Сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Əдістемелік ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата14.05.2023
өлшемі324,56 Kb.
#92907
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Сабақ кестелері:
- білім алушылардың оқуы, тәрбиеленуі және 
дамуы үшін анағұрлым оңтайлы жағдайлар жасау;
- білім алушылар мен оқытушылардың қызметі 
үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- оқу орындары ұйымы қызметінің оңтайлы жұ-
мыс режимін қамтамасыз ету мақсатында құра-
стырылады.
Оқудың сабақ кестелерін құрастыру кезінде 
мыналарды басшылыққа алу ұсынылады:
- сабақ кестесі тұрақты болуы тиіс, барлық се-
местрге құрастырылуы, оқу жұмыс жоспарларында 
көзделмеген оқу сабақтарын қамтымауы тиіс. Са-
бақ кестесінде оқу модульдері мен пәндердің толық 
атауын, оқытушының тегін және сабақтарды өткізу 
орнын көрсету қажет.
- кіші топтар бойынша оқудың сабақ кестелерін 
сабақтарды әр түрлі оқытушылар жүргізетіндей 
етіп құрастыру қажет. Факультативтік сабақтарды 
өткізу үшін бөлек сабақ кестесі құрастырылады.


16
- оқудың сабақ кестесі оқу күні ішінде оқу про-
цесінің үздіксіздігін, білім алушылардың оқу жұмы-
сының (аудиториялық және өздік) бір апта ішінде 
тең бөлінуін, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шараларды 
өткізу мүмкіндігін көздеуі тиіс. 
- оқудың сабақ кестесі күндізгі оқу сабақтары 
таңғы сағат 8-ден ерте басталмайтындай, ал кешкі 
ауысым сабақтары сағат 22.00-ден кеш аяқталмай-
тындай етіп құрастырылуы тиіс. Осы ретте оқудың 
басталу және аяқталу уақыты жергілікті жағдайлар 
мен көліктік қамтамасыз етуге сүйене отырып, оқу 
орнының қарауы бойынша өз бетінше белгіленеді.
Барлық оқу топтары бойынша оқу сабақтарын бір 
мезгілде, бір сағатта бастау ұсынылады. Оқу орны 
бірнеше оқу ауысымымен жұмыс істеген кезде ауы-
сымдар арасындағы үзілістер 40 минуттан кем бол-
мауы тиіс.
Оқудың сабақ кестесін құрастыру кезінде:
- оқу жоспарының модульдері мен пәндерін 
жұмыс күні шегінде және апта күндері бойынша 
білім алушылардың педагогикалық дұрыс жүкте-
луін қамтамасыз ететіндей бөлу; 
- модульдер мен пәндер бойынша сабақ түрлерін 
меңгеру қиындығына және санитариялық нормалар 
мен қағидалардың талаптарына қарай орынды алма-
суын ескеру;
- барлық оқу кабинеттерінің, зертханалардың, 
оқу-өндірістік шеберханалар мен полигондардың 
мүмкіндіктерін бір күн ішіндегі барынша көп жүк-
телуін ескере отырып пайдалану ұсынылады; 
- оқу зертханалары мен оқу-өндірістік шебер-
ханалардағы оқу модульдері бойынша сабақтар-


17
ды теориялық білімнен кейін оқу күнінің соңында 
көздеу орынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет