31
орындалса ыдыс ішіндегі газ сыртқы әсерлерден оқшауланған болады және
газ ішінде не болса да ішкі себептер нәтижесінде орын алады. Ыдыс ішіндегі
газға жеткілікті уақыт аралығында ешқандай сыртқы әсерлер болмаса, онда
газдың күйі стационар болып уақыт бойынша өзгермейді. Демек, осы
«жеткілікті уақыт аралығында» жүйенің құрамдас бөліктерінде газдың
бастапқы қысымдары, температуралары қандай мәндерге ие болса да теңесіп,
газ уақыт бойынша өзгермейтін стационар күйге келеді. Сонымен,
«жеткілікті уақыт аралығы»жүйенің барлық құрамдас бөліктеріндегі
температуралар мен қысымдардың теңесу уақыты. Бұл уақытты
қарастырылатын газдағы тасымалдау құбылыстарын зерттеу арқылы
бағалауға болады. Мысал ретінде қысымның теңесу уақыты сол ортадағы
дыбыс жылдамдығымен анықталатынын айта кетуге болады. Егер
ыдыстың сызықтық өлшемі болса, онда бұл уақыт аралығы
қатынасымен анықталады. Ауа үшін дыбыс жылдамдығы
екенін ескерсек, онда ыдыс өлшемі болғанда жеткілікті уақыт
аралығы шамамен
секунд болады. Әрине, бұл уақыт
макроскопиялық көзқарастан өте аз сияқты, бірақ микроскопиялық
көзқарастан өте ұзақ уақыт. Мысалы, ауа молекулалары қалыпты жағдайда 1
секунд ішінде басқа молекулалармен 10
9
соқтығысулар жасайды. Қысым,
температура және көлеммен сипатталатын газ күйін газдың макроскопиялық
күйі деп атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: