Ақпараттық библиографиялық сектор



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі347,44 Kb.
#8777

 

 

                                       



    

Ақпараттық –

 

библиографиялық сектор



 

 

        



 

 

 



                

(Бүркіт Ысқақов –

 

90 жыл)


 

             

Библиографиялық жадынама

 

 



                                

2014 ж


 

 

 

 



 

Ақиқатын айту абзал, Бүркіт Ысқақов –

 

әдебиетіміздегі іргелі қаламгер. 



Оның қаламынан туған туындылар оның өз

 

заманының үні болғанын 



танытардай, әрі көркемдік бояуы қанық ерекше туындылар санатында. 

Сондақтан да болашағының бағдарын, кешегісі мен бүгінгісінің 

салмағын даралап та саралайтын ұрпақ үшін Бүркіт Ысқақовтың 

шығармашылық мұрасын тану уақыт мінберінде тұрған мәселе. Алаш 

ардагерлерінің шығармаларындағы ұлттық рух, сөз өнерінде көркемдік 

дәстүр ретінде үзілмей жалғасын тауып жатқанын әдебиет тарихынан 

білеміз. Алаш ардақтыларымен тілектес, ниеттес ақындардың бірі –

 

Бүркіт Ысқақов. Талант табиғаты, көркемдік таным арналары әр алуан. 



Бүркіт Ысқақовтың өмір жолы мен шығармашылық кезеңі де ешкімді 

қайталамастай өзгеше. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен қазақ 

поэзиясында, балалар әдебиетінде өзіндік із қалдырған Бүркіт 

Ысқақовтың есімін аға буын үлкен құрметпен атайды.

 

Бүркіт 


Ибрагимұлы Ысқақов 

1924


 

жылы 4 қарашада

 

Қарағанды



 

облысының

Нұра ауданына



 

қарасты


 

"Көкмөлдір" деген жерде туған. 

Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел 

аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. 

Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең 

алғашқы өлеңі "Ана туралы жыр" деп аталады. Одан соң "Қарағанды 

комсомолы" газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре 

бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған 

"Көкмөлдір" деген жыры.

 

   



Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш 

ұруы


 1940 

жылы


 

Қарағанды

 

мұғалімдер институтына түсуінен 



басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері "Советтік Қарағанды", 

"Қарағанды комсомолы" газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, 

оқуын бітірген соң

 1942 


жылы "Советтік Қарағанды" газетіне қызметке 

келеді. Сол жылы әскерге алынып, соғысқа аттанады.

 

   1946 


жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын 

бұрынғы өзі істеген газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға 

барып, "Пионер", "Білім және еңбек" журналында, "Лениншіл жас" 

 

Туған  елінің  азаттығын,  тәуелсіздігін  аңсап, 

жарғақ  құлағы  жастыққа  тимеген ақын  әрі  ғалым 

Бүркіт Ысқақовтың туғанына биыл 90 жыл толып 

отыр.

 

 


газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін 

атқарады.

 

 1948 


жылы

 

Қазақ



 

мемлекеттік университетін

 

бітіріп,


  

Ғылым


 

Академиясының

 

аспиратурасына түседі.



 

Бүркіт Ысқақов саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырады. Айыптау 

үкіметінде

 

Ысқақовтың ертеректе "Жас қалам" үйірмесі мен "ЕСЕП



-

ке" 


(елін сүйген ерлер партиясы) қатысына қосымша, "Үндістан" деген 

өлеңді С.Сейфуллиннің "Азия", І.Жансүгіровтың

 

"Гималай" өлеңдеріне 



еліктеп жазғансың деп кінәлаған. Содан

 1951 


жылы жаппай қуғын

-

сүргін тұсында "Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр" деген жаламен 



жазықсыз жазаланып, 25 жылға бас еркінен айырылады. Сөйтіп 27 

жасар жігіт 30 жылдық жазаны арқалап кете барады.

 

   


Лагерьде, тозақ отының төрінде жер қазып, шаң жұтып, шаршап–

шалдығып, титықтап жүрсе де өлеңді қоймайды, өлең

-

жыр өңешінен 



түйдік

-

түйдік құйылды. Ол қазақ поэзиясында "Тұтқын жыры", 



"Лагерьдегі өлеңдер" деп аталатын поэзияның жаңа түрін бастады. 

Ұлы соғыстың оты мен суығынан аман оралған ақын қапаста көрген 

қайғы

-

қасіретін бүркемей, бүкіл үнімен шырқап жүрді. "Тас өзеннің 



ызғары" өлеңдер циклі оқырманның ойынан шыққан дүние. Ақылды 

ағамыз, академик М.Қаратаевтың "Ақындарымыздың абақтыда 

отырып жазған өлеңдері бізге жеткен жоқ, сол олқылықтың орнын 

олардың ақын ұрпағы –

 

Ысқақовты жырлары торлтырғандай. Оның 



бұл өлеңдерінен Сәкеннің сыры, Бейімбеттің мұңы, Ілиястың үні 

естілгендей болады" деуі тегін емес. Қапаста бес жыл қасірет шеккен 

Ысқақов

 

КСРО Жоғарғы сотының



 1956 

жылы 20 қарашадағы қаулысы 

бойынша толық ақталып, еркін өмірге оралды да, сүйікті кәсібін 

жалғастырды.        Журналистика, әдебиет, ғылым саласында жемісті

 

қызмет


 

атқарды. Қазақ СССР Ғылым Академиясының М.О.Ауезов 

атындағы әдебиет және өнер

 

институтында аға ғылыми қызметкер 



болып,

 1991 


жылы дүниеден өткенге шейін ұзақ жылдар еңбек етті. 

Ақынның шығармалары

 1938 

жылдан бастады. Тұңғыш өлеңдер 



жинағы –

 

"Сенің Отаның" 1958 жылы шықты. Қарағандылықтардың 



еңбектегі ерлігі жырланатын "Москваны

 

тыңдаймын", "Жылдар 



жырлайды", "Шабыт шуағы", "Әлемнің әлегі", "Өлеңді жылдар", 

"Шындық дауысы" атты поэзиялық жинақтардың, "Қазыналы 

Қарағанды", "Арқаның алып жүрегі", "Нұрлы Нұра бойында" көркем 

очерктердің авторы Б.Ысқақов аудармашы ретінде де белгілі.

 

Ол 


А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.В.Маяковский, И.Франко, Н.Хикмет, 

С.Вургун тағы да басқа авторлардың шығармаларын қазақ тіліне 

аудыруға қатысқан.

 

Ал, әдеби зерттеу саласында "Қазақ–татар әдеби байланысы", "Қазақ



-

башқұрт әдебиет қатынастары тарихынан" атты

 

монографиялардың 



авторы. Оның құрастыруымен "Орта Азия Қазақстанның ұлы 

ғалымдары" атты көлемді кітап жарық көрді.

 

Бүркіт Ысқақов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан 



соғысы орденінің, көптеген жауынгерлік медальдардың иегері болып, 

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Ақын Бүркіт Ысқақовтың  туған жеріне арнап өлең жолдарын тегін 



жырламаған. Заманында зарлап өткен, ауданымыздың жаны жайсаң, 

жүрегі дархан біртуар ұлдарының туған жері осы қара Нұра екенінің өзі 

бір мақтаныш емес пе...

 

Көкмөлдір



 

(үзінді)

 

Жағасында Нұраның

 

Жер бар,


 

Аты –


 

Көкмөлдір,

 

Болғанмен бірі жыраның,



 

Суы қандай мөп

-

мөлдір!


 

Бойы –


 

бітік бетеге,

 

Жасыл құрақ –



 

жағасы,


 

Төскейі –

 

гүл текемет,



 

Балдан тәтті ауасы.

 

 

Халық сүйген қарт Қайып



 

Осы жерде туыпты,

 

 

Ақын Сәкен жантайып, 

 

Суына бетін жуыпты.



 

Атам соны қоныс қып,

 

Мен де сонда туыппын,



 

Сонан маған ол ыстық,

 

Сондықтан ол сүйіктім!



 

Қарағанды мекенім

 

Қарағанды

 



 



ата

-

қоныс, мекенім,



 

 

Әлемге



 

әйгі кен ордасы екенің,

 

Елдігіңе, ерлігіңе жұрт риза,



 

Қайда


 

жүрсем, саған тағзым етемін.

 

Сарқылмайтын қазынасы көмірдің,



 

Жалын атты сенде де оты өмірдің.

 

Көркем көше, көрікті үйлер, көк мұржаң



Қайда


 

жүрсем, қуанышы көңілдің!

 

Сан жарыста оза шауып, ерледің,



 

Ешқашан да қолдан намыс бермедің,

 

Байқонырдан аттандырып ғарышқа



Құшаққа


 

алдың космостың да ерлерін.

 

Енді міне химия кеп араңа,



 

Ендірмекші сән

-

салтанат қалаңа,



 

Жүз өзгеріп, мың құбылған керемет,

 

Әкелмекші



 

ырыс


-

байлық далаңа.

 

Қарағанды



 

 



абзал алтын бесігім,

 

Кетсін тағы әлемге бір есімің,



 

Химиялық бұйымдарға –

 

жасыл жол!



 

Химияға –

 

кең ашылсын есігің!



 

 1951 

жылында


 

репрессияға

 

ұшырап


, 1956 

жылында ақталып шықты. 

Бүркіт Ысқақов 1991 жылдың қаңтар айында қайтыс болды. Егер 

ақынның қазір көзі тірі болса осы үстіміздегі жылдың қараша айында 

90 жасқа толады екен. Белгілі ғалым, ақиық ақын қашанда 

нұралықтардың есінде, туған елінің жүрегінде мәңгі сақталады.

 

Ұсынылатын

 

әдебиеттер тізімі:

 

Ұсынылатын

 

кітап болып басылған 

 

шығармалары:

 

Сенің Отаның. Өлеңдер. A.,

 

1959


Кішкентай театр. Мектеп сахнасына арналған пьеса. А.,1959;

 

Москваны тындаймын. Өлеңдер. 1962;



 

Өнерпаз болсаң... Өлеңдер. А., 1965;

 

Кішкен көмекші. Суретті кітапша. А., 1966;



 

Қарлығаштың құйрығы неге айыр. А., 1966;

 

Өлеңдер, балладалар, ертегілер. А., 1974;



 

Қазақ татар байланысы. Монография. A., 1976;

 

Жылдар жырлайды. Өлеңдер. А. 1979;



 

Шабыт


 

шуағы. Өлеңдер мен поэма А., 1984;

 

Жеткіншек. Өлеңдер мен дастандар. А., 1985.



 

 

Ысқақов, Б. Шабыт шуағы [Мәтін]: өлеңдер, поэма/ Б. Ысқақов.

-

Алматы: Жазушы, 



1984-

85 бет.


 

Ысқақов, Б. Жылдар жырлайды  [Мәтін]: өлеңдер/ Б. Ысқақов.

-

Алматы: 


Жазушы, 1979

-

107 бет.



 

 

Мерзімді басылым беттерінде жарық көрген шығармалар:



 

Ысқақов Б. Қайран/Нұра.1991.2 наурыз.

 

Өмірі

 

мен шығармашылығы туралы мақала, деректер:

 


 

Әскеев,М. Дарынды ақын/Нұра.1994.17 желтоқсан.

 

Ахметов, Д. Ақын, ғалым, азамат/Нұра.1999.3 қараша.



 

                                          *** 

Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов [электрондық ресурс].// 

интернетке кіру 



тәртібі: 

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D2%AF%D1%80%D0%BA%D1%96

%D1%82_%D0%98%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%B3%D0%B8%D0%

BC%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%AB%D1%81%D2%9B%D0%B0%

D2%9B%D0%BE%D0%B2 

Бүркіт Ысқақов туралы сөз [электрондық ресурс].// 

интернетке кіру 



тәртібі: 

http://conferences.neasmo.org.ua/ru/art/134 

 

Қарағанды



 

облысының әдеби өмірі [электрондық ресурс].// 

интернетке кіру тәртібі: 



 

http://oldsite.karlib.kz/saryarka/adebiet/akyndar.htm  

 

 

 



   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



Құрастырушы

Ақпараттық –



 

библиографиялық секторының

 

библиографы Жумабек 



А.К. 

 

 



 

Қарағанды

 

обл., Нұра ауданы,



 

Киевка кенті, Абай көшесі 37

 

Телефон/факс: 8 (721



-44) 21-2-07, 22-2-10, 22-7-20 

htpp://nuralib.kz 

E-mail: nura70@mail.ru 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет