Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет13/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Байланысты:
3 02 07 2014

ҚР ҚН 3.02-07-2014* 
11 
орындары бар залдарды жобалаған уақытта олардың тӛңкерілуіне немесе ығысуына жол 
бермейтін құрылғылардың қамтамасыз етілуімен креслолардың, орындықтардың
отырғыштардың немесе олардың тізбектерінің (балкондар мен ложаларды санамағанда) 
орнатылуын қарастыру қажет.
*5.3.1.29 Сақтау орнының және кітап сақтау орнының әрбір бӛлігінде эвакуациялық 
шығу жолдары, оның ішінде қосалқы эвакуациялау жолы болуы қажет (Өзгерт.ред. – 
ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық)
5.3.1.30 Қоймалардағы бӛліктердің есіктері ӛртке қарсы болуы тиіс. 
Бірегей және сирек басылымдар сақталатын орындарды мен кітап қоймалары мен
ӛзге үй-жайлардың арасын ӛртке қарсы қабырғалармен (арақабырғалармен) бӛлу қажет.
*5.3.1.31 Ӛзге мақсаттағы ғимараттарда орналасқан сауда алаңы 100 м
2
астам 
бӛлшек сауда кәсіпорындарын басқа кәсіпорындардан және үй-жайлардан 2-ші типті 
ӛртке қарсы қабырғалармен және 2-ші типті арқабырғалармен бӛлген жӛн.
Ӛзге мақсаттағы ғимараттарда (кооперативтендірілген ғимараттарда және басқа да 
кӛп функционалды ғимараттарда) бӛлшек сауда кәсіпорындарын орналастырған кезде, 
ортақ вестибюль арқылы шығуды есепке алмағанда, сауда залынан дербес эвакуациялық 
шығу құрылғылары болған жағдайда ортақ вестибюльден сауда залына ӛтетін ӛздігінен 
жабылатын есіктері бар кіру жолын кӛздеуге болады (Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 07.08.2018 
ж. №175-НҚ бұйрық).
5.3.1.32 Табиғи жарықтандыруы жоқ сауда залдары түтін кетіру құрылғыларымен 
қамтамасыз етілуі тиіс.
5.3.1.33 Оңай тұтанатын материалдарды, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтарды 
(майларды, бояуларды, еріткіштерді және т. б.) сататын дүкендерді бӛлек тұрған 
ғимараттарға орналастыру қажет. Арасы 1-ші типті ӛртке қарсы қабырғамен бӛлінген 
жағдайда, бұл ғимараттарға тұрмыстық қызмет кӛрсету кәсіпорындары мен дүкендерді 
орналастыруға жол беріледі.
5.3.1.34 Қоймаларды сауда залынан бӛліп тұратын ӛртке қарсы арақабырғаның 
орналасымы сауда залын кеңейту ықтималдығын ескере отырып анықталады.
Сауда залының кейінгі уақытта кеңейтілуге арналған адаңына орналастырылатын 
қамтамасы жоқ жанбайтын тауарлар жиналатын қоймалар үшін қоймаларды сауда 
залынан бӛліп тұратын ӛртке қарсы арақабырға қарастырмауға болады.
5.3.1.35 Оңай тұтанатын заттар қолданылатын тұрмыстық қызмет кӛрсету 
кәсіпорындарын (шаштараздарды, сағаттар жӛндеу бойынша шеберханаларды қоспағанда) 
басқа мақсаттағы қоғамдық ғимараттарға орналастыруға жол берілмейді.
5.3.1.36 Халықтан қайталама шикізат қабылдайтын қабылдау орындарын бӛлек 
ғимараттарда (павильон-дүкендер) немесе тұрмыстық қызмет кӛрсету кәсіпорындарының 
ғимараттарына жапсарлас құрылыстарда жобалау қажет. 
5.3.1.37 Сауда және қоғамдық орталықтардың немесе басқа мақсаттағы қоғамдық 
ғимараттардың құрамында орналасатын ауданы 200 м
2
артық халыққа тұрмыстық қызмет 
кӛрсету кәсіпорындарын басқа кәсіпорындар мен үй-жайлардан ӛртке қарсы 
қабырғалармен бӛлу қажет.
Тұрмыстық қызмет кӛрсету кәсіпорындарын басқа мекемелермен кооперациялаған 
уақытта негізгі үй-жайлардан ӛздігінен жабылатын есіктерді қарастыра отырып, әртүрлі 
мекемелердегі келушілерге арналған үй-жайларды біріктіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет