Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)



Pdf көрінісі
бет47/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Рефлекстердің жіктелуі: 
1) экстерорецептивтік (лат. еxterus - сыртқы) — дененің сыртқы бетінде 
(теріде) 
орналасқан 
қабылдағыштарды 
(экстерорецепторларды) 
тітіркендіргенде байқалатын рефлекстер; 
2) интерорецептивтік (лат. іnterior – ішкі) — ішкі ағзаларда, тіндерде, қан 
тамырларында 
орналасқан 
қабылдағыштарды 
(интерорецепторларды) 
тітіркендіргенде байқалатын рефлекстер. Мұндай қабылдағыштар қатарына 
механо-, прессо- , хемо-, термо-, волюмо- және т.б. рецепторлар жатады. 
3) проприорецептивтік (лат. рroprios – өзіндік) — сіңірде, буын қабында 
орналасқан қабылдағыштарды (проприорецепторларды) тітіркендіргенде 
байқалатын рефлекстер. Олардың рефлекстік доғасында бір ғана түйіспе 
болады (моносинапстық доға): сезгіш және қозғалтқыш нейрондар арасында. 


Мұндай рефлекстерге клиникада анықталатын адамның сіңір рефлекстері 
жатады: тізе, ахилл, шынтақ (бүгілдіруші, жазылдырушы), құрсақ, т. б.
4) дене қалпын және бұлшықет тонусын реттейтін рефлекстер — қозғалыс 
жылдамдығы өзгергендегі бұлшықет тонусын реттеп, дененің тепе-теңдігін 
сақтауға бағытталған вестибулярлық қабылдағыштардың қозуы нәтижесінде 
туындайды. 
Проприорецептивтік 
рефлекстерді ОЖЖ-нің қозғыштығын және 
зақымдалу дәрежесін анықтау үшін тексереді.
Өткізгіштік қызметі жұлын нейрондарының бір-бірімен және ОЖЖ-нің 
жоғарғы бөлімдерімен байланыстарын қамтамасыз етеді. 
8.2. Артқы және ортаңғы ми физиологиясы. 
Артқы ми құрылымдарына жатады: V – XII жұп бас жүйкелері, 
вестибулярлық ядролар, торлы құрылым ядролары.
Артқы мидың негізгі қызметтері: өткізгіштік және рефлекстік. Артқы ми 
арқылы төмен (қыртысты-жұлындық және экстрапирамидалық) және жоғары 
бағытта (ретикуло- және вестибуло-жұлындық) жүйке жолдары өтеді. 
Жоғары бағытталған жолдар дене қалпын сақтауға және еттер тонусын қайта 
таратуға жауапты. 
Артқы мидың рефлекстік қызметіне жатады: 
1) қорғаныс рефлекстері (жасағу, жыпылықтау, жөтелу, құсу, түшкіру); 
2) сөйлеу орталығы — дауысты құрастыру рефлекстерін қамтамасыз етеді, X, 
XII, VII бас миы жүйкелерінің ядролары, ауа ағынын реттейтін тыныс 
орталығы, үлкен жартышарлар қыртысы — бәріде сөйлеу орталығының 
қалыптасуына қатысады; 
3) дененің қалпын ұстау (сақтау) рефлекстері (лабиринттік рефлекстер). 
Статикалық рефлекстер дененің қалпын сақтау үшін бұлшықеттер тонусын 
қолдайды, статокинетикалық — айналдырғанда немесе тікесызықты 
қозғалыс кезіндегі өзгерген дене қалпын дұрыс ұстау үшін бұлшықеттер 
тонусын қайта таратуды іске асырады. 
4) артқы мида орналасқан орталықтар көптеген жүйелердің қызметтерін 
реттеуге қатысады. Мысалы, тамырқозғалтқыш орталық тамырлар 
қабырғасының ширақтығын (тонусын) реттейді, тыныс орталығы - тыныс алу 
мен тыныс шығаруды реттейді, кешенді тамақтану орталығы — бүкіл 
асқорыту жүйесінің (сілекей бездері, қарын, ұйқы безі, бауыр, ішек, т.б.) 
сөліністік қызметтерін реттейді. Сонымен қатар сору (ему), шайнау, жұту 
рефлекстерін іске асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет