Юриспруденция Шифр: 5В030100 Пән: Әкімшілік құқық



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата12.05.2023
өлшемі136,98 Kb.
#92178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Глоссарий АП

 
Ұсыныс- осы не өзге мемлекеттік органдардың, сонымен қатар ұйымның 
жұмыстарын жетілдіру, қойылған мақсатты шешу және нақты жолдарын 
табуға кеңес беру үшін назар аудартуды мақсат ететін үндеудің түрі. 
 
Төтенше жағдайлардың алдын-алу-максималды бағытталған және алдын-
ала жүргізілетін іс-шаралар кешені. 
 
Айыппұлды мәжбүрлеп алу- құқық бұзушы өз еркімен айыппұлды 
төлеуден бас тартқан кезде қолданылатын шара. ӘҚБК-і жеке және заң 
тұлғаларынан айыппұлды мәжбүрлеп алу процедураларын көздейді. Сот 
айыппұлды салған органның арызының негізінде қаулы шығарады. (ӘҚБК 
708-711 баптар) 
 
Созылмалы әкімшілік құқық бұзушылық-бір мақсатқа бағытталған және 
ортақ ойға біріктірілген, тең іс-әрекеттер қатарында жасалатын әкімшілік 
құқық бұзушылық. 
 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс-әкімшілік 
құқық бұзушылық туралы жеке істерді қарастыру, шешу, қозғау бойынша 
жүйеленген процессуальды әрекеттердің кешені. 
 
Әкімшілік қамауға алу туралы хаттама- әкімшілік қамауға алу шарттары 
мен себебін тіркейтін ресми құжат. Онда оның жасалуының мерзімі, уақыты, 
оны жасаған және қамауға алынған тұлға туралы мәліметтер, сонымен қатар 
қамауға алынудың негіздері тіркеледі. ӘҚБК 635 бап 
 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама- әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы нақты іс бойынша негізгі жағдайларды тіркеп, соның 
негізінде әрі қарай істі қарастыру жүргізілетін ресми, процессуальды құжат. 
 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 7 Барлығы 9
Реабилитация (оңалту)- құқық бойынша қалпына келтіру. 
 
Шетел азаматтарын тіркеуге- ҚР-ң территориясына келетін азаматтарды 
арнайы тіркейтін процедура. Олар өз құжаттарын 3 тәуліктің ішінде ІІМ-де, 
сыртқы істер министрлігінде және оның өкілдіктерінде тіркеуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет