Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады.
Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат
жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан,
қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара кӛпшіліктің
шығармашылық іс-әрекетінің
нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес,
сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да кӛрініп отырады.
Демек, адам ӛзін табиғаттан бӛліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі
дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды
интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, ӛшпенділік,
жек кӛру, жирену түрінде кӛрінеді) сипатта болуы мүмкін. Кӛп жағдайларда
саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді.
Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен кӛрінеді. "Адамның санасы
объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды".
Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол ӛзі мекендеген жердің
жағдайын ӛзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі
соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде ӛзгертуге талаптанады, оны ӛз
қажетіне
бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен
табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл
Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның
есеп беруі болып табылады. Адам
ӛзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы ӛзіне-ӛзі есеп береді, демек,
сана тек қана сыртқы білімді емес, ӛзін білуді де қамтамасыз етеді,
яғни сана
ӛзіндік сана-сезім түрінде де кӛрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында ӛз
күшін реттей алады, ӛзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізінде тұлғаның. іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы
саналылық мӛлшерін анықтауға болады. Тұлға мінезі мен іс-әрекетінде білімге
сүйенеді, ол ӛткендегіні ескеріп және болашақты болжай отырып, неғұрлым
тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам ӛзін-ӛзі бақылайды және ӛз күшін
жоспарына қарай реттеп отырады.
Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол ӛзін танитын және білетін,
ӛзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.
Ӛзіндік сана-сезім
- сананың ӛзіңді білу мен ӛзіңе қатынастың бірлігі ретінде кӛрінетін бір түрі.
Ӛзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және ӛзіңді ӛзің
танудың бейнелеуінен
біртіндеп қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: