Мемлекеттік лауазымдардың тізілімі (реестрі)- әкімшілік және саяси
лауазымдар тізіліміне бөлінетін ҚР-ң Президенті бекіткен мемлекеттік
қызметкерлердің лауазымдарының ресми бекітілген тізімдерінің сатысы
(иерархиясы).
Жеңілдететін мән-жайлар- әкімшілік жауапкершілікті көздейтін, нормалар
санкциясының шегінде алып қоюды жеңілдету үшін негіз болатын мән-
жайлар жиынтығы. Қазақстан Республикасының ӘҚБК 61-бап бойынша
қарастырылған.
Өз еркімен салған құрылысты қирату- заңсыз салынған және аса үлкен
қателіктермен салынған құрылысты қиратуға бағытталған қалыпқа келтіру
түріндегі шаралар. Әкімшілік жауапкершіліктен шешу- алып қою салынғаннан кейін бір жыл
өткеннен соң әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған тұлға әкімшілік
жауапкершілікке тартылмаған болып есептеледі, сонымен қатар оған
қатысты барлық шектеулер шешіледі.
Арнайы құралдар- заң шығарушы қатал көрсеткен кездерде құқық
қорғаушы органдар қызметкерлері қолданатын техникалық құралдар. Оған
мыналар жатады: қол кісендер, резина таяқтары, жас ақтыратын газдар,
водометтер т.б.
Әкімшілік өндірістегі көне мерзімдер- заң шығарушы арнайы бекіткен
мерзімдер, ол өтелгеннен кейін тұлға әкімшілік жауапкершіліктен
босатылады. ӘҚБК 69-бап
Тәртіптік жауапкершілік мерзімдері- жағымсыз әрекет анықталған күннен
1 айдан кеш емес салынатын және жағымсыз әрекет жасалған күннен 6 айдан
кеш салына алмайтын тәртіптік алып қою. Көнеліктің мерзімі 1 жыл. Салым
салынғаннан кейінгі 6 айдан соң шешіледі.
Стихиялық (дүлей) апат- соның салдарынан төтенше жағдай туындайтын
апат.
Әкімшілік жауапкершіліктің субъекті- әкімшілік құқық бұзушылық
жасаған жеке және заңды тұлға. Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелуден
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 8 Барлығы 9
кейін жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғалар мынадай белгілерді
иеленуі керек: әрекетке қабілеттілік пен 16 жасқа толғандығы.