41
Ары қарай шкафтардағы шиналық бөліктің табақтарын алады және
тармақталу
шиналарын
уақытша
бекіткіштерінен
босатады
және
жинақтаушыға болт арқылы қосады, сосын шина ұстағыштарға бекітеді.
Тасымалдау кезіндегі бөлшектенген аспаптар мен аппараттар, шинаны
монтаждаған соң орналастырады және оларды біріншілік және екіншілік
тізбекке сұлба бойынша жалғайды. Жинақтау шиналарының байланысқан
жерлерін бензинмен жуады және вазелинді жұқа етіп жағады. Мұндай жерлерге
механикалық тазалық жасауға болмайды, себебі зауытта оларды коррозияға
ұшырамас үшін арнайы қорғасын және цинк қоспасымен жабылған.
Сосын дайындаушы-өнеркәсіп нұсқаулығының талаптарына сай
блоктаушы
құрылғыларды,
көмекші
контактілерді,
жетегі
бар
ажыратқыштарды реттейді және жұмысын тексереді.
Соңғы жұмыстар ұяшықтарда қоректендіруші және тармақталушы
кабельдердің және екіншілік тізбектердің сымдарын жалғау болып табылады.
Барлық металл конструкцияларды жерлендіруші құрылғыларға, шкаф
корпусының төменгі қабатына төрт жерден жерлендіру магистральіне немесе
ендірілген бөлшектерге дәнекерлейді.
Екіншілік тізбектерді монтаждауда сымдар ағынының қиылыстырусыз,
панель бойымен тігінен немесе көлденеңінен ғана салынуын құрастыруға
негізделген. Ағындар тік, тығыз, түзу қатарлармен, әр қатарда 15 сымнан кем
емес болып орналастырылады. Ұзын сымдар төменгі қатарда, қысқасы жоғары
қатарда, ағыннан тармақталу тік бұрыш арқылы орналастырылады.
Сымдар ағынының бір панельден екіншісіне ауысуы иілгіш жалпақ
немесе компенсаторлар бумасы арқылы жасалады. Бұрайтын сымдар бумасы
металл қолғаппен немесе ПВХ труба арқылы қорғалады. Сымдардың шығатын
жерін лентамен орайды.
Екіншілік тізбектерде өткізгіш ретінде қимасының ауданы 1,5 мм
2
кем
емес мыс сымдар пайдаланылады. Кернеуі 1 кВ дейінгі жауапкершілігі төмен
екіншілік тізбектің электр қондырғыларында қимасы 1 мм
2
мыс тарамды
пайдалану рұқсат етіледі [11]. Бір сымтемірлі сымды ұштап немесе сымның тік
бөлігімен, иілгіш көп сымтемірлі - ұшымен тұйықтайды. Қысқыштың әр
жағынан екі қимадан артық жалғауға рұқсат етілмеген.
Өткізгіштерді екі ұшынан да маркалайды - құрама қысқышта (ұстатқыш
қалып) және манжеттерде, трубаларда, арнайы тұйықтайтын аппараттарды
пайдаланатын қысқыштарда және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: