Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Біріктіруші (интеграциялау) бөлімі



Pdf көрінісі
бет40/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Біріктіруші (интеграциялау) бөлімі 
Аксон төмпешігі – нейроннан аксонның шығатын жері. Нейронның 
денесі (сома) ақпараттық қызметімен қатар, өзінің өсінділері мен 
түйіспелеріне қатысты нәрлендіру (трофикалық) қызметін атқарады. Сома 
дендриттер мен аксонның өсуіне әсер етеді. Нейрон денесі (сомасы) 
көпқабатты мембранамен қапталған, бұл электрлік потенциалдың 
қалыптысуын және оның аксон төмпешігіне қарай таралуын қамтамасыз 
етеді. 


 Таратушы бөлімі 
Аксон – дендриттермен жиналған және нейронда өңделген ақпаратты 
өткізуге бейімделген цитоплазманың өсіндісі. Аксонның сырты миелинді 
қабықпен қапталған, оның тармақталған ұштарында митохондрий және 
секреторлық құрылым болады. 
Нейрондар қызметі: 
1) жүйкелік серпіндерді (импульстерді) тарату; 
2) ақпаратты қабылдау, сақтау және өткізу (беру); 
3) қоздырушы және тежеуші сигналдарды жинақтау қабілеті (үйлестіру) 
Нейрондар түрлері: 
1) орналасуы бойынша: 
а) орталықтық (бас миы мен жұлын); 
б) шеткергі ( милық түйіндер, бас жүйкелері) 
2) атқаратын қызметіне байланысты: 
а) афференттік (сезгіш) – қабылдағышта туған қозуды орталыққа жеткізеді; 
б) қондырғы (аралық) – сезімтал нейрондардан шыққан ақпаратты 
(серпіністерді) қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді; 
в) эфференттік (қозғалтқыш) – жүйке серпіністерін орталықтан шеткі 
ағзаларға апарады. Жұлынның алдыңғы ашасында қозғалтқыш, ал бүйір 
ашасында сөліністік (секреторлық) нейрондар орналасады. 
3) әсер етуіне байланысты: 
а) қоздырушы; 
б) тежеуші. 
4) медиаторлар табиғатына және биохимиялық ерекшеліктеріне байланысты: 
а) холинергиялық; 
б) адренергиялық; 
в) гистаминергиялық; 
г) дофаминергиялық және т.б. 
5) нейрон қабылдайтын тітіркендірудің сапасына байланысты: 
а) мономодальді (жеке); 
б) полимодальді (көп). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет