1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет34/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Байланысты:
1178 aza 1179 stan tarikhy bilet

 
 
 
25 - Билет 
1.Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы 
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.
Біріншіден, дін мифологиялық санага қараганда, адамның абстрактылық ойлау қабілетінің 
анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, эсемдік, ізгілік 
жэне т.б. ұғымдардың пайда болуы).
Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, эсіресе қогам өміріндегі себептік-салдарлық, 
қажеттік жэне кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды 


түсінуге болады. Бірақ олардың мәнін дұрыс түсіне алмаганнан кейін, адамдар 
табиғаттагы заңдылықтарды неше түрлі қүдіретті күштерге теңеп, соларға табыну 
арқылы оларды адамга керек багытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына 
сенді.Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың 
жақсылық пен ізгілікке қараганда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне 
қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен 
теңеуге әкеліп соқты.Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның 
өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек 
деген ойын тугызды.
Басқа қоғамдағы сан алуан қүбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге түсіп, өзінің 
әртүрлі багыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі дүниежүзілік діндер 
бар. Христиан дініндегі негізгі идея — эсхатология (eschatos — соңғы, грек сөзі, logos — ілім) 
тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі жэне өлген 
адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жүмаққа аттандыру. 
 
2.Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» 
қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз. 
Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы 
болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 
1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын 
қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне 
тікелей себеші болған жағдай- уақытша үкіметтің басқа шет аймақтардағыдай 
Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, 
тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық-
зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ еліндегі асқынған жер мәселесі шешілмеді, казак әскері, 
қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен 
жүргізген озбырлығы өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық 
мемлекекеттілік туралы мәселе талқылауға түсті. Осы мәселені қамтыған Жалпықазақ-
қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Нәтижесінде, 
«Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда 
аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы-Ә.Бөкейханов. 
Бүлінушліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды. Одан өзге ұлт 
қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық 
мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты. Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғ. соңы 
мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай және рухани-мәдени өзгерістердің 
нәтижесінде өмірге келді. Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын 
отарлық езгіден азат етіп, тәуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік 
мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды. 
3.1916 
жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және шайқас болған негізгі аудандарды карта 
бойынша белгілеңіз 
Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы 
алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері 
аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша 
жазалаушыларымен ірі қақтығыстар болады. Осындай жағдайда Верный уезінде 
Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар 
қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің 
съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған 
үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. 
Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев 
қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа 
күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай 


жетістіктер бермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық 
көтеріліс-басылып-жаншылады.
Көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға 
жетеді. Бұл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 
болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген 
Қайдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен 
арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым 
болыстарын қамтыды.
Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, 
Күйікте шайқастар болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан 
революциясына дейін созылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет