Болезни сопр. 2


Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата04.05.2023
өлшемі159,14 Kb.
#89852
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Болезни СОПР.2 тема

Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы
Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы немесе созылмалы қайталамалы герпес (herpes chronicus 
recidivans) эндогендік герпес вирусы туындататын жəне жиі кездесетін эндогендік инфекция, ертеректе 
вирус жұққан, вирусқа қарсы антиденесі бар (ауыздың жедел герпестік қабынуымен ауырған) əртүрлі 
жастағы адамдарда кездеседі. Аурудың патогенезінде жасушалық иммунитетті төмендететін жағдайлар 
(суық тію, созылмалы күйзелістер, жалпылай жəне жұқпалы аурулар), өте ауыр сырқаттар (лейкоз, обыр 
жəне б.) маңызды рөл атқарады. Əйелдерде созылмалы герпестің қайталануы етеккір келген уақытта да 
байқалуы мүмкін. Ауру жыл мезгіліне қарамай əртүрлі жиілікте қайталанады. Алғашқы кездерде 
жылына 1-2 рет қайталанса, жүре келе айына 3-4 рет қайталанып, біртіндеп толассыз ағымғ ие болады.
Клиникалық көрінісі. Ауыз шінде аздап қызарған жəне ісінген кілегей қабық бетіне диаметрі 1-2 мм 
ұсақ көпіршік бөрткендердің шығып, əртүрлі көлемді, дұрыс пішінсіз эрозияларға айналуымен 
сипатталады. Бөрткендер шығатын аймақта ысып-күю, қышу жəне аздаған ауыру сезімдері мазалайды. 
Эрозиялар беті біраз уақыт өткен соң ақшыл-сары түсті фибринді қақпен жабылады. Ерін жиектерінде 
тері беттеріне шыққан көпіршік бөрткендердің сұйықтығы кеуіп қабықшаға айналады.


Емі. 
Вирусқа қарсы дəрілерді (таңдай білу керек) алғашқы күндері тағайындайды: бонафтон 0,1г 3-4 рет 5 күн 
қабылдаған соң 1-2 күн үзіліс жасап, қайта қабылдайды (емдеу ұзақтығы 2-3 курс); ацикловир (зовиракс, 
виролекс) 0,2 г күніне 5 рет 5-10 күн қабылдайды. Балаларға дəрінің жарты мөлшерін береді. Неовир – бұлшық 
етке əрбір 48 сағаттан кейін енгізеді. Емдеу курсы 7-10 иньекциядан тұрады. Циклоферон-арнулы схемамен 
бұлшық етке енгізеді, емдеу курсы 10 иньекциядан тұрады. Неовир мен циклоферонды 12 жастан кейін 
қолдануға болады. ДНК (дезоксирибонуклеиназа) 10-25 мг натрий хлоридінің изотониялық ертіндісіне ерітіп 
күнара бұлшық етке енгізеді, емдеу курсы 6-10 иньекциядан тұрады.
∙ Ауыру сезімін азайтып, ыстықты басатын дəрілер: парацетамол, панадол, амидопирин, аспирин, ибупрофен 
(науқастың жасына сəйкес) тағайындайды.
∙ Гистаминге қарсы дəрілер: супрастин, фенкарол, тавегил, антигистамин, алсет, ломилан, траксил, диазолин, 
димедрол, зиртек тағайындаған тиімді.
∙ Витаминдерді жекелей немесе жиынтық түрінде: аскорутин 0,05г- күніне 3-4 рет, аскорбин қышқылы 0,05г 
күніне 2-3 рет; поливит, дуовит, триовит, олиговит, джунгли, альфавит, альфагин, супрадин жəне б., 
тағайындайды. Организмнің реактивтілігін көтеру үшін – 150 мг тəулігіне 2-3 рет 7-9 күн лизоцим, 
фузобактериялармен асқыну қаупі болған жағдайда метронидазол тағайындайды. Сілтілі минералды суды, 
шайды көбірек ішіп, жаралы ошақтарды аса тітіркендірмейтін жұмсақ тағамдар қабылдау туралы ақыл-
кеңес беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет