М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет67/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78
Байланысты:
open-file

КӚРКЕМ БЕЙНЕ кӛркем образ – кӛркемӛнерде, соның 
ішінде әдеби шығармада жинақталған түр де, суреттелген ӛмір 


276 
құбылысының нақтылы кӛрініс-қалпы, кейіпкердің кӛркем ой 
елегінен ӛткізіліп, қорытындылап жасалған тұлға-бейнесі.
Кӛркем образда екі түрлі ерекшелік – жинақтау, 
жалпыхалықтық сипаттарды топшылап-түйіндеу және даралау, 
жекелік қасиет-белгілерді нақтылы түрде кӛрсету – осы екеуі 
іштей астасып, қабысып жатады. Кӛркем бейне – әдебиетте, 
ӛнер салаларында ӛмір шындығын, қоғамдық құбылыстарды, 
табиғатты, адам тағдырын бейнелеп кӛрсету тәсілі. Әдеби 
шығармадағы адамның кӛркем бейнесін алсақ, оның бой-
тұлғасындағы, кескін-кейпіндегі, жүріс-тұрысындағы, қимыл-
әрекетіндгі, ойлау-сӛйлеу әдетіндегі ӛзгеше сипат блгілерді 
нақтылы суреттеу арқылы жазушы типтік қасиеттерді, яғни 
қоғамдық жағдай туғызған, басқаларға ортақ жалпылық мәні 
бар ерекшеліктерді айқын танытады. Реалистік кӛркем бейне 
типтендіру тәсілімен жасалады. Жазушы кӛптеген адамдарға 
тән қасиет-сипаттарды жинастырып, екшеп, іріктеп алып, бір 
адамның бойына сыйғызып бейнелейді. Сонда кейіпкердің 
кескін-тұлғасы, 
характеріндегі 
кӛпке 
ортақ 
жалпылық 
қасиеттері де жекелік, жалқылық ерекшеліктерімен қатар, 
айқын бедерленеді. 
КӚРКЕМДІК ОЙЛАУ – ӛнер туындысын жарататын және 
одан эстетикалық нәр алып қабылдайтын ақыл-ой қызметінің 
ерекше бір түрі. Мұның ғылыми-теориялық ойлау жүйесінен 
ӛзгешелігі бар. Кӛркемдік ойлаудың табиғаты мен мәні – 
дүниені кӛркемдік тұрғыдан игерудегі рухани қабілет 
екендігімен анықталады. Образдық-сезімділік тұрғыдан әлемді 
тану, адам болмысына үңілу, тіршілік-тұрмыс мәнін бағалау, 
кӛңіл-күй құбылыстары және қиял еркімен жүзеге асатын 
суретті, бейнелі ұғымдар синтезі кӛркемдік ойлаудың 
ерекшелігі болып табылады. Кӛркем сананың эмоциялық 
белсенділігі, эстетикалық сезімнің кемелдігі, сергектігі, тез, 
шапшаң шабыттану, болжағыштық, тұтанғыштық қасиеттер 
кӛркемдік ойлаудың тегеурін-қуатын танытады. Эстетикалық 
талғам, қиыннан қиыстыру, метафоралық толғам-кӛркемдік 
ойлаудан туындайды. Ал осының негізінде идея, концепция 
жасалады. 


277 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет