М. Р. Балтымова


Ҧсынылатын әдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет37/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78
Байланысты:
open-file

Ҧсынылатын әдебиет тізімі: 
1. 
Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: таным мен 
кӛркемдік. – Алматы, 1999. – 346 б. 
2. 
Балтымова М. Р. Ілияс Есенберлиннің тарихи 
романдары: 
шеберлік 
пен 
кӛркемдік. 
Монография 
/М.Р.Балтымова. – Алматы: «Отан» баспасы, 2015. – 168 бет. 
3. 
Балтымова М.Р. Қазақ әдебиетіндегі тарихи 
проза: Оқу құралы. – Ақтӛбе, 2016. – 200 бет. 
4. 
Бердібай Р. Тарихи роман. Оқу құралы. – 
Алматы: «Санат», 1997. – 336 б. 
5. 
Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқулық /Б.Ердембеков, 
Ж.Аймұхамбет, Р.Тұрысбек т.б. – Алматы: ЖШС РПБК 
«Дәуір», 2012. – 216 б. 
6. 
Пірәлиева Г. Кӛркем прозадағы психологизмнің 
кейбір мәселелері (Түс кӛру, бейвербалды ишараттар, заттық 
әлем). Монография. – Алматы, 2003. – 328 б. 
7. 
Сыдықов Т.С. Қазақ тарихи романы. – Алматы: 
Ер-Дәулет, 1996. – 252 б. 
 
№15 практикалық сабақ
Тақырыбы. Тарихи туындылардағы ауыз әдебиеті 
үлгілерінің қолданылуы 
Жоспары:
1. Тарихи романдардағы фольклор үлгілерінің қолданылуы 
2. Тарихи романдардағы ауыз әдебиеті үлгілерінің кӛркемдік 
ерекшелігі 
3. Оқу және талдау: Қ.Мұханбетқалиұлы «Тар кезең»
Әдістемелік нҧсқау. Бұл сабақ пресс-конференция 
түрінде ӛткізіледі. Сабақта студентке тӛмендегі жұмыстарды 
орындау ұсынылады. 
Бақылау сҧрақтарына жауап беру:
1. 
Фольклорлық үлгілердің тарихи романдағы 
қызметі қандай? 


199 
2. 
Аңыздар мен әпсаналардың кӛркемдік қызметін 
анықтаңыз. 
Глоссариймен танысу:
Ауыз әдебиеті – ауызша таралған халықтық кӛркем-
әдеби туындылардың әдебиеттану ғылымындағы жиынтық
атауы. 1896 ж. Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылш. folk 
– халық, lore – білім, даналық) сӛзі де ауыз әдебиеті атауы
үшін халықаралық ғылыми атау ретінде орныққан. Фольклор
атауы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген
мағынада қалыптасқан. 
Аңыз – фольклорлық проза жанры. Онда тарихи
шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, 
әйтсе де уақыт ӛте ӛңделіп, кӛркемдік сипат алған оқиғалар
баяндалады. Тарихи тұлғалар қатысқан тарихи оқиғалардың
баяндалуы, оқиға ӛткен уақыт шегі, жер атауының нақтылы
кӛрсетілуі, белгілі дәрежедегі аймақтық шектелушілік 
(негізінен, белгілі бір ӛңірде ӛмір сүрген адамдар, болған
оқиғалар туралы аңыздар кӛбірек таралады), сюжеттік-
композициялық шарттылықтың сақтала бермеуі – аңыздың
жанр ретіндегі ерекшеліктері. Аңыздар шартты түрде, 
тақырыптық сипатына қарай тарихи аңыздар және 
топонимикалық аңыздар болып жіктеледі. 
Әпсана (парсы. апсанс – аңыз, араб. хикаят – әңгіме) – 
қазақ фольклорлық прозасының жанры. Бұл терминді орыс, 
Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан «легенда» (лат. legenda) – 
ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына
С.Қасқабасов енгізген. Әпсана бағзы бір замандарда болыпты-
мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-
әнбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерге
негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы
жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық
прозаның кӛркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі. 
Әпсанадан аңызға да, мифке де, ертегілерге де тән жанрлық
белгілері бірдей ұшырасады. Оқиғаның тым кӛне, архаикалық
сипаты белгілі бір идеялық, тақырыптық бағдарды діттейтін
сюжеттік-композициялық шарттылықтың басымдылығы, кӛп
нұсқалық – әпсананың негізгі ерекшеліктері. Әпсана шартты


200 
түрде бірнешеге бӛлінеді. Тарихи-мекендік әпсана (ескі дәуірде
ӛткен оқиғалар, тарихи тұлғалар жайына арналады (Ескендір
Зұлқарнайын, Қызыр, Қорқыт туралы), діни-кітаби әпсана 
Құран Кәрім хикаяларын мазмұндап, әулиелердің тағдыр 
талайын, тіршілік тауқыметін, т.б. ӛзек етеді (Аюп, Мұса,
Әзірет Әли, Нұқ, т.б. туралы), әлеуметтік-утопиялық әпсана 
(халықтың тәңірі қалаған абат мекені Жерұйық, Жиделі-
Байсын туралы). 
Шежіре (араб. шәджәрә) – халықтың құрамына кіретін 
тайпа-рулардың тегін таратып, бір-бірімен туыстық дәрежесін 
айыратын тізбе. Шежіре негізінен қарасӛзбен, кейде ӛлеңмен 
жазылады, кӛлемі әрқалай боп келеді. Арғы ата-бабалардың, 
тайпа, рулардың басталуы мен таралуын кӛрсететін тізбе. 
Шежіре – тарихи жазба ескерткіш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет