Ісб физиологиясы бойынша №1 практикалық сабақҚа арналған тапсырмалар тақырып


 есеп. Жылы ваннаға батып бара жатқан адам алдымен суық, содан кейін жылу сезімін сезінеді.  Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата16.05.2023
өлшемі0,55 Mb.
#93691
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Боөж.Бездер.Гормондар

10 есеп. Жылы ваннаға батып бара жатқан адам алдымен суық, содан кейін жылу сезімін сезінеді. 
Сұрақтар: 
1. Адамның температуралық сезімдерін түсіндіріңіз. 
 
Жауап: Дені сау ересек адамның дене температурасы +36,5°С+36,9°С. Бір тәуліктің ішінде 
де дене температурасының сәл де болса ауытқуы байқалады. Мысалы, түнге қарағанда 
күндіз сәл жоғарылау болады. Бұл ағзадағы зат алмасудың өзгеруіне тікелей байланысты. 
Адам дене температурасының мұндай аз ғана ауытқуын сезе бермейді. Дене 
температурасының +43°С көтерілуі немесе +25°С төмендеуі қазаға ұшыратады. Ағзаның өз 
дене температурасын бірқалыпты сақтауға бағытталған физиологиялық үдерістерін жылуды 
реттеу дейді. Дене температурасының тұрақтылығы ағзада пайда болған жылумен, сыртқа 
бөлінетін жылудың мөлшеріне байланысты. Ағза жылуды тері арқылы шығарады. Адамның 
бір тәулікте бөлетін жалпы жылуы шамамен 13 500 Дж болса, оның 80%-ы тері арқылы 
сыртқа бөлінеді. Адам денесінде жылу екі жолмен реттеледіТерморегуляция орталықтары 
қай жерде орналасқан? 
 
3. Жылу шығару мен жылу өндіру орталықтарының арасында қандай байланыс бар? 
Жауап: Жылу реттеу, терморегуляция (гр. therme – жылу және гр. regulo – реттеу) – қоршаған 
орта температурасының ауытқуына қарамастан адам, сүтқоректілер және құстардың дене 
температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті. 
Дене температурасының тұрақтылығы – жылу түзілу және жылу шығару және олардың өзгеруіне 
байланысты болады. Жылу реттеу процесіне аралық мидағы (гипоталамус) жылу 
орталығы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдеріндегі жылу сезетін жүйке жасушалары, ішкі 
органдар мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы жүйке өткізгіш 
жолдары, эндокринді және тері бездері, бұлшықеттер қатысады. Дене қыза бастаса, қан 
тамырлары кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза 
салқындай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. 
Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет