Жүректі зерттеуде (кардиологиялық датчиктер) орташа фокустық, 3
немесе 3,5 МГц секторлық датчиктері қолданылады. 5
МГц датчиктерде
ультрадыбыстың ену тереңдігі аз болғандықтан, кардиологияда шектелген
масштабты түсіруде, әсіресе балаларды зерттеуде қолданады.
Қазіргі сканерлердің ультрадыбысты кескіннің бір кадрын ғана есте
сақтауға мүмкіндігі бар. Жүректі көру және кескіндеу кезінде жүректің
жиырылу сәтіндегі белгілі бір кезеңді ғана (диастола, систола) суретке
түсіру қажетігі туындайды. Сондықтан
кардиологиялық зерттеулерге
арналган
УДЗ
құралында,
ультрадыбыстық
кескінді
электрокардиограммалармен (ЭКГ) үйлестіретін синхронизациялаушы
бөлік болады. УДЗ курсорының көмегімен ЭКГ-да жүрек
жиырылуы
кезіндегі қажетті кезеңді таңдауға және кардиограмманың таңдалған
кезеңін ультрадыбысты кескінде тоқтатып түсіруге болады. Мұндай бөлік
физиологиялық сигналды көрсету бөлігі деп аталады. Кардиограмма
мониторында көрсету бөлігінен басқа синхронизация бөлігі бар. Бұл бөлік
УДЗ экранында жүректің фонын, пульстік толқынды көрсетеді. Сондықтан
блоктардан тұратын электродтардан бөлек жүрек
фонының микрофонын,
пульстік толқынның датчигін қоюға болады.
SSD-500, SSD-630, SSD-650
сканерлерінде абдоминальді конвексті
кардиологиялық датчиктер қолданылады.
Олар ультрадыбыспен
қабырғааралық мөлдір кеңістіктен жүректі кескіндеуді жүргізуге
мүмкіндік береді.
Арнайы кардиологиялық зерттеулер жүргізу үшін "Алока" фирмасы
5
және 7,5 МГц эзофагиналді конвексті датчиктер жасап шығарды. Бұл
датчиктер ас қорыту жүйесі арқылы жүрекке жақын келіп, жиілігі 5 немесе
7,5 МГц ультрадыбыспен үлкен аймақты түсіре алады.
Кардиологиялық зерттеулерде кейде М–режимі қолданылады. Бұл
режимде кескіндеу жоқ. Датчиктен шыққан ультрадыбыс сәулелері түзу
сызық бойымен таралады да, ұлпа тығыздығы
өзгерген шекарадан
шағылады (яғни мүше бетінен, жаңа пайда болған нәрседен).
Шығылған сәулені датчик қабылдайды да,
монитор экранында жарық
нүкте түрінде көрінеді. Ультрадыбыспен үздіксіз сәулелендіргенде экранда
жүрек ұлпаларының шекарасына сәйкес келетін бірнеше жарық қисықтар
көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: