Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Иіс талдағышының шеткі бөлімі



Pdf көрінісі
бет116/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Иіс талдағышының шеткі бөлімі. Бұл талдағыштың шеткі бөлімі 
мұрынның жоғарғы бөлімінің кілегейлі қабықшасында орналасқан 
қабылдағыштардан тұрады. Әрбір қабылдағыш ұзындығы 10 мкм 6-12 
жіңішке кірпікшелері шығып тұратын, иіс буылтығымен жалғасады. Иіс 
кірпікшелерінің мембранасында арнайы иіс сезгіш белок-рецепторлар 
орналасады. Кірпікшелер иісті заттардың молекуласымен жанасу алаңын 
айтарлықтай ұлғайтады. Иіс кірпікшелері арнайы боуменов бездері түзетін 
сұйықтыққа малынып тұрады. Суда еріген заттар иіс сезгіш мембранасы 
арқылы өтіп, кірпікшелер мембранасындағы рецепторлармен жеңіл 
байланысады. Бұл рецепторлардың белсендігі түбінде цАМФ-тың 
синтезделуіне келтіреді, ал оның қатысуымен мембранадағы Na
+
каналдары 
ашылады, соның нәтижесінде иіс сезгіш нейронда рецепторлық потенциал 
(РП) қалыптасады. Оны алмастыратын қозу серпіністері иіс жүйке 
талшықтары арқылы иіс буылтығына өтеді. Бұл иіс талдағышының бастапқы 
орталығы болып саналады. 
Иіс талдағышының өткізгіш бөлімі. Иіс сезу нейрондарының аксоны (І 
нейрон) торлы сүйектің пластинасы арқылы өтіп, иіс буылтығы (луковица) 
аймағындағы ірі митралдық жасушалармен (ІІ нейрон) өзара әрекетеседі. 
Иіс буылтығы (баданасы) ми қыртысында маңдай бөлігінің астыңғы бетінде 
орналасады. Одан шыққан аксондар иіс сезу трактысын құрастырады да, 
ақпаратты ми қыртысындағы иіс сезім орталығына жеткізеді. 
Иіс талдағышының орталық бөлімі құрамына кіретін құрылымдарға 
жатады: алдыңғы алмұрт тәрізді аймақ, иіс сезу қатпары және гиппокамп. 


Осы құрылымдардың көптеген жүйке талшықтары қайтадан иіс буылтығына 
бағытталады. Иіс буылтығынан шығатын талшықтар бірнеше будадан
тұрады, олар алдыңғы мидың әртүрлі бөлігіне бағытталады. Бұл жолдардың 
ми қыртысындағы жобаланыстары ұласа байланысқан орталықтар қатарына 
жатады. Өйткені олар иіс жүйесінің басқа сезім жүйелерімен байланысын 
қамтамасыз етіп, осы негізде бірнеше күрделі тағамдық, қорғаныс, 
жыныстық т.с.с. қызмет атқарады. 
Иіс ұзақ әсер еткенде оған қабылдағыштардың бейімделуі байқалады, 
олар көптеген иісті затарға тез арада толық бейімделеді, яғни оларға иіс 
түйсігі жойылады. Бірқатар иісті заттарға талдағыштар баяу және ішінара 
ғана бейімделеді. 
Иіс түйсінудің кең таралған қағидаларының бірі – стереохимиялық 
теория. Бұл теория бойынша, заттың иісі оның құрамындағы 
молекулалардың мөлшері, пішіні және көлемімен айқындалады. Иіс жүйесі 
мен жеке зат иісін қабылдауға арналған әралуан түрлі рецепторлардан 
тұрады. Олардың мембранасы бетінде белгілі пішінді ойыс жерлері болады. 
Егер олардың пішіні иісті зат молекуласының белгілі пішініне (кілт пен 
құлып сияқты сәйкес келсе ғана иіс түйсігі туады. 
Иіс талдағышының сезімталдығы өте зор. Адам бірнеше мың әртүрлі 
заттардың иісін ажырата алады, бірақ ондай қабілет иттерде 3-6 есе артық 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет