Емделуде қолданылатын инновациялық технологиялар:
1. Хирургия және травматология:
* ЛОР патологияларды және травматологиялық ауруларды анықтау және емдеу кезінде
эндобейнехирургиялық операциялық кешен қолданылады.
* түтікті сүйектердің сынығын емдеу кезінде блоктаушы остеосинтез қолданылады.
Бұл үшін танымал германиялық «Карл-Шторц» фирмасының хирургиялық, травматологиялық
және отоларингологиялық аурулар кезінде науқастарды емдеуге арналған эндобейнехирургиялық
қондырғысы сатылып алынған.
2. Терапия: физиотерапевтік емдеуге арналған көпфункционалды аппаратуралар арсеналы
бар.
3. Анестезиология және реанимация:
* детоксикацияның экстракорпоральды әдістерін қолдану.
Бұл үшін жаңа тыныс алу және наркоз аппаратуралары сатылып алынған.
Кадрлық әлеует:
Медициналық ұйымда қызмет етеді:
* дәрігерлік қызметкерлер – 27 адам, оның ішінде 13 адам мына санаттарға ие:
жоғары санат – 6 адам;
1 біліктілік санаты – 4 адам;
2 біліктілік санаты – 3 адам;
* орта медициналық қызметкерлердің барлығы – 87 адам, оның 62-сінде мына санаттар бар:
жоғары санат – 40 адам;
бірінші санат – 13 адам;
екінші санат – 9 адам.
Өз функцияларын орындау үшін филиал қажетті кадрлық әлеуетке ие.
«АМТЖГ» АҚФ – «ЗТЖА» сайтында –
http://mst-zashita.kz/ – Сіз барлық қажетті
ақпаратты ала аласыз. Сонымен қатар, Сіз сайтымыздағы «Сұрақ-жауап» диалогтық терезесінде
тікелей мамандарға толғандырған сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Біз сіздер үшін ашықпыз! Сіздерді өз мекемемізде көруге қуаныштымыз.
Құрметпен, филиал әкімшілігі
ШҚО техникалық байқауы «Айгерим» ЖК ұтқыр желісінің
2015 жылға арналған кестесі
Елді мекен атауы
Тех. байқау өтетін аралық
Жұмыс режимі
Предгорное кенті
30.01-02.05.2015, 10.05-
13.05.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Уваров кенті
14.05.2015-17.05.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Прогресс кенті
18.05.2015-20.05.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
№1Предгорное кенті
21.05.2015-23.05.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Березовка ауылы
24.05.2015-31.05.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Предгорное кенті
12.06.2015-23.06.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
08.07.2015-30.07.2015, 01.08.2015-30.08.2015, 01.09.2015-
13.09.2015, 25.09.2015-30.10.2015, 29.11.2015-30.12.2015.
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Теректі АО
25.06.2015-28.06.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Боран АО
29.06.2015-02.07.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Қалжыр АО
03.07.2015-06.07.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Катонқарағай ауданы АО
15.09.2015-18.09.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Үлкен Нарын АО
19.09.2015-23.09.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Қ.Қайсенов кенті
03.05.2015-08.05.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Таврия АО
02.06.2015-10.06.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Риддер қаласы
03.11.2015-10.11.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Зайсан қаласы
13.11.2015-18.11.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Ақсуат АО
20. 11.2015-23.11.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Көкпекті АО
24.11.2015-27.11.2015
сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін
Күршім ауданы, Қайнар ауылының тумасы, Глубокое ауда-
ны, Бобровка ауылының тұрғыны, атамыз Төлеген Жұманқанұлы
НҰРҒАЛИЕВТЫ 75 жасқа толуымен құттықтаймыз!
Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар таудай сүйеніші,
немерелерінің абыздай ардақты атасы жеті асудың бел ортасы – 75 жасқа
толып отыр. Осынау мерейлі белесінде отағасына, әкемізге, атамызға
шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі болып ортамызда жүре
беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа толы болсын деп тілейміз.
Жетпіс бесің – жеті белес ортасы,
Асқар таудың сияқтанған жартасы.
Өсіп-өніп қанат жайсақ бүгін біз,
Әкелікті ақтай білген арқасы.
Құтты болсын жетпіс бестің белесі,
Тоқтамасын өмір-кештің кемесі.
Жамбылдайын жүз жасыңды көрейік,
Мерейтойлар тойлануымен келесі! – деген шынайы ақ тілегімізді
өзіңізге осынау атаулы күніңізде арнағымыз келеді.
Ізгі тілекпен: жиендері – Әйгерім, Айым, Айдана,
немерелері – Назира, Мунира, Рустам
Құттықтау
«Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ
бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Үржар ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «E-G-3»
(01-04) санаты - 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге
дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі
–
жоғары немесе ортадан
кейінгі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан
кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалдық міндеттері: әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс,
сондай-ақ, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша ҚР заңнамасын орындауды
ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды, олар-
ды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етеді,
жер қатынастарын
реттеуді жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде жер мәселелерін реттейді,
туысы жоқ адамдарды
жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп ұстауды ұйымдастырады,
мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді,
белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету үшін
жұмыстар ұйымдастырады, ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал
шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл
шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың),
пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының
(көмінділердің) жұмыс iстеуiне жәрдемдеседі.
2. «Үржар ауданының Бестерек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы,
«E-G-4» (01-05) санаты - 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 42047 теңгеден 58540 теңгеге
дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі не
орта техникалық немесе кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалдық міндеттері: өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет,
азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелері бо-
йынша Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз
етеді. Қоғамдық тәртіптің сақталуына, сарбаз тобының жұмысына жауапты. Өз құзыреті шегінде жер
қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. Ауылдық округтің жерлерінің игерілуіне ықпал етеді, шаруа
қожалықтарымен бірлесіп жұмыстар атқарады.
3.
«
Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, «Е-R-4» (01-01) са-
наты - 1бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56 375 теңгеден 76235 теңгеге
дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары. (жер кадастры, жерге
орналастырушы, ауылшаруашылық немесе жер саласында, геодезист-картограф және заңгер
мамандықтар). Ортадан кейінгі (жер кадастры, жерге орналастырушы, ауылшаруашылық немесе жер
саласында, геодезист-картограф және заңгер мамандықтар). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем
емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан
кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалдық міндеттері: жердің жылдық балансын шығару және оны санаттарға бөлу, жер
телімдерінің меншік иелеріне, жер пайдаланушыларға, алқаптарға бөлу және облыс басқармасына
есеп беру, шаруа қожалықтарына, заңды және жеке тұлғаларға ауылшаруашылық жерлерін беру
жөніндегі комиссиясы отырысының хаттамаларын жүргізу, пайдаланбай жатқан жер телімдерін иесіз
мүлік ретінде тіркеуге алу, жер телімдерінің паспортын беру, жерге орналастыру жобасын бекіту
бұйрығының жобасын дайындау. Кадрлық жұмысты жүргізу.
4.
«
Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, «Е-R-4» (05-1) санаты -
1бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56 375 теңгеден 76235 теңгеге
дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары. (педагогикалық,
журналистикалық, гуманитарлық) немесе ортадан кейінгі (педагогикалық, гуманитарлық). Мемлекеттік
қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына
сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда, ортадан кейінгі білімі
барларға рұқсат етіледі.
Функционалдық міндеттері: аудандық ақпарат құралдары жұмысын үйлестіру, «Қазақстан-
2050» Стратегиясы мен «Қазақстан-2030» даму Стратегиясы, Президенттің Қазақстан халқына арнаған
Жолдауын насихаттау ісі бойынша аудан мекемелері, ауылдық округ әкімдерімен байланыс жасау.
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, аудандық жастар кеңесі жұмысын үйлестіру. Бөлімнің
іс-құжаттарын жүргізу, құжат айналымды БЭҚАЖ түрінде жүргізу. 1- ОЛ бағдарламасымен жұмыс істеу,
түскен іс-құжаттарды тіркеу. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.
Жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан
Республикасыньң Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы»
Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы
қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-
2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі
суретпен 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотари-
алды түрде куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды түрде
куәландырылған көшірмелері; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы
23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы
21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Респу-
бликасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті орган белгілеген
шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта
арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оларды
әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Үржар ауданы әкімінің
аппаратында өтеді. Әңгімелесу өткізу рәсіміне байқаушылар мен сарапшылар қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдары
«Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде конкурс соңғы жарияланған мезеттен бастап 10 жұмыс күні
ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы,
122 үй, 110-бөлме.
Азаматтар осы аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электронды пошта
мекенжайына электронды түрде бере алады.
Құжаттарды электронды пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу
басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей береді.
Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өткізілетін жерге келу және кету, тұру және басқа да)
қатысушылар өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Анықтама телефондары: 8 (72230) 3-48-50, 3-48-47, факс 3-31-63, электронды пошта personal@
urzhar.vko.gov.kz.
Күршім ауданы, Игілік
ауылының тұрғыны, ардақты
әкеміз Әбділ ҚОРАБАЕВТЫ
60 жасқа толған мерейтойымен
құттықтаймыз!
Асқар тау әкем, бақытымсың, бағымсың,
Өмірдегі, төрімдегі тағымсың!
Құтты болсын алпыс жасың, жан әке,
Сағынышым, қуанышым, асқар шың.
Тілейміз біз таусылмайтын төзімді,
Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді.
Денсаулығың мықты болсын, жан әке,
Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді.
Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,
Тіршілікте сәттіліктер қолдасын.
Жанұямен мақтанамыз қашанда,
Арамызда Сіздей әке болғасын.
Ізгі тілекпен: зайыбы – Мунира,
қыздары – Рауан, Жазира, ұлдары –
Еділ, Жайық, күйеубаласы – Марат,
келіні – Рената, немерелері – Айдана,
Бексұлтан, Әділет, Гүлжанат, Дархан,
Шұғыла
Зайсан ауданы, Жалши ауылының тума-
сы, Өскемен қаласының тұрғыны Дүйсенбек
Әлікәрімұлы СҮЛЕЙМЕНОВТІ 25 қаңтарда 60 жасқа
толатын мерейтойымен құттықтаймыз!
Құтты болсын мерейлі туған күніңіз,
Естілсін тек қуанышты үніңіз.
Әрі ақылшы, әрі сүйеніш пана боп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Ізгі тілекпен: зайыбың, ұл-келініңіз, қыз-
күйеубалаларыңыз, немерелеріңіз, жиеніңіз
Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылының тұрғыны Айгүл
Сағдақызы БАЙСАЛҚАНОВАНЫ 50 жасқа толу
мерейтойымен құттықтаймыз!
Данамызсыз, ардақтымыз, жан ана,
Бұл ғаламның ең асылы сіз ғана.
Мерейтойың құтты болсын бүгінгі,
Шаттық тілеп құттықтайды бар балаң.
Бұл өмірде боласыз сіз тірегіміз,
Айтарымыз көп біздің тілегіміз.
Бала-шаға, немере, шөпшектермен,
Әрқашада бірге соқсын жүрегіңіз.
Көп болсын әлі-дағы асарыңыз,
Әкемізбен бірге алда жасарыңыз.
Ізгі тілекпен: құда-құдағиы, жұбайы – Амантай,
балалары – Айнұр, Фархат, Архат, Алмат, Нұрай,
күйеубаласы – Азат, немерелері – Жанали, Мадияр
Тарбағатай ауданы, Ақжар
ауылының тұрғыны Мұратхан
КУЖКАЕВТЫ 50 жасқа толуы-
мен құттықтаймыз!
Қорғаштап өмір дейтін сында бізді,
Жүрдіңіз еңкейтпестен тұлғаңызды.
Әкетай, дейміз сізге жүз жасаңыз,
Ақ тілек тағыңыз да жырдан ізгі!
Әлі де биік болсын жұлдызыңыз,
Арналған перзенттерден жыр-гүліміз.
Жүріңіз аман-есен ортамызда,
Тілейді соны бүгін ұл-қызыңыз!
Ізгі тілекпен: зайыбы – Сәуле,
балалары – Динара-Ерхат, Еркін,
Ермек-Бота, Әлішер, немересі –
Кәусар
сатылады
Ұйым Ақмола облысы, Бұлаңды ауданы, Макинск қаласынан және Ақмола облысы
Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылынан техникалық жарамды «Енисей» комбайндарын,
К-700, ХТЗ тракторларын сатады.
Байланыс телефондары Астана қаласында: 8(7172) 31-77-38, 31-84-01;
Макинск қаласында: 8(71646) 2-24-13, 79-200, 79-0-30;
Егіндікөл ауылында: 8(71642) 2-16-05.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ
сауда-саттық өткізетіндігін жариялайды
Kia Sorento автокөлігі, 2010 ж/ш, кузовы KNAKU811CA5079068, бастапқы бағасы –
2 056 772 (екі миллион елу алты мың жеті жүз жетпіс екі) теңге.
Сауда әдісі ағылшындық (бағаны көтеру).
Сауда
2015 жылғы 2 ақпанда сағат 10.00-де Өскемен қ., Жеңіс даңғылы, 6 мекенжа-
йында өтеді.
Саудаға қатысу жөніндегі өтінімдер хабарландыру жарияланған күннен бастап, Өскемен қ.,
Жеңіс даңғылы, 6 мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданып, саудаға бір
күн қалғанда аяқталады (демалыс және мейрам күндерінен басқа).
Саудаға қатысу үшін мүліктің бастапқы құнының 5 пайызы мөлшеріндегі кепілдік жарна-
ны саудаға 1 күн қалғанға дейін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның ШҚО бойынша
аймақтық филиалының мына ағымдағы шотына салу қажет:
е/ш № KZ 68319В010000333894, «БТА» АҚ филиалы, Өскемен қ., банктің БИК
SWIFTABKZKZKX, БИН 020541002220.
Сатып алу құны сатушы мен сатып алушының арасында сатып алу шарты жасалғаннан кейін
5 банктік күн ішінде төленуі керек.
Қосымша ақпарат алу үшін ШҚО, Өскемен қаласы, Жеңіс даңғылы, 6, мекенжайы бойынша
мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7232) 25-11-12, 8777-145-51-31.
Ұлы Жеңіске – 70 жыл
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
5
ДИДАР
№8 (17097)
21 қаңтар
арнау
Жоба
Тылда да, майданда да ЕРЕН ЕРЛІК көрсеткен
Өсімдіктің нілін ТАЛҒАЖУ ЕТКЕН кездері де болыпты
Атам жерленген БАУЫРЛАСТАР ЗИРАТЫН таптық
Қазақстандағы колхоздастыру кезінде «асыра
сілтеу болмасын, аша таяқ қалмасын» деген ұран
өрлеп тұрған 1928-1930 жылдары он шақты от-
басы Абыралыдан Семейге ауа көшіп, Шығысқа
бет алғанда, оның әкесі Әубәкір Семей қаласында
қайтыс болыпты. Ал шешесі Жәмилә бес жасар
мұны жетелеп, бір топ жерлес, туыстарымен Зы-
рян ауданына пароходпен бірнеше күн жол жүріп
жетіпті.
Соғыс ардагері, Катонқарағай ауда-
ны, Өрел ауылының тұрғыны Дөлден
Ауғанбаев - талай тауқымет тартқан жан.
Соғыс жылдарын, ескілік күндерді естелік
кітапқа да түсіріпті.
– Жан бағу қамымен шешем
орман шаруашылығына жұмысқа
орналасады. Соғыс жылдарында
оның жанындағы бір колхозда да
жұмыс істеген болуы керек. Мен
1933 жылы мектеп есігін ашыппын,
– деп бастады әңгімесін Баймұха-
мет С ағындықов. Ақсақалдың
әңгімесіне қарағанда, олар өмір
азабын бір кісідей тартқан көрі-
неді.
Бәкең 1941 жылы соғыс бастал-
ған күннен бастап-ақ оқуды тас-
тап, Зырян орман шаруашылы-
ғына жұмысқа орналасады. Ауыл
азаматтары майданға аттанған.
Олардың орнын әйелдер, қарттар
және ересек балалар басқан. Олар
қысы-жазы құрылысқа ағаш да-
йындайды. Қыста жазда дайын-
даған ағашты атпен сүйреп, мұз
үстіне үйіп, керекті жерге сал ғып
ағызады. Сол кезеңдерде бұғанасы
қатпаған жас бала пысып-қатып,
анасы Жәмиләмен бірге жан ая-
май еңбек етеді. Сөйтіп, 1942
жылы желтоқсан айының аяғында
жалғызбасты ана Жәмилә жалғыз
ұлы Баймұхаметті 17 жастан сәл
асқанда майданға ат тандыра-
ды. «Жалғызым, қайда жүрсең бір
Алла жар болсын, аман-сау орал!»
– деп, жылап-сықтап қала берген
екен.
Бәкең өзіндей бозбала жастар-
мен Өскеменге келіп, еліміздің ба-
тысы емес, шығысына бет түзейді.
Бір ж ы л дан аса Байка л со ғ ыс
округіне қарасты бөлімшеде сер-
жант тар дайындайтын курс тан
өтіп, әскери бөлімшеге қызметке
келеді. 1944-45 жылдары Ке-
ң е с Од а ғ ы Ж а п о н и я ғ а қ ар с ы
қуат ты әскери соғыс күшін шо-
ғырландырады. Кеңес Одағының
м а қс а т ы – Қ и ы р Ш ы ғ ы с т а ғ ы
қауіпсіздікті қамтамасыз ету еді.
С о н д а й қ а рул ы к ү ш т і ң қ ұ р а-
мында қазақстандық жауынгер
Баймұхамет те бар еді. 1945 жыл-
дың 9 тамызында кеңес жауын-
герлері Маньчжуриямен шекара-
да және Солт үстік Корея жаға-
лауын д а ор на ласқ ан К в ан т ун
армиясына құрылықтан, әуеден
және теңізден шабуыл жасайды.
Дөлден атам 1918 жылы қарапайым
шаруа отбасында дүниеге келіпті. Отан
алдындағы борышын өтеуге 1938 жылы
шақырылып, 22 жасында Украинаның
Житомир қаласының түбінде орналасқан
отрядпен соғысқа аттанады. Жеңісті күн-
дерге дейін Украинаның қалаларын жау
қолынан азат етіп, Германияның Гамбург
қаласына дейін барады. II дәрежелі Ұлы
О тан со ғысы орденінің иегері Дөлден
Ауғанбаев жеңісті Магдебург қаласында
қарсы алды.
«Тоғай іші. Тышқан аңдыған мысықтай
әр сыбысқа, әр қимылға елең деп жан-
жағымызға көз тігіп келеміз. Осындайда
жырақтағы ауылың есіңе түседі екен.
Бірер секунд ішінде жаудың оғы қарша
борап, бірталай жауынгерлер жараланып,
кейбіреуі сұлап-сұлап түсті. Көзімді ашсам,
қанды қырғынға ұшыраған адамдардың
арасында жатырмын. Айнала жым-жырт.
Тұрайын десем, тұра алмаймын. Жарала-
ныппын. Әлсізбін... Содан өсімдіктердің
нілін сорып, аш-жалаңаш тентіредім. Күн-
діз ж үру қ ауіп ті б олған дық тан, т үн де
жүремін. Жеті күн дегенде госпитальге жет-
тім».
Со ғыс жылдарындағы атамның бұл
естеліктерін немересі Қарлығаш Ауғанбаева
құрастырған «Бәйтерек» атты кітабынан
оқыдым. Атам соғыстан келгеннен кейін
көп жылдар мал бағады. Еңбегі ескеріліп,
көптеген марапаттарға ие болады. 1947
жылы апам Қамила Ұлтарақовамен шаңырақ
көтеріп, 5 қыз, 7 ұл тәрбиелеп өсіреді.
Отасқандарына 67 жыл болған атам мен апам
– немере-шөбере сүйіп отырған бақытты
жандар. Апам Қамила да – күн-түн демей,
жеңіс үшін еңбек еткен адам.
Атамдай ардагерлердің ерен ерліктерін
бүгінгі бейбіт елдің ұрпақтары ешқашан
ұмытпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |