Сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Əдістемелік ұсынымдар


 Кешкі оқу бөлімінде білім алушылардың



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата14.05.2023
өлшемі324,56 Kb.
#92907
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
3.2. Кешкі оқу бөлімінде білім алушылардың 
сабақ кестесі. Кешкі оқу бөлімінде білім алушы-
лардың сабақ кестелері бір семестр ішінде біркелкі 
бөлінеді. Бір апта ішіндегі аудиториялық сабақтар-
дың ең көп көлемі Техникалық және кәсіптік білім 
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты-
на сәйкес күндізгі оқу бөлімі үшін көзделген оқу 
уақытының тиісті көлемінен 70% мөлшері есебіне 
сүйене отырып анықталады. Сабақтарды өткізу 
бірінші басшы бекіткен техникалық және кәсіптік 
білім беретін оқу орнының жұмыс регламентіне 
сәйкес кешкі сағаттарда жоспарланады.
3.3. Сырттай оқу бөлімінде білім алушылар-
дың сабақ кестесі. Сырттай оқу бөлімінде білім 
алушылардың оқу сабақтары зертханалық-емти-
хандық сессия нысанында өткізіледі және оқы-
тушы мен білім алушының оқу жұмыстарын 
және бақылау іс-шараларын (білім алушыларды 


19
ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау) бірік-
тіреді. Сабақтарды өткізу сәйкесінше қыс және жаз 
мезгілдерінде оқу жылында 2 рет жоспарлау ұсы-
нылады. Бір апта ішіндегі аудиториялық сабақтар-
дың ең көп көлемі Техникалық және кәсіптік білім 
берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты-
на сәйкес, күндізгі оқу бөлімі үшін көзделген оқу 
уақытының тиісті көлемінен 30% есебіне сүйене 
отырып анықталады. Бір күн ішінде сабақтарды 
өткізу бірінші басшы бекіткен техникалық және 
кәсіптік білім беретін оқу орнының жұмыс регла-
ментіне сәйкес жоспарланады.
3.4. Аралық аттестаттау кестесі. 
Аралық аттестаттау кестесі оқу жылы ішінде 2 
рет, сәйкесінше қыс және жаз мезгілдерінде күндіз-
гі және сырттай оқу бөлімдерінің білім алушыла-
ры үшін құрастырылады. Аралық аттестаттаудың 
ұзақтығы, яғни Техникалық және кәсіптік білім 
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты-
на сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттауға 
бөлінетін оқу уақыты - 2 оқу аптасынан артық бол-
мауы және дипломдық жұмысты орындауды қоса 
алғанда, қорытынды аттестаттауға бөлінетін оқу 
уақыты 8 оқу аптасынан артық болмауы тиіс. 
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кей-
інгі білім беру ұйымдарында білім алушылар-
ды аралық аттестаттау білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірлен-
ген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламала-
рына сәйкес, курстық жобаларды (жұмыстарды), 
сынақтар мен емтихандарды қорғау нысанында 


20
жүзеге асырылады, осы ретте сынақтар және кур-
стық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихан-
дар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар 
(жұмыстар) осы пән бойынша курстық жобаны 
(жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді мең-
геруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлігі 
немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады. 
Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында 
осы пән бойынша емтихан немесе қорытынды 
сынақ түріндегі аралық аттестаттау көзделмесе, 
сынақтар кейінгі семестрге өтетін пәндер бойын-
ша өткізіледі. 
Сараланған бағалары («өте жақсы», «жақ-
сы», «қанағаттанарлық» және «қанағаттанарлық-
сыз») бар сынақтар курстық жобалар (жұмыстар), 
кәсіптік практика, сондай-ақ тізбесі оқу жұмыс 
жоспарына сәйкес анықталатын арнайы пәндер 
бойынша өткізіледі.
Білім алушыларды аралық аттестаттауға дай-
ындық кезеңінде консультацияға бөлінген уақыт-
тың жалпы бюджеті есебінен консультациялар өт-
кізіледі. 
Аралық аттестаттау кестесімен олар бойынша 
емтихан оқу жұмыс жоспарларында көзделген 
оқу модульдері мен пәндері бойынша оқу топта-
ры үшін емтихандар мен консультациялар өткізу 
күні, уақыты және орны айқындалады. Аралық ат-
тестаттау кестесі ол басталар алдында бекітіледі.


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет