Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Есту талдағышының шеткі бөлімі



Pdf көрінісі
бет107/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Есту талдағышының шеткі бөлімі. 
Дыбыс 
қабылдаушы рецепторлар негізгі мембрананың үстінде 
орналасқан екі түрлі түкті жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар ішкі және 
сыртқы болып бөлінеді, олардың саны әртүрлі. Мысалы, ішкі түкті 
жасушалар саны 3500-ге жетеді, ал сыртқы – 12000-20000 болады. 
Қабылдағыш түктері эндолимфамен жуылады және жарғақты арнаның ұзына 
бойында бұлардың үстінде орналасқан жабынды (тектория) мембранаға тиіп 
тұрады. Дыбыс толқындарының әсерінен негізгі мембрана тербеліске түседі, 
сонда қабылдағыштардың түктері жабынды мембранаға тиіп майысады.
Соның нәтижесінде рецепторлық потенциал пайда болады да, оның әрі қарай 
өрістеуі есту жүйесінің талшықтарында таралатын қозу толқынын тудырады. 
Есту талдағышының өткізгіш бөлімі. 
Өткізгіш бөлімнің І-ші нейроны биполярлы, иірімді ганглийде 
орналасады. Оның дендриттері түйіспе арқылы Корти мүшесінің есту 
қабылдағыштарымен байланыста болады. І-ші нейронның аксоны есту 
жүйкесінің қалыптасуына қатысады да, жүйкелік серпіндерді сопақша ми 
ядроларында ораналсқан ІІ-ші нейронға өткізеді. Одан әрі өңделген ақпарат 
метаталамустың медиальды имек тәрізді денесіне (ІІІ-ші нейрон) жеткізіледі, 
содан кейін қозу үлкен ми қыртысына жетеді (IV-ші нейрон). Сонымен қатар, 
қозу импульстері төрт төбешіктің артқы дөңесіне барады, мұнда дыбыс 
тітіркендіруіне жауап ретінде рефлекстік қимыл (бағдарлау) реакциялары 
туындайды. 
Есту талдағышының орталық бөлімі. 
Мидағы дыбыс сезу орталығы үлкен ми сыңарларының самай бөлімінің 
жоғарғы жағында орналасқан. Мұнда бірінші (Бродман бойынша 41, 42 
алаңдар) және екінші (21,22 алаңдар) есту қыртыстарын ажыратады. 
Жүйкелік серпіндер медиальды имек тәрізді денеден көбінесе біріші есту 
аймағына бағытталады, ал екінші сезу аймағы таламустан келетін 
афференттік әсерлерден белсендіріледі. Осындай екі есту аймағындағы 
қозудың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде (оған ассоциативтік қыртыс 
аймағы қосылады) дыбысты сезу қалыптасады. 
Дыбысты сезу. 
Қалыпты адамның құлағы 16-дан – 20000 Гц-ке дейінгі әртүрлі жиіліктегі 
дыбыстарды қабылдай алады. Дыбыс қабылдаудың жоғарғы шегі адамның 
жасына тәуелді, яғни адам жасы ұлғайған сайын, ол төмен болады. Есту 
шегінің дыбыс жиілігі мен күшіне байланысты қатты өзгеретіндігі 
анықталған. Мысалы, адамда 1000-нан 4000 Гц-ке дейінгі аралықтағы дыбыс 
жиіліктерін естудің барынша жоғары сезгіштігі байқалады. Қатты сезілетін 
дыбыстың өлшеу бірлігі Бел деп аталады. Іс жүзінде дыбыс қаттылығының 
бірлігі ретінде децибел (дБ) қолданылады, ол 0,1 Бел-ге тең. Ауыртатын 


сезім туғызатын дыбыс қаттылығының ең жоғары деңгейі адамның есту 
шегінің табалдырығынан басым, 130-149 дБ-ге тең болады. 
Егер құлаққа бірқалыпты дыбыс ұзақ уақыт әсер етсе, құлақтың есту 
сезімталдығы төмендейді. Басқаша айтқанда бұл естудің бейімделісі деп 
аталады және ол дыбыстың ұзақтығына, күшіне және жиілігіне байланысты. 
Тыныштық 
жағдайға 
бейімделген 
(үйренген) 
құлақ 
дыбыс 
тітіркендірістеріне сезімталдығы өте жоғары болады.
Дыбыстың кеңістіктегі шығу көзін анықтау адамның (жануарлардың) қос 
құлақпен (бинауралдық) есту қабілетіне байланысты. Адамның қос құлақпен 
есту сезімталдығы өте жоғары: ол дыбыс көзінің орналасқан жерін бір 
бұрыштық градус қатарына сәйкес дәлдікпен анықтай алады. Дыбыс 
толқыны оның шығу көзіне жақын құлаққа ерте жетеді және күштірек 
естіледі, ал қашығырақ тұрған құлаққа кешігіп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет