Ж. Ш. Ургалиев медициналық биофизика практикумы



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата09.05.2023
өлшемі1,55 Mb.
#91292
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
Биофизика практикум 2016 Нускаулык сабақ

Бақылау сұрақтары: 
1. 
Тыныс алудың маңызы. 
2. 
Тыныс алу түрлері. 
3. 
Тыныс алудың негізгі этаптары. 
4. 
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз не, ол неге байланысты? 
5. 
Қалыпты тыныс алу (ҚТА) не? Ол неге тең? 
6. 
Максимальді тыныс шығарғаннан кейінгі өкпеде қалған ауа
қалай аталады? Ол неге тең. 
7. 
Тыныс алудың минуттық көлемін қалай анықтаймыз? 
Әдебиеттер: 
1. 
Владимиров Ю.А. и др. Биофизика, М.,Медицина, 1999 
2. 
Сәтпаева Х.К., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам 
физиологиясы., Алматы,. Дәуір, 2005,. 296-303 б. 
3.
Физиология человека, под ред. Г.К.Косицкого, М., Мед., 1985 
41 


№ 9 Зертханалық жұмыс. 
Тақырыбы: Магнитті-резонанстық томография (МРТ). Медицинада 
қолдану. 
Жұмыстың мақсаты: Қазіргі кезде медицинада кеңінен 
қолданылып жүрген МРТ әдісін студенттерге таныстыру. МРТ-нің жұмыс 
істеу принципін үйрету. 
Қысқаша теориялық мағлұмат: 
Магниттік-резонанстық томография (magnetic resonance imaging, 
MRI), магниттік-резонанстың көмегімен бейнелерді компьютерлік жолмен 
жасау (27-сурет). ЯМР (ядролық-магниттік резонанс)-томография (немесе 
МРТ) – бұл өткен ғасырдың 80 ж.ж. медициналық практикаға ене бастаған 
ішкі ағзалардың кескінін алудың жаңа түрі болып табылады. Әрбір жаңа 
физикалық құбылыс немесе әдіс ашылған сәтінен бастап, бірнеше кезеңді 
бастан кешіру арқылы қиын жолдан өтетіні тарихтан белгілі. Бастапқы 
кезде күнделікті өмірде бұл құбылыстың қолданылу мүмкіндіктері 
ешкімнің де ойына келмеген. Жүргізілген зерттеулердің арқасында бұл 
әдістің үлкен практикалық маңызы бар екендігі дәлелденді және осыдан 
кейін оның даму кезеңі басталды. ЯМР құбылысы 1944 жылы 
Е.К.Завойскийдің парамагнитті резонанс түрінде ашуымен және бұл 
ашылудан тәуелсіз 1946 жылы Блох пен Парселдің атом ядросының магнит 
моментінің резонанс құбылысы түрінде белгілі болды. ЯМР-томография 
рентгендік компьютерлік томографиядан едәуір ерекшеленеді, бірақ ол да 
сәулелік диагностикаға жатады. Сонда ЯМР-томографияның ерекшелігі 
неде? Ең басты ерекшелігі, ол – томография үшін қолданылатын 
сәулеленуде жатыр. Бұл толқын ұзындығы 1-ден 300 м-ге дейін жететін 
радиотолқынды диапазон. 
Зиянды болу қаупі бар рентгендік және гамма-сәулелерді
пайдаланбай-ақ магниттік-резонанстың көмегімен алынған құрылымдық 
және биохимиялық ақпарат медициналық патологияларға диагноз қоюда 
құндылығы өте жоғары. Бұл технология ісіктерді анықтау және сараптау 
үшін, жұмсақ ұлпалардан тұратын мидың, жүректің және басқа ағзалардың 
суретін түсіру үшін баға жетпес құрал. Дегенмен бұл түсірілімді түсіру 
барысында пациентке ыңғайсыздық тудыратын жіңішке трубада 
қозғалыссыз жатуы керек. 
Аты аталған бұл әдістің тағы бір кемшілігі медицинада суреттерді 
түсіретін басқа аппарат түрлерімен салыстырғанда бұл құралда 
сканерлеуге ұзақ уақыт кетеді. Бірақ МРТ технологиясының артықшылығы 
басқа технологияларға қарағанда сау мен ауру ұлпалардың 
42 


айырмашылығы мен қарама-қарсылығын жоғары дәрежеде ала 
алғандықтан медициналық диагноз қоюда таптырмайтын құрал болып 
саналады (28-сурет).
27 – 
сурет. 28 – сурет. 
Магниттік – резонанстың қолданылу тәсілдері
Магниттi-резонанстық томография – үш өлшемдi қалпына келтiрудi 
қолдана отырып, кез келген жазықтықтарда адамның iшкi мүшелерінің 
жоғары сапалы кескінін алуға мүмкiндiк беретiн диагностиканың ең 
заманауи ақпараттық әдiстерiнiң бiрi. 
Оның негiзінде иондармен қанықтыратын сәулелену және қандай да 
болмасын радиоактивтi затты қолдану емес, адамның организміндегі ең
көп таралған элемент- сутегi ядроларының магниттi резонанс қағидасы 
жатыр. 
МРТ әдiсі зиянсыз болып табылады және балалармен қатар 
ересектердің де ауруларының диагностикасын жасауға, сонымен қатар, 
емделу процесінде динамикалық бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк 
бередi. 
МРТ емдеушi дәрiгерге қысқа мерзiмде диагноз қоюға және дұрыс 
емдеудi белгілеуге көмектеседi. 
МРТ-нің артықшылықтары: 

рентген сәулелерінің радиотолқындармен алмасуы. Бұл емделуші 
мен дәрігердің сәулелік күш туралы ұғымын жояды; 

әдістің жеке өмірлік маңызы бар изотоптарға сезімталдығы, әсіресе, 
соның ішінде сутегіге, ол жұмсақ ұлпалардың ең кең тараған 
элементтерінің бірі. Осының арқасында томограммадағы кескіннің 
қанықтылығы (қоюлығы) ағзалар мен ұлпалардың әр түрлі 
учаскелеріндегі сутегі концентрациясының айырмашылықтарымен 
43 


қамтамасыз етіледі; 

суреттің қанықтылығын жоғарылататын әр түрлі молекулалармен 
түрлі химиялық байланысқа сезімталдығында жатыр; 

бүгінгі таңда миллиметрге дейінгі өлшемде объектілерді көру 
арқылы зерттеуге мүмкіндік береді; 

МРТ кесіктердің көлденең кескінін ғана емес, сонымен қатар қума 
кескінін де оңай алуға мүмкіндік береді. 
МРТ- нің кемшіліктері (қолдануға болмайтын жағдайлар):

кардиостимулятор, нейростимулятор; 

жүрек клапаны протезі; 

жасанды буын; 

магнитті металды бөтен денелер (бас миы көк тамырлары 
аневризмаларында клипстер мен қандай да бір медициналық міндет 
атқаратын құрылғылыр; медициналық емес металды объекттер – 
сынықтар, жоңқалар); 

3 айға дейінгі жүктілік мерзімі; 

металды тіс протездері әдетте бейненің сапасына айтарлықтай 
әсерін тигізбейді.
Тексерілу уақытында құралдың қалыпты жұмыс істеуімен 
байланысты ырғақты, қатты тарсыл естіледі. Тексерілу барысында 
контрасты зат қабылдау қажет болуы мүмкін, белгілі жағдайларда бұл 
тексерілу алаңының ақпараттығын көбейтеді. Контрасты зат тамырға 
егіледі. 
Магниттік – резонанстық апараттар 
Жоғары жылдамдықта айналу қабілеттілігіне мүмкіндігі мол, ең 
төменгі сәулелік жүктемемен PHILIPS Brillianse СТ-64 фирмасының 
мультишиыршықты компьютерлік томографы – жапсарлас кесiктердiң 
тiзбегiнiң негiзiнде объект бетiнiң үш өлшемдi бейнесiн қамтамасыз етеді. 
Күрделі анатомиялық құрылымды талдау және кескіндеу (күре 
тамырлардың дисталдық бөлiмдерi, бас сүйегінің ішкі үстіңгі қабаты, 
жамбас және ұршық сүйек бөлігі), жеңiл және жуан iшектердiң скрининг 
тексерулерi, компьютерлік томографтың бақылауында интервенция өткiзу 
үшін қолданылады. Сәулелiк жүктеменің төмендігі және сканерлеудің 
жоғары жылдамдығы ауыр емделушiлер мен балаларды санаулы секундтар 
ішінде тексеріп шығуға мүмкiндiк бередi. 
Үш өлшемдi объектілерді мониторда қисайтуға және айналдыруға, 
сонымен бiрге нақты уақыт масштабында реформативті кесiнділер алуға 
болады. Суреттiң мәлiметін мұрағаттау және автоматты түрде торлық 
44 


түйiнге жiберу DICOM стандарты бойынша CDR-диск электронды 
жеткiзушілері арқылы жүзеге асырылады. 
«Шимадзу» фирмасының магнитті-резонанстық томографы Magnex 
SMT-
50 (Жапония) жоғары өткізгіштік қабілеттілігімен, басқарудың 
қарапайымдылығымен және жоғары сапалы бейнесімен ерекшеленеді. 
Әсіресе, самайлық жоғары жақ сүйек буындарының функционалдық 
томографиясы, тізе буындарының томографиясы секілді күрделі 
зерттеулерді ыңғайлы жүргізеді. Бұл зерттеулерге мамандандырылған 
катушка алынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет