Юриспруденция Шифр: 5В030100 Пән: Әкімшілік құқық



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата12.05.2023
өлшемі136,98 Kb.
#92178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Глоссарий АП

 
Әкім Аппараты-жергілікті атқарушы орган қызметін қамтамасыз ететін 
мемлекеттік мекеме. 
 
Мүлікті пайдалануға тыйым салу- мүліктердің тізімі мен оларды 
пайдалануға тыйым салу. 
 
Аттестация- мемлекеттік қызметкердің (немесе өзге лауазымды тұлғаның) 
атқаратын қызметін тексеруге арналған арнайы процедура. 
 
Апат- соның салдарынан төтенше жағдай туындайтын қирату құбылысы. 
 
Босқын- оған байланысты зорлық-зомбылық және қудалау көрсетілгеннің 
салдарынан өзінің тұрғылықты мекенін тастап кетуге мәжбүр болған, 
Қазақстанның азаматтығын иеленбеген, Қазақстандық заңнама бойынша ҚР 
территориясына келгісі келетін немесе келген тұлға. 
 
Виза (рұқсатнама)-кіру, шығу, тұру немесе территория арқылы өтуге 
мемлекеттің арнайы рұқсатын білдіретін төлқұжаттағы белгі. Шетел 
азаматтарының елімізге келуі және де өз азаматтарымыздың шетелге кетуін 
мемлекеттің бақылауы мен реттеуіне мүмкіндік беруге арналған. 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 3 Барлығы 9
Ішкі әскерлер- ҚР ІІМ әскерлер. Түзеу мекемелерді, арнайы жүктерді, 
мемлекеттік объектілерді қорғауға арналады. Қоғамдық тәртіпті қорғауға 
қатысады. 
 
Затты өтеулі түрде алып қою- соттың қаулысы негізінде қолданылатын 
әкімшілік алымның түрі. Құқық бұзушының мүлкін алып қою және оны 
комиссиондық дүкендер арқылы іске асырып, алынған пайдасын оның 
бұрынғы иеленушісіне қайтару. ӘҚБК 49-бап 
 
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қоныс аударту-
превентивті шара. Мекендеу ережесі мен визалық тәртіпті дөрекі түрде 
бұзған, сонымен қатар азаматтардың физикалық денсаулығы мен рухани 
денсаулығы үшін қауіпті деп танылған шетел азаматтарына қатысты сот 
арқылы қолданылады. ӘҚБК 56-бап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет