Шығыстық тип Батыстық тип
Қазақы тип
Микрокосм
Макрокосм
Жарық дүние
Виртуалдық
Рационалдық
Адамгершілік
Интросубъект
Субъект-объект
Субъект-объект
Біртұтас дүние Өзгермелік дүние
Адамдандырылатын
Психология
Технология
Экология
Мистика
Ғылым
Этика
Тұйық қоғам
Ашық қоғам
Сұхбаттастық қоғам
Өзін тану
Табиғатты тану
Адам болу
Дін
Философия
Дәстүр
Тағдыр
Белсенділік
Қарым-қатынас
Идеализм
Материализм
Синкретизм
Поэзия
Проза
Эпос
Егіншілік
Урбанистік
Қауымдық.
Әрине, бұл типтік белгілерді сол күйінде эмпирикадан іздеу қателік
болар. Идеалды тип белгілі бір нәрселік саланың идеалдық көрінісін
жалпылау жолында емес, ал сол саладағы мәнді ой тұрғысынан мұрат
дәрежесіне көтеру арқылы қалыптастырылады. Тағы бір ескеретін
нәрсе: бұл кестені еуразиялық мәдени типтің болашақ потенциалын
көрсету мақсатында келтірдік, ал мүмкіндіктің шындыққа айналуы
диалектикалық процесс.
Қазақстандағы батыстық мәдениеттің ықпалының артуы болашақ
даму стратегиясын таңдау мәселесін жаңа қырымен қояды.
Зерттеушілер осы мәселе бойынша қазір тек Ресей мен Қытайдың
арасында тұрған Қазақстан емес, ал біздің еліміз үшін мұсылмандық
және батыс христиандық өркениеттік үлгілердің арасалмағын
айқындаудың маңызды екендігі жөнінде өз пікірлерін білдіреді.
248
Қазақстан
исламдық
елдер
қатарына
жатады
ма
және
вестернизацияға қарсы ислам туын көтеруге болады ма? Әрине, ел
халқының 70 пайызынан артығы мұсылмандар құрастырғандықтан
және төлтумалық мәдени ерекшеліктерден Қазақстанды ислам өркениеті
аралығына жатқызуға негіз бар. Алайда, бұл жерде бірнеше нақтылы
жағдайларды ескеру керек. Исламдық түсінік бойынша, мұсылман ұлты
дегеніміз «умма» болып табылады және діни ортақ сезімді ұлттық
төлтумалықтан жоғары қоюға болады. Осымен бүкіл қазақстандықтар
келісе қояма екен? Оның үстіне Қазақстан республикасы діни емес,
зайырлы мемлекет болып табылады.
Мәдениеттің қазақстандық дағдарысынан өту, жергілікті халық –
қазақ
халқының
ұлттық
болмысы
мен
мәдени
дамуының
формацияларына негізделген, жаңа замандық талаптарға сәйкес
мәдениет институттарының құрылымдарымен ошақтарын дамыту мен
жетілдіру
функцияларын
анықтайтын,
жан-жақты
зерделенген
тұғырнаманы жасау. Ол уақыттық-кеңістік ауқымында мөлшерленер
болса – стратегиялық мақсат-мүдделер мен ағымдық ұстанымдар
қатарлы бағдарлардан құралмақ:
Стратегиялық міндет: тіл, дін, діл тұтастығы. Осы үш ерекшелікті
басқа
ұлт
өкілдерінің
ұйытқысы
ретінде
қолдану
арқылы
ынтымақтастықты дамыта отырып, жалпы мемлекеттік сүйіспеншілікке
жетелеу.
Жуық арада ескеретін, ағымдық міндеттер: қоғамның тыныс
тіршілігінде болып жатқан құбылыстарды стратегиялық міндеттер
негізінде реттеп, бақылап отыру.
Қазақстан Республикасының мәдени даму тұжырымдамасы тәуелсіз
Қазақстанның мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық
мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени
сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру және отарсыздандыру
(деколонизациялық) саясатын жүргізу маңызды болып табылады.
Қазіргі уақытта әр ұлт өз бірегейлігін жоғалтқысы келмейді. Бұл
– әр ұлттың жан қалауы және табиғи құқығы. Бұндай жан қалауының
себебі – қазіргі кезде алдыңғы қатарлы әлем империяларының
(мемлекеттердің) индустриалды өндіріс салаларының қарқындылығы
әлеуметтік, технологиялық, инновациялық бөлініске ұшырауына,
ұнамдылық-моралдық
құндылықтардың
дағдарысқа
түсуіне,
өркениеттік өмірдің күйзеліс күйінің қалыптасуына, идеологиялық,
әскери, экологиялық «катаклизмдердің» болуына ықпал етіп отыр.
Осы факторлардың барлығы берік болып табылатын адамзаттың
дәстүрлі сенімдерін, адами құндылықтарын және ұнамдылық
нормаларын іштей күйзеліске, барша адамзатты дағдарысқа ұшыратып
отыр. Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі екі негізгі талаптарға сәйкес
келуі тиіс:
249
Ұлттық мәдениет өзіндік даму амалымен өзіндік даму қабілетін
анықтауы тиіс.
Ол қазіргі кезде қоғамда болып жатқан радикалдық және
инновациялық өзгерістерге кедергі жасалмай, керісінше, оған демеу
беріп, сыбайласып, онымен іштесіп модернизациялануға ұмтылуы тиіс.
Көптеген батыс ойшылдары әлемнің тұтастануын Батыс қоғамының
жеңісі ретінде қабылдайды. Мысалы, заманымыздың белгілі ойшылы К.
Поппер еркін демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді
дейді. Тоталитарлық қоғамдар бар болғанын ешқашан, ешкімнен
жасырмаған, орасан зор ішкі күштердің әсерінен құлады. Алдымен
өзінің қалдықтарының астына біріңғай Кеңес империясының темір
жұдырыған көміп, өте топтасқан және мызғымастай болған шығыс
еуропалық диктатура жойылды.
ХХ ғасырдың ішінде Батыс-Шығыс қарым-қатынасында үлкен
өзгерістер болды, Батыстың өзі күрделі эволюция үстінде еді. Батыс
Шығыс руханиятының даналығын тани бастады, ғалымдары буддизм,
үнді философиясын зерттеп, Батыс суфизмді өзіне "ашты". Өз
философиясын байытты. Жоғарыда айтылған К. Юнг, т.б. дүниеге
көзқарас батыс рационализмінен терең болу керек екенін мойындады
және материализм, дінсіздік, техноцизмді, беймәдени "демократиялық"
болмыстың ("көпшілік мәдениеті") зиянын өздері өздеріне әшкереледі.
Әрине, ойшылдардың Бұл тұжырымдары нақты саясатқа әзірге шейін
үлкен әсер ете алмай отыр. Дінді, этиканы мойындау, әлемдік
интеграцияны рухани жағынан толықтырып, шынайы "жүректер
интеграциясына" айналдыру, әр бір ұлттық қайталанбас келбетін
сыйлау, "жанын" түсінуге тырысу, сол арқылы шынайы бауырмалдыққа
жету – міне Батыс пен Шығыс ойшылдарының, жалпы прогрессивтік
ниеттегі адамдардың келген қорытындысы. Қандай халық болмасын,
жалпы бүкіл адамзат ендігі жерде этикаға, руханиятқа бет бұрмаса,
адамды түземесе – жер бетіне үлкен қасірет жақын екені енді анық
сезіледі.
Елбасының ойына сүйенсек, ұлттық идея тек бүгін пайда болған
жаңалық емес, ол миллиондаған адамдардың өздерінің міндеттерінің
түсінуінің жемісі болып табылады. Біздің міндетіміз – қоғамның көп
ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға айналдыру, яғни мықты
ұлттық идея қалыптастырып, бүкіл халықтың арман-мүддесін жүзеге
асыру. Елдер мен елдердің, ұлттар мен этностардың мақсат мұраты
ескерілмеген жағдайда, бір елдің екінші елге дұрыс қарамауы, бір
халықтың екінші халықты кемсіту, намысын қорлау, бір тілдің екінші
тілді қыспаққа алу, бар болмысын, құндылықтарын аяқ-асты ету орын
алса, ұлттық идеяға қауіп төнері анық. Сондықтанда ондай өрескелдікке
жол бермеуіміз керек. Сол себепті еліміздің ұстанымы өз-ара тату,
бейбіт өмір сүру, ауызбіршілік, ынтымақтастықта әр халықтың рухани
250
үйлесімділігін сақтап, еліміздің абыройын асқақтата отырып, әлемдік
деңгейге көтеру үшін елімізідің әр бір азаматы бойындағы бар күш
жігерін салып, жаңа заманда жаңаша өмір сүруі қажет.
Ол үшін Елбасымыздың «Нұрлы Жол» Жолдауындаы білім
саласына да назар аударып, ел болашағы жастардың білім деңгейінің
әлемдік стандартпен тең болу керек екендігіне зор көңіл бөлгендігі аса
қуанышты жағдай екені баршаға аян. Ел болашағын тереңнен ойлай білу
үшін ұлттық идеяның өзегі ретінде қазақтың тілін, рухын, мәдениетін
көтеру міндет. Бұл ұлттық мүдде мен ұлттық идеологияның астасар
тұсы. Ұлттық идеология туралы әңгіме, ең алдымен, қазақ мемлекеті
туралы әңгіме. Бүгінгі ұлттық идеология - ұлттық мемлекет құру. Ал,
кез-келген мемлекетте ең алдымен мемлекеттік идеология жүреді. Бұл
идеология мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатын пәрменді жүргізуге
бағытталған ең басты қаруы, ең басты қондырғысы. Тәуелсіздік
алғаннан бері Қазақстанның негізігі идеясы – Ел Тәуелсіздігін баянды
ету, халықтық, ұлттық бірлікті нығайту, әлеуметтік, экономикалық
жағдайларды жақсарту, көрші елдермен тату-тәтті өмір сүру,
Республикаға сырттан инвестиция тарту сияқты аса маңызды мемлкеттік
мүдделерді
жүзеге
асыруға
бағытталады.
Біздің
мемлекетік
идеологияның ауқымы 2030-ға дейін аралықты қамтып жатыр.
Бүгінгі заман - мәдениеттердің жаһандану кезеңі. Жаңа сапаға
көшер алдындағы, яғни, өз дамуының ең биік сатысы - біртұтас
адамзаттық өркениеттке құйылар алдындағы қарбалас шағы. Жаһандану
- өркениеттің кезекті даму сатысы. Қазіргі әлемдік мәдениет пен
өркениетте ерекше ықпал тигізіп отырған жаһандану-өмірдің барлық
салаларын қамтып отырған күрделі процесс. Ол дүниежүзілік адамзат
қоғамының даму заңдылықтарын айқындайтын факторлардың бірі
ретінді қоғамда тіл мен дінімізге, рухани кеңістігімізге әсер етеді.
Қазақ елі еркіндікке бет түзеді. Бұл, сөз жоқ, жаһандану алып
келген игілікті, табысты өзгерістер. Халықтар өзінің бұрынғы, бүгінгі,
ертеңгі-әр кездегі дамуын терең тануда өзіндік бағыт-бағдар алды. Әр
халықтың өркениет әлеміндегі орнын білу мүмкіндігіне ие болып
қалыпты жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етеді.. Біздің әлемдік
өркениетке қол жеткізуімізге мүмкіндік туды. Бұл орайда әлемдік
өркениеттің өрісне шыққан, дамудың сара жолына түскен елдердің
тәжірибесіне баса назар аудара отырып, өз жолымызды табудың маңызы
зор болмақ. Демек, біз, таяудағы жылдарда дәстүрімізге сай халықтық
қалпымызға оралып, әлемдік білімді игеруге қол жеткізу арқылы біздің
де өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға, яғни адамзат өркениеті
биігіне көтерілуімізге толық мүмкіндігіміз бар екендігі ақиқат. Оған
көптеген шаралар жасалып, алғашқы қадамы жүзеге асып та жатыр.
Қазақ халқының рухани түлеуінің тарихи жағдайларды түгендеусіз
251
мүмкін еместігі, тарихи, ділдік, діни және тілдік сабақтастықтың ұлттық
идеологияның негізі екендігі де барынша сезіле бастады.
Дұрыс идеологиялық бағдарды ұстанып, болашаққа сеніммен аяқ
басайық. Көп ұлтты, көп конфессиялы республикамызда мемлекеттік
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі салыстырмалы аз мерзімнің ішінде
берілген конституциялық құқық негізінде идеологиялық ағымдардың
түрлі нұсқалары қалыптасып үлгерді. Еліміздегі этно-демографиялық,
саяси-әлеуметтік жағдайдың дамып, өзгеруіне байланысты осы
идеялардың арасынан басталған реформалардың табысты жүргізіліп,
оған қоғам мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ететін,
халықгың көпшілік бөлігінің рухани сұранысын қамтамасыз ете алатын
ұлттық дәстүрін, құндылықтарын мемлекеттік дәрежеге көтерудің
қажеттілігі барынша сезіле бастады. Ұлттық мемлекет – еліміздің
негізін құраушы, ұйыстырушы қазақ ұлты және қазақ ұлтының
қалыптасқан тарихи мекені болғандықтан міндетті түрде қазақ ұлтының
мемлекеттігі орын алуы шарт.
Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауында ұлттың тұрақты дамуына,
мемлекеттіліктің нығаюына, халықтың бірлігіне және келешекке
сеніміне алкен назар аударылады. Идеология ұлттың бойында саналы
түрде, өз еркімен, құлшыныспен, патриоттық сезіммен орын алғанда
ғана тиімді қызмет етеді. Сонымен қатар, идеологиялық қызметтің
табысты болуы, ең алдымен патриоттық тәрбие беруге келіп тіреледі.
Патриот еместерге, өз елін, Отанын сүюге немқұрайлы қарайтындарға
мемлекет идеологиясымен бірге, ұлттық идеяларды да сіңіру қиынға
соғады.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы»
шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыруды, жеке
бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде
таңдауын көздейді. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай
тарихына, болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне
алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары
да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуға тиіс. Ұлттық
идеяны «Қазақ елi. Азаттық. Бiрлiк» ұғым-түсiнiктерiмен бейнелеу
жалпақшешейлiк, жалтаңкөздiк, баяғы көнбiстiк емес, қайта саяси,
танымдық, рухани кемелдiгiмiз бен оралымдылықты паш етсе керек.
Қазақ елiнiң, азаттығымыздың, ынтымақ-бiрлiктiң мүддесiне қызмет
етiп, дiттегенiне жеткен күнi қош-есенге кете баратын кемел де кесiрсiз
ұлттық идеяны бекемдеу әрқашан жауапты мiндет болып қала бермек.
Қаншама жылдар біз ел болып қалыптасуды арман еттік. Бізге
Қазақ елі атану арман болды. Тек мемлекеті бар ел ғана өркениет
жолына түсе алмақ, сондықтан Қазақ өркениеті деген ұғымды қоғамдық
білімдер жүйесінде қолдануға мүмкіндік туды.
Достарыңызбен бөлісу: |