18
3. Сабақ кестелерінің түрлері
3.1. Күндізгі оқу бөлімінде білім алушылар-
дың сабақ кестесі. Күндізгі оқу бөлімінде білім
алушылардың оқу сабақтары бір семестр ішінде
біркелкі бөлінеді. Білім алушыларға бір аптада
түсетін міндетті оқу жүктемесінің ең көп көлемі
(академиялық сағатпен) Техникалық және кәсіптік
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стан-
дартына сәйкес анықталады. Оқу сабақтарын өт-
кізу бірінші басшы бекіткен техникалық және
кәсіптік білім беретін оқу орнының жұмыс регла-
ментіне сәйкес күндізгі уақытта жоспарланады.
Достарыңызбен бөлісу: