Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)



Pdf көрінісі
бет103/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Вебер-Фехнер заңы 
Талдағыштардың сигналға талдау жасауда ең маңызды қабілеті – 
тітіркендірудің үдемелі өзгерісін, уақыттық өзгерістерін немесе кеңістіктегі 
белгілерін табу. Мұндай ажырату әрекеті қабылдағыштан басталады.
Тітіркендіргіштің қарқынын ажырату табалдырығы бастапқы әсер еткен 
күшінен белгілі бір мөлшерде жоғары болады (Вебер заңы). Мысалы, қолдың 
үстіне қойылған бастапқы жүкке қосымша жүк қойылса, кейінгінің
ауырлығын сезіну үшін ол алғашқы салмақтың 3%-на тең болу керек 
(бастапқы 100 г жүкке 3 г, ал 200 г болса 6 г қосу қажет).
Бұл тәуелділікті: dI/I = const  теңдеуімен белгілейді, мұндағы I - тіркендіру 
күші, dI – күштің сезінерлік өсімі, const – тұрақты шама. Мұндай тәуелді 
қатынас көру, есту және басқа да сезім жүйелерінде анықталған. 
Сезу әсерлесінің тітіркендіргіш күшіне тәуелділігі (Вебер –Фехнер заңы). 
E=a.logI+b теңдеуімен анықталады, мұнда E – сезіну шамасы, I – 
тітіркендіргіш күші, a+b – тітіркендіргіштің түріне қарай тұрақты шама.
ДӘРІС №16. Жеке талдағыштар физиологиясы. 
Дәрістің жоспары: 
16.1. Көру талдағышы. 
16.2. Есту талдағышы. 
16.1. Көру талдағышы.
Көрудің мағынасы. Көру талдағышы арқылы адам ақпараттың негізгі 
санын қабылдайды. Адам қорашаған заттар мен көріністерді, өзінің денесін
сезінуді алдымен көрудің көмегімен қабылдайды. Көру арқылы адам 
көптеген тұрмыстық және еңбек дағдыларына үйренеді, белгілі бір тәртіп 
ережелерін орындалуына дағдыланады. Ендеше, сыртқы әлемнің 
танымында адам үшін көру абзал рөлді атқарады 
Көру талдағышының шеткі бөлімі - көздiң торлы қабатында
жайғастырылған фоторецепторлары. Олардың қозуынан пайда болған 
жүйкелік серпіністер көру жүйкесімен (өткiзгiш бөлiмі) мидың шүйде 
бөлімінде орналасқан көру орталығына жетеді. Үлкен мидың шүйде бөлімі 
нейрондарында алуан түрлі және көпбейнелі көру сезінулері пайда болады. 
Көру мүшесі көз алмасы мен қосалқы аппараттан тұрады. Көз 
алмасының қабырғасын үш қабық құрайды: көздiң қасаң қабығы, шел 
(склера) немесе көздің ағы және тамырлы қабық. Ішкi (тамырлы) қабықтың
торлы қабаттында фоторецепторлар (сауытшалар мен таяқшалар) және қан 
тамырлары орналасады.


Көздiң құрамына оптикалық жүйе мен торлы қабатындағы тұрған 
рецепторлық аппарат кiредi. Көздің оптикалық жүйесіне мүйiздi қабықтың 
артқы және алдыңғы беттері, көз бұршағы және шыны тәрізді дене жатады. 
Заттарды айқын көру үшiн оның барлық нүктелерінің сәулесі торлы 
қабықтың бетіне түсу керек. Әр түрлі қашықтықтағы заттарды айқын көруге 
көздің бейімделуі аккомодация деп аталады. Аккомодация кезінде көз 
бұршағының қисықтығы өзгереді, сондықтан оның сәуле сындыру қабілеті 
де өзгереді. Аккомодация көз бұршағының дөңестігін өзгертетін кірпікшелі 
бұлшықеттердің жиырылуымен байланысты. Оларды аккомодациялық 
бұлшықеттер деп айтуға болады. 
Көздiң оптикалық орталарында жарықтың сынуы – рефракция деп 
айтылады. Көздің сәулені сындыру ауытқуының (кемістігі) негізгі екі түрі 
кездеседі: алыстан көргіштік (гиперметропия) және жақыннан көргіштік 
(миопия).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет