Ересек азаматтарға қазақ тілін оқыту әдіснамасын
стандарттау және жүйелеу мәселесі: ҚАЗТЕСТ тәжірибесі,
нәтижелер, статистика
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
(бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) мемлекеттік тілді меңге-
рудің басым бағытын іске асыру үшін мемлекеттік тілді меңгер-
ген елдегі ересек тұрғындардың үлесін 2017 жылға қарай 80%-
ға және 2020 жылға қарай 95%-ға арттыру міндеті қойылған.
Аталған үлесті Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ
тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырудың
нәтижелері арқылы анықтау белгіленген. ҚАЗТЕСТ жүйесі 2006
жылдан бастау алады, 2008 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүйені дамыту мен енгізу
тұжырымдамасы қабылданды. Жүйенің негізгі бағыты күнделік-
ті әлеуметтік ортада азаматтардың қазақ тілін қолдана білу дәре-
жесін анықтау, яғни қазақ тілінің функционалдық қолданысын
бағалау. Тілдің күнделікті тұрмыста қолданылу дәрежесін баға-
лау арқылы тіл меңгерудің көлемін білу әлемде кең етек жайған.
Атап айтсақ, ағылшын тілін білудің деңгейін анықтайтын IELTS
– (Ағылшын тілінен халықаралық тестілеу жүйесі), TOEFL (Ше-
тел тілі ретінде ағылшын тілінен тест) жүйелері, орыс тілі бойын-
ша TРКИ – (Шетел тілі ретінде орыс тілінен тест) жүйесі және
тағы басқа да жүйелер мен тестілеу бағдарламалары қолданыста.
Барлығының негізгі бағыттары ¬ тіл үйренушінің сол тілдердегі
ақпараттарды тыңдап немесе естіп түсіну, оқи білу мен сол тілде
26
жаза білу және ең маңыздысы сол тілде сөйлей білу қабылеттерін
бағалау. Міне дәл осындай қағидамен құрылған ҚАЗТЕСТ жүйесі
де Тыңдалым, Оқылым, Жазылым және Лексика-грамматикалық
құрылымнан тұрады.
Мемлекеттік бағдарламада айтылған ересек тұрғындар кім-
дер? Қазақ мектебінде оқып, жоғары оқу орнын да қазақ тілінде
тәмамдаған адамнан тағы да барып, күнделікте тұрмыста қазақ
тілін қалай пайдаланасың деп сұрау ҚАЗТЕСТ мақсатына сәйкес
келмейді. Оның орнына жастайынан қазақ тілінен өзге тілде білім
алып, жоғары оқу орнын да орысша оқыған ересек азаматтар не-
месе шетелдерден көшіп келген азаматтардан мемлекеттік тілді
қаншалықты меңгердіңіз деп сұрау орынды, өйткені күнделікті
қатысым құралы ретінде де бұл азаматтар өзге тілді пайдаланады.
Еліміздің Ата Заңында жазылған әрбір қазақстандықтың азамат-
тық парызы – ол мемлекеттік тілді – қазақ тілін білу болса, ол
үшін мемлекетіміз барлық материалдық та, әдістемелік те, ұйым-
дастырушылық та, техникалық та жағдайларын жасап отыр. Сон-
дықтан, қазақ тілін өз елінің мемлекеттік тілі ретінде өзінің атқа-
ратын қызметінің көлемінде меңгеру саналы азаматтың рухани
дәрежесін білдірсе керек.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру шаралары әрине, тек
кешенді әрекеттерді орындағанда ғана іске асырылатыны бел-
гілі. Соның бірі қазақ тілін оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен
оны стандарттау. Бұл мәселе тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында не-
гізгі міндет ретінде анықталған.
Қазақ тілін оқытудың әртүрлі әдістемелері болғанымен, әлі
күнге дейін мектеп бағдарламасында өзге тілді мектептердегі
қазақ тілі сабақтары тек грамматиканы жаттау мен бір сарынды
жаттығуларды орындаумен шектеліп келеді. Осыдан барып, қазақ
тілі пәнінен бестік алған оқушы ешқандай-да коммуникацияға
дайын болмай шығады, яғни қазақ тілінде сөйлей алмайды. Әлем-
де тілді деңгейлеп оқытудың халықаралық тәжірибелері мен озық
үлгілері қолданылып келеді. Оның мысалдарын қазіргі таңда әр-
27
бір білімді азамат біледі, мысалы Оксфорд, Кэмридж үлгілері не-
гізіндегі оқулықтар, HeadWay, MacMillan үлігісіндегі және тағы
да басқа баспалар мен жеке мамандардың әдістемелері.
Осы тәжірибелер нәтижесін көріп отырып, кейде таң қалып,
неліктен осындай үлгілер бойынша тілді үйрету бұрыннан қолға
алынбаған деген ой туындайды. Ендігі кезекте осындай тәжіри-
белер негізінде қазақ тілін екінші тіл немесе шетел тілі ретінде
оқытуға арналған оқулықтар мен оқу құралдары әзірленіп отыр-
са да, оларды пайдаланудың орнына сол баяғы пайдасы шамалы
әдістемелер бойынша сөздерді жаттатып, грамматикалық ереже-
лерді еске түсіруден арыға бармайтын ескі тәсілдер бойынша әлі
күнге дейін оқытып келе жатқан мектептер мен оқу орындарына,
оқытушыларға не амал. Өйткені баяғыдан әзірленіп қойған ескі
бағдарламалары мен көнерген материалдарын тастап, жаңаны үй-
ренуге уақыт керек, одан қалса, уәкілетті орган өз бағдарламасы
бойынша ғана оқытуды талап ететіндігін алға тартып, тағы да сол
қазақ тілін меңгеру дәрежесі төмендеп жатыр. Бірақ, нәтиже жоқ
болғандықтан сапа менеджменті бойынша оның дәрежесін көтеру
үшін қандай да бір шаралар қарастырылуы керек емес пе? Сон-
дықтан, бұл мәселе айналып келгенде, қазақ тілінің мәртебесіне
келіп тірелетін болғандықтан, жаңа көзқарастар мен озық тәжіри-
белер нәтижелерін қолдана білу оқытушының шеберлігі болмақ.
Тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің
тапсырысы 2011-2012 жылдар аралығында бойынша үздіксіз
білім беру моделі арқылы қазақ тілін шетел тілі немесе екінші
тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға ар-
налған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірленді. Қазақ тілін оқы-
тудың әдіснамасы жетілдірілу мен стандарттау міндеті неліктен
осы күнге дейін өзекті күйінде қалып тұр деген сұрақ туындайты-
ны анық. Осы уақытқа дейін қазақ тілін оқыту әдіснамасы стан-
дартталмаған, немесе ол уақыт өте жетілдірілмей отырған деген
тұжырым туындамауы керек. Ескі әдістеме – тілді меңгеру үшін
тілдік құрылымдардың ережелерін жаттау, екі-үш шумақ өлең
жолдарын жаттау, бір сарынды жаттығуларды орындаумен шек-
28
теледі. Осыдан келіп, нәтиже болмайды, яғни балалар қазақ тілін-
де сөйлемейді. Өйткені ескі әдістеме сөйлеу әрекетінің тыңдап
түсіну, оқып түсіну, жаза білу мен айта білу қабілеттерін тиімді
қалыптастырмайды.
Орта мектеп қабырғасынан жоғары оқу орындарына келгенде,
практикалық қазақ тілі курстары тағы да екі жыл жалғасын табады.
Бірақ тағы да сол баяғы типтік бағдарлама, грамматиканы жаттауға
арналған жаттығулар мен тапсырмалар, нәтижесі белгілі!
Елбасының тапсырмасы – мемлекеттік тілдің мәртебесін арт-
тырудың бір парасы – ол әрбір өңірде қазақ тілін оқытудың орта-
лықтарын ашу қажеттігі болатын. Осыған сәйкес барлық облыс
орталықтарындағы ірі қалаларда барлығы 130-ға тарта мемле-
кеттік тілді оқыту орталықтары ашылып, жұмыстарын бастаған
еді. Оқыту орталықтарының негізгі тұтынушылары қазіргі таңда
әртүрлі қызметтегі ересек азаматтар. Мәселе бұл тіл үйренушілер
өзінің барлық саналы өмірінде тек орыс тілін пайдаланған, яғни
орыстілді бала бақшасынан бастап, жоғары оқу орнын да орыс
тілінде тәмамдап, күнделікті өмірде коммуникациялық қатынас
құралы ретінде тек сол тілді пайдаланатын азаматтар туралы
болып отыр. Мемлекеттік және азаматтық қызметшілер барлық
мемлекеттік органдардың ісқағаздары мемлекеттік тілге көшуіне
байланысты ісқағаздарын бірден қазақ тілінде рәсімдеуді үйрен-
гісі келеді. Ал ресми қазақ тілін пайдалану дегеніміз – бұл қазақ
тілін ортадан жоғары деңгейде меңгергенде ғана мүмкін болатын-
дығын естен шығармау қажет еді. Алайда, тіл үйренушілер тара-
пынан қазақ тілінде кез келген ресми құжатты рәсімдеп үйрену
талап етіледі. Осы мәселеге талдау жасап көрелік. Ресми құжатты
әзірлеу үшін оған қажетті сөздік қор қажет болады. Хатта айтайын
деген ойды шұбалаңқы оймен емес, нақты әрі логикалық дұрыс
құрылған сөйлемдер арқылы беру керек. Ал мұндай қабілет қа-
зақ тілін тек орта деңгейде меңгергенде ғана мүмкін болады. Со-
нымен, құжат әзірлеу үшін сол сөйлей білу қабылетінің бөліктері-
не жататын тыңдағанын немесе естігенін түсіне білу, оқығанын
түсіну, жаза білу мен сөйлей білу әрекеттері бірдей қалыптасуы
29
қажет болады. Міне осы сөйлеу әрекеттерінің түрлері тіл меңгеру
ғылымының негізі болып табылады.
Қазіргі күні қазақ тілін меңгерудің сол халықаралық тіл мең-
геру талаптарына сәйкестендірілген 5 деңгейі анықталған. Олар:
қарапайым, базалық (негізгі), орта, ортадан жоғары және жоғары
деңгейлер. Аталған деңгейлер еуропалық тілдік портфель талапта-
рында А1, А2, В1, В2, С1 және С2 деңгейлер деп көрсетіледі. С2
деңгейі қазақ тілінде Жетік деңгей деп аталады. Аты айтып тұрған-
дай тілді жетік меңгеру талап етіледі, яғни бұл деңгейде тілді әдеби
нормада, сол тілдің өкілдерінің ойлау қабілеті деңгейінде сол тіл
бойынша ойлап, сөйлей білуді білдіреді. Әрине С2 деңгейінде тіл
меңгеруді үйрету мен оны бағалау мақсаты қойылса, онда бұл дең-
гейді де жалпы алдыңғы жүйеге қосу қиындық туғызбайды.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсат-міндеттеріне сәйкес қа-
зақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен
стандарттау үшін осы деңгейлердің негізгі талаптарын мемлекет-
тік стандарттар ретінде бекітілді. 2015 жылы стандарттар ұлттық
стандарттар мәртебесінде қайта бекітіліп, қолданысқа енгізілді.
Стандарттар қазіргі таңда барлық тіл оқыту орталықтары мен
орталық және атқарушы мемлекеттік органдардың қолданысы-
на енгізілді. Стандарттар қазақ тілін әр деңгейге сәйкес оқыту-
дың талаптарын анықтайды, яғни тіл үйренушінің әр деңгейдің
сабақтарын (курстарын) аяқтаған соң қандай тілдік құзіреттілік-
тері болуы қажеттігі анық жазылған. Ұлттық стандарттар қосым-
шасында қазақ тілін кім қандай деңгейде меңгеруі қажет деген
қоғамдық сұраққа жауап ретінде мемлекеттік тілді міндетті білуі
тиіс мамандықтардың, лауазымдардың және кәсіптердің тізбесі
берілген. Мемлекеттік қызмет, азаматтық қызмет және өзге де
салалар болып бөлінген мамандықтар мен лауазымдар бойынша
қазақ тілін білу деңгейлеріне бөліп, жүйеленген.
Ұлттық стандарттардың талаптарын күнделікті қазақ тілі са-
бақтарында қалай пайдалану керек, яғни әрбір коммуникациялық
құзіреттілікке қазақ тілінің қандай тілдік құрылымы сәйкес келеді
деген сұрақтар туындайтыны анық. Қазақ тілінің оқытушылары-
30
на күнделікті сабақтарға ыңғайлы, бағытты анықтап, мақсатты
жүйелі қадағалап отыру үшін қазақ тілін оқытуға арналған типтік
бағдарлама әзірленді. Бірүлгі (типтік) бағдарлама ұлттық стан-
дарттардың талаптарына сәйкес әр деңгейдің талаптарын нақты
түрде анықтайды.
Төмендегі суретте көрсетілген кешен мазмұнын екі ауыз сөз-
бен түйіндесек: Стандарттарға сәйкес оқыту бағдарламасы, оған
сәйкес сөздік қор қалыптастыру, сөздерді бір-бірімен байланыс-
тыруға арналған грамматикалық анықтағыш пен деңгейлік оқу-
лықтар және оның нәтижесін бағалайтын ҚАЗТЕСТ жүйесі.
Қазіргі таңда ҚАЗТЕСТ жүйесі өзінің қазақ тілін меңгерудегі
ықпалын дәлелдеп, өміршеңдігін тәжірибе жүзінде көрсетті. ҚАЗ-
ТЕСТ жүйесін енгізудің тұжырымдамасы бекітіліп, мемлекеттік
бағдарламадағы негізгі мақсатты индикаторды іске асырудың меха-
низміне айналды. «Болашақ» бағдарламасы үміткерлері мен мем-
лекеттік қызметшілер, ұлттық компания қызметкерлері мен жеке
фирма қызметкерлері, оқу-білім саласы мен денсаулық, әскери мен
арнаулы сала өкілдері қажеттіліктеріне қарай ҚАЗТЕСТ тапсырып,
қазақ тілін меңгеру деңгейлерін анықтап, тілді әрі қарай үйренуге
немесе қайта машықтануға қажетті құралына айналды.
ҚАЗТЕСТ тапсырған мемлекеттік қызметшілер: аудан, қала
әкімдері, олардың орынбасарлары, орталық атқарушы мемлекет-
тік органдардың жоғары лауазымды өкілдері қазақ тілін меңгеру-
31
дегі негізгі уәждемеге ҚАЗТЕСТ жүйесінің себеп болатынын айту-
да. Әрбір байқау сынақтарынан кейінгі тәуелсіз сауалнамалардың
нәтижесінен тест тапсырушылардың 98%-ға жуығы мемлекеттік
тілдің мәртебесін арттыруға жүйе үлкен септігін тигізе алады де-
ген пікірлерін байқауға болады. Алайда, ешкімді мәжбүрлеп қазақ
тілін оқыту мен оны меңгерту мақсат емес. Десек те, қазақ тілін
шектеу қойып немесе мәжбүрлеу арқылы меңгерту мақсат бол-
мағанымен, мемлекеттік тілді меңгеруге тиімдірек, дәлірек ықпал
етерлік оқу-әдістемелік кешен әзірленді. Нәтижесі қазақ тілін бел-
гілі бір деңгейде меңгергендігін растайтын ҚАЗТЕСТ сертифика-
ты, яғни нәтижеге бағытталған білім беру қағидаты сақталды.
Жалпы тілді меңгеру үшін оған әрбір тіл үйренуші өзінің жүре-
гін ашу қажеттігін Президентіміз бір сөзінде тілге тиек етіп айт-
қаны бар еді. Әрине, мақсатты өз елімнің, жерімнің мемлекеттік
тілін меңгеремін деп қызығып қойса, онда нәтиже де соған сәй-
кес көңілге шуақ сепкендей болары хақ. Ал түрлі әдістемелер мен
оқулықтар тіл меңгерудің қосымша құралы болып қала береді.
Келесі диаграммада 2006 жылдан бастап, ҚАЗТЕСТ жүйесі
бойынша тестілеуге қатысушылар динамикасы келтірілген.
Диаграммада ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылғаннан бастап, тестіле-
нушілер саны ұдайы өсіп отырғанын байқауға болады. Мемлекет-
тік қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер қазақ тілін жалпы
32
қандай деңгейге жақын меңгергендігін анықтауға бағытталған
диагностикалық тестілеулер өтіп келеді, өйткені диагностикалық
тестілеу тегін өткізіледі. Сертификаттық тестілеулер ақылы негіз-
де өткізілетіндіктен, тестке қатысушылар контингентін қалыптас-
тыруда біршама қиындықтар туындайды.
Қазіргі таңда ҚАЗТЕСТ диагностикалық тестілеуіне еліміз-
дегі ересек азаматтардың ішінде белгілі себептермен қазақ тілін
меңгермеген азаматтардың басым бөлігі қатысып отыр. Жалпы
қатысу шылардың ішінен 10%-на ғана сертификаттық тестілеуге
қатысты. Келесі суретте республиканың өңірлерінен диагности-
калық және сертификаттық тестілеуге қатысу нәтижелері кел-
тірілген.
ҚАЗТЕСТ-тің білім саласындағы басқа да түрлі тестілеу түр-
лерінен айырмашылығы ретінде контингенттің әртүрлігін атауға
болады. 2006 жылы тест тапсырмасының байқау сынағына мек-
теп және колледждер таңдап алынған болса, 2008 жылдан бастап,
мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің үлесі жыл сайын ар-
тып келеді. 2016 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 39418 (53,5%)
мемлекеттік қызметші, 17304 (23,5%) бюджеттік сала қызмет-
кері, 10395 (14,1%) мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері, 4507
(6,1%) әскери қызметкерлер, 1079 (1,5%) «Болашақ» стипендия-
сына үміткерлер және 1029 (1,4%) басқа да сала қызметкерлері
тестілеуден өтті.
33
2016 жылы тестілеуге қатысушылардың басым бөлігін (69%)
жасы 40-қа дейінгі азаматтар құрағанын байқауға болады. Жоға-
рыдағы диаграммаға сәйкес тестіленушілердің 54%-ы мемле-
кеттік қызметшілер болып табылады, еліміздегі орталық және
жергілікті атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қыз-
метшілердің 56%-ын 25-39 жас аралығындағы азаматтар құрайды
деген деректі ескерсек, келесі суретте келтірілген 40-қа дейінгі
жас санатының негізгі бөлігін мемлекеттік қызметшілер құрап
отыр деген болжам жасауға болады.
2016 жылы компьютерлік тестілеуді есептемегенде, ҚАЗТЕСТ
жүйесі бойынша 30950 ер адам және 33029 әйел адам емтиханнан
өтті. Сондықтан 2016 жылы әйел адамдар саны 4%-ға көп болды.
Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік қызметшілер,
мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлері мен өзге
де сала қызметкерлерін ҚАЗТЕСТ тестілеуімен қамту жұмыста-
34
ры ауқымды жүргізіліп отыр. Осы арқылы тіл меңгеру жағдайы
қай аймақта қандай көлемде деген сауалға да дәлелді жауап беру-
ге болады.
Осы ретте тіл үйренушілерге, жалпы ҚАЗТЕСТ тестілеуіне қа-
тысушы жалпы қауымға қазақ тілін меңгеруде қандай құралдар
жетіспей тұрғанын анықтау қиындық туғызбайды. Бұл – практика
нәтижесі.
2016 жылы екінші басылыммен әзірленген «Қазақ тілі» оқу-
лықтарының мазмұны мен сапасына тек қана оң пікірлер айтылу-
да. Осы үрдісті жалғастыру қажет, яғни В1 және В2 оқулықтары-
ның екінші басылымын әзірлеп, баспадан шығару керек. Жұмыс
тобына беделді ғалымдар мен шетелдерде білім алған жас ға-
лымдарды жұмылдыру қажет.
Лексикалық-тақырыптық минимумдардың кез келген әдісте-
меде орны ерекше, яғни сөздік қор қалыптаспай, сол тілде сөйлеу
мүмкін емес.
ҚАЗТЕСТ тақырыптық-лексикалық минимумдардың сапасын
арттыру мәселесі де күн тәртібіндегі мәселе. А1 және А2 деңгей-
леріне арналған кітаптардың екінші басылымын әзірлеу керек.
Қазақ тілінің оқытушылардың білік деңгейлерінің жоғары көте-
ру өзекті міндет. Осы тұрғыда британдық TKT (Teaching Knowledge
Test – Кембридж университетінің емтихан түрі) тестінің қазақстан-
дық үлгісін әзірлеп, орталықтардың оқытушы құрамын осы тес-
тілеу арқылы білік деңгейін анықтау ұсынылады.
«Мемлекеттік тілді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» атты рес-
публикалық семинар-кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар:
1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру комиссиясы-
ның 2016 жылғы 23 желтоқсандағы отырысы хаттамасына сәйкес
өзге тілді ересек азаматтарға мемлекеттік тілді оқыту барысында
барлық өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында қазақ
тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талапта-
рын белгілейтін ҚР СТ 1926-2015, ҚР СТ 1928-2015, ҚР СТ 1929-
2015, ҚР СТ 1925-2015, ҚР СТ 1927-2015 ұлттық стандарттар не-
гізге алынсын.
2. Барлық оқыту орталықтарында мемлекеттік тілді оқыту ба-
35
ры сы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі-
лігі Тіл комитетінің тапсырысымен ҚР СТ 1926-2015, ҚР СТ
1928-2015, ҚР СТ 1929-2015, ҚР СТ 1925-2015, ҚР СТ 1927-2015
ұлттық стандарттар негізінде 2012 жылы алғашқы рет әзірленген,
2016 жылы екінші баслыммен толықтырылған Бірүлгі (типтік)
бағдарламаға (ISBN 978-601-7822-36-1) сәйкес жүйеленсін.
3. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ныса-
налы индикаторын орындау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі негізін-
де өңірлерде диагностикалық тестілеулер санын арттырып, ұлттық
стандарттар бойынша атқаратын лауазымы мен кәсіптер, маман-
дықтарына сай сертификаттық тестілеулер үлесін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлі-
гі Тіл комитетінің тапсырысымен «Қазақ тілін шетел тілі немесе
екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі» жобасының аясында Ұлт-
тық тестілеу орталығы әзірлеген «Қазақ тілі» оқулықтарының
А1-қарапайым, А2-базалық деңгейлерге арналған оқулықтары-
ның екінші басылымының сәтті шығуын ескере отырып, В1-ор-
та, В2-ортадан жоғары деңгейлер оқулықтарының жыл соңына
дейін екін ші басылымын жарыққа шығуын қамтамасыз етсін.
5. Жыл соңына дейін Бірүлгі (типтік) бағдарламаға негізделген
жұмыс-оқу бағдарламасы әзірленсін. Жұмыс тобына барлық өңір-
лік орталықтардан тәжірибелі әдіскерлер мен оқытушылар енсін.
6. «Мемлекеттік тілді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» атты
республикалық семинар-кеңес мазмұнына сәйкес «Қазақ тілін
шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі» жобасы-
ның аясында әзірленген лексикалық-тақырыптық минимумдар-
дың А1, А2 деңгейлеріне арналған кітаптарының екінші басылы-
мы жыл соңына дейін әзірленсін.
7. Қазақ тілі әдіскерлері мен оқытушыларының біліктілік дең-
гейлерін көтеру мақсатында әлемдік ТКТ (Teaching Knowledge
Test) тестілеу емтиханына ұқсас отандық тестілеу емтиханын
ҚАЗТЕСТ базасында әзірлеу мәселесі пысықталсын, қажет жағ-
дайда семинар-кеңес ұйымдастырылсын.
|