1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет89/94
Дата05.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#90701
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
2. Қабілеттер концепциясы. 
Қабілеттердің тұқым қуалау теориясы. Психологияда қабілеттердің үш 
концепциясы бар. Олардың бірі – қабілет тұқым қуалау арқылы дамып 
отырады деген концепция.Бұл қисын бойынша, адамның жеке дара қасиеті, 
соның ішінде қабілеті де атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады. Мұндай 
пікірді психологтар ғана емес, сондай-ақ ғылым мен ӛнердің (математиктер, 
жазушылар, суретшілер) кейбір ӛкілдері де қуаттайды. Мұның біріншілері ӛз 
кӛзкарастарын нақты зерттеулерден алған деректермен дәлелдегісі келеді. 
Мәселен ХІХ ғасырда ӛмір сүрген Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық 
жолымен болатынын кӛрнекті қайраткерлердің ӛмірбаяндарын зерттеу арқылы 
дәлелдегісі келген. Гальтонның кӛзқарасын Л. Котс ілгері қарай дамытты. Ол 
қоғамның айрықша жағдайлы топтарының ішінде мұндай мұра мол деген 
тұжырымға келген.
Қабілеттілік туралы бірінші концепцияға қарама – қарсы екінші 
концепция қабілетті түгелімен орта мен тәрбие анықтайды дейді.
Қабілеттілік тұқым қуалайды дейтін кӛзқарастың шындықпен сәйкес еместігін 
ӛмір шындығы кӛрсетіп отыр. Мұнымен бірге атақты адамдардың 
ӛмірбаяндарын объективті тұрғыдан талдау - кӛп жағдайда, кӛрнекті 
адамдардың ерекше дарыны жоқ отбасынан шыққандығын, сондай-ақ атақты 
адамдардың балалары мен немере-шӛберелері дарындылық кӛрсетпегенін 
дәлелдейді. Бұған бірнеше музыкант пен ғалымдар отбасы ғана жатпайды. 
Кӛрнекті америка ғалымы У.Эшби қабілеттіліктің, данышпандықтың ӛзі 
ӛмірде жүре пайда болған қасиеттен, балалық шақта, одан кейінгі кезеңде 
қалыптасады дейді. Мың рет сәтсіздікке ұшырап, мың бірінші рет жаңалық 
ашқан адам қабілетті, ал екінші реттен соң мәселені шешпей тастайтын адам
қабілетсіз дейді ол.
Буржуазия идеологтары қабілет ортаға тәуелді болғандықтан 
жұмысшының балалары мәдениет және интеллектуалдық деңгейі тӛмен
адамдар ортасында ӛсіп жетілгендіктен ӛздерінің қабілетін кӛрсете алмайды 
деген пікірді айтады. Сырт қарағанда екінші концепция да адамның дамуына 


шек қоймайды, адамның мүмкіншілігіне күмән туғызбайды. Бірақ бұл 
теориямен қазір де, бұрын да ғылыми келіспеушіліктер бар.
Қабілеттегі табиғи және жүре пайда болатын қасиеттердің 
диалектикасы. Кӛптеген психологтар қолдайтын қабілет жӛніндегі үшінші 
концепцияның ӛкілдері әлдеқайда дұрыс позицияда тұр. Ғалымдарының қабілет 
концепциясы табиғатынан барлық адамдарға адамдық даму мүмкіндіктері тән 
екендігін анықтайды. Осымен бірге кеңес психологтары белгілі бір қабілеттің 
қалыптасуына, дамуына дара табиғи нышандардың болуының да жақсы әсер 
ететіндігін мойындайды. Қабілеттер қолайлы әлеуметтік жағдайларда іс-әрекет 
үстінде қалыптасып отырады.Бұл концепция практика және арнаулы 
зерттеулермен дәлелденіп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет