амплитудасынан онша үлкен болмайды да жылу аз бөлінеді. Негізгі жылу
диэлектриктік тұрақтысы жоғары ұлпалардан шығады. Miнe, айнымалы
электр өрісімен адам ағзасына әсер етудің басты ерекшелігі де осында.
УЖЖ электр тербелісі атермиялық терапия максатында кең
қолданылады. Мұнда адам организімінде сезім мүшесімен өте аз сезілетін,
тіпті кейде сезілмейтін, жылу энергиясы пайда болады. Бұл әдіс тереңде
жатқан ұлпаларды жылытуға ағзалар қабынғанда және т.б. терапиялық
мақсаттарда қолданылады.
Осылай емдеу нәтижесінде капилярлық тамырлардың диаметрі өсіп,
ұлпалардың қанмен қамтамасыз ету процессі жақсарады. Ағзада зат алмасу
процессінің жақсаруы түрліше биофизикалық және биохимиялық
процесстердің өтуін жақсартады.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Тапсырма: УЖЖ аппаратының көмегімен жоғары жиілікті электр
өрісіндегі электролиттер мен диэлектриктердің қызуын бақылау.
Көлемдері бірдей электролит (1–2% NaCl ) пен диэлектрик сұйықты
УЖЖ аппаратының электродтарының ортасына орналастырыңыз.
Жеткілікті дәлдік пен сұйықтың алғашқы температурасын
анықтаңыз.
Содан кейін УЖЖ аппаратын іске қосыңыз.
Әрбір 3–5 минутта сұйықтың температурасын өлшеп, нәтижесін 5 –
кестеге жазыңыз.
Алынған нәтижелерді пайдаланып температураның уақытқа
байланысты өзгеру графигін t°=f(t) салыңыз.
Кесте - 5
№ Уақыт
t
(мин)
Диэлектриктің
температурасы t
0
(
0
С)
Электролиттің
температурасы t
0
(
0
С)
Достарыңызбен бөлісу: