Юриспруденция Шифр: 5В030100 Пән: Әкімшілік құқық


Түберкулездің (өкпе ауруының)



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата12.05.2023
өлшемі136,98 Kb.
#92178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Глоссарий АП

Түберкулездің (өкпе ауруының) жұқпалы түрі- науқастың сыртқы ортаға 
түберкулездің микробактерияларын бөлуіне байланысты қоршағандарға 
қауіп төндіретін туберкулез ауруының сатысы. 
 
Сұрау салу- қоғамдық не жеке түрдегі сұрақтарға байланысты ақпарат 
алудағы азаматтардың қажеттігін көрсететін үндеу. 
 
Үкіметтің отырысы- Үкіметтің жұмысының түрі, Премьер-Министрдің 
төрағалығымен айына 1 реттен кем емес өткізіледі. Ауыстырылу құқығысыз 
Үкімет мүшелері қатысады. 
 
Катастрофа(апат)- жаһанды немесе аймақтық масштабтағы төтенше 
жағдайға әкелетін қиратушылықты тудыратын құбылыс. 
 
Квалификациялық талаптар- нақты әкімшілік лауазымға сай келуі, 
құзырлылығы мен кәсіби дайындығының деңгейін анықтау мақсатында
әкімшілік мемлекеттік лауазымды атқаруға үміткер азаматтарға ұсынылатын 
талаптар. 
 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс- әкімшілік жауапкершілікке 
әкеліп соқтыру тәртібі мен негізін реттейтін бекітілетін нормалар, бірыңғай 
кодификацияланған 2001 жылы 30 қаңтарда қабылданды. 
 
Жергілікті комендатура- төтенше жағдайлар тәртібін қамтамасыз ету үшін 
төтенше ахуал енгізілген жергілікке Қазақстан Республикасының 
Президентімен құрылған арнайы орган; 
 
Жергілікті 
комендант- 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
тағайындаған лауазымды тұлға, төтенше ахуал тәртібін қамтамасыз ететін 
күшпен және қаражатпен ортақ басқаруды жүзеге асыратын және төтенше 
ахуал енгізілген жергілікті комендатуранының қызметін басқарушы; 
 
Коменданттық сағат- жеке басты растайтын арнайы берілген куәлік, құжат, 
өтуге, кіруге берілетін рұқсатнамасыз тұрғын үйден тыс көшеде және өзге 
қоғамдық орталарда жүруге тыйым салу кезінде бекітілетін тәулік уақыты; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет