75. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар жəне олардың зардаптары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета
сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен – Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған,
Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан
аурулары, сəулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.
16-билет 16. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Батыс Түрік қағанаты (Он оқ бұдун) — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нəтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер
мемлекеті (603 – 704). Түрік қағанатында саяси-əлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде
оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс жəне Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато)
қаған қалаған, Түрік қағанатында əлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен,
жұттарымен жəне ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында,
оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс
жəне Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі
қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тəуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында
болды.
46. Жəңгір ханның ағартушылық саясаты. Жəңгір хан (1610—1652) — 1643–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң
отырды. Жəңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны “Салқам Жəңгір” атап кеткен. Оның тұсында
Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды.
Жəңгір хан қазақ халқының сауаттылығын, ұлттық мəдениетін дамытатын əрі толықтыратын жаңа білім жүйесі «Еуропалық үлгідегі жаңа
мектептер мен орта жəне жоғарғы оқу орындары» деп түсінді. Оны Жəңгір ханның осы білім жүйесінде қазақ балаларын оқытуды арман
етіп, білім саласын дамытуға бағытталған саясатынан көруімізге болады. Жəңгір хан алғашқы болып Қазақстанда оның ішінде «Ішкі Бөкей
Ордасында ұлттық білім жүйесін » қалыптастырумен айналысқан.[3]
Ең басты айта кеткім келетіні:ұлттық мəдениет пен имандылықтан ұлттық рух,патриоттық сезім, солар арқылы ұлттық идеология жас ұрпақ
бойына қалыптасуы, жан тəні мен психологиялық сана-сезімінде ұлттық оқу-тəрбие арнауы бала қаншалықты орыстық рухта білім алса да,
бастапқыда қалыптасқан ұлттық тəрбиені жеңе алмайды, қазақ балаларының бұзылуына жол бермейді. Осыны Жəңгір хан жақсы түсінген
еді.
Сондықтан ұлттық мəдениет пен ислам мəдениеті арқылы ұлттық идеологияны соған негіздеп, Қазақстанда алғаш рет ұлттық білім жүйесін
құруды ойластырды. Осы саясатын іске асыру үшін Қазақстанда,оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында білім саласында тұңғыш рет «Жəңгір
білім реформасын» жасап, оны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл ұлттық білім реформасы бойынша Қазақстанда алғаш ет ұлттық
педагогиканың негізі қаланып, дами бастады. Мұндағы басты шараның бірі – Жəңгір ханның Қазақстанда, оның ішінде Ішкі Бөкей
Ордасында Еуропалық үлгідегі тұңғыш ұлттық мектепті ашуы. Ол алғашқы ұлттық мектеп 1841 жылы 6 желтоқсанда Хандық ордада
(ставкада) ашылған болатын. Оның мұсылман мектептері мен медреслерден үлкен айырмашылығы сол, бірінші қазақ-орыс мектебі болды.
Бұл алғашқы ұлттық мектептің тікелей ықпалымен XIX ғасырдың алпысыншы жылдары Батыс Қазақстанның басқа да жерлерінде білім
ордалары ұйымдастырыла бастады.