңашылдықты 



қабылдай 

отырып,  осындай  курстан  46  мұғалім 

оқып  сертификат  алып,  өздерінің 

тәжірибелеріне  қорытынды  жасап, 

шеберлігін нығайтуда. 

Сертификатталған 

мұғалімдер 

мектептегі  оқу-тәрбие  үдерісінде 

оқушылардың  жоғары  нәтижелерге  

жетуі  үшін  мектептер  арасында 

ақпарат тарату, ынтымақтастық жасап, 

өзара қолдау, оқу, білім қалыптастыру, 

ұжымдық пікір білдіру үшін «Кәусар» 

желілік 


қоғамдастығы 

құрылды.


Желілік  шараны  ұйымдастыру  үшін 

ауданымыздың  І,  ІІ,  ІІІ  деңгейлі 

сертификатталған 

мұғалімдерімен 

кездесу  өткізіліп,  бірлесе  отырып 

жоспар  құрылды.  Сол  шаралардың 

бірі  үстіміздегі  жылдың    мамыр 

айында 


өткізілген 

«Бағдарлама 

идеялары – мұғалімдер тәжірибесінде» 

тақырыбында конференциясын атауға 

болады.  

Осындай 


шара 

арқылы 


біз 

мұғалімдерге  басты  мәселе  өзара 

қарым-қатынаста  болу,  тәжірибе 

алмасу,  өз  кәсіби  әрекетін  сыни 

тұрғыдан бағалау сияқты  нәтижелерге 

қол жеткізу болды. 

ең 

бастысы 


бұл 

өзгерістер 

мектептердегі  білімнің  сапасы  мен 

оқушы,    мұғалімдердің  жаңа  сапаға 

көтерілуіне  ықпал  ететініне  көз 

жеткіздік.

енді 

мемлекетіміздің 



бастаған 

өзгеріс  бағдарламасын    қалай  жүзеге 

асырамыз?  Ол  үшін,  ең  бастысы 

бағдарламаны  басшылыққа  алған 

және  іс-тәжірибесінде  қолданамын 

деген  мұғалімнен  дұрыс  түсінікті, 

 Желілік қоғамдастық -  

тұрақты дамудың  негізі

мақсаттылықты,  кедергілерге  мойы-

майтын  табандылықты,  қолға  алған 

бағытына  және  нәтижеге  деген  

сенімділікті,  көшбасшылықты    талап 

етеді. 

Қарқынды  дамыған  қазіргі  заманда  



«білім  беру»  ұғымының  мағынасы 

да,  қолданылу  аясы  да  бұрынғыдан 

әлдеқайда  кеңіді.  Оның  басты  себебі 

–  қоғамның  жоғары  жылдамдықпен 

дамуы,  қазіргі  адамның  ақпараттар 

тасқыны кезеңінде өмір сүруі.

Ол – кез келген адамға өз қатарынан 

кейін қалып қоймау үшін үнемі білім 

алу.    Сондықтан    мектептеріміздің 

әрбір    мұғалімінде  Шульманның  

«Мұғалімнің  үш  көмекшісі  »  (  Shul-

man,  2007  )  деп  атаған  қасиеттері 

болуы керек: маңайындағыларға ықпал 

ететін,  бастамашыл,  өз  қызметтерін 

ұсынатын көшбасшы болуы керек.  Ол 

үшін  жоғары  жылдамдықпен  дамып 

жатқан  қазіргі  заманда  мақсаттары 

бір  мұғалімдер  қауымы  бірлесіп 

жұмыстану керек. 

Сол  себептi    мектепте  және 

мектепаралық  желiлiк  қоғамдастықта 

жұмыс iстеудің маңызы зор.

Қазіргі  таңда  әлемдік  тәжірибенің 

тиімді 


жақтарын 

білім 


беру 

саласында  пайдаланып,  өзгеріске 

икемді,  жаңалыққа  жақын  болғанда 

ғана  қызметіміз  нәтижелі  болмақ. 

Сондықтан білім саласына да,  мектепке 

де, мұғалімдерге де, оқушыларға және 

ата-аналарға жаңаша серпіліс, өзгеріс 

қажет. 


Клара уТЕБАЕвА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

 

Ағымдағы 



жылы 

Батыс 


Қазақстан 

облыстық 

тілдерді 

дамыту  басқармасы  мемлекеттік 

мекемесімен 

ұйымдастырылған 

Қазақстан  Республикасы  тілдері 

күніне  арналған  «Тіл-ұлт  мерейі» 

атты  тіл  фестивалі  аясында  «Үздік 

ауылдық  балабақша»  байқауында, 

аудандық  «Айгөлек»  мектепке 

дейінгі  ұйымы  «Бас  жүлде»  иегері 

атанды.  Аудан мерейін аспандатқан 

«Айгөлек» 

балабақшасының 

меңгерушісі  Райса Саулебайқызын 

және 

 

балабақша 



ұжымын 

жүлделі  орнымен  құттықтаймыз! 

Мемлекеттік 

тіл 


мәртебесінің 

артуы  қазақ  тілінде  тәрбиелейтін 

және  оқытатын  мектепке  дейінгі 

ұйымдардың 

жұмысына 

зор 


ықпал  етуде.  Аталмыш  ұжымда 

бүлдіршіндерді  ана  тілінің  қадір-

қасиетін ұғындырып, осы бағыттағы 

шаралардың жиі өткізілуі ұжымның 

осындай 

биік 


белестерден 

көрінуіне  әкеліп  отыр.  Балабақша 

қызметкерлерінің  алда  шынайы 

ізденіспен  еңбек  ете  беретініне 

сенімдіміз 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет