ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)


II. Көшпелілерден де шатақ болғандардың шаруашылық



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

II. Көшпелілерден де шатақ болғандардың шаруашылық 
себептері 
Бірқатар  осы  күнгі  көшпелі  халықтың  шаруашылығына  «жетіктер»  Государственный 
Думада  «жиырмасыншы ғасырда көшіп жүру деген ұят» деген князъ  Уәлиевтің ақылсыз 
ойынан  әзір  асқан  жоқ.  Дұрысында,  әзір  күнге  халықтың  көшіп  жүруі  ұят  емес.  Оның 
көшуінің  себебінің  неден  екендігін  білмеу  ұят.  Білген  адамға  қазақтың  не  себептен 
көшетұғындығы таңқаларлық нәрсе емес. 
Осы күндері нағыз (еш жерде де тұрақтап отырмайтұғын) көшпелілер кем. Қазақ - қалмақ 
көшсе, тек малының жайына жұрт аударып көшпесе, көбісіне белгілі жазғы, қысқы, күзгі, 
көктемгі қоныстарында отырады. 
Қалмақ пен естектердің жерге отыра бастағанына 17-19 ғасырдан қарай қазақтар жаңада 
ғана жерге айнала бастады. Оның себебі жер өспей, халық өскендіктен деп қазақтар дұрыс 
айтады. 
Жер  бұрынғы  қалпында,  халық  күннен-күнге  өскендіктен,  шаруашылықтың  бөтен  түрін 
табуға тура келген. Ол түрі әрине, жерге отыру болған. 
Бұрынғы  кезде  жұрттың  жатақтыққа  қалып  алып  көрмеген  кезінде  жалғыз  кәсіп  -  мал 
өсіру,  көшпелілік  болған!  Қысқа  қарай  сақтаған  пішен,  шөбі  болмаған  соң,  қолындағы 
жайылым жердің аумағына қарай мал ұстаған. Өйткені, жайылымына малы шақ болмаса, 
қысты күні малы жұтап қала берген. Көшпелінің жандары 50 жылда екі  есе өсіп тұрған. 
Жан  өсе-өсе  жер  тарылып,  шаруасы  күйзелген  кезде,  көшпелі  халықтарға  шаруасын 
жөндеу үшін 3 түрлі жол болған: 1) Қонысының жерін жаулап, тартып алу; 2) Аз малымен 
күнелтуге көну; 3) Жерге отырып, отырықшылыққа айналу. 

30 
 
Бұрынғы  кезде  де  жерге,  малға  таласып,  көшпелілердің  өзді  -  өздерінің  ыңғай  жауласа 
беретіндігі осы реттен еді. 
Көшпелілердің  жауласуы  Азия  мен  Европаның  арасында  соңғы  2000  жылдардың  ішінде 
біраз өзгерістер жасады. Халықтарды бірден-бірге асырды. Толқындары Карпат, Франция, 
Испанияға  шейін  барды.  Осы  сықылды  аударыс,  төңкерістің  уақыттарында  көп  малдар 
қырылып,  жұрт  жұтқа  ұшырады.  Көп  рулар  малдан  айырылып,  кедей  жарлы  болды. 
Жаудан  жеңілген  рулар  малдан  айырылған  соң,  я  жеңген  рулардың  құлдығына  кетті,  я 
жерге айналып, жер кәсібімен күнелтті. 
Мәселе  осы  күндері  қазақтан  жерге  отырып,  жатақ  болғандардың  барлығы  да  аз 
аталықтардан. 
Кешегі  орыстардың  орамы  болып,  қазақ  жерлеріне  ішкі  Россиядан  орыстар  келгенше, 
қазақта жауынгершілік қалған жоқ. Орыс үкіметінің әдепкі қазақ жеріне қол сала бастаған 
кезінде  қазақты  бағындырып,  біреуге  жәрдемші  болғандар  қазақтың  оз  араларынан 
шыққан,  жерленген  жатақтар  болды.  Орысқа  бағынғаннан  кейін  қазақ  даласында 
жаугершіліктер қойылды. Жұрт иелене бастады. Уезд - уезд, ауылнай, болыстарға бөлінді, 
жік  ашылды.  Бірақ,  көшпелі  тұрмыстарға  бүл  жіктердің  дін  қолайы  жоқ  болды.  Шу  деп 
жер ала бастағанда, жақсы жерлерді ұстап қалған қазақтың байлары, атқамінерлері оларға 
оған  ол  кездегі  хүкіметте  жәрдем  болды.  Осының  арқасында  қазақ  ішінде  жерсіз 
жүргендер  де  болды.  Жері  жоқ  жандар  әсіресе,  Ертіс  пен  Оралдың  сол  жақтарын  алды. 
Қазақтарға  алып  бергеннен  кейін  көбейді.  Осы  ретпен  ХІХ-ХХ  ғасырдағы  қазақ  жерін 
орысқа ала бастаған кездерде коп жандар жерсіз қалды. 
Ол  кездерде  де  әсіресе  коп  зәбір  шеккен  -  көшпелілер,  өйткені,  жерінен  айырылған 
отырықшылар  да  көшпелінің  жайлаулық  жеріне  қол  салды.  Жер  жетпеген  келімсектерге 
де  хүкімет  көшпелілердің  артық  жерінен  берді,  жер  азайған  соң,  көшпелілер  малды  көп 
алмады.  Сонымен  соңғы  жылдары  мал  да  азайды.  Жиі-жиі  мал  жұты  да  бола  бастады. 
Бұрын  зор  жұттар  13  жылда  бір  болушы  еді.  Енді  3  жыл  сайын  болып  турды.  Сөйтіп, 
малдан  айырылған  көшпелілердің  бірте-бірте  аяғы  қысқарды.  Көше  де  алмай,  иеленіп 
отыруға  жер  де  табылмай,  ақырында  бұрынғы  отырғандарға  қонақ  есебінде  ғана  болып 
отырды.  Орныққан  жатақ  байларына  арзан  жұмысқа  жалданды.  Сонымен,  жерсіз 
шұбырынды  болып  жүргендер  ел  ішінде  осы  күні  10  %  -  дей  бар,  барлығы  500.000 
шамасында.  Жалғыз  малдан  айырылған  көшпелілерді  ғана  емес,  келімсек  орыс  байлары 
жатақ  жарлыларын  да  жұмысқа  салды.  Сол  сықылды  жерсіз,  малсыз  кісінің  жұмысында 
жүрген жарлылар һәр  районда 20-35%,  Ілбышын  уезінде 7  % - тей бар. Осы ретпен бір-
бірден  барлығы  да  бір  түрдегі  көшпелі  қазақ  халқы  тұрмыстарын  өзгертті.  Бай,  жарлы 
таптарға  бөлінді.  Әрине,  мұның  барлығының  түпкі  себептері  -  хүкіметтің  қазақ  жерін 
отарға айналдырғандығы еді. 
III. Көшпелілерді жерге орналастыру жайы 
Түркістан  һәм  Қазақстан  халықтарының  біз  өзіміз  жерге  орналасып  болғанша,  жеріміз 
алынбас деген тілектері,  орынға халықтардың өзін-өзі  басқарушылық көзімен қарағанда, 
кімге  де  болса  түсінікті  шығар  десең  де,  әлі  күнге  дейін  оған  қарсылар  табылады. 
Баяғыдай  «Түркістан  мен  Қазақстанда  бос  жер  коп,  алу  керек,  алынсын»  деген  тілектер 
әзір  қалған  жоқ.  Бүл  тілектер  бұрынғы  отаршылдардан  қалған,  құйрықтарынан  болмаса, 
билеп қалған ұлттардың ұрпақтарынан шыққан сөз екенін ойлайтұғын уақыт жетті. 
Бұрын  келімсектердің  бөлімі  Украина  мен  Белоруссиядан  шыққандар  еді.  Енді  қайта 
бұрынғы  келгендердің  қайтқысы  келмесе,  ол  жерлерден  қазақ  жеріне  келемін  деушілер 
жоқ. Бұрын келімсектер ішкі Россиядан да коп шығатұғын еді. Енді Россияның бұрынғы 
жерсіз  һәм  аз  жерлі  крестьяндары  помещиктердің  жерін  алып,  молайды.  Соның  үшін  де 

31 
 
енді  оларға  жер  керек  емес.  Жер  саймандары,  жұмыс  көліктері  һәм  тұқым  керек.  Өз 
жерлерін  тастап,  қазақтың  шығымы  аз,  сорттап  татыр  жерлеріне  келетұғын  ол  жақтан 
ешкім де жоқ. 
Алдағы  15-25  жылдардың  шамасында  ішкі  Россиядан  қазақ  жеріне  көп-көп  крестьяндар 
бара  қояды  екен  деп,  оларға  жер  бөлемін  деп  бұрынғы  автономиялы  халықтардың 
құқықтарына  зорлық  қылуға  жарамайды.  Қазақтың  қолындағы  жерлері  әуелі  өздеріне 
жетпей отыр. Аз жерлі, жерсіз жүргендер олардың араларында өте көп. Әуелі өздері жерге 
жайласып орындалып алсын. 
Соңғы ескерерлік нәрсе, қазақ даласы темір жолы қалалы жерден жырақта болғандықтан, 
елдегі  өлі  -  шикі  заңдар  пайдаға  асырылынбай  жатыр.  Енді  оның  үстіне,  тек  жерге  бола 
сонша  алысқа  тағы  да  қолдан  халық  жіберіп,  пайдаға  аспайтұғын  заттарды  көбейткізіп 
керегі жоқ. 
Кіндік үкіметтің өзіне де һәм көшпелілерге де пайда келтіретұғын іс - бұрынғы келімсек 
орыстарға  көшпелілердің  жерін  алып  беру  саясатын  токтатып,  қайта  көшпелілердің 
шаруасына  жәрдем  көрсету  керек.  Ол  үшін  көшпелі  халықтың  тері-терсек,  жүн  жабағы 
сықылды шикі заттарын фабрика, заводтарға жеңіл жеткізіп беріп, болмаса орын орынның 
өзінде істеп, тіршілікке асыратұғын ретін істеу керек. Ондай ауыр жұмысқа керек тамақ, 
әр  жұмыскер  һәм  көлік  қазақтың  өзінен  де  табылады.  Тек  бірлі  -  жарым  басқаратұғын 
битуғандар болса болғаны. 
Асылы, сірә, қазаққа жәрдем қылу үшін қазақты жерге орналастырып, артық жеріне орыс 
алып келу емес. Қазақтың темір жол жүргізіп, ортасына кәсіп орындарын орнату: Үлкен 
кәсіпорындарында  қазақ  арасындағы  жарлы-жақыбайларға  бір  жағынан  жұмыс  табылса, 
екінші жағынан, олардың бірігіп бас құрып өздерінің бай билеріне қарсы тұруына құрал 
болады. Соның үшін де қазаққа жәрдем, қазақты жерге орналастыру жұмыстары алдымен 
оларды кәсіпке үйретіп, шаруашылығын жөндеуден басталуы керек. Оның үшін қазақтың 
тұрмысын,  тіршілігін,  жер  суының  шегін  қай  жағынан  да  қарап,  толық  тексеріп,  біліп 
қалай істі бастап апару пландарын жасап алу қажет. 
План  жасап  алудың  қазірде  артық  қиындығы  жоқ.  Өйткені,  орын  -  орынның  кейбір 
жұмыскерінің  ол  туралы  бастап  жүргендері  бар.  Үкіметтің  міндеті  -  тек  сондайларға 
жәрдем көрсету. 
Көшпелілердің тұрмыстарын тексергендегі еске алатұғын нәрсе: 1) Көшпелілерді бұрынғы 
көшпелілік  тұрмыстарын  қалдырмауының  түпкі  себебі  не  екен  һәм  оның  өздеріне, 
болмаса мемлекетке қандай пайдасы бар екен? 
2) Сол көшпелі тұрмысты дұрыстау үшін не істеу керек? Көшпелілердің тұрмысын бөтен 
ретпен  біліп,  жәрдем  көрсетеміз.  Болмаса  олардың  шаруашылығын  бөтен  түрге  (әлгідей 
қылмастан)  бұрын  саламыз  деу  ретсіз.  Отаршылдық халықтың қамын  ойламағандық.  Ол 
реттен көшпелілердің көретұғын кемдігі коп: 
1) Орнығып кеңселерде отырған отырықшылардан кеміс болады; 
2) Көшіп жүре алмайды, жерінен айырылады; 
3) Шаруашылығына мәдени түр кіргізе алмайды. 
Ең  әуелі  "ХХ  -  ғасырда  көшіп  жүруді  қою  керек"  деген  құрғақ,  жел  сөзді  қою  керек, 
Америка  мен  Австралиядағы  көп  мал  өсірушілердің  де  шаруашылық  түрінің  қазақтан 
артық жері шамалы. 

32 
 
Өздерінің  отырықшы  ағайындары  да  орыстың  крестьяндарында  көшпелілер  жетектеу 
келеді.  Оның  үстіне  осы  күні  әлсіреп  тұрғаны  болмаса,  көшпелі  халықтар  бұрынғы  кіл 
жауынгерлердің ұрпағы. 
Көшпелілердің отырықшылардан көрі  Еуропаша оқығандарының аздығы, олардың оқуға 
салқын  қараған  талаптарының  жоқтықтарынан  емес.  Тұрмыстарының  ретінен,  егерде 
жоғарғы һәм орта дәрежелі шаруашылық школдарын көшпелілердің тұрмысына лайықтап 
орнатып  көшпелілердің  балалары  оқитұғын  қылса,  олардан  өте  жақсы  оқығандар  шығар 
еді. Көшпелі тұрмысты таза жолға салып, түзеушілер солар болар еді. 
Егер де көшпелі халықтың ортасына келіп, орнатып жер шаруашылығын жөндеген кезде 
де,  барлық  жерінің  10%-бен  артығын  өңдей  алмастай,  сондай  болған  соң,  қазақ  онымен 
тағы  да  тегіс  күнелте  алмайды.  Онан  да  көшпелі  жүріп,  бетінше  мал  өсіруіне  пайдалы. 
Сондықтан, қазіргі көшпелі тұрмыс қайта керек, оған жерін алып зәбір салуға жарамайды. 
Ол болмасын үшін істейтұғындар: 
1. Көшпелілердің жерін азайтпау; 2. Көшпелілердің жерінде шөп сақтаудың қамын қылу; 
3. Қысқа шөп шауып алуының ретін істеу. 
Жеті көшпелі халқы бар жерлерде түпкілікті істейтұғын нәрселер: 
1.  Жалпы  жер  реттеу  жұмыстарының  ереже  пландары,  су  шығару  жұмыстары,  жер 
бөлігінің шамасы. Кімде-кімге жер беру жұмысы қай автономиялы республикада болса да, 
орнығып көшпелі - отырықшы халықтарынан хабарсыз істелмесін. 
2.  Жер  жұмыстарын  шешуге  көшпелілер  уәкілдері  жалпы  жиылыстарында  сайланатын 
болсын  һәм  сондай  жиылыстарда  алдағы  қаралуға  тұрған  жер  жұмыстарын  жер 
комиссарлығының өкілдері барып баяндасын. 
3. Орнығы отырықшы һәм көшпелілердің жер жұмыстарына көзқарастарын біріктіру үшін 
екеулерінің  жиылыстарда  бір  жерде  істеп,  жер  жұмысы  қайткенде  дұрыс  шешілетіндігі 
тегіс тексеріліп өтілсін. 
4.  Жер  мөлшері  талассыз  бөлінуі  үшін  отырықшы  халық  бар  жерлерде  әуелі  отырықшы 
халықтардың  есептері  алынып,  олардың  өздерінен  артылған  жерге  ғана  келімсектер 
жіберілсін. 
5.  Бұрынғы  отырықшыларға  тиісті  жер  мөлшерленіп  берілгеннен  қалғаны  таратылып 
берілсін;  1)  бұрынғылармен  бірдей  шамасында  қонақтарға  берілсін,  2)  көшпелілерден 
отырып  қалушылар  үшін  қалдырылсын,  3)  көшпелілерге  шөп  зәру  берілетұғын  пішен 
әзірлейтін  шабындыққа  қалдырылсын,  4)  көшпелілерге  егіндікке,  5)  көшпелілерге 
жайлауға қалсын. 
6.  5, 4, 3, 2, 1 бөлімдердегі  айтылған жерлердің барлығы да шаруашылығын сақтау үшін 
көшпелілердің  пайдасында  болады.  Көшпелілікті  қосып  отырып  қалғандар  болса,  алған 
жерлерінде отырып қалады. 
7. Көшпелілердің жазғы жайлауларында құдық қазылып қойылсын. 
8. Көшпелілердің жүретін жолдарында құдық қаралсын. 
9.  Жарты  көшпелі  жерлерде  шөп  болмаған  жылдары,  тарығып  қалмау  үшін  өз  алдына 
жайылым болып қою керек. 

33 
 
10.  Жер  реттеу  жұмысына  толық  кіріскенге  шейін  осы  көктемнен  бастап  істеп  қоятын: 
жер-жердегі  көшпелі  отырықшылардың  есебін  алу,  оларды  орындау  үшін  керек  жердің 
шамасын білу, оларға керек кезінде пішен, шөп жәрдемін көрсететін ретті істеу. 
11.  Көшпелілердің  қыстау,  жайлау  һәм  көшетін  жерлерін  тексеру  үшін  өз  алдына 
экспедициясына шықсын. 
12.  Ішкі  Россияның  мал  шаруасын  оңалту  көшпелі  халықтардан  жәрдемсіз  болмайтұғын 
болған соң, көшпелілердің тұрмысын жеңілдетуге Кіндік хүкімет тегіс көзін салсын. 
Бұл жұмыстар федеральный комитеттің ісінің ішіндегі ең еңбектісі деп саналсын. 
Ағарту бөлімі 
ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ АРАСЫНДА ХАЛЫҚ АҒАРТУ 
ЖҰМЫСЫ 
Әр  халықтың  оқу  жұмысы,  тәрбие  жолы  жұртшылығына,  мемлекет  билеу  түріне 
байланысқан.  Мектеп  жұмысы  сол  жұрттың  жұртшылық  һәм  мемлекет  билеу  түрі  керек 
қылғандай жүргізіледі. 
Халық  -  ағарту  жұмысына  иірмеші  бола  аларлық  күштер  -  жұртшылық  пен  мемлекет 
билеу түрі. 
Өнер  -  білім  жұртшылық  -  тіршілік  керек  қылғаннан  пайда  болмақ.  һәм  бар  мәдениет 
дәуірінің  өзіне  лайықты,  тіршілігіне  керекті  түрде  бол  мак.  Әр  мәдениет  дәуірі  шаруа 
түріне  қарап  бағаланса,  жұрттың  жұртшылығы  шаруа  жүзінде  күштілердің  үстемдігіне 
айналатын болса, халық - ағарту жөнін, тәрбие жолын мектептердің түрін күр  «мынадай 
бола қойсын» деп, ерігіп отырып шеше салуға болмайды. 
Бүл айтылған ереже қай халықтың да болса, халық ағарту жұмысына баға беріп, алдыңғы 
жөнін белгілеуде ескерілуге міндет. һәм бұл мәселенің ең қисыны осы жерінде. Әсіресе, 
бұрын мектебі болып көрмеген, халық - ағарту жұмысында тәжірибесі кем, оқу жұмысын 
жалпы ұлттың керегі қылып, революция жасынан бері қарай ғана кезекке қойып отырған 
қырғыз-қазақ  халқының  халық  -  ағарту  жолын,  мектептері  түрін  белгілей  салу  айрықша 
қиын. 
Бірақ,  өзгерістің  берген  жақсылықтарының  ішінде  артықша  қадірлісі  -  еркіндіктің  түп 
қазығы.  Жұртшылықтың  тірегі,  жұрт  кеңестері  хүкіметінің  арқа  сүйеуі,  бар  болған 
жақсылықтар баянды болып, бәлки келесіде мұнан да жақсы болады деген үмітті жарыққа 
шығаруға  себеп  болатын,  халық  -  ағарту,  оқу,  тәрбие  жұмысы  һәм  осы  жағынан  қолға 
толық кіріп отырған еркіндік. 
Сондықтан,  жөнді  белгілеп,  жолды  салып  бітті.  Түзеп  -  тергеп  халық  ағарту  жұмысын 
күшейтуіміз  керек.  Қырғыз-қазақ  халқының  мектеп  мәселесі  тез  арада  түзу  шешіліп, 
жөндеп іске асуы керек. 
Көп үстіртін мырзалар бүл мәселені біз қойған түрде керек қылмайды да. 
«Баяғыдан  бері  пәленше  жандар  некесіз  -  ақ  тұрып  жүр  едік,  енді  неке  деген  бір  неме 
шығыпты»  деген  қатындай,  «ақ  жол  демей-ақ,  ұлт  мектебі  демей-ақ,  молда  болып  едік» 
дейтін  жолдастар  табылар.  «Сайрап  жатқан  коммунизм  жолы  бар,  партия  мектебінің 
жобасы бар, тағы не керек?» деп, сол аяғын сілтіп басып шығатындар да болар. 

34 
 
«Орысша тіл болмаса, еш пайдаға аспады. Мұсылманша молдаңыз алашқа пайдаң тимесе, 
өз басыңды қорғаңыз» деген насихатты ұстап, қатып қалған мырзалар да аз емес. 
Әркімнен  әртүрлі  сөз  шығар,  соның  барлығы  мектеп  мәселесі  қырғыз-қазақ  арасында 
бұрын кезекке қойылмағанын һәм ешуақытта бір жақты болып шешілмегенін көрсетеді. 
Мәселенің  қиын  жері  һәм  елден  ерек  қисынсыз  уақытта  бүл  мәселені  кезекке  қойып 
отыруға  себеп:  басқа  халықтардың  бұрын  жаманды,  жақсылы  мектептері  болған. 
Революция  дәуірінде  ол  мектептер  жөнделіп,  жолын  белгілеп,  бетін  түзеп  ілгері  басып 
бара  жатыр.  Тәрбиешілердің  идеалы  адамды  әр  жағынан  тәрбиелі  шын  адам  қылып, 
тәрбие  -  білім  беретін  бір  жөнді  еңбек  мектептері  әлі  қай  жұртта  болса  да,  жарыққа 
шыққан жоқ. Бірақ, басқа жұрттың мектептерінің барар жөні белгілі, тұрған жері белгілі, 
кезекті  істері  белгілі.  Олар  да  бұрыннан  ұлт  мектептері  болған,  өткен  тәжірибелері  бар. 
Қай кемшілігін қалай өзгертіп, жөнді бір еңбек мектептеріне қалай жететінін, қай жолмен 
еңбек,  интернационалды  мәдениетіне  жететінін  олар  белгілеуі  һәм  шет  пұшпақтап  іске 
асыра бастауы мүмкін. 
Қырғыз-қазақ арасында жалпы жұртқа арналған ұлт мектебі болмаған, бет-аузы белгіленіп 
болып та көрген емес. һәм оқу жұмысында барар жеріміз көпке бірдей идеал - ақ болсын. 
Тұрған жеріміз дайынсыз. Кезекті  істеріміз белгісіз. Сондықтан, оқу  мәселесінде көбіміз 
де  қыбыртыққа  мәз  болып,  жанамалап  жауып  айдалаға  айқайлап  жүргендей  болып 
көрінеміз.  «Коммунизм»  қолға  кірсе,  оған  не  жетсін.  Мәдениеттің  ең  жоғарғы  түрі  - 
интернационал  мәдениеті  екеніне  кім  талассын.  Бірақ,  сол  мәдениетке  жеткізетін 
мәдениет ошақтары болмаса, жаман болса, жалпы жұрттың қолы жетерлік ұлт мектептері 
болмаса,  «бүл  жақсылықтардың»  молдалардың  уәде  қылған  «пейішінен»  несі  артық? 
Қырғыз-қазақ еңбекшілеріне тіршілік жүзінде мәнісі болмайтыны анық. 
Сондықтан, өзгеріс дәуірінде артта қалмай, басқа ұлттардың еңбекшілерімен бірге көптің 
арманы, жалпы теңдікке адамгершілік пен қатардан қалмай, мәдениет арқылы жетуге де 
мәселені осы жағынан шешуге де, халық ағарту жолын белгілеу керек. Мектеп мәселесін 
шешу  керек.  Тұрған  қалпымыздың  тіршілікке  айқын  таңбасын  түсіру  керек.  Мектеп 
жұртшылықтың тұрмыстық көзге көрінетін таңбасы. 
Түркістан Республикасының колонизаторлық боқтығынан тазаланып, шын еңбек үстемдігі 
орнаған,  кеңестер  мемлекеті  болуы,  әр  ұлттың  мәдениет  жүзінде  теңдікте  болуына,  ұлт 
мектептері  тең  жасалуына  байланысқан,  бір  жұрттың  жұрт  болып  сақталуы, 
жұртшылығын сақтай алуы, ана тіліне ие болып, ұлт мәдениеті арқылы, ұлттар теңдігіне, 
ұлттар бірлігіне жетуі ұлт мектептеріне байланысқан. Сондықтан, қырғыз-қазақ халқының 
жалпы  қара  бұқарасына  ең  керекті  -  ұлт  мектебі.  Бір  мектепте  оқу  белгілі  бір  ұлттың 
тілімен жүргізілсе, ол мектеп - сол ұлттың мектебі деп саналады. Сондықтан, ұлт мектебі 
дегенде,  біз  айрықша  оқыту  тілін  көздеп  айтып  отырмыз.  Қырғыз-қазақ  халқының  бір 
заманда қолы жетіп, бір жөнді еңбек мектептері бола қалса, солардың барлығында оқыту 
тілі  ана  тілі  болуы  міндет.  Әзірде,  қырғыз-қазақ  халқының  ең  болмағанда  бастауыш 
мектептері  ана  тілінде  болуы  керек.  һәм  саны  жеткілікті  болуы  керек.  Қырғыз-қазақ 
еңбекшілерінің  балалары  тегіс  әуелі  ана  тілі  мектептерінде  тәрбие  алуы  тиіс.  Мезгілсіз 
жат тілге байланып, мін қата болып, сорлағаны дұрыс емес. Білім тілде емес түсініктерде. 
Тәрбие орысша шүлдірде емес, жақсылыққа жаттығуда. Бұлар жас балаға ана тілінде ұлт 
мектебінде  табылады,  басқа  жерден  табылмайды.  Табылса  да,  дақмат  түседі.  Жат  тіл  - 
тәрбие ісіне пайдасыз. Түсінуге ыңғайсыз, құр жол бөгеу. Осы айтылғандардың барлығы 
қырғыз-қазақ  арасында  халық  ағарту  жұмысының  ең  бірінші  кезектегісі.  Ең  үлкені  - 
бастауыш  ұлт  мектебін  жасау.  Жөндеп  жасау,  жеткілікті  қылып  жасау.  һәм  жас  балалар 
ұлт  мектептерінен  аңдап  өтіп,  жат  тілге  түсіп  сарсаң  болмайтын  қылу  дегендей 
түсіндіруге жеткілікті болса керек. Мектептің ішкі сырларын, тұтқан тәрбие жолын, саяси 

35 
 
бет-аузын  кейінгі  мақаламызға  қалдырып,  енді  халық  -  ағарту  жұмысының  басқа  жағын 
тексеріп, қырғыз-қазақ халқына ыңғайластырып көрейік. Жоғарыда айтып кеттік: мектеп - 
тұрмыстың  таңбасы:  оқу  жұмысы  әр  жұрттың  өзіне  лайықты,  тіршілігіне  керекті  түрде 
болмақ. 
Қырғыз-қазақ  халқының  шаруа  тұрмысы  төменгі  дәрежеде  болғандықтан,  кәсіпшілік 
тәрбиесі  һәм  шаруа  ғылымдарының  білгіштері  жалпы  жұрттың  тұрмысына  бүл  күнге 
дейін керегі аз болып келді. Сондықтан, басқа әрекеті болмай оқығандары бар болғанда, 
тілмаш болып, оқуының арқасында, жұрттан артық боламын деп жұрттан озған арамқор - 
бұзықтар  болып  келді.  Бүл  жат  жұрттың  мектебін  жақындатып,  өзінікі  қылып,  қырғыз  - 
қазақ халқының тіршілігінен алып барып, басып отырған жұртшылық таңбасы еді. Сөйтіп, 
ұлт мектебі жоғында қырғыз - қазақ арасында мәдениеттің ұраны, жұртшылықтың талабы 
- тілмаштық, арамқорлық болғандай болып көрінеді. 
Бұл  бір  жағынан,  көңілге  ауыр  тиетін  сөз.  Бірақ,  басқа  түрлі  шешуі  жоқ.  Бәлки,  осы 
өзгеріс  заманында  да,  күн  қайтып  қалпына  барып,  кешегі  тілмаштардан  өзгеріп  шығып, 
отырған  жұрт  адамдарынан  жаман  істер  шыға  беруінің  шешуі  осы  айтылғандар  болса 
керек. 
Түркістан  қырғыз-қазағын  1916-ы  жылдан  1919-ы  жылға  дейін  үзілмей  болып  өткен 
талан-тараж, ашаршылық һәм «басқа балеметтер» айрықша күйзелтіп кетіп, көбісін шаруа 
жағынан  жерге  қаратып  кеткен  есебінде.  Сондықтан,  біздің  мектебіміз  жоқ. 
Интернатымыз бар. Мұғаліміміз жоқ. Кітабымыз жоқ. Жиналып қалған, басқа барар жері 
жоқ. Жетім балаларымыз бар. 
Сондықтан,  біздің  зауытымыз  жоқ.  Фабрикамыз  жоқ.  Жалдаушымыз  жоқ. 
Жалшыларымыз бар. 
Сол  себепті  бастауыш  мектеп  мәселесімен  қатар,  біз  кәсіпшілік  мектептерді  де,  шаруа 
ғалымдарын үйрететін мектептерді де ескеруіміз керек. 
Шаруасы  күйзелген  жұрт  тез  жөнделіп  кетуіне  өзі  шаруа  жөнінде  артта  болса  да,  басқа 
шаруа  мәдениеті  жоғары  жұртқа  жемтік  болып  жетегіне  еруге,  тіршілік  міндетін  қылып 
отырған  қырғыз  -  қазақ  жұрты  тез  қатарға  алынып  кетуіне,  кәсіпшілік  оқуы,  шаруа 
ғылымын  білгіштік  айрықша  керек.  Сондықтан,  есебі  табылып,  топ  тіршілігі  мүмкін 
орындарда мектептермен катар жалпы хат танытуды жүргізу керек. 
Тіршілік сығып тудырып отырған, жарлы - жалшыларды тегіс хат танытып, көңілі болған 
жарамдыларын кәсіпшілер өнеріне, кәсіпшілік оқуына кіргізу керек. 
Тағы кайта айтатынымыз - мәдениеттің түп қазығы, жұртшылықтың тірегі, бостандықтың 
шын  құралы  -  бастауыш  мектеп.  Қырғыз-қазақтың  ана  тіліндегі  ұлт  мектебі.  Халық  - 
ағарту мәселесінің негізінде бастауыш мектеп мәселесінде осыны ұмытпау керек. 
Басқа халық ағарту жұмыстары да бастауыш мектепсіз орындалмақ емес. 
ОҚУДЫҢ ҚЫМБАТТЫҒЫ 
Адам баласының қысқа өмірі оқуда һәм оқытуда өтеді. 
Кісі  я,  өзі  үйренеді,  болмаса  біреуді  үйретеді  -  мағынасы.  Ойлап  тұрсақ,  осыған  келіп 
тоқтайды. 

36 
 
Мектепте оқыған өнер-білімін тіршілікте көрген үлгілер ақыл қылып тоқты беру һәм өзі 
басқаларға  білгенін  үйретіп,  өнеге  беру  тірі  адамның  құтыла  алмайтын,  еріксіз  төлейтін 
міндетті қарызы сияқты. 
Өмірдің  мағынасы  осы  деп  ұғынған  кісі  өнер-білім  керек  емес  деп  таласпағанмен  де, 
білімділік  пен  білімсіздіктің  айырмасын,  білімнің  қандай  екендігін  баяндап,  надан 
соқырға таяқ ұстатқандай қылуды міндет көреміз.  
Адам  баласының  малдан  айрықша  артық  жері  -  алға  баса  беру,  жоғарылай  беру  деп 
білеміз. 
Баяғы  заманда  Рим,  Греция  мемлекеттерінде  болып  өткен  жылқыны  алсақ,  осы  күнгі 
өзіміз мініп, түсіп жүрген аттардан ешбір айырмасы болмаса керек. 
Ал, адам баласының ақылының жоғарылауы, өнер-білім мәдениетін арттыра беру ынтасы 
ешқашан  да  басылмас  болар.  Адам  баласы  алыстан  көздеген  ниетіне  жетіп  алмауында. 
Оған  шынымен  деп  талпына  беруінде  қоймас  болар.  Мақсұттың  талпынысы  осылай 
болмақшы: 
Хайуанға  қарағанда,  адам  баласының  миының,  ақылының  толықтығын,  жоғарылығын, 
әсіресе, артқы екі аяғымен тіп-тіке, жаншып түрегеліп екі қолын босанып, саусақтарының 
осыншама ыңғайлы, епті шебер болып жаралуын тілменен айтып, қолмен жазып жеткізуге 
болмайды... Адам баласының малдан айрықша жері осы. 
Осы  кезде  дүниенің  бір  шеті  мен  бір  шеті  сымды,  сымсыз  телеграммдар  арқылы 
хабарласып,  жансыз  нәрсені  жүйрік  аттай  шаптырып  (темір  жол,  автомобиль)  үлкендігі 
сондай  судан  шыққан  күн  суға  бататын,  ұшы-қиыры  жоқ  далада  теңіздердің  суының 
астымен  де,  үстімен  де  жол  шегіп  (кеме,  сүңгуір  қайықтар)  құс  болып  көкке  ұшқан 
(айырплан) адам басы «енді бізге басқа еш нәрсе керек емес» деп айта ма?! 
Қазір  әділдің  негізіне  төңкеріс  жасап,  еңбекшілер  хүкіметін  алақанымызға  салып 
отырмыз. 
Анархистер  ешбір  хүкімет  болуға  тиіс  емес,  теңдік  туысқандық  адамгершілік  заман 
алдымызда. Азамат үкімет үшін болуға керек деп жүрген жоқ па? 
Тазалыққа, адамгершілікке келгенде Толстойдың қиялдарынан тәнті пікір бар ма? 
Өткен  бір  заманда  адам  баласы  осы  күнгі  басындағы  дәрежеге  жетсе  екен  деп  соны  да 
мақсат қылған жоқ па? Ал осы күніне адам баласы риза ма? 
Келер  заманда  Карл  Маркстің  оқуы  ескіріп,  Толстой,  Курапаткин  сияқты  данышпанның 
оқуы майданға шығып кетуі тіпті мүмкін емес деп кім кепіл бола алады? 
Бұл  айтқаннан  адам  баласының  алдағыға  көзінің  кәміл  жетпегендігі  көрінсе  де,  адам 
баласының жұмысы алға қарай әйтеуір ұмтыла беру. 
Білімнің қымбаттығын адам мен малды салыстырмай-ақ, надан кісі мен оқымысты кісіні 
салыстырсақ та белгілі болады. 
Оқыған  кісі  баяғы  заманда  өткен  римлян,  гректер  сияқты  халықтардың  тарихын  білген 
кісі,  көргені  коп.  Сол  өткен  заманның  тарихын  өзі  көзімен  көріп,  ылғи  тірі  келе  жатқан 
кісі сияқты надан адамнан оқыған кісінің өмірі неше рет ұзақ сияқты. 
Сонан  шығатын  мағына  -  кісінің  өмірі  тіршілікте  өткізген  уақыт,  жас  мөлшеріне  қарай 
емес.  Оның  өмірінің  мағынасына  қарай,  істеп  кеткен  ісіне  қарай  шамалау  керек.  Жазып 

37 
 
кеткен  кітаптары,  істеп  кеткен  істері,  айтып  үйретіп  кеткен  ақыл  сөздері  өлмеген  кісіні 
өлді деп айтуға бола ма? 
Саңылауы бар, білімді кісі алдағыны да болжайды. 
Оқымаған  надан  кісі  көзі  жоқ  соқыр  сияқты  қармалап,  өмірдің  ащы  -  тұщысын  татып, 
ақылына  көзі  шығып,  басы  жарылғандай  болғанда  барып  түсінеді,  сонда  барып 
«ғибараттарды» ұғынады. 
Өмірдің  өз  мектебінен  оқыған,  үйренгенді  жіпке  тізгендей  қылып  тоқи  беру,  әрине, 
қымбат  һәм  негізді  де  шығарып:  бұрынғылардың  айтқан  мақалдарының  асыл  болуы 
бәлкім,  сонан  болуы  мүмкін.  Бірақ,  алға  қармалап  қолмен  сипалап  жүріп  оқыған  кісінің 
білгенін білу үшін өте көп уақыт керек. 
Мысалға,  біздің  оқымаған  надан  қазақты  үлгілі  халықтардың  оқымысты  бір  білгішін 
алсақ, оның білгенін оқымай - тоқымай білу үшін надан қазаққа неше мың жылдық ұзақ 
өмір керек болар, бәлкім, тіпті білуге де мүмкін болмас. 
Надан адамды  «соқыр» деп, білімді адамды «саңылауы» бар дейтіні осыдан болса керек. 
Білімді  адам  жарықта,  надан  адам  қараңғыда  жүрген  сияқты.  Осы  журналдың  аты 
«Шолпан» болуы да сол білімді «жарық» мағынасында ұғынудан болуға тиіс. 
Қысқа  өмірдің  мағынасы,  мақсаты,  көздеген  нысанасы  жоғарыда  айтылғандар  болса 
керек.  Уақыттың  кеңесе  кімге  де,  әсіресе,  оқығандарға,  қымбаттығына,  ділгерлігіне  сөз 
жоқ болса керек. Ең алғаш жер жүзіне «Таблица Логарифмов» (бір белгілі сан болу үшін 
қандай санды өзіне - өзін неше рет көбейту керек екендігін көрсететін сандардың өрнегі) 
шыққанын естігенде, бір есеп біліміне жеттік. «Білгіш, енді біздің өміріміз бұрынғыдан он 
есе ұзарады» деп қуанған, даусы шығып кеткен. Бұрын бес-он жылда есептеп есебіне жете 
алмай жүрген сандардың есебін 2-3 сағаттың ішінде шығарып тастайтын болған. 
Мінекей, оқыған кісіге білім, уақыттың қымбаттығы осындай болуы керек! 
Қысқа өмірдің бір секунды текке өтуге тиіс емес! 
Ұйқыны ұйықтамай, тынықпай жұмыс қылуға болмайды, болмаса оны тілейтіндер де жоқ 
емес шығар. 
Енді біздің қазақ-қырғызға келсек, өмірі ашып жеуде, еріншектің жылы ұясында ұйқыда, 
хайуанның  аз-ақ  алдында  өтіп  барады:  Күннің,  айдың,  жұлдыздардың  шығып  батқаны, 
судың, оттың, жердің, табиғат заңдарының адам баласына қандай пайда, зияны бар, өзінің 
дөңгелеп зымырап бара жатқан жердің үстінде құмырсқа сияқты жабысып жүргені біздің 
қазақ-қырғызға  кіріп  те  шықпайды.  Жерді  көтеріп  тұрған  мүйізі  мықты  көк  өгіз  бар, 
дүниенің  торт  бұрышы  түгел,  жамандықты  да,  жақсылықты  да  мойнына  апарып  арта 
беретін бір Құдай бар... Надан халықтың артта қалып оңбайтындығы осынан болады. 
Енді сол надан халқымыздың көзіне ашып, жоғарыда айтылған табиғат заңдарын баяндап, 
ел арасында білім таратып қазақ қырғыздың пікірінде Октябрь төңкерісі сияқты төңкеріс 
жасау  біздің  оқыған  азаматтардың  міндеті,  борышы.  Ойласақ  та,  байбайласақ  та 
надандықты  жоймай,  біздің  қазақ-қырғыз  жұрты  адамшылдық  қатарына  кіре  алмайды. 
Бірден апарып қазақты 3 - ші интернационалдық тобына қосуға тағы болмайды. Алдымен 
надандықты жою керек. 
Кеңесшіл үкімет халық ағарту жұмысына жанын аямай, Россия құрама мемлекетінде бір 
сауатсыз  адам  қалмасын  деп  отыр.  Сонымен  пайдалану  керек.  Бар  ынтаны,  бар  күшті, 

38 
 
шыбын жанды халық ағарту жұмысына салу керек! Құр таудай талап пен арыз шапқанмен 
қайда барсақ та тірелетін бөгетіміз - халқымыздың надандығы. 
Надандықты  жоймай  тұрып,  халқымызға  еткен  қызметіміз  жеміссіз  болып,  өзіміз 
қызылмай арамтер болып жүрмейік. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет