100
Джон Бардин (1908-1991жж.), Леон Купер (1930 ж.) және Джон Роберт
Шриффер (1931 ж.) болды.
Бұл теорияның (авторлардың фамилияларының бас әрпінен құралып,
БКШ деген атау енгізілген) ашылуынан бастап, асқынөткізгіштіктің дамуында
жаңа кезең басталды. Ол асқынөткізгіштікке қатысты көптеген эффектілерді
түсіндірумен қатар жаңа құбылыстарды болжаумен сипатталады. Осылай,
1962ж. ағылшын ғалымы Брайан Дэвид Джозефсон (1940 ж.) БКШ теориясына
жүгіне отырып, әлсіз асқынөткізгішті системаларды жүзеге асатын,
тунельдердің өзгеше түрін болжады. Джозефсон болжаған құбылыс (кейіннен
эксперимент түрінде дәлелденген) 1974 ж. оны Нобель сыйлығымен
марапаттауға негіз болды. Ал эффектінің өздері қазір оның есімімен аталады.
БКШ теориясынан,қиын жасалатын жағдайлар қажет болсада, Т
с
~300К
болатын таң салмақты асқынөткізгіштердің болу мүмкіндігіне еш қарсылық
болмайтындығын көруге болады. 1986-1987 жж. мұндай материалдар алынды.
Бұл жерде 1987 ж. Нобель сыйлықтарының лауреаттары И.Г. Бернорц
(Германия) және К.А. Мюллер (Швейцария) болды.
Асқынөткізгіштердің ғылымда үлкен орын алатын төмен темпратуралар
физикасына жатады. Бұл бағыт адам жетістіктері табиғат мүмкіндіктерінен
асып түсетін жалғыз физикадағы бағыт. Зертханаларда әлемде кездеспейтін
төмен температура мәндері алынды. Осыдан табиғатта байқалмаған физикалық
құбылыстарды зерттеу мүмкіндіктері пайда болғанын көруге болады. Бұл
кезеңнің тарихы қазіргі таңда жасалуда.
Достарыңызбен бөлісу: